400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Ынтымақты отбасым"

Материал туралы қысқаша түсінік
балаларға отбасы туралы түсінік беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін: Ш.Ә.Болатбай

Құрастыру (Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі)

Тақырыбы: " "Менің ынтымақты отбасым""

Мектеп: №49 ЖОББМ

Күні: 14.11

Педагогтың аты жөні: Исаева Данагул Темирхановна

Даярлық сыны: О "Б"

Қатысқандардың саны:

Қатыспағандардың саны:

ҰОҚ-ның

оқытылу мақсаттары


0.1.2.1. Материалдармен және құралдармен жұмыс жасау кезінде техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау.

0.1.2.4. Жобаны командада жасау, команда үшін маңызы мен өз орнын білу.

0.3.1.1. Өз ойы бойынша түрлі материалдардан құрастырып шығу.

0.1.2.3. Жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіру.

Күтілетін нəтиже


Барлық тəрбиеленушілер:

• қалдық заттармен және құралдармен жұмыс істей алады;

• қалдық заттарды бір-бірімен байланыстыра алады, жапсырма құрастыру үшін қарапайым әрекеттерді қолдана алады.

Көпшілік тəрбиеленушілер:

• мақсатты түрде қалдық заттарды пайдалана алуға, пластмасса қасықты, матаны және қағазды пайдаланып жұмыс істей алады.

• пластмасса, мата және қағаздың сапасын, қасиеттерін ажыратады, жапсыру жасаудың қарапайым әдістерін қолдана алады.

Кейбір тəрбиеленушілер:

- қажетсіз заттармен және құралдармен жұмыс жасау кезінде техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтай алады;

- жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіре алады.

Тілдік мақсат


Дағдыларын дамыту:

• отбасының адам өміріндегі маңызы жөнінде, қажетті құралдар туралы әңгімелей алады.

Көптілділік: отбасы – семья – family.

Ата-дедушка-grantfather, әже-бабушка-grandmother, әке-папа-father,

ана-мама-mother, апа-сестра-sister, аға-брат-brother.

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

• отбасы мүшелері, қасық, мата, қағазды жапсыру.

Пікір алмасуға арналған сұрақтар.

Ынтымақты отбасы дегенді қалай түсінесіңдер?

Өз отбасың туралы әңгімелеп бер?

Отбасыңдағы адамдардың мамандықтары қандай?

Ата-анаң қандай жұмыс жасайтынын айта аласың ба?

Неліктен ...

… адамға мамандық керек?

… әр адам өзі жақсы көретін ісімен айналысуы керек.

Өткен ҰОҚ-дан алған білім

Пластмасса қасықтар мен матаны, қағазды пайдаланып отбасы мүшелерін бейнелеу.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

І. Дұрыс

əсерлі көңіл

күй орнату.

0–2мин.

II.Өмірлік

тəжірибені

маңыздандыру.

Мақсатты болжам.

3–5 мин.

Шаттық шеңбері:

Күннің көзі ашылып,

Көкке шуақ шашылып.

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті

Амандасу үлкенге тәрбиенің басы ғой,

Ал кәнекей бәріміз

Сәлем дейік үлкенге.

Сәлеметсіздер ме, - апайлар.

Таңғажайып сәт.

Сиқырлы қобдиша

"Отбасы татулығы" (Аңыз әңгіме)


Шаттық шеңберге тұрып өлеңге сәйкес қимылдарды жасайды






ҰОҚ-ның

ортасы

III.

Тақырып

бойынша

жұмыс

6 – 27мин.


Отбасы туралы көркем шығарма оқу:

Мынау – менің отбасым,

Танысыңдар, достарым.

Мынау– әкем, бұл– шешем,

Інім, әпкем және мен.

Менің халім тамаша,

Сіздікі де тамаша!

Сенің халің жақсы ма?

Барлығы да тамаша!

Балалар,өлең жолдары кімдер туралы?

-Ия ,балалар дұрыс айтасыңдар өлең жолдароы отбасы мүшелеріне арналады.

Ал, балалар сендердің отбасыларын бар ма? Кімдер?


-Жақсы балалар,дұрыс айтасыңдар.

Енді отбасы мүшелеріне қандай тақпақтар білесіңдер?





























Көптілділік: отбасы – семья – family.

Ата-дедушка-grantfather, әже-бабушка-grandmother, әке-папа-father,

ана-мама-mother, апа-сестра-sister, аға-брат-brother.


Жарайсыңдар,балалар. Бүгін біз құрастыру оқу қызметінде отбасы мүшелерін жасаймыз, ол үшін бірінші топқа мынандай құралдар қажет болады.

Әліппе-дәптермен жұмыс.

Алдыларыңдағы заттардан осындай бейнелер жасау үшін қажетті заттарды таңдап алыңдар. Олар не үшін керек, оларды кім қолданатынын есіңе түсір.

Қасық – тамақ ішу үшін.

Мата – киім тігу үшін.

Қағаз – түрлі бет-бейне немесе сурет салу үшін.

Қайшы – қағазды, матаны қию үшін.

Жіп – байлау үшін.

Фломастер немесе қарындаш – сурет салуға, адамдардың бет әлпетін жасау үшін.

Алдымен пластмасса қасықтың үлкені немесе кішісін таңдап алыңдар, оның бойына қарай отырып отбасы мүшесінен кімді жасайтыныңды ойлан. Отбасы мүшелерін жасау үшін бізге бірқатар қалдық заттар мен желім қажет және оны төмендегідей ретпен орындаймыз:

1. Дене бөліктерінің орналасуына назар аударыңдар, қасық – денесі болады.

2. Матадан көйлегін жасауға болады.

3. Матаны қасықтың сабына кигізіп, оның жоғарғы жақ бөлігінен жіппен

байлап қоямыз.

4. Қасықтың басына адамның бет әлпетін фломастермен саламыз.

5. Қағаздан жіңішке жолақ қиып алып немесе қиылған жіптерден шаштарын жапсырамыз.

Желіммен жұмыс істегенде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін ойланыңдар.

Екінші топқа - "Отбасы шежіресі"


Үшінші топ-"Ынтымақты отбасым"




Сергіту сәті

Бір үйде біз нешеуміз?

Кел, санаймыз екеуміз.

Бас бармақ –әкем
Балаң үйрек-шешем
Ортан терек-апам
Шылдыр шүмек-әпкем
Кішкене бөбек-мен
Бір үйде нешеуміз?
Бір үйде бесеуміз.

Жарайсыңдар,балалар! Енді "Шалқан "ертегісін есімізге түсірейікші.

Онда қандай кейіпкерлер бар еді .

"Шалқан" ертегісін сахналау.

Мақсаты: Отбасы мүшелерін сыйлауға, татулыққа, сыпайлыққа, кішіпейілдікке, бір-біріне көмектесуге.

Тәрбиеші: Ерте, ерте, ертеде. Бір кемпір мен шал өмір сүріпті. Олар үй шаруашылығына, ата есіктің алдында шалқан егіпті. Күндердің бір күнінде Шалқан күнні ыстық сәулесімен үлкен болып өсіпті.Осы кезде ата шалқанына тамсанып қарайды.
Ата: Ой, бәрекелді, менің еккен шалқаным үлкен болып өсіпті. Бәріне жететін болды.
Тәрбиеші: Осылай ата еңбегіне қуанып шалқанды тартпақшы болады. Әрі тартады, бері тартады, шалқанды жұла алмай қояды. Сөйтіп көмекке кемпірін шақырады.
Ата: Ойбай, шаршап кеттім, белім де ауырады. Қой көмекке кемпірді шақырайын.
- Кемпірім, кемпірім, көмекке келші, қараша, шалқанымыз үлкен болып өсіпті, Жалғыз өзім тарта алмай қойдым. Кел, екеуміз бірге тартайық!
Кемпір: Ой, шынында үлкен болып өсіпті ғой! Кел, тартсақ тартайық!
Тәрбиеші: Осылайша атаның артынан ұстап әрі тартады, бері тартады. Бірақ шалқанды орнынан қозғалта алмайды. Кемпір қызын көмекке шақырады.
Кемпір: Қызым, қызым, бізге көмекке келші. Атаң еккен шалқанды жұла алмай жатырмыз.
Қыз: Жарайды апа сізге көмектесемін.
Тәрбиеші: Сонымен қызы көмекке келіп, шалқанды рет-ретімен тартады. Бірақ күштері жетпейді. Сонымен қыз көмекке итін шақырады.
Қыз: Итім, итім көмекке келші.
Ит: Аф-аф-аф көмектес десеңдер көмектесемін
Тәрбиеші: Ит қыздың етегінен, қыз кемпірдің етегінен, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап ары тартады, бері тартады, бірақ шалқанды суыра алмайды.
Енді ит көмекке мысықты шақырады.
Ит: Мысық, мысық, бізге көмекке келші, атам еккен шалқанды жұла алмай жатырмыз.
Мысық: Мяу-мяу, көмектесіп жіберейін.
Тәрбиеші: Мысық иттің құйрығынан ит қыздың етегінен, қыз кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап әрі жұлқылайды, бері жұлқылайды, бірақ шалқан шықпайды.
Енді мысық көмекке тышқанды шақырады.
Мысық: Тышқан, тышқан, маған көмектесіп жіберші.
Тышқан: Әрине көмектесіп жіберемін.
Олар тарта-тарта шалқанды суырып алады.

Міне,балалар, "жұмыла көтерген жүк жеңіл" -демекші ,осылай бәріміз бір-бірімізге көмектесек біздің ала алмайтын қамалымыз жоқ екен.


Көркем шығарманы мұқият тыңдайды.











-Отбасы мүшелері туралы


- Ия отбасымыз бар. Ата -анамыз, ағамыз,апамыз,қарындасымыз,ініміз олар біздің отбасымыз.

Нұрдана

Әжем менің, ақ әжем,

Ақылын беріп үйреткен.

Мейірімен тәрбиелеп,

Өнегесін үлгі еткен.

Ертілек

Әжем менің асыл жан

Жақсылыққа үйретіп,

Жамандықтан шектейді.

Әжеме ешкім жетпейді!

Әбілмансур

Аташым менің тірегім.

Көп еді- ау сенің тілегің.

Атыңды сенің  ардақтап,

Жүремін әр кез мақтанып.

Нұрай

Мен үшін не керек – бәрін іздеп табасың.

Айналайын анашым, жұмысыңа барасың.

Қайтып мені көргенде, шын сағынып қаласың.

Нұрдәулет

Атам айтса «Ұлым» деп,

Әжем айтар «Күнім» деп,

Екеуінен қаймығып,

Айтады әкем «Інім» деп







Әліппе- дәптер,

үлкен және кішкентай

пластмасса қасықтар,

мата бөлшегі,

қағаз, қарындаш

немесе фломастер,

желім, қайшы, жіп.

























IV. ҰОҚ-ның

қорытындысы.

Рефлексия. 28-30м

-Балалар, бүгінгі біздің оқу қызметімізде қандай ақпаратты білдіңдер?

– Бүгінгі ҰОҚ-де қызықты өтті ме?

– Сендерге не ұнады?

Балаларды сиқырлы қобдишаның ішіндегі жұлдызшалармен бағалау




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 қаңтар
490
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі