400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ықпалдастыру сабағы, "Ізденген жетер мұратқа" 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін өзі тану пәні мұғалімдеріне көмек ретінде.Мақсаты: Оқушыларға ізденген мұратына жететіндігін дұрыс әрекет құндылығы арқылы түсіндіру. Міндеттері: 1. Білімділік: Оқушыларды отбасындағы, мектептегі парызын орындауға үйрету. 2. Дамытушылық: Оқушылардағы өз – өзіне сенімділік қасиеттерін дамыту. 3. Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді: _______________

«____»______________________

Пән: Өзін – өзі тану

Мектебі: Ханарық ЖОББМ

Күні:10.10.2017ж

: 6

Мұғалімі: Рахмеджанов Азимжан

Сыныбы: 6

Оқушылардың саны:26

Тақырыбы: Ізденген жетер мұратқа.

Құндылығы:Дұрыс әрекет.

Қасиеттері: Отбасындағы, мектептегі парызын орындау, өз-өзіне сенімді болу, ұқыптылық.

Мақсаты: Оқушыларға ізденген мұратына жететіндігін дұрыс әрекет құндылығы арқылы түсіндіру.

Міндеттері:

  1. Білімділік: Оқушыларды отбасындағы, мектептегі парызын орындауға үйрету.

  2. Дамытушылық: Оқушылардағы өз – өзіне сенімділік қасиеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

  1. bilim-all.kz

  2. http://kz-minusovki.ucoz.kz

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

5 Т – ережесі:

    1. Тәртіп.

    2. Талап.

    3. Тыныштық.

    4. Тазалық.

    5. Татулық.
      Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену».
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсі ріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқта рыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындық ты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға ба ғыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсы лықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңыз ға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте - бірте қарқынды және шұғылана бастайды, сіздің денеңіз ден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқанда рыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағытта ңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсім діктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір - түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішім де... Мен Нұрмын»
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет!

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

1. 5 – сабақ. Жұмыс дәптердегі 1 –тапсырмасынорындау.

2. Келесі сабақ. №6, Абайдың «Он тоғызыншы сөзін» оқып келу. 30 – бет.

Оқушылар түйінді ойларын айта отырып, маңыздылығын өздерінің пайымдауларымен білдіреді.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер) Материалдар,

дерексөздер,

ұнтаспа,

оқулық,

дәптер

Ескерту:


«5»-Т


Тыныштық


Тәртіп


Тазалық


Татулық


Талап

  1. Сабақтың дәйексөзі.

(Оқушыларға 3 рет айтқызып, дәптерге жаздырту)

Ерінген қалар ұятқа,
Іздеген жетер, мұратқа.

Халық даналығы.

Сұрақтар:

  1. Мақсатқаұмтылушылықтыңмәнінеде?

  2. Адамдықандайқасиеттертабысқажетелейді? 

  3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?


4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы)

Ана қиялы

Аңыз

Баяғы өткен заманда, бір елді мекендегі сұрықсыз, жұпыны үйде екі баласымен жалғыз ана тіршілік етіпті. Ана өте өнерлі ісмер болыпты. Ол үнемі кестелеп орамал тоқып, соны ас-суға айырбастап, күндерін көріпті. Аналарының алып келген тамағына мәз болған балалар да уайымсыз өмір кешіпті.

Балалар да ер жетеді. Ана қартаяды, кестелеуге қолдары илікпей, көзжанары да тайып, қалжырай бастаған болатын. Күндегі әдетінше кестелеп тіккен орамалын алып базарға келеді. Бұйымын қажетті заттарға айырбастамақ болып, базар аралап жүріп, бір кісінің сурет салып отырғанын көреді. Суреттегі әдемі бау-бақшалы, шатырлы әсем үйлер, ғимараттар жанында ерекше сымбатты киініп, қолдарына кітап ұстаған адамдар анаға үлкен әсер қалдырады. Суретке әлсін-әлсін қарап таңданады. Суретшінің қиялына дән риза болады. Өмірде де осы суреттегідей әлемнің болатынына сеніммен қарап, оны өзінің бұйымына айырбастап алады. Жолда келе жатып, осындай зәулім үйде өзінің үлкен шеберханасы болуын, онда әдемі, асыл бұйымдарды әрі көп, әрі жылдам дайындауды, балаларының да суреттегі адамдардай оқымысты болып, ұқыпты да әдемі киініп, көліктермен жүруін қиялдайды. Ана қиялын ұлдарынан жасырмайды.

  1. Біз де сондай күнге жетер ме екенбіз?- деп балаларына күрсіне қарады.

  2. Егер бәріміз бірлесіп, жұмыс істеп, тіршілік жасасақ, ол күнге де жету қиын болмас – деп балалары аналарын жұбатқандай болды. Анасының қиялын шындық өмірге айналдыруға екі ұлы бар күштерін жұмсайды. Ертемен тұрып, жер жыртып, астық егіп, қаржы жинайды. Оқып, білім алады. Жұпыны үйдің орнына әсем де биік үй тұрғызады. Оның жанынан анасының қиялындағыдай шеберхана салады. Шеберханадағы станоктарда көздің жауын алатындай тұрмыстық бұйымдар дайындалады.

Ана балаларына, өмірге риза болып, көзіне қуаныштан жас алады. Қиялының арманға ұласып, арманының орындалғаны үшін өмірге алғыс айтады. Ел оларға қызыға да, қызғана да қарайды.

Сұрақтар:

  1. Ана қиялының астарында қандай ақиқат жатыр еді?

  2. Қандай қасиеттер арқылы балалары анасының қиялын іске асырды?

  3. «Бірлік түбі - тірлік» дегенді қалай түсінесіңдер?

  4. Бірлігі жарасқан адамдардың бойынан қандай құндылықтар мен қасиеттер көрінеді?

  5. Өздерің аналарыңның арман-қиялын іске асыру үшін қандай әрекет жасап жүрсіңдер? Әңгімелеп беріңдер.


5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Тапсырма:«Көшбасшы болу үшін керекті құндылықтар» тақырыбында жоба қорғау.

1 – топ: «Ақиқат»

Шындыққа бөленген жүрек – ақиқаттың қайнар көзі. Ж.К.Руссо

2 – топ: «Сүйіспеншілік»

Адам дүниеге үлкен сүйіспеншілік сезіммен келеді? Оны дамыту әр адамның өз қолында. К.Роджерс.

3 – топ: «Дұрыс әрекет»

Бақытқа жеткізетін тамаша қадам – дұрыс әрекет. Әл – Фараби.

4 – топ: «Ішкі тыныштық»

Өзінен таппаған жан тыныштығын, ешкім де, ешуақытта да басқадан таба алмайды.
5 – топ: «Қиянат жасамау»

Арлы, ақылды адам қиянатты, зорлықты, өзімшілдікті білмейді және істемейді. Ш.Құдайбердіұлы.


  1. Топпен ән айту.

«Мейірімді болайықшы ағайын» 
Сөзі: С.Қали. Әні Қ.Махан 
Көктем етіп көркейтсе де маңайын, 
Көріп жүрміз өкпешілдің талайын, 
Өшігуді қояйықшы өзгеге, 
Кешірімді болайықшы, ағайын! 

Көк нөсерін көл етсе де жауындар, 
Көк пен жерді сел етсе де дауылдар, 
Пейілдерді пенделікпен тарылтпай, 
Мейірімді болайықшы, бауырлар! 

Болашаққа қол ұстасып барайық, 
Ақиқаттың ауылын іздеп табайық, 
Кішірейіп кетпес ғазиз басымыз, 
Кішіпейіл болайықшы, халайық! 

Ел болғанмен емеспіз ғой онша көп, 
Сонда дағы бөлінумен шаршап ек, 
Өзімізге қалайтұғын нәрсені, 
Тілейікші өзгеге де болса деп. 

Ұлттың қамын жүректермен ұғынып, 
Жұрттың жүгін көтерейік жұмылып, 
Қаратайық Қыбылаға жүздерді, 
Таратайық адамзатқа жылылық! 


7. Үй тапсырмасы.

1. №6 – сабақ. Жұмыс дәптердегі 1 –тапсырмасынорындау.

2. Келесі сабақ. №7, «Қыз Жібек» өлеңін оқып келу.


8. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет)немесе1..................2 [3].

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. Рахмет!







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
524
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі