400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Урбандалу үдерісі. Қазақстандағы урбандалу үдерісіне баға беру

Материал туралы қысқаша түсінік
9 сынып. Урбандалу үдерісі. Қазақстандағы урбандалу үдерісіне баға беру. Сабақтың мақсаты Урбандалу үдерісінің себеп салдарын анықтайды, проблемалардың шешу жолдарын көрсетеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Бөлім

4 бөлім. Әлеуметтік география 4.1 Халық географиясы.

Мектеп


Педагогтың аты-жөні:


Күні:

01.03. 2024

сыныбы

9

Сабақтың тақырыбы:

Урбандалу үдерісі. Қазақстандағы урбандалу үдерісіне баға беру.

Оқу бағдарламасына сәйкес сабақ мақсаты:

9.4.1.11 урбандалу үдерісінің себеп салдарын түсіндіру арқылы байланысты проблемалардың шешу жолдарын ұсынады.

9.4.1.12 Қазақстандағы урбандалу үдерісіне баға береді.


Сабақтың мақсаты:

Урбандалу үдерісінін себеп салдарын анықтайды, проблемалардың шешу жолдарын көрсетеді.

Қазақстан аймақтарындағы халықтың урбандалу үдерісіне баға береді.

Құндылықтар

Қоршаған ортаны аялау, ғаламдық мәселелерді шешуге ат салысу, жауапкершілікті сезіну.

Сабақ кезеңдері

Педагогтың әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

Бағалау

Ресурс


Сабақтың басы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі. (амандасу, оқушыларды түгендеу).

Белсенді оқу әдісі: «Ашық микрофон»

Сұрақтар қойылады.

  1. Жымпиты ауылында қанша адам бар?

  2. Ауданыңыздың жеті кереметін атаңыз десем, қандай нысандарды атар едіңіз?

  3. Ауылда қандай мәселелер бар?

  4. Ауылды қолдау мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі екенін білеміз. Осыған байланысты ауылдық жерлерде қандай бағдарламалар жұмыс жасады?


  1. Халықтың саны 6 мың бола тұра неліктен Жымпиты ауыл деп есептеледі?

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау

Бағалау парағы беріледі.


Мұғаліммен амандасу

Оқушылар өткен сабақтан алған білімдеріне сүйеніп, жауап береді

Тұрғылықты мекен бойынша мәліметтерді айтады.

5984 адам, 2023ж


(Алаш музейі, Сырым батыр кесенесі, ЖаҺанша мектеп мұражайы, Дәдем ата, Айдана қыраты, Айдар сор, Мұсылмандар мешіті)

(Дипломмен ауылға, Тірек ауылдарды дамыту, Жұмыспен қамту 2020, Ауызсу, Ақ бұлақ)







ҚБ. Мұғалімнің мадақтауы






Презентация












Сабақтың ортасы

12 минут

Бейнебаяннан қандай үдерісті байқадық?

Неліктен ауылда жұмыс орындары азайды?

Ауылдан көшуге қандай себептер туындайды?


Жаңа сабақты түсіндіру

Урбандалу – үлкен қалалық жерлерге, өндіріс орталықтарына халықтың көптеп шоғырлануы

Қала халқы үлесінің өсуі, қалалық өмір салтының кең жарнамалануы, қоғам дамуындағы қалалар рөлінің артуы- урбандалу үдерісі, яғни ХХ ғасырдың екінші жартысындағы ең маңызды әлеуметтік құбылыс болып табылады.

Қазір Қазақстанда 87 қала мен 200-ден аса қала типтес елді мекен бар.




Жаңа тақырыпты түсінеді, мұғалімнің бағыттаушы сұрақтарына жауап береді.


Презентация

Бейнебаян Урбандалу.

smk.edu.kz

https://youtu.be/s7TfJndd2cY?si=E3bcmmGWOHsJjQLy


5 минут

Тапсырма №1. Жеке жұмыс. Кескін картамен жұмыс. Саралау тәсілі: қарқын бойынша саралау.

Облыстарды урбандалу деңгейі бойынша кескін картаға белгілейді.

Аз урбандалған 40% дан төмен

Орташа урбандалған 40-60 %

Жоғары урбандалған 60-80 %

ҚБ «Оқушының өзін – өзі бағалауы»

Дескриптор:

Облыстарды урбандалу деңгейі бойынша белгілейді.

Аз урбандалғанды белгілейді 1 балл

Орташа урбандалғанды белгілейді 1 балл.

Жоғары урбандалғанды белгілейді 1 балл

Презентация


Кескін карта, Қазақстанның әкімшілік-аумақтық карта; түрлі түсті қарындаштар


5 минут

Тапсырма №2 Топтық жұмыс

Белсенді оқу әдісі «Ойлан – жұптас-бөліс»

Урбандалумен байланысты проблемалардың себептері, салдары және шешу жолдарын ұсынады.


І топ проблема: Жұмыс орындарының болмауы

ІІ топ проблема: Баспана мәселесі

ІІІ топ проблема: Ауаның, қоршаған ортаның ластануы, шу, көлік кептелісі

ІҮ топ проблема: Қауіп қатер қылмыс

Проблема

лар

Себептері

Салдары

Шешу жолдары

Жұмыс орындарының

болмауы




Баспана мәселесі




Ауаның, қоршаған ортаның ластануы, Шу, көлік кептелісі




Қауіп қатерлер, қылмыс





ҚБ. «Мадак сэндвичі»

Дескриптор:

Проблемалардың себептерін анықтайды

1 балл

Проблемалардың салдарын анықтайды

1 балл

Проблемалардың шешу жолдарын ұсынады.

1 балл

Кесте «Үш жақты күнделік»


8 минут.

Тапсырма №3. Топтық жұмыс.

Саралау: диалог және қолдау көрсету

Урбандалу үдерісіне SWOT талдау жүргізеді.

Жетекші сұрақтар:

Қалада қандай мүмкіндіктер бар? Урбандалудың қандай теріс салдары бар?


Бағыттаушы сұрақтар:

Қалаға неге барғымыз келеді?

Қалада неден сақ болуымыз керек?


SWOT талдау жасайды:

І топ: Мықты жақтарын анықтайды;

ІІ топ: әлсіз жақтарын анықтайды

ІІІ топ: Қауіпті жақтарын анықтайды.

ІҮ топ: Мүмкіндіктерін сипаттайды

.

ҚБ «2 и, 1ә»

Дескриптор:

Мықты, әлсіз жақтарын анықтайды;

Қауіпті жақтарын, мүмкіндіктерін сипаттайды 1 балл.




Shape1





5 минут

Тапсырма №4. Mix Play

Терминдер мен атауларды дұрыс жауаптарымен сәйкестендіріңіз

Урбандалу – үлкен қалалық жерлерге, өндіріс орталықтарына халықтың көптеп шоғырлануы.

Хаб – қандай да бір басты орталық, аса ірі халықаралық маңызы бар желінің торабы.

Моноқала – бір немесе екі қала құраушы кәсіпорындар есебінен экономикалық және иәлеуметтік тұрғыдан, өмір сүретін елді мекен.

Агломерация- экономикалық, мәдени, және тұрмыстық жағынан бір- бірімен тығыз байланысты елді мекендердің шағын аумаққа топтануы.

Қарағанды –Теміртау агломерациясы- Абай, Шахты, Топар, Долинка

Алмата- Тараз- Шымкент- бағыттарды байланыстыратын ірі логистикалық орталық

ҚБ «Мұғалімнің мадақтауы»

Дескриптор: Ұғымдарды анықтамаларымен дұрыс сәйкестендіреді. 3 балл


Word Wall бағдарламасы арқылы.

https://wordwall.net/ru/resource/68996249



Сабақтың соңы.

5 минут.








Рефлексия «Жетістік баспалдағы»







Бүгінгі сабағымызда урбандалу үдерісінің себеп салдарын түсіндіру арқылы байланысты проблемалардың шешу жолын ұсындық, Қазақстандағы урбандалу үдерісіне баға бердік


Үйге тапсырма:

§42. 29 бет. 5 тапсырма. «Қазақстан қалаларының сипаттамасы» кестесін толтырыңдар. (5 қала)

Сабақ аяқталды, сау болыңыздар!

Мақсатқа оралу.

Оқушы бүгінгі сабақ бойынша білім баспалдағының қай сатысында тұрғанын анықтайды, бағалау парағы бойынша өзін бағалайды. Сыныппен бөліседі.


Бағалау парағы арқылы өзін- өзі бағалау.

Мұғалімнің қорытынды бағалауы




Презентация




































































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
14 ұстаз жүктеп алған
07.02.2025
285
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12