400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ықтималдықтардың негізгі түсініктемелері

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы:Ықтималдылық теориясының негіздері

Мақсаты: Бұл сабақта оқушыкездейсоқ оқиғаның ықтималдығы туралы түсініп, ықтималдылықтың қасиеттерін және ықтималдықтың классикалық анықтамасын біліп оны есептер шығару барысында қолдануытиіс.

Қысқаша конспекті

Белгілі бір шарттар орындалғанда пайда болатын құбылысты оқиға дейміз. Алдын-ала шарттың орындалу-орындалмауы белгісіз, тек тәжірибе барысында ғана анықталатын оқиға кездейсоқ оқиға деп аталады.

Мысалы: Лақтырылған асықтың түсуін бақылайық. Ол бүк, шік, алшы,тәйкі деген жақтарымен түсе алады. Алдын-ала асықтың қай жағы түсетіні белгісіз болғандықтан оқиға кездейсоқ оқиға деп аталады.

Оқиға ықтималдығының мынадай қасиеттері бар:

  1. Әрбір А оқиғасы үшін шарты орындалады;

  2. Егер А мен В оқиғалары үйлесімсіз болса, онда теңдігі орындалады, ал кез-келген А және В оқиғалары үшін

  3. Егер А мен В оқиғалары өзара тәуелсіз болса, теңдігі орындалады, ал кез-келген А және В оқиғалары үшін

Ықтималдыққа анықтама беру оқушылардан сұранады да, берілген анықтама толықтырылып, ықтималдықтың классикалық анықтамасы дәптерге жазылуына жағдай жасалады.

Анықтама: Тәжірибедегі оқиғаның пайда болуына қолайлы оқиғалар санының мүмкін болатын оқиғалар санына қатынасын оқиғаның ықтималдығы дейміз.

Бұл анықтама оқиға ықтималдығының классикалық анықтамасы деп аталады.

А оқиғасының ықтималдығы деп сынақтың осы оқиғаға қолайлы нәтижелер санының барлық жалғыз мүмкіндікті және тең мүмкіндікті қарапайым нәтижелердің жалпы санына қатынасын айтады.


А оқиғаныңықтималдығы

Формуласыменанықталады, m-осы Аоқиғасынақолайлықарапайымнәтижелер саны; n-сынақтың барлық мүмкін болатын қарапайым нәтижелердің саны. Осындай қарапайым нәтижелері мүмкін және теңмүмкіндікті деп алынады.

Мысал:


1) Тиынды бір рет лақтырғанда елтаңбаның түсу ықтималдығын табу керек.

Шешуі: А оқиғасы– елтаңбаның түсуі болсын. Барлық мүмкін қарапайым нәтижелердің саны п=2. А оқиғасына қолайлы нәтижелер саны т=1. Ықтималдықтың классикалық анықтамасына сәйкес р(А)=m/n=0,5 аламыз.


2) Ойын сүйегін бір рет лақтырғанда үш ұпайдың түсуінің ықтималдығын табыңыз.

Шешу: А оқиғасы –3 ұпайдың түсуі болсын. Барлық мүмкін қарапайым нәтижелер п=6, себебі 1, 2, …, 6 ұпайлары түсуі мүмкін. А оқиғасына қолайлы нәтижелер саны т=1. Ықтималдықтың классикалық анықтамасына сәйкес р(А)=m/n=1/6.


Оқулық беттеріне, Интернет -ресурстарға сілтеме (видио үзінді)

https://bilimland.kz/kk/subject/algebra/9-synyp/yqtimaldyqtyng-klassikalyq-anyqtamasy-zhane-geometriyalyq-mahynasy



Тапсырма. 1-тапсырма. Ойын сүйегін лақтырғанда жұп сандар түсу ықтималдығы қандай?

2-тапсырма. Екі монета лақтырылды. Әрбір монетада герб түсу ықтималдығы қандай?

3-тапсырма. Жеті бірдей билеттің біреуі ұтысқа ие. Жеті адам кезекпен кездейсоқ бір билеттен алады (қайтарылмайды). Ұтысты билетті алу кезек нөмеріне байланысты бола ма?

4-тапсырма. Екі ойын сүйегі қатар лақтырылды және түскен сандардың қосындысы есептелді. Қосынды 7 ықтималды ма, әлде қосынды 8 ықтималды ма?

5-тапсырма. Жәшікке 20 шар салынған. Олардың 12-сі ақ және 8-і қара. Кездейсоқ бір шар алынады. Алынған шардың ақ болу қтималдығы қандай?



  1. Кері байланыс: орындаған тапсырманы оқушы электронды пошта немесе WhatsApp мобильді қосымша арқылы жібереді.











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 мамыр
689
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі