Тақырыбы:
«Ынтымақ,
бірлік, келісім-ең басты байлық ел үшін»
Мақсаты:
оқушыларды
патриотизмге, елін, жерін сүюге және
халқын құрметтеуге тәрбиелеу мен қатар
мәдениетін сақтау.
Ашылу.
Қазақ биі
Армысыздар,
қадірменді де ардақты ұстаздар және
келіп отырған қонақтар, тәуелсіз елдің
жадыраған жастары!
Еліміздің
арайлы таңының пердесін тек белсенді
жастар ғана аша алады. Елбасы, Н.
Ә. Назарбаевтың жолдауында:
«Мен
сіздер, бүгінгі жастар, ерекше ұрпақ
екендеріңізді қайталаудан жалықпаймын.
Сіздер тәуелсіз Қазақстанда өмірге
келдіңіздер және сонда ержетіп келесіздер.
Сіздердің жастық шақтарыңыздың уақыты
– біздің еліміздің көтерілу және гүлдену
уақыты.Сіздер осы жетістіктер рухын
және табысқа деген ұмтылушылықты
бойларыңызға сіңірдіңіздер», - деп
пайымдаған.
Сондықтан,
Қазақстанның жаңа даму кезеңі – тікелей
жастардың қолында. демекші бүгінгі
№98 орта мектепте болып отырған «Жас
Ұлан» ұйымының ұйымдастыруымен 1
мамыр – Халықтар бірлігі мерекесіне
арналған
«Ынтымақ,
бірлік, келісім-ең басты байлық ел үшін
атты
іс шараға қош келдіңіздер!
Еліміз
бауыры бүтін мызғымас мемлекетке
айналып, жүз жылға татитын жиырма бес
жыл ішінде ортақ жауапкершілік жолын
жүріп өтіп, бекемдей түскен бірлігімізбен
елдікті еселеп ,биік белестер мен алынбас
асуларды бағындыра білді. 26 жыл ішінде
Қазақстанды 120-дан астам ел танып,130-дан
астам ұлт пен ұлыстың өкілдері бір
шаңырықтың астында еркін де ерікті,
тату-тәтті өмір сүруде.
Таңы
атты шындықты қолдайтұғын,
Басымызға
бақ-дәулет орнайтұғын.
Қазақ
деген елім бар құшақ жайған,
Өзгені
өз ұлындай қорғайтұғын.
Міне
осындай бар менің Республикам.
Бұл
күн – әрбір қазақстандық үшін Отанға
деген сүйіспеншілік пен патриоттық
сезімнің, адамзаттық борыш пен жалпы
ұлттық келісім мерекесі.
Баршаңызды
1 мамыр – Халықтар бірлігі мен ынмақтастығы
мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Жанарларға
жігер мен нұр тұнады,
Жас
өрендер болашаққа ұмтылады.
Дархан
далам құшағында өсіп-өніп,
Арта
берсін Майдакөлдің ынтымағы. – дей келе
бүгінгі «Ынтымақ,
бірлік, келісім-ең басты байлық ел үшін
атты
іс-шарамызды ашу және мерекелік құттықтау
сөз мектеп директоры Жанарыстан Нұрланға
беріледі.
Жүргізуші:
Мерекелік
тарту ретінде Айдарова Ақеркенің
орындауында
Жерлес
сазгер компазитор Батырхан Нұрымбетовтің
әні мен сөзіне жазылған «Қазақстаным»
әнін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:
«Бірлік
бар жерде – тірлік бар» дейді біздің
халық. Дана жұрт мұны тегіннен-тегін
айта алмаса керек. Ауыз бірлік пен
түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік
құрған жерлерге қашанда нәтижелі
істердің үйір болатыны белгілі.
Біздің
елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы
мен халықтар достығының арқасында
бүгінде мемлекетіміз өркендеп басып
келеді.
«Ел
бірлігі – ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ,
сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен
өзімізге – қазақтарға керек» деп
көрегенділікпен Елбасымыз айтқандай,
біз сияқты көпұлтты мемлекеттің даму
болашағының бір көзі – қазақстан
халықтарының бірлігі. Олай болатын
болса, келесі құттықтау сөз мектеп
директорының тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары Ізтілеуов Темірхан ағайға
беріледі.
Жүргізуші:
Алдарыңызға 2-сынып оқушыларының
мерекелік тартуын ұсынамыз.
Жүргізуші:
Оқушыларымызды
патриотизмге, елін, жерін сүюге және
халқын құрметтеуге тәрбиелеумен қатар
мәдениетін сақтау мақсатында №98 орта
мектеп оқушыларының мерекелік тарту
ретінде ұйымдастырылған ФЛЕШМОБ биін
ұсынамыз.
Алдарыңызда
5-сынып оқушылары сынып жетекшісі
Зәмзәгүл Ізтілеуова
Алдарыңызда
6-сынып оқушылары сынып жетекшісі Сабира
Садықова
Алдарыңызда
6-сынып оқушылары сынып жетекшісі Анар
Әділова
Алдарыңызда
6-сынып оқушылары сынып жетекшісі Арай
Сұлтанбекова
Жүргізуші:
Құрметті
қонақтар бүгінгі
Жас Ұлан ұйымының ұйымдастыруымен
өткізілген шағын мерекелік «Ынтымақ,
бірлік, келісім-ең басты байлық ел үшін»
атты іс шарамызды аяқтаймыз!
Баршаларыңызға,
әр отбасына, әр қазақстандыққа шынайы
көңілмен бақыт береке тілейміз. Еліміз
аман, жұртымыз тыныш болсын! Қазақстан
халқы өркен жайып, мемлекетіміз –
молшылыққа, ал әрбір шаңыраққа бақыт
пен шаттыққа кенелсін!
Қазақстан
сияқты жас мемлекеттің өркендеуінің
бір кепілі еліміздегі ынтымақтастық
пен бейбіт өмір!
Ендеше,
бейбітшілік
жасасын!
Ынтымақтастық
жасасын!
Қазақстан
жасасын!
1
мамыр
–
Қазақстан
халықтарының
бірлігі
күні
жасасын!