400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ықпалдастыру сабағы "Өмір ағашы - Бәйтерек"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақ негізі дүниетану мен өзін-өзі тану сабақтарын бірге кіріктіріле өткізуге болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Өзін-өзі тану» пәнімен интеграцияланған

дүниетану сабағының жоспары


Мектеп: Институт орта мектебі Мерзімі:13.03.2017 ж.

Мұғалімі: Кажымухан А. Мейрамхан М.

Сынып: 1«А» Оқушы саны: 5

Тақырыбы: «Өмір ағашы- Бәйтерек»

Құндылық: қиянат жасамау

Қасиеттер: жауапкершілік, ешқашан зиян шектірме, қамқорлық көрсету.


Сабақтың мақсаты: Табиғат пен адам үшін ағаштың атқаратынын түсіндіре отырып, қиянат жасамау құндылығынын мәнін ашу.


Сабақтың міндеттері:

1.Өмір ағашы – Бәйтерек жайлы түсінік беру.

2.Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

3.Табиғатқа жауапкершілікпен қарауға, ешқашан зиян шектірмеуге, қамқорлық көрсете білуге тәрбиелеу.



Ресурстар: (кітап, дәптер, үнтаспа, бейнебаяндар)



Сабақтың барысы:


Сыртқы интеграция (Өзін-өзі тану сабағының әдістемелік тәсілдерін қолдану)

1Ұйымдастыру кезеңі: 5 Т (тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық

Тыныштық сәті №2 Демалу жаттығулары

Мұғалім тыныштық сәтін тыныс алу жаттағуынан бастайды.

  • Сіздерден аяқ –қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Қазір біз тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз демалады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Қане, дайындалайық, балалар. Арқамызды тіктейміз..., қолдарыңызды тізеге қоюға болады.

Адамның жай күйінде дем алғанын көрсетіп көрейік: Дем аламыз, дем шығарамыз (4 рет);

Дәйексөз «Ағаш – өмір тынысы»

Сұрақтар:

-Дәйексөздің мағынсын қалай түсінесіңдер

Ішкі нтеграция (жалпыадамзаттық құндылықтарды сабақ мазмұнына интеграциялау)

Оқиғаны әңгімелеу

Бәйтерек жайлы аңыз

Бәйтерек — үш әлемді байланыстырушы дәнекер ретінде әспеттелінеді. Орта дүниені — адам, жоғарғы дүниені — қарақұс, төменгі дүниені — жылан-айдаһар көрсетеді. Қазақ ертегілерде кейіпкер жерасты әлеміне тап болады және ұзаққа созылған сапар кезінде үлкен ағашқа жолығады, ол жерде ағашқа өрмелеп бара жатқан жыланды өлтіріп, Самұрықтың балапандарын айдаһардан құтқарып қалады. Осы ерлігі үшін Алып Қарақұс кейіпкерді жер бетіне алып шығады.

Ертегіде Самұрық кұсы осылайша мінезделінеді. Кейіпкер жыланды өлтірген соң Байтеректің түбіне демалып отырады. «Сол кезде күнбатыс жақтан бір қара бұлт шығыпты. Қатты дауыл жерді шаңдатты.

– Бұл не? – деп сұрады (Жарты – Төстік)? Сонда екі балапан айтты:

- Бұл біздің анамыздың қанатының екпінді желі, — деді.

Күн нөсер жауын құйып – құйып жібереді.

- Бұл қалай? – дегенде, балапан айтты:

- Анамыздың көз жасы. Жылда-жылда бала тапсам да, бірі ілеспей койды деп жылағаны – деді. Құс ашылып қар жауды, жапалақ – жапалақ.

- Бұл не – деді.

– Анамыздың қуанып, қарқ-қарқ күлгені, — деді.

Құскеліп ағаш басына қонғанда, үйдін жуандығындай ағаш иіліп жерге тиді дейді». Бұл теректің басы аспанмен, түп тамыры жер астымен жалғасқан. Ол көзге көрінбейтін киелі ағаш. Бәйтерек мазмұны бірде зәүлім ағашы көзге елестетсе, екіншісінде мықты, зор күшті үшіншісінде, ғарыш пен жер арасындағы тылсым байланысты бейнелейді. Сондай-ақ ол тіршілік иелеріне тірек, сүйеніш, қорған, пана деген, ұғымды да білдіреді.









Құндылық терегі



Шығармашылық жұмыс:

«Бәйтерек» сурет салу.


Видео «Бәйтерекке саяхат»


Ескерту




























Мақалды 1 рет қыздар, 1 рет ұлдар қайталайды, сосын барлығы қайталап оқып шығып, дәптерлеріне жазып алады.











Үй тапсырмасын беру:

«Ағаштың адамға пайдасы»

Бағалау.




Соңғы тыныштық сәтi. (2 минут)

Мұғалім:

- Балалар бәріміз көзімізді жұмып, тыныштық әлеміне енейік. Бүгінгі сабақтан алған жақсы әсерлерімізді есімізге алып, жүрегімізге орналастырайық. Сіздерге көп рахмет! Сау болыңыздар

Баяу музыка ойнап тұрады



Мұғалім: Кажымухан А.



Директор: Волчек С.Г.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
471
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі