жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ынтымақты отбасы
Атырау облысы.Қызылқоға ауданы. Тасшағыл ауылы. «Жазира» бөбекжай балалар бақшасы.Досахаева Гүлдана Аманжанқызы.
Ынтымақты отбасы
Мақсаты: Ата- ана мен балабақша арасындағы байланысты нығайту, балалардың бойына өнеге боларлық халықтық салт –дәстүрлерді дарыту, ата-аналардың бала тәрбиесіне қатысты педагогикалық білімдерін толықтыру, ата-аналарды мерекелік шараларға тарту, балалардың үлкенге, ата-анаға деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ата-ана, бала тәрбиесіне қатысты мақал-мәтелдер, шарлар, гүл шоқтары
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, бұл сіздердің мерекелеріңіз! Бүгін біз келешек ұрпағымыздың осындай көргенді де тәрбиелі азамат болып өсулеріне ықпал етуді, ата-анамен балабақша арасындағы байланысты нығайта түсу мақсатында «Ынтымақты отбасы» сайысын өткізгелі отырмыз.
Көктем келсе, сағынған қарашаны, Ата-ана баласымен жарасады. Қарсы алайық, келеді жанұялар Қызықтайық қыздырып тамашаны
Аспанда күн ыстық, ал жерде кім ыстық Әке мен шешеміз, сүйікті тым ыстық- деп бүгінгі сайысқа қатысушы жанұяларды ортаға шақырамыз, қарсы алайық.
Жанұялар жеребе арқылы реттік номерлерін анықтайды.
Сайыс 6 бөлімнен тұрады. 1. «Жүздің түсін танығанша, бірдің атын біл» (таныстыру) 2. «Мақал-сөздің мәйегі» (мақалдың жалғасын айту) 3. «Салт –дәстүрді білесің бе?» (салт-дәстүрлерден көрініс көрсету) 4. «Өнерлі - өрге жүзеді» (Отбасылардың өнер көрсету сайысы) 5. «Ас – адамның арқауы» ( ас мәзірі ұлттық тағам дайындау) 6. «Шебердің – қолы алтын» (үй тапсырмасы, қолөнер бұйымын дайындау)
Баршаңыз мерекеге қош келдіңіздер! Әділдікпен бұл сайысты байқайтын. Туралықтан ешқашанда қашпайтын. Сайысқа төрелік ететін қазылар алқасын тағайындайық.
Балабақша меңгерушісі: Ұ. Кереева Ата – ана: Ш.Мейрамова
Кімдер білгір, өнерпаз білейікші, «Жарасымды жанұя» екен деп жүрейікші. Әділқазы алқасына әділдікті, Ал, жанұяларға сәттілік тілейікші. 1. «Жүздің түсін танығанша, бірдің атын біл» (Жанұялардың өз отбасыларын таныстыруы) Өнер қуып әрбірі өтер дейміз, Бір басына өнері жетер дейміз. Сайысқа келген жанұялар кезектесіп, Таныстырып, өздерін өтсе дейміз. 2. «Мақал- сөздің мәйегі» (бала тәрбиесі туралы мақал- мәтелдердің екінші бөлігін тауып айту) Ата дәстүр абырой көтергенге. О, киелі сөз сүйектен өтер демде. Тоқталамыз енді біз көңіл бөліп, Қанатты сөз – мақал мен мәтелдерге.
1. «Ұл тәрбиесі – әкеден,...» (қыз тәрбиесі анадан) 2. «Құс балапаны үшін тұзаққа түседі,...» (Ата-ана баласы үшін азапқа түседі) 3. Дүниеде бал тәтті ... (Балдан бала тәтті) 4. Жас жемісті жұлма... (Жас баланы ұрма) 5. Ананың сүті бал... (Баланың тілі бал) 6. Ана алдында – құрмет.... (Ата алдында –қызмет) 7. Ананың көңілі балада... (Баланың көңілі далада) 8. Үйінде атасы бардың... (Берер батасы бар) 9. Өз балаңды өскенше... (Немереңді өлгенше бағасың) Балаларға Әке – асқар тау Ана – бауырындағы бұлақ Бала – жағасындағы құрақ 3. «Салт – дәстүрді білесің бе?» Туғаннан соң адам боп. Білімсізден жаман жоқ. Ел дәстүрін білмесең Жұрт айтады надан деп. 1 отбасы – «Тұсау кесу» 2 отбасы – «Қырқынан шығару» 3 отбасы –« Бесікке салу» 4. «Өнерлі өрге жүзеді» (Әр жанұя өз өнерлерін көрсетеді) 5. «Ас адамның арқауы» (Ұлттық тағам дайындап әкелу, жасалу жолдарын түсіндіру) 6. «Шебердің қолы алтын» (халық тұрмысында, дәстүрімізде қолданылатын қолөнері бұйымдарын жасап келіп, таныстыру)
Марапаттау.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген