400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Ырым-тыйым – әдептілік негізі» сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепшілік іс-шара
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ырым-тыйым – әдептілік негізі»

Жас ұрпақтың тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, оларды игі мақсаттарға, ізгі істерге бағыттау мен тәрбиелеу қоғамның ортақ міндеті. «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» еліміздің білім ордаларында іске асырылуда. Бұл бағдарлама – ұлттық адами құндылықтарға негізделген. Мектеп пен ата-аналар байланысын нығайтып, балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасы мен мектептің, тәрбие бағытындағы жұмысын күшейтіп, ата-аналардың белсенді қарым-қатынасын, мәдениетін дамытуда. Мектебімізде « Даналық, Ата-аналарға педагогикалық қолдау мектебі» құрылып, ата-аналарға арналған бағдарламаға сәйкес шаралар айына өткізіліп отырады. Осындай шараның бірі «Ырым, тыйым – әдептілік негізі» тақырыбында сайыс өткізілді. Сайыста халқымыздың ырым-тыйымы арқылы ұрпақты тәрбиелеуі тағылымдары айтылды. Ата-аналар мен оқушыларға,көрермендерге «Әжелер, аналар, келіндер» мектебінің мүшесі, ұлағатты ұстаз Манашова Гүлмира Көптілеуқызы халқымыздың ұмытылып бара жатқан ырым-тыйымдары туралы айтып, жастарға кеңес берді. Сайысқа әділқазылар сайланып, сайыс кезеңдерімен таныстырылды. Сайыстың мақсаты: Қазақ халқының ырым-тыйым сөздері арқылы мұғалімдер, ата-аналардың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыру. Әдептілік пен мәдениеттілікті насихаттау, Ұжымдағы қарым-қатынасты нығайту,.

Қатысушылар: Мұғалімдер, ата-аналар

Құрал-жабдықтар: Презентация, сұрақтар жазылған парақтар, бейнематериалдар, ұлттық нақыштағы сыйлықтар

Сайыс кезеңдері:1-кезең: «Таныстыру»

Әр команда өз атауын, ұранын және құрамын таныстырады. (Ұсынылатын атаулар: «Дәстүрлі ұстаздар», «Ырымды білгірлер», «Қазақтың қара шаңырағы»).

2-кезең: «Сырлы асық» ырымды жалғастыр

Қатысушыларға қазақтың ырым-тыйым сөздерінің басы беріледі, олар жалғасын айтуы керек.

Мысал:

• «Малды теппе, өйткені…» (ырыздығың кемиді).

• «Үйге кірген жыланды өлтірмейді, себебі…» (ол бақ беріп келеді).

• «Үлкендердің жолын.........»

• «Итке ожаумен .......»

• «Әйел ердің........»

• «Бас киімді .....»

• «Отты ,ошақты.....»

• «Қолыңды.........»

• «Суды сапырма.........»

• «Босағаны .....»

• «Тізеңді.....»

3-кезең: «Білгенге маржан»

Қатысушыларға белгілі бір ырым сөздер айтылады, олар оның мағынасын табуы керек.

БАС, ТЕРІ, ҰЛТАБАР, БҰҒАНА, ТӨС, ЖІЛІК, ТІЛ, ТАҢДАЙ, ТОЛАРСАҚ, ҚҰЙЫМШАҚ, қазақ қонақжай халық үйіне келген қонағын сыйлап сойып ,ет асып күте білген. Келген қонақты. үлкендерді ерекше құрметтеген. Берген асына қонаққа,улкен,кішіге ырымдап мал мүшелерін табақ тартады. Сол кезде осы мүшелердің берілу себебі неде? Яғни, қатысушылар мал мүшелерінің мағынасын талдап ашып айту керек.

4-кезең: «Ойшыл болсаң озарсың» Берілген суреттерден ырым-тыйым сөздермен мақал-мәтелмен жауап беруі керек.Мысалы;

• «Қарт кісінің суреті» – «Қариясы бар үй – қазынасы бар үй» деп жауап беру.

• «Құс ұясын бұзба»

• «Бос бесікті тербетпе»

• «Адамға қарап есінеме, түкірме»

• «Дастарханнан аттама»

• «Тұзды төкпе, қызды сөкпе»

• «Үйге кірме жүгіріп, жығыларсың сүрініп»

• «Жаңа айым жарылқа, ескі айым есірке»

• «Нанды бір қолыңмен үзбе»

• «Ақты төкпе»

• «Көкті жұлма, көктей соларсың»

Сайысқа қатысушылар ырым-тыйымдар туралы өз білімдерін ортаға салып, білгендерінен білмегендері көп екенін айтып дана халқымыздың ұрпақ тәрбиесіндегі кемеңгерлігіне тәнті болды. Әрбір ырым мен тыйымның әдептілікке баулитын, түбінде маңызы зор екендігіне көз жеткізді: Аталы сөзге тоқтаған, үлкеннің алдын кеспеген әдептілік пен мәдениетті бала кезден бойына сіңіре білген халқымыздың баға жетпес байлығы салт-дәстүрі, әдеп-ғұрпы бар. Өз халқының мәдениетін дамытып, қоғамға белсенді, білімді, тәрбиелі, адамгершілігі мен рухы мықты «Адам»- деген атқа ие болатын әдеп пен ізгілік жолын ертеңгі ұрпақтың бойына дарыту баршамыздың міндетіміз.

Тәрбие, әдеп отбасында сәби шырылдап дүние есігін ашқаннан бастап, үлкендер мен ұстаз – тәрбиешілер үлгі көрсетіп отыру жолымен үздіксіз жалғастырылуы тиіс.Әділқазылар жеңімпаздарды анықтап, арнайы номинациялар бойынша марапаттады.Бұл сайыс мұғалімдер, ата – аналар арасында рухани құндылықтарды насихаттауға, ұлттық тәрбиені жаңғыртуға және ұжымдық ауызбіршілікті арттыруға ықпал етеді.



Есенаманова Гүлайым Бақытжанқызы

Маңғыстау облысы

«Жаңаөзен арнайы мектебі» КММ



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 наурыз
214
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі