400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Уран ғылыми жоба

Материал туралы қысқаша түсінік
экологиялық мәслелер
Материалдың қысқаша нұсқасы



 Тақырыбы: Уран өндіруге байланысты қалыптасқан экологиялық жағдайлар

Мазмұны

 Кіріспе.

Әдебиеттік шолу

Негізгі бөлім.

  1. Уран кенін өндірудің қоршаған ортаға және адам денсаулығына зияндылығы.

    1. Табиғи су көздерінің ластануы.

    2. Уран өндірісінің экологиялық мәселелері.

    3. Уран өндірісінде түзілетін қалдықтар.

    4. Уран өндірісінің қоршаған ортаға әсері.

  2. Зерттеу нысандары мен әдістемелері

2.1Абиотикалық экологиялық жағдайлардың жайылым өсімдіктерінің өнімділігіне әсері.

2.2 Уран өндіретін маңдағы жайылымда мал шаруашылығының дамуына әсері



Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер.





 

 















Кіріспе

  Ғылыми тақырыпты таңдау негіздері мен өзектілігі. 

Созақ  өңірінде ежелден бастап, ХХ ғ. 40-шы жылдарына дейін көшпенділердің төрт түлік малды жайып бағуына байланысты экологиялық жағдай қалыптасты. Ол кезде Қаратау етегінің жайылымы көктемде, Бетпақдала жазда, Шу өзенінің бойы күзде, Мойынқұм қыста төрт маусымдық жайылымға бөліп пайдалану қоршаған ортаға анау айтқан ауырпалық түсірмейтін.

1990 жылдан басталған мемлекеттік шаруашылықтарды жекешелендіру барысында көптеген шағын шаруашылықтар пайда болып, маусымдық жайылымды пайдаланудың негізгі принциптері толығымен жойылды. Шағын қашықтықта көшіп-қонудан, отырықшы шаруашылыққа айналды. Бұл жүйе қоршаған ортаға зор экологиялық ауырпалығымен ерекшеленеді. Көшіп-қонуды қойып, қысы-жазы бір жерде отыру жайылымның азғындауына әкеліп соқты. Әсіресе қыстау мен құдық төңірегі тақырға айналып, топырақ және жайылым дегредацияға дұшар болды. Бұл жерде экологиялық ауырпалықтың антропогендік сипат алуы айтқын көрініп тұр.

ОҚО-ның Созақ ауданында 1990 жылдың басында 550 мың қой, 10,8 мың түйе, 11,1 мың жылқы, 64,3 мың ірі қара мал өсіріліп жылына 8,3 мың тонна ет, 340 мың  қаракөл елтірісі, 1,3 мың тонна жүн өндіріліп келді.

Осы уақытқа дейін жыл бойына 1 қойды жайып бағуға 2,5га табиғи жайлымнан келіп, мал шаруашылығының өнімі жоғарыда көрсетілген деңгейде болатын.

Соңғы онжылдықтан бастап ОҚО Созақ ауданында уран өндіру қарқынды жүргізіліп келеді. Осыған байланысты ҰҚ «Қазатомпром» иелігіне берілген 800 мың га астам ауылшаруашылық жерін ескерсек 1 қойды жайып бағуға  4,0 га жайылым қажет болып отыр. Бұл жағдайда жайлым бірлігіне мал басының тығыздығы артып, өнімділігінің жоғарлауына қажетті қоректік заттардың тапшылығы байқалады.

Профессор Т.Рысымбетовтың мәліметтері бойынша соңғы жарты ғасырда Созақ өңірінің табиғи жайылымның өнімділігі гектарына 3 ц-ден 1,5 ц-ге дейін азайып, жайылым отының құнарлығы төмендеумен қатар табиғи өсімдіктердің ботаникалық құрылымында мал жемейтін және зиянды өсімдіктердің үлес салмағы 25%-ға артты. Созақ өңіріндегі дегредацияға ұшыраған табиғи жайылымның аумағы 599 мың гектарға жетіп, жайылым алқаптарының 26,5% құрады.

Табиғи жайылымның өнімділігінің төмендеуі өсімдіктердің қоректік құнарлығының нашарлауы, жайлым бірлігіне мал басының тығыздығының артуы қоршаған ортаға экологиялық қысымды 1,7 есеге арттыра түсті.

1

О.И.Василенко уран өндіру технологиясы жер асты суларды, топырақты, өсімдікті ластандырады. Табиғи радиация сәулелері шамадан тыс артық болғанда тіршілік көздеріне, жан-жануарлар мен жәндіктерге, құстар мен аңдарға, қала берсе адамға да зиянын тигізеді. Себебі уран өндіру технологиясы барысында табиғи радионуклеидтер бөлініп  шығып қоршаған ортаның радиациялық көрсеткішін жоғарылатады. Уран өндірудегі негізгі сәуле көзі – 222Rn.  Оның мөлшері 1%-тік уран оксиді бар (U3O8) рудада 1 Гега Беккерель шамасында болады. Уран өндіру барысында бөлінген радионуклеид рөлі анау айтқан көп болмасада, жалпы табиғи радиацияның  көрсеткіштері жоғарлағаны белгілі. Мысалы, Қазақстанда жалпы радиациялық фон 6-8 мкР/с болса, ол Созақ өңірінде 11-13 мкР/с. Бұл көрсеткіш пайдаланылған ұңғырлар төңірегінде 50-60 мкР/с дейін жетеді.

Көптеген ғылыми мәліметтерге қарағанда радиацияның барлық түрлері (капсулалық, толқындық) топырақта қордаланып өсімдіктер мен жан-жануардың клеткаларына биологиялық зақым келтіреді. Былайша айтқанда тірі организмдердің тіршілігі тоқталады. Тірі организмдердің радиацияға сезімталдылығы әртүрлі. Адам және жануарлар организміне зиян келтірмейтін максималарды апталық шектеу мөлшері 0,003Гр (Грей), ал бір жылғы сәулелену – 0,025Грейге тең. Бұдан жоғары көрсеткіштер адам денсаулығына және өміріне қауіпті деп есептелінеді.

Сондықтанда қоршаған ортаның экологиялық жағдайын бағалау үшін әрдайым мониторинг жүргізіп отыру қажет.

Сонымен қатар, әртүрлі кезеңдерде малды күтіп-бағу әдістерінің өзгеруіне техногенездің (уран өндіру) әсерімен байланыстыра отырып, біздің таңдаған «ОҚО Созақ аудананда уран өндірісіне байланысты қылаптасқан экологиялық жағдайлар» тақырыбымыз қазіргі таңда өзекті демекпіз. Өйткені 2010 жылғы ресми мәліметтер бойынша Созақ ауданы территориясының 49 пайызы абиотикалық, антропогендік, техногендік, экологиялық  ауыртпалықтан тоқырау алды жағдайына жатқызылып отыр.

Ғылыми-зерттеу жұмыстардың мақсаты. Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ  ауданында табиғи факторлар мен уран өндіруге байланысты жаңа экологиялық жағдайдың қалыптасуының қаракөл қойларын өсіру және оларды жайылымда күтіп-бағу жүйелеріндегі орын алған өзгерістерді зерттеу.

Жұмыстың міндеттері:

- әр түрлі жылдары қалыптасқан абиотикалық экологиялық жағдайға байланысты маусымдық жайылым өсімдіктерінің құндылығын зерттеу (өнімділігі, химиялық құрамы, желінуі, қорытылуы, қоректілігі);

- әр жылдары қалыптасқан экологиялық жағдайға байланысты қаракөл

2

қойларының жайылым есебінен энергия және қоректік заттармен қамтамасыз етілуі, олардың өсімділігін анықтау;

- уран өндіретін аймақтарда жалпы радиациялық деңгейін анықтау;

- Созақ ауданының су көздерінің физика-химиялық, экологиялық қасиеттерін және ішілетін судың маусымдық нормаларын анықтау;

Қазақстанның көп аймақтарында судың тапшылығы мен оның сапасының төмендігі кеңінен орын алған. Сондықтан республикамызда салалық «Ақ бұлақ» бағдарламасы қабылданған. Бардарламаның негізгі мақсаты су көздерінің санитариялық-гигиеналық және экологиялық жағдайларын жақсарту. Аталған бағдарламаның орындалуы Қазақстанның көптеген елді мекендері мен мал шаруашылығын таза ауыз сумен қамтамасыз етудің кепілі.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Әр жылы, маусымда өзгеріп отыратын абиотикалық факторларға байланысты жайылымдағы өсімдіктер қауымдастығының қалыптасуы, олардың ботаникалық, химиялық қасиеттерін, желінуін, қорытылуы мен қуаттаылығын, қоректілігін зерттеу нәтижелері.

Зерттеу нәтижелерінің практикалық маңызы. Жылдың экологиялық жағдайына қарай маусымдық жайылымның бірлігінде бағылатын қой басы мен мерзімін анықтау жерді және өсімдіктерді азғындырудан сақтап мал шаруашылығының өнімділігіне жағымды әсерін тигізеді.

Саулықтар үшін судың құрғақ заты – 10950 мг/л, хлоридтер – 2350 мг/л, сульфаттар – 3700 мг/л, қаттылығы – 72 мг-экв/л болып, қозылар үшін бұл көрсеткіштер: 6760 мг/л, 1580 мг/л, 2560 мг/л және 52 мг-экв/л болғанда тұздылығы жоғары сулармен салыстырғанда қойлардың тәуліктік салмақ қосуы 58 г, жүн түсімі 195 г артық болады.

1. Уран кенін өндірудің қоршаған ортаға және адам денсаулығына зияндылығы.

  Экологиялық бүліну жағынан Қазақстан әлемдегі  экологиялық бүлінуге душар болған мол аймақтардың бірі. Қазақстан әлемдегі  ядорлық-стратегиялық бағдарламаның толығымен жүзеге асырған жалғыз мемлекет.

Қазақ жерінің астында Мен­де­леев ақсақал түзген кестедегі эле­мент­тердің басым бөлігі бар. Жер байлығының қандай екенін осыдан-ақ шамалай беруге болады. Бүгінде уран өндірісі Қазақстан экономикасының басым бағыттарының бірі болып саналады. Ал еліміз уран өндіру бойынша әлемнің көшбасшы мемлекеттерінің біріне айналды. Қаратаудың сілемдерінде, Созақ жерінде инемен құдық қазғандай тірліктің болып жатқанын көреміз. Қаншама адам осы жұмысқа жегіліп, күн-түн демей ел экономикасына қызмет жасап жатыр. Олардың бәрін тізбелеп жазу мүмкін емес.

3

Дегенмен, осылардың арасында уран өндірісімен айналысып келе жатқанына отыз жыл толған «Қазатомпром өндірісінің» мекемесінің шоқтығы би­ік екенін байқаймыз. Әрине, уран өндірісі кезінде қоршаған ортаға, табиғатқа, адам­дардың денсаулығына залал кел­меуі керек. Жердің астындағы бай­­лықты аламыз деп, үстіндегі ка­пи­­талдан айырылып қалмау шарт.

Уран тірі организм бойына түскенде алдымен улы, кейіннен радиациялық әсер етеді. Тірі организмдерге уранмен бірге түскен басқа элементтер де зиянды әсер етеді. Мысалы, В.В.Ковальский: топырақта төмендегі көрсетілген элементтердің жоғарғы концентрациясы : Co – 3·10-3; Cu – 6·10-3; Zn –7·10-4; B –3·10-3; Sr –6·10-2 және Se –1·10-4 – тірі организмдерге зиянды әсер ететінін дәлелдеген. Олардың артық мөлшері де жеткіліксіздігі сияқты организмдерде морфологиялық, анатомиялық және физиологиялық өзгерістер туғызып, оларда эндемикалық аурулардың пайда болуына себеп болады. Радиоактивті  заттар мен оның қалдықтары еліміздегі  экологиялық жағдайға әсері  18 түрін  дамытуда.  Атырау облысынан ядролық полигон территориясында тұратын адамдардың 14313-і  рак ауруымен ауырады..

Мысалы: Арал теңізіндегі  «Возрождение» аралы  күні кешеге дейін белгісіз болған . Ал оны американдықтар «Ажал» аралы деп  зерттегеннен кейін естідік . Ол жер болашақ жүздеген  тонна топалаң, тырысқақ аурулар мекені . Бұл  бүкіл планета  халқын бірнеше дүркін  қырып жоятын қару көзі. Уақыт өткен сайын  жер бетіндегі  байлық көзі  есепсіз жұмсалуда. Ал уран кен өндірісінің  енуі өмір талабы. Біз жеріміздің  тозбауын, табиғатымыздың  жұтамауын, халықтың  денсаулығын қорғап, болашақтың  баянды болуына  күресуіміз керек. Ендеше, елдің ертеңгі  күнін бүгіннен ойлау қажетті. Үкіметтің  «Экология және табиғи  ресурстар» бағдарламасы бойынша облыс экологиясын сауықтыруға түрлі шаралар  ұйымдастырылу  үстінде. Дегенмен, әлі де шешілмеген мәселе шаш етектен. Уранның әсері адамдарды былай қойғанда сол жердегеі малға да, өсімдіктерге де орасан зор зиян келтіріп отыр. Уран өндірісі кезінде қарапайым жұмысшының өзінің кішкене қателігі үлкен зардап әкелетіндігіне көз жеткіздім. Техникалық қателерден жерге тамшылаған қышқылмен уран ертіндісі қоршаған ортаға оның ішінде табиғи суға араласуы үлкен зардаптың алды ғана екен.  Осы тақырыппен айналысу кезінде бір байқағаным уран өндірісінде жұмыс жасайтын бірде – бір адам қоршаған ортамен адам денсаулығына зиянды әсерін ашып айтпайды. «Ауруын жасырған өледі» деп халқымыз айтқандай қоғамдық пікір қалыптастырудан қашпауымыз қажет.

1.1Табиғи су көздерінің ластануы

  Табиғи су көздерінің басты ластаушыларына тау-кен, өнеркәсіп, өңдеу кәсіпорындары мен қатар мал шаруашылық орындары да жатады.

4

Ал, ең көп тараған ластаушы заттарға түсті металдар, күрделі химиялық қосындылар, мұнай, минералды тұздар, риадиоактивті қоспалар, пестицидтер және т.б. өндіріс қалдықтары кіреді. Ластанған табиғи суды ішуге, шомылуға, тіпті техникалық қажеттілікке пайдалануға болмайды. Жер беті және жер асты суына мұнай мен оның өнімдері уран өндірісінде радионуклидтер зиянды әсер тигізеді. Олар өзен және басқа су қоймаларының бетіне жұқа қабат жасап қана қоймай, оның түбіне шөгінді болып шөгеді. Құрамында сәл ғана мұнай (литріне 0,2-0,4 мг) болғанның өзінде суда ерекше өткір иіс болады. Табиғи су көздері кейбір өндіріс орынарынан ағып шығатын судың құрамындағы синтетикалық сырт қабатқа әсерлі (СҚӘ) заттармен ластануы мүмкін. Мұндай судың татымы, дәмі өзгеріп, бөгде иіс болады. Мысалы, минералды тыңайтқыштарды қолдану су құрамындағы азот және фосфордың көбеюіне, нитратардың жоғарылауына әкеп соғып, суды ішуге жарамсыз етеді.

Су көздерін санитариялық тұрғыдан қорғау. Табиғи суды қорғау проблемасы көп жағдайда олардың әлеуметтік тұрғыдан және өнеркәсіп кәсіпорынларының қалдық суымен ластануын алдын алуға байланысты туындайды. Жер беті су көздерін қорғаудың негізгі жолдары: суды қайта пайдалану жүйелерін енгізу, лас суларды су қоймаларына ағызбау және оларды тазалау, қалдықсыз және сусыз технологияларды дамыту, лас суларды жер асты су қабаттарына енгізу, пайдаланған суды тазалау және зарарсыздандыру. Жер беті суларын ластанудан қорғауда гидротехникалық және агроорман – мелиоративтік шаралардың маңызы зор.

Басқа лас су көздеріне қарағанда мал шаруашылығының ағынды лас суларының ерекшелігі оларды утильдеудің өте күрделілігі, әрі су көздеріне жойқын әсер етуінде.

Лас суды механикалық тазалау – бұл сүзгі және арнайы құм ұстағыш арқылы, сондай-ақ әртүрлі тұндырушылар арқылы іске асырылады.

Биологиялық тазалау арнайы қозғалыста іске асырылады – ол биототықтырғыш, мұнда биохимиялық процесс өтеді, яғни органикалық заттар минералданады.

Лас суды залалсыздандыру. Лас суды залалсыздандырудың үш әдісі бар: физикалық, химиялық және биологиялық.

Ең көп тараған залалсыздандыру әдісі – ол хлорлау болып табылады.

5

Ресми норма бойынша биологиялық тазалаудан өткен лас суға қажетті хлордың дозасы (мөлшері) 70 мг/л.

Жергілікті су көздері келесі талаптарға сәйкес болуы керек: мөлдірлігі -30 сантиметрден астам, бояуы – 40 баллдан төмен, иісі мен дәмі – 2-3 баллға дейін, жалпы қаттылығы – 14 мг-экв/литрге дейін, фтор – 1,5, нитраттар – 10, нитриттер – 0,002, аммиак – 0,1, хлоридтер – 20-30, тотыққыштығы – 4 мг литрге дейін, микробтық саны – 1 миллилитрде 300-400-ге дейін, колититр, яғни ішек таяқшасы кездесетін судың ең аз көлемі – 100-ден, колииндекс, яғни 1 литр судағы ішек таяқшасының саны – 10-нан аспауы керек. Суаруға қажетті су мөлшері мал түріне, жасына, өнімділігіне, суару тәсіліне, сыртқы орта мен судың температурасына байланысты өзгереді. Орташа есеппен желінген азықтың әр 1 кг кұрғақ затына қой – 2-3 су ішеді. Дене салмағының 1 процентіндей суы жоғалтылған мал шөлдей бастайды.

Судың физикалық көрсеткіштері. Белгіленген гигиеналық нормалар бойынша ішетін судың төмендегідей қасиеттері болуы керек. Былайшы айтқанда ол мөлдір, түссіз, температурасы белгілі деңгейде иіссіз және жағымсыз дәмі жоқ болуы керек.

Судың температурасы оның маңызды санитариялық-гигиеналық көрсеткіші болып табылады.

Судың иісіне ондағы органикалық заттардың бар жоғы әсер етеді.

Судың дәмі. Жағымды және сергітетін болуы керек. Судың жағымсыз дәмі немесе татымы көбінесе суда минералды және органикалық заттардың мөлшерінің көп болуына байланысты болады.

Судың химиялық құрамы. Ішетін ауыз су құрамы жағынан зиянсыз, былайша айтқанда, ондағы тұздардың мөлшері мал денсулығына зиянды асер ететіндей артық болмауы, әрі улы заттардың және радиактивті ластардан таза болуы керек. Судың ішуге жарамдылығын сипаттау үшін аталған көрсеткіштер екі топқа бөлінеді. Біріншісі судың токсикологиялық жағынан қауіпсіздігін қамтамасыз ететін көрсеткіштер, ал екіншісі – судың органолептикалық көрсеткіштерінің кенеттен өзгеруін болдырмауға бағытталған.

  1.2 Уран өндірісінің экологиялық мәселелері

Уранның табиғатта таралуы. Табиғатта уранның аз бөлігі ғана кен

6

орындарында шоғырланған. Ал мұндай кен орындары көптеген елдерде мүлдем жоқ. Қазақстан бүгінгі күні табиғи уран кенінің қоры жағынан ғаламда Австралиядан кейінгі екінші орынды алады. Оның барланған қоры 1 миллион 600 мың тонна. Оның 1,2 миллион тоннасы құмды-шөлейтті аймақтарда орналасқан. Бүгінгі күні уран кеніштерінің жалпы саны 21-ге жеткен. Радиация латын тілінде радиус-сәуле деген сөз. Радиацияға күннің сәулесі, ғарыштық сәуле, жердің табиғи радиоактивтік заттарының сәуле шығаруы және жасанды радиоактивті изотоптар жатады.

Ғарыштық сәулелері және жердің табиғи радиоактивтік заттарының сәулеленуі табиғи радиациялық фон құрады. Табиғи радиациялық фон (деңгей) Жер бетіндегі бүкіл тірі жәндіктерге, жануарларға, адамға және өсімдіктерге әсерін тигізеді.

 


 


Уран өндірудің үлесі радиоактивті изотобы бар. Көпшілік элементтердің тек біразы ғана радиоактивті. Кейбір химиялық элементтерде тұрақты изотоптар жоқ, олар түгелдей радиоактивті, мысалы, уран, торий, радий, полоний және т.б. Бүлардың атомдарының ядросы өздігінен ыдырап, гамма – кванттық және корпускулярлық сәулеленеді.

Атомның және атом ядросысының құрылысын анықтап, зерттеу ядролық құбылыстар заңын ашып, ядролық реакцияларды жүргізіп, жасанды радиоактивтік изотоптар алуға мүмкіндік берді. Ядродағы құбылыстық айналымды зерттеу атом ядросының таусылмас энергия бұлағы екенін көрсетті. Бұл энергия ядролық реакция кезінде ядролық сәлелену бөлініп отырады. Ең алғаш 1942 жылдың  желтоқсан айының 2 күні өту құбылысын басқаруға мүмкіндігі  бар тізбектелген реакция алынды. Бұл күні атақты физик Энрико Ферми жасап шығарған бірінші ядролық реактор өзінің жұмысын бастады. Осы күннен атом  энергиясын бейбітшілік және соғыс мақсатында практикалық қолдану басталды.

7

Уран - Д.И.Менделеевтің химиялық элементтерінің топтық жүйесіндегі табиғатта кездесетін 92 – ші, радиоактивті элемент. (Қазір бұл жүйеде 109 химиялық элемент бар). Уран орасан қуат көзі.

Уран – көпжақты қасиеті бар химиялық элементтердің бірі. Оның радиациялық қасиеті барлығын ерлі-зайыпты ғалымдар Мария және Пьер Кюрилер анықтаған болатын. Ал бұл элементтің аса қуатты энергия көзі екенін анықтаған неміс ғалымдары, одан тереңдете тазарту арқылы плутоний алуға болатынын есептеп білді.

Уран – бәсекелестiк қабiлетi анағұрлым жоғары энергия көзi болып табылады. Оның басқа отын көздерiнен басты айырмашылығы - ол жоғары концентрацияланған энергия көзi. Яғни, әрi жеңiл, әрi арзан тасымалданатын энергия көзiнен саналады. Мәселен, 1 кг уран дәл осы мөлшердегi көмiрден бөлiнетiн энергиядан 20 мың есе жоғары электр қуатын бөледi. Жалпы құны жағынан да тиiмдi. 1 кВт сағат өндіруге кететін көмiрдің құны 4 евроцент тұрса, осы мөлшердегi газ 1,3–2,3 евроцентке шамалас.

1.3 Уран өндірісінде түзілетін қалдықтар. Қазіргі уран алу технологиясы бұрынғы шахты арқылы, немесе ашық әдіспен алудан мүлдем ерекшеленеді. Қазіргі күні ұзын саны 21 ден асатын кеніштерден алынатын уран шикізаты негізінен жер астындағы кені бар жерді бұрғылау арқылы ұңғылар жасалынып, одан кейін кенді қабатқа күкірт қышқылын айдау арқылы кен ерітіледі. Одан соң күшті қышқылды ортада еріген уран мен басқа ілеспе металлдар ерітіндісін жоғарыға арнаулы сораптармен сорып шығарылып, бұл ерітінділер арнаулы ыдыстарға құйылып, одан кейін оны байыту, бөлу және тазалау зауыттарына жібереді. Қазір көптеген кен орындарында байыту мен тазалауды ұйымдастыру үшін арнаулы технологиялық қондырғылар орнатылған. Бұл әдісті алғаш рет Кеңес үкіметі кезінде, яғни 20 ғасырдың жетпісінші жылдары Басқармасы Ташкентте орналасқан «Краснохолмскі» экспедициясы Өзбекстандағы «Үшқұдық» уран кенішінде қолданған. Бұл әдіс уран кендерін шахтылардан қазып алуға қарағанда әлдеқайда қауіпсіз, құмды – шөлейтті аймақтарда суды да үнемдейді, әрі кенші оператор жоғарғы радиоактивті кендермен және оны өндіру кезінде пайда болатын асқан зиянды радиоактивті шаңдармен тікелей байланысқа түспей, жердің бетіндегі технологиялық қондырғыларда арнаулы басқару тетіктері арқылы процесстерді басқарып отырады. Одан кейінгі ең жауапты кезең, кені

8

ерітіліп сорылынып алынған жер асты қабаттарындағы қышқылды ортаны залалсыздандыру. Себебі жер астындағы жыныстардың арасында өте күшті қышқылдар мен радиоактивті ерітінділер қалып қояды. Жер жыныстарында табиғи сілтілі орта өте сирек кездеседі. Оның бәрін түк қалдырмай сораптармен сорып алу әрине мүмкін емес. Сондықтанда бұл жынысты қабаттарға сілті немесе негіз ерітінділері, ең арзаны сөндірілген кәдімгі әк суы пайдалынады. Сонда қышқылды орта бейтараптандырылып, бұл өз кезегінде айналадағы жер асты суларының бүлінбеуіне оң әсерін тигізеді.  

Уранды шаймалау әдісімен өндіру схемасы

 


 


Оңтүстік Қазақстанның уран кен орындарындағы табиғи гидрогео-химиялық ортаның техногендік ықпал етуден кейін өзін өзі қалпына келтіру қабілетіне ие екендігі анықталған. Біртіндеп табиғи қалпына келтіру есебінен біршама жай болса да, кен орналасқан сулы көкжиектегі жерасты суларын рекультивациялау үдерісі тұрақты жүргізіледі. Қазатомөнеркәсіп сондай-ақ, бұл үдерісті айтарлықтай қарқынды етудің әдістерін жасап шығып, ол рекультивацияны он еселеп жылдамдата түсті.

Терiскей өңiрi  тағы бiр уран өндiретiн зауытпен толықты. Созақ ауданында уран кен орнын игерiп жатқан «Инкай» Қазақстан-Канада бiрлескен кәсiпорны бас өндiрiстiк кешенiн iске қосты. Аталған компания басшылары мен құрылтайшылары, Канаданың Қазақстандағы елшiлiгi қызметкерлерi, сондай-ақ ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi мен жергiлiктi атқарушы билiк өкiлдерi қатысқан салтанатты жиында  дайын өнiмнiң жаңа партиясы Канада елiндегi қайта өңдеу зауытына жол тартты. Уран шикiзатын өндiруде 20 жылдық тәжiрибесi бар «Қазатомөнеркәсiп»  канадалық CAMECO компаниясымен бiрлесе отырып iске қосқан өндiрiстiк кешен Созақ ауданына қарасты Тайқоңыр елдi мекенiне  жақын маңда орналасқан.

9

«Инкай» кен орны Шу-Сарысу уран кендi шалғай аймағындағы гидрогендi типтегi iрi кен орны саналады. Мұндағы  №1 учаскеде уран өндiрiлсе, №2 және №3 учаскелерiнде  геологиялық барлау жұмыстары  жүргiзiледi. 10

1.4 Уран өндірісінің қоршаған ортаға әсері. Радияциялық ластанудың басқа ластанудан көп айырмашылығы бар. Қысқа толқынды электромагниттік сәуле шығару мен зарядталған бөліктерді бөліп шығаратын тұрақсыз химиялық элементтердің ядросы – радиоактивті нуклидтер. Міне, осы бөлшектер мен шығарылған сәулелер тірі организмге түскенде жасушаларды бұзады, соның нәтижесінде түрлі аурулар пайда болады. Радияциялық ластанудың негізгі көздері – альфа, гамма және бэтта сияқты радиоактивті сәулелер. Ионданған сәулелер адам, жануар, өсімдік  организмдерінде ақуыз, фермент және басқа да заттардың өзгеруіне, яғни сәуле ауруының дамуына әкеліп соғады. Сәуле ауруы сыртқы мүшелерінің зақымдануынан және радияциялық ластаушылардың ішкі органдарға түсуі нәтижесінде болады. Сәуле ауруының дәрежесі алынған сәуле мөлшеріне байланысты балалар, қарт адамдар мен ауру адамдар сәуле ауруын көтере алмайды. Ал, 100 рентген/сағ бастап сәуле ауруы дами бастайды.

Уранмен сәулелену, кейбір химиялық құрылымдар және сыртқы ортаның температурасы тұқым қуалау қасиетінің құрылымына әсер ету нәтижесінде ұрпақтарға таралатын табиғи мутацияға келтіреді.

Уранмен сәулелену, кейбір химиялық құрылымдар, сыртқы ортаның температурасы және ядролық сынақ әсерлерінен өмір сүру ортасына қарай ұрпақтарда 500-ден астам түрлі аурулар пайда болғаны анықталды. Солардың ішінде, мысалы – ергежейлік, “гамофилия, - түрлі – түстіні ажырата алмау соқырлығы”, заттардың алмасуынан болатын ауру түрлері, ұрпақтардың дене және ой еңбегіне, сонымен қатар тіршілік ету қабілеті әлсірейді, өмір сүру мерзімі қысқарды және тағы басқа.

Радиоактивтік заттардың өсімдіктерге әсері.  Малина жас өсімдігіне  радиоактивтік зат енгізілгенде ол өсімдіктің сабағына, бұтағына, жапырақ жолақтарына көптеп жиналады. Радиоактивтік сәулелену  организмде заттардың жылжуын, орын алмастыруын, санын, көлемін анықтауға мүмкіндік жасайды. Радиация өсімдіктер өнімін арттыруда ауыл шаруашылығында кең қолданылады. Тұқымдарды, картопты, жас жеміс ағаштарын отырғызардың алдында сәулелену әсерін өткізеді.

10

Радиация арқылы жаңа сорттарды шығаруға мүмкіндік жасалынады, әр түрлі зиянкестерді құртуға, тыңайтқыштарды егіс даласына және т.б. салудың нағыз қолайлы мерзімін анықтауға пайдаланады. Қант қызылшасын себер алдында сәулелену әсерінен өткізгенде оның өнімі 40% өседі және құрамындағы қант 15-35%  - ке дейін жоғарылайды. Парникте өсетін редистің тұқымын себер алдында сәулелендіру нәтижесінде оның өнімін 25%-ке арттырған /320-400 кг дейін/. Сәулеленген тұқымдарда даму құбылысы жылдамдайды. Топыраққа әлсіз радиоактивтік затты салғанда өнім жоғарылайды. Егер сәулеленудің үлкен мөлшері тірі организмге зиян болса, оның аз мөлшері, керісінше, тіршілік жағдайын күшейтеді. Арнайы жасалған гамма – сәулелену құралы арқылы бір сағатта бір тонна тұқымды сәулелендіруден өткізуге болады. Тұқымды  сәулелендіру үшін оның сортын, ылғалдылығын және т.б. жағдайларды еске алады, яғни әр организмге радиация мөлшері оның жағдайына байланысты арнайы түрде беріледі.

Уран өндірісінде қоршаған ортаны қорғау. Уран өндірісінде «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом Компаниясы, өзінің өндірістік қызметін жүзеге асыруда, коршаған ортаның қолайлығын сақтау және табиғи қорларды тиімді пайдалану бойынша қоғам алдындағы өз жауапкершілігін 1сезінеді. Жұмысшылар еңбегінің кауіпсіздік жағдайларын қамтамасыз ету, компания қызметкерлері мен компания қызметі аудандарында тұратын халықтың денсаулығын қорғау, сонымен бірге қоршаған табиғи ортаның қолайлығын сақтау «"Қазатомөнеркәсіптің» ең басты мэселелері болып табылады. Еңбекті жэне қоршаған ортаны қорғау саласында «Қазатомөнеркәсіп» кызметі мына мақсаттарды қояды:

- өндірістік жұмысты Қазақстан Республикасында қолданыстағы табиғатты қорғау заңнамасына және басқа нормативті талаптарға сәйкес жүргізу;

- өндірістік жұмыс әсерінің кәсіпорындар жұмыскерлері мен қоршаған ортаға азаюы;

- еңбек жағдайы мен қоршаған ортаның жай-күйінің үнемі жақсаруы;

- өндірістік және экологиялық апаттардың алдын алу;

- ресурстарды тиімді пайдалану;

- техникалық және экологиялық қауіпсіздік есебімен барды тұрақты жетілдіру және жаңа технологияларды ендіру;

11

- еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласында Мемлекеттік және Халықаралык қоғамдармен тұрақты бірлесіп әрекет қылу.

Осы мақсаттарға жету үшін Компания еңбекті қорғау, ядролық, радиациялык, техникалық қауіпсіздік және Компания кәсіпорындарында қоршаған ортанының жағдайына тұрақты әдістемелік басшылық, бақылау және талдау жүргізіп отырады. «Қазатомөнеркәсіп» барлық кәсіпорындарында қоршаған ортаның, радиациялық, техникалық және ядролық қауіпсіздік жағдайына өндірістік бақылау жүргізетін еңбек пен қоршаған ортаны қорғау қызметтері бар. Бұл қызметтер зиянды заттардың шығуы мен тасталуына, қалдықтардың түзілуіне, тазалануына және көмілуіне тұрақты бақылау жүргізеді. Апаттардың алдын алу мақсатымен радиоактивті заттар мен басқа қауіпті жүктердің тасымалдануына бақылау жасайды. Қауіпті жүктерді тасымылдауға байланысты соңғы үш жылдарда бірде-бір апат болған жоқ. Кәсіпорындар жыл сайын қоршаған табиғи ортаға әсерді азайту бойынша шаралар әзірлейді және қоршаған ортаны қорғайтын мемлекеттік органдармен келіседі. «Қазатомөнеркәсіп» кәсіпорындарында ластайтын заттардың шығуы мен тасталу мөлшерінен асып кеткен жағдайлар кездескен жоқ. Барлық кәсіпорындардағы өндіріс нысандарына аттетация уақытында жүргізіледі. Экологиялық қауіпсіздікті қалыпта ұстау үшін, қоршаған ортаны қорғау бойынша жалпы бақылаудың құрамдас бөлігі болып табылатын, радио-экологиялық бақылау жүргізіледі. Бұл жұмысты, мемлекеттік санитарлық бақылау органдарымен келісіліп, радиациялық бақылау номенклатурасы белгілеуіне сәйкес шама-шарықпен білікті өлшемдер жүргізу үшін дозиметрлік және радиометрлік аппартурамен жабдықталған, дозиметрлік кызметкер жүргізеді.

«Қазатомөнеркәсіп»-тің барлық кәсіпорындары белгіленген тәртіпте өнеркәсіп кәсіпорындарының қауіпсіздік Декларациясын әзірлеп және бекітіп ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі мен облыстық басқару органдарына тапсырды. Мүмкін болатын апаттар залалдарын жою үшін барлық кәсіпорындарда Төтенше жағдайлар министрлігі аттестациялаған арнайы бөлімшелер құрылған. Апат жағдайларында, шұғыл қимылдар мен кәсіпорындар бөлімшелерімен, Компанияның бас кеңсесімен және төтенше жағдайлар мен азаматтық қорғаныс органдарымен жедел байланыс үшін іс-әрекетке дайын диспетчерлік қызмет құрылған.

 



12

Негізгі бөлім

2. Зерттеу нысандары мен әдістемелері

  Созақ ауданының жер қоры, ҰАҚ «Қазатомпром»-ға берілген жерлерді есептемегенде 2346844 га. Оның ішінде ауыл шаруашылық жерлері 217946 га, егістік жерлер 3027 га. Ресми мәліметтер бойынша Созақ ауданының жер кешенінің 49% антропогендік факторлардың әсерінен деградацияға ұшыраған. Ғылыми-зерттеу жұмыстарына негізінен төменгі көрсетілген әдістемелер қолданылды:Созақ ауданының жер қоры, мал басы және оның өнімдері ауданның статисткалық есебін талдау арқылы жүргізілді. ОҚО Созақ ауданы бойынша 01.01.2014 ж. мал басы мен өндірілген мал шаруашылығы өнімдері

Түлік түрлері мен мал шаруашылығы өнімдері

Мал басы

Ірі қара, бас

23266

О.і. сиыры, бас

11949

Қой-ешкі, бас

340368

Жылқы, бас

7947

Түйе, бас

7147

Құс, бас

34284

Ет, тн

10464

Сүт, тн

16314

Жүн, тн

501

Жұмыртқа, млн

4,3

 Созақ ауданының абиотикалық мәліметтері «Шолаққорған» және «Тасты» метеостанцияларынан алынды. Жайылымның өнімділігі Бүкілодақтық мал азықтандыру ғылыми-зерттеу институтының әдістемелерімен анықталды. Жайылым өсімдіктерінің өнімділігі, химиялық құрамы, энергия және қоректік заттар жылы маусымның ортасында жүргізілді. Жемшөптің, сүттің химиялық құрамы, және оның энергиясы, қоректік заттар Н.Омарходжаев, А.Егеубаевтың әдістемелерімен анықталды.

Жайылымда желінген жемшөптің мөлшері инерттік индикатор әдісімен жүргізілді.

13

2.1 Абиотикалық экологиялық жағдайлардың жайылым өсімдіктерінің өнімділігіне әсері. Ғылыми-зерттеу барысында жинақталған мәліметтер бойынша, жайылым өсімдіктерінің өнімділігі мен шұрайлылығы қалыптасқан экологиялық жағдайға қарай өзгеріп тұратындығы дәлелденді. Айта кететін жайт, барлық экологиялық жағдайда көктемгі жайылым жоғарғы өнімділігімен ерекшеленеді. Қысқы жайылымның өнімдігі көктемгі-ден 2,5 есеге аз болады. Желіну коэффициенті жайылымның өнімділігіне тікелей байланысты болып келеді. Жайылым нашар болған сайын жайылым коэффициенті орта есеппен 7,8%-ға артады. Дегенмен орташа және қолайлы жылдары жайылымның өндірістік өнімділігі 1,5 және 2,4 есе артық болатыны анықталды. Профессор Т.Қ.Рисимбетовтің мәліметі бойынша экология-лық жағдай қандай болса да эфемерлер мен эфмероидтардың 75% дейін желінетіні дәлелденген. Маусымдық жайылым өнімділігінің жыл жағдайына қарай өзгеруі (құрғақ шөпке есептегенде).

 Жоғарыда көрсетілген мәліметтерге сүйене отырып төмендегідей қорытындыға келдік. Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданында айрықша континентальды климат жайылым өнімділігін 1,3-3,9 ц/га аралығында қалыптастырып, маусымдық диспорциялық көрсеткіштермен ерекшелінеді.М.А.Кормановская, К.К.Кусаинов жасаған анықтамалықтарында Қазақстанның табиғи жайылымдарының өсімдіктерінің химиялық құрамы олар жылдағы экологиялық жағдайға байланысты өзгеріп отыратыны көрсетіледі. Біздің зерттеген шөл аймағындағы Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданының өсімдіктерінің химиялық құрамы осыған сәйкестенеді. Мысалы: 8-кестенің деректеріне сүйенсек, көктемде эфемерлік өсімдіктердің бойында 64,1-72,1% су болса, басқа маусымдарда ол 37,4-47,2% аралығында өзгеріп отырады.

2.2 Уран өндіретін маңдағы жайылымда мал шаруашылығының дамуына әсері

  Көптеген ғылыми-зерттеу жұмыстардың нәтижелері көрсеткендей, қаракөл саулықтардың күйекке дайындығы, ұрықтануы олардың физиология-лық жағдайына байланысты болып келеді. Қаракөл шаруашылығында еркек қозылары елтіріге сойылған саулықтар сәуірдің басынан қарашаға дейін 6,5 ай, қозылары 2-2,5 айда ажарыталса 4,0-4,5 ай, ал 4 айлығында ажыратылса 2,5-3 ай бойдық болған саулықтар күйекке



14

дайындалады. Мұндай жағдайда бойдақ саулықтардың қоңы негізінен күйекке дайындау мерзіміне байла-нысты болып келеді. Қазіргі уақытта кішігірім шаруашылықтар қозыларды енесінен 4 айлығында ажыратып, күйекке дайындық мерзімі негізінен 2,5-3 ай болып отыр. Өйткені, еркек қозыларды елтіріге сою мүлдем тоқтатылды. Сондықтан бойдақ саулықтар 70 күндей күйекке күзде дайындалады.

Жоғарыда айтылғандай, біздер уран өндіретін аймақта табиғи радиациялық деңгейін анықтаған болатынбыз. Бұл көрсеткіштер радиактивті белгі қойылған жерден; 1-топтағы саулықтар 50 м қашықтықта 40 мкр/сағ, 2-топтағы – 500м-ге ұзақтағанда – 25 мкр/сағ, ал 3-топтағы саулықтар 1500 метрлік жерде – 18 мкр/сағ болса, Созақ ауданының уран өндірілмейтін ай-мақтарында табиғи радиацияның деңгейі – 11-13 мкр/сағ мөлшерін көрсетті. О.И.Василенко табиғи радиацияның деңгейінің жоғарылауы жануарлардың азықтануына, зат алмасу процестеріне және көбеюіне жағымсыз әсер етеді деп жазады. Осы жағдайлар бірінші кезекте уран өндіретін аймақтағы жайылымның техногендік деградацияға душар болғанын ескерсек, екіншіден табиғи радиация деңгейінің жоғарылығымен қоса байланыстырамыз.           

Созақ өңіріндегі жалпы табиғи радиациялық деңгейдегі жануарлар организміне тигізетін әсеріне бір жылдық тәжірибемен қорытынды шығаруға болмайтынын айта келе, оған жауап беру үшін келешекте уран өндіретін аймақтардан қоршаған ортаға таралатын радиануклидтерге мониторинг жасаудың қажеттілігі туындайды.

 

 











15

Қорытынды

 1. Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданындағы экологиялық жағдай 2000 жылға дейін тек мал шаруашылық өнімдерін өндіруге байланысты болып қалыптасты. Табиғи жайылымға түскен экологиялық қысым әр кезеңдегі мал басының санына, жайып бағу технологиясына және абиотикалық факоторларға тәуелді өзгеріліп отырады. Уран өндірудің салдарынан жайылымның тарылуынан жаңа экологиялық жағдайды қалыптастырып, қоршаған ортаға кері әсерін тигізді.

ОҚО Созақ ауданында жалпы табиғи радиацияның деңгейі 11-13 мр/сағ болса, уран өндіретін бұрғылау мұнарасынан 50 м қашықтықта 40 мр/сағ, 500 м – 25, 1500 м – 18 мр/сағ болды. Осы қашықтықтағы бұрғылау мұнарасына жақын жайылым негізінен техногендік тапталуға душар болып, оның өнімділігі және тәжірибедегі қойлардың энергия мен қоректік заттарға қажеттілігін өтей алмағандықтан, олардың зоотехникалық көрсеткіштері төмендеді. Сондықтан тәжірибедегі қаракөл саулықтарының күйек алды салмағын, қоңын, күйін, ұрықтануын, негізінен жайылымға әсер еткен абиотикалық факторлармен байланыстыр-дық. Сондықтан да ОҚО Созақ ауданында жайылымдық жердің үштен бірі уран өндіретін «Қазатомпром» иелігіне өткендіктен, қазіргі қалыптасып отырған экологиялық жағдайға байланысты мал өсірудің жаңа технологиясын жасау керек деп есептейміз.

 



















16

Ұсынысым

  • Уран өндірісі кезінде қоршаған ортамен адам денсаулығына әсерінің дәрежесін зерттейтін, аудан орталығында медециналық ғылыми зерттеу орталығы ашылса,

  • кен  өндіру кезіндегі техникалық қателіктерді болдырмау жөнінде саладағы жұмыс істейтін әрбір адамның жауапкершілігі арттырылса.

  • Қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов ұсынған тәуелсіз қоғамдық комиссия құру ұсынысын жергілікті халықтардың қолдауын іске асыру қажет.

  • Тәуелсіз қоғамдық комиссия құрылған жағдайда, құрамына жергілікті жердегі аталған проблемалардан хабары бар ғалымдар, дәрігерлер, экологтар, қоғам қайраткерлері енгізілсе.



 































17

Пайдаланылған әдебиеттер

1)  «Радиация және өмір» З.Ж.Асқарова, Алматы, 2000.

2)  Жаханов А. Радиациялық экология :

оқулық / А. Жаханов. — Алматы : Эверо, 2011. – 292 б

3. Рисимбетов Т.К. Химический состав и питательность кормов каракулеводческих совхозов Чимкентской области //Ж. Вестник сельскохозяйственной науки Казахстана. –Алма-Ата, 1972. -№7.

4. Василенко О.И. Радиационная экология. –М.: Медицина, 2004. -216 с.

5. Изтлеуов Г.М. Радиоэкология. –Шымкент, 2009. –С.5-18.











































Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Түркістан облысы

Созақ ауданы

«Шолаққорған» жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Автордың аты-жөні: Қалдар Мөлдір

Сыныбы: 9

Тақырыбы:

Уран өндіруге байланысты қалыптасқан экологиялық жағдайлар









Секциясы: Экология

Бағыты: Таза табиғи орта –Қазақстан-2050 стратегиясын іске асырудың негізі







Жетекшісі: Усенова Алия







Шолаққорған 2019 жыл



Аннотация

Бұл жобаның негізігі мақсаты Созақ жеріндегі табиғи су көздерінің басты ластаушыларына тау-кен, өнеркәсіп, өңдеу кәсіпорындары мен қатар мал шаруашылық орындары да жатады. Ластанған табиғи суды ішуге, шомылуға, тіпті техникалық қажеттілікке пайдалануға болмайтыны зерттелген.



Аннотация

Главной целью этого проекта водные ресурсы Сузакского района, в котором загрязненные обьектами являются горные добывающие и производительные производства. Загрязненные природные ресурсы, в том числе и воду нельзя пить и даже купаться, доказано вредность.



































«Шолаққорған» жалпы орта мектебінің 9 сынып оқушысы Қалдар Мөлдірдің «Уран өндіруге байланысты қалыптасқан экологиялық жағдайлар» тақырыбына жазылған ғылыми жұмысына





Пікір

Қалдар Мөлдірдің ғылыми жұмысты жазу барысында көп ізденгені байқалады. Өз жұмысына автор ауданда уран өндірісіне байланысты қалыптасқан экологиялық жағдайларды анықтаған. Ауданымыздың экологиялық проблемалары су мәселесіне кеңіне тоқталған. Жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің жойылу зардаптарын зерттеген.

Ғылыми жұмыс талапқа сай орындалған және ғылыми жобалар байқауына ұсынылып отыр









Мектеп директоры: Г.Алимбекова

Ғылыми жетекші: Ә. Үсенова



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
29 сәуір
1377
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі