400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ырыс алды - ынтымық

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге көмегі болады. Тәжірибе алу мақсатында мұғалімдер әдіс-тәсілдерімен таныстыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ырыс алды-ынтымақ

Мақсаты:балаларға мемлекеттік тілдің маңызын,қасиетін ұғындыру;тілді үйренуге деген қызығушылығын арттыру;патриоттық тәрбие беру,ойлау қабілетін дамыту,қазақ тілін құрметтеуге баулу.

Әдісі:сыни тұрғысынан ойлау,топтастыру жұмысы,ой бөлу.

Көрнекілігі:нақыл сөздер.

Барысы.

«Шаттық шеңбері»

Балалар қазақ,орыс,ағылшын тілінде амандасады:Сәлеметсіздер ме!Здравствуйте!Good morning!

Кітапханашы:Мемлекет басшысы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан!»атты Қазақстан халқына жолдауында «Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс.Бұлар:қазақ тілі-мемлекеттік тіл,орыс тілі-ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі-жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» деген болатын.Қазіргі таңда өркениетті ел ретінде көптеген шетелмен қарым-қатынасымыз күннен-күнге нығайып,беделіміз артып келеді.Бұл тіл оқытуды жақсартуды,оны терең меңгеруді талап етеді.Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл қазақ тілін білу-әрбір азаматтың міндеті.Тіл-ұлт ерекшеліктерінің бірі.Тіл-халықтың жаны,сәні,тұтастай кескін-келбеті,болмысы.Қазақстан-көп ұлт өкілдері тұратын мемлекет.Мұндай мемлекет үшін мемлекеттік тіл өте қажет.

І бөлім

1-оқушы:

Осы біздің жанұяда

Қазақ,орыс,ағылшын

Тілдері жайында

Сабағымызды бастаймыз.

Жас достарым,

Мұны жақсы ұғайық!

Қазақ,орыс,ағылшын тілдері

Құрметтеуге лайық!

Дүниедегі сұлулықтың бәрін де,

Мүмкін емес қызыл тілсіз түсіну.

Көп тіл білу өте қажет бүгінде!

2-оқушы:

Языки народов мира

В школе изучаем.

Язык дружбы,язык мира

И истории язык.

Будущее Казахстана-

Мир,согласие,дружба.

3-оқушы:

London Bridge is falling down,

Falling down, Falling down.

London Bridge is Falling down,

My fair Lady.

4-оқушы:

Тарихы бар дастанымдай ерліктің,

Дәстүрі бар үлгісіндей елдіктің.

Қазақстан-алтын бесік Отаным,

Ұлы ордасы татулық пен теңдіктің.

5-оқушы:

О Казахстан!О Родина моя!

Смотрю на степи и не вижу им конца.

Любуюсь я красотами природы,

И нет на Родине моей плохой погоды.

6-оқушы:

Build it up with, bricks so sure

Bricks so sure, Bricks so sure

Build it up with bricks so sure

My fair Lady.

7-оқушы:

Біздің Қазақстанда

Жүзден астам тілдер бар.

Мәртебелі,маңызды

Қазақ тілін танып ал!

8-оқушы:

На просторах Казахстана

Много разных народов живет.

Все народы,как братья,равны,

Всем народом-любовь и почет.

Мир-солнышке и детям,

Мир-природе,мир-весне!

Мир-былинке,мир-планете!

Мир-всем людям на земле!

9-оқушы:

Wood and clay will wash away

Wash away was Wash away

Wood and clay will wash away

My fair Lady.

Хормен:

Біз-тәуелсіз Қазақстан болашағымыз.

Ел ертеңі-біздің қолымызда.

Кітапханашы:

Бойларында от бар екен,байқадым,

Жүректерде шоқ бар екен,байқадым.

Әрқашан да осы шоқты өшірмей,

Жалындатып шарықтаңдар әрдайым!

ІІ бөлім

Балаларды екі топқа бөлеміз.

І топ: «Бәйтерек»,ІІ топ «Жұлдыздар».

«Жеті жұрттың тілін біл»сайысы

Мақал-мәтелдің жауабын үш тілде айту:қазақша,орысша,ағылшынша.

1.Адам басшысы-...(ақыл,ум,intelligence)

2.Ана сүті бой өсіреді,...ой өсіреді(ана тілі,родной язык,language)

3.Піл көтермегенді...көтереді(тіл,язык, language)

4....сүйектен өтеді,таяқ еттен өтеді(сөз,слово,word)

ІІІ бөлім

Сөздік қорды дамыту

«Қазақстандықтар»сөзінен қанша сөз құрай алады?

(Қазақ,ас,тақ,тас,тандыр,қазы,тары,арық,ар,ата,қаз,ара,нар,атан,тана,асық,ық,ыс,Қазақстан,тарақ,сандық,сан,қатар,қақ,ат,қасық,ана,зат,атыз,сатқын т.б)

ІV бөлім

Адасқан әріптерді дұрыс қойып,бір сөз шығару (Әр топқа үш сөзден)

І топ

А.І.А.Т.Н.І.Л.Н (Ана тілін)

І.Б.У.Л.(білу)

М.З.П.Ы.Р.Ы.А.(парызым)

ІІ топ

Ө.К.Н.Р.И.Е.К.Е.Т.І.М.Н.(көркейтемін)

І.Т.Л.(тіл)

А.Б.Й.Ы.Л.Ы.Ғ.Н.(байлығын)

Көрініс: «Сөз қадірі»

Қатысатындар:автор,әкесі,баласы,қария.

Автор:Өте ерте заманда бір қадірлі шешен кісі дүниеден көз жұмарында баласына:

-Балам,мен көп ұзамай дүниеден өтемін. «Әкем қазына қалдырмады»деп өкпелеме.Ел ішінде қалдырып бара жатқан асыл мұрам бар.Соны іздеп тап,қадірле,қастерле,-дейді.

Мұны естіген бала әке мұрасын іздеймін деп табанынан таусылады,таба алмайды.Ойы сан саққа кеткен бала бір күні ел ішіндегі абзал қарияға келді.

Бала:Ата,әкем маған қандай қазына қалдырды?Мен іздеп таба алмадым.Мүмкін сіз білетін шығарсыз,айтыңызшы!

Қария:Әкеңнің сөзі рас,балам.Оның саған қалдырған мұрасы-тіл.Ол шешен адам еді ғой.Бәріміз сөйлеуді сенің әкеңнен үйрендік.Тілден қымбат қазына,байлық жоқ.

Автор:Осылай деп аталы сөздің шешуін айтыпты.

«Бабалардан қалған асыл сөз»

Қатысатындар:қария,бала.

Қария:Адамға ақыл беретін кімдер?

Бала:Ана тілі ғой ақыл беретін.

Қария:Жоқ,балам,ана тілі ойды өсіреді.Адамға ақыл беретін ата-ана,ұстаз,досы екенін ұмытпа.Ата-ана ақылын баласы мен қызына айтады,ұстаз шәкіртіне айтады.Жақсы ақыл адамды тез есейтеді.Адамға ақыл беретін-адал дос.Адал дос-ақылшың,ақылшы дос-жақының.Досы көптің табысы көп,табысы көптің жақыны көп.Достықтың көзі ақылдан басталады...

Қария:Жоқ,балам,тіл-ақылдың айнасы, ақыл-істің пайдасы.Есіңде болсын:ханның ақылы тағында,әкімнің ақылы жанында,ғалымның ақылы басында,ананың ақылы жасында,жігіттің ақылы жақсылығында,ақымақтың ақылы кім көрінгеннің қасында.

Кітапханашы:Иә,тіл қай ұлтта болса да қастерлі,құдіретті.Ол әрбір адамның бойына ана сүтімен бірге еніп қалыптасады.Тіл байлығы-әр елдің мақтанышы.

10-оқушы:Біз ел бірлігі жолында әрқашан намысын бермеген халықтың ұлымыз!

11-оқушы:Біз ежелден ер деген даңқы шыққан халықпыз!

12-оқушы:Біз кең байтақ жерінде бірлігі жарасқан алуан ұлт-ұлыстан тұратын біртұтас халықпыз!

13-оқушы:Біз атадан мұраға қалған қасиетті тілімізді қадірлей білетін ұрпақпыз!

14-оқушы:Ана тілі-біздің ар-ождан,адамгершілігіміздің айнасы!

15-оқушы:Адам ана тілімен асқақ!

Хормен:

Қазастан-біздің болашағымыз!

Қазақстан-соғып тұрған жүрегіміз

Ән: «Әрқашан күн сөнбесін!»

Қорытындылау:

Қазіргі заман-білімдінің заманы.Елімізде жастарға білім алу үшін көп жағдай жасалып отыр.Сондықтан оқы,білім ал,еліңе адал қызмет ет. «Асулардан асады жастар әлі,Зор болашақ бүгіннен басталады».

Бүгінгі сабағымыз осымен аяқталады.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
4 наурыз
1810
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі