жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Утепова Сауле Тукеновна
Тақырыбы: «Бастауышым-Балбұлағым»
Сабақтың мақсаттары: Білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сезіндіру. Білімге деген құштарлығын арттыру, оқуға, білімді болуға шақыру. Мектепті яғни, білім ордасын, ұстаздарын құрметтеп, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу. Ата-анасының, Отанының адал ұл-қызы болуға жетелеу, тәрбиелеу. Ақыл, ой өрісін дамыту. Бастауыш сыныбымен, білімнің алғаш есігін ашқан ұстаздарымен қоштастыра отырып, жоғарғы сынып мұғалімдеріне әр баланы өз ерекшелігімен таныта отырып, сәт сапар тілеп табыстау.
Көрнекілігі: жазылған сөздер:
«Бастауышым- балбұлағым» - тақырып.
«Білім кілті – бастауышта» - слайд тақырыбы.
«Қына тасқа бітеді,
Білім басқа бітеді.»
«Оқусыз – білім жоқ,
Білімсіз – күнің жоқ»
«Оқу- білім бұлағы,
Білім- өмір шырағы.»
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Құрметті ата- аналар, ұстаздар, оқушылар!
Сіздер «Бастауышым – балбұлағым» атты бастауышпен қоштасу тойына жиналып отырсыздар. Қадамдарыңыз құтты болсын! Алдарыңызда тұрған балалар осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп-кішкентай балдырғандар еді. Енді, міне, бойлары да, ойлары да өсіп, бастауыш сыныпта білім алып, аяқтап, жоғарғы сыныпқа өткелі отыр. «Талаптарына нұр жаусын» деп ертеңгіліктерін ашуға рұқсат етіңіздер.
Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да,
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,
4-ші сыныпты ортамызға.
1-бастаушы: Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар! Білім іздеп инемен құдық қазғандар. Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан. Өмір деген үлкен жолда тарландар. Бүгін міне, қоштасады бастауышпен балбұлақ әніменен жырына тарландарым сал құлақ. Кеше сәби, бүгін міне, жас ұлан. Лаулап жансын болашағың шамшырақ.
2- бастаушы:
Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар.
Алдарыңызда жауқазындай құлпырған
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
Қош келіпсіз,өр тұлғалы әкелер,
Қыран құстай болашағын мәпелер.
Бүгін міне, бастауышпен қоштасады
Азамат боп, кешегі сәби-еркелер.
Бастаушылар қосыла Қош келіпсіздер,құрметті қонақтар!
Хормен: Мектеп – кеме, Білім-теңіз,
Барар жолға тез жетеміз.
Адаспаймыз ұлы жолда
Ұстаз берген білім қолда.
1-бастаушы: Шашу, шашу, шашайық,
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке, бұл тойдың
Бастаңғысын жасайық.
(шашу шашылады)
1-оқушы: Жанель
Есімде ұстаздың алғаш қарсы алғаны
Айқара есік ашып тастағаны
Бір мереке думан боп осы маңда
Жетелеп бір сыныпқа алып барғаны.
Енді міне, сағымдай боп өте шықты
4 жыл уақыт аз ба екен, кім біліпті,
Ұстаз ана жасады мына бізден
Ел таңғалар азамат бір-бір мықты.
2-оқушы: Камал
Үйретіп бізге алғаш әліппені,
Ұстазым ғылымға жол салып берді.
Адамның ой-арманы мақсаттары,
Оқудың сәулесімен жарық көрді.
3-оқушы: Мадияр
Өмірге жол бір өзіңнен бастадым,
Алфавитті алғаш сенен жаттадым.
Ұстаз- ана естен кетпес мәңгілік,
Мейіріммен жаурынымнан қаққаның.
4-оқушы: Алтыным
Жүзің жылы, құшағың кең
Сенен түлеп ұшамын мен.
Өзің берген біліміңмен
Биіктерге шығамын мен.
5-оқушы: Бекзат
Ақылшы асыл ұстазым
Өзіңе мен де ұқсармын.
Жеткенше қайрат күш-әлім
Биікке самғап ұшармын.
2-бастаушы: «Ұстаз!» Осы бір сөздің өзінде қаншама мән мағына, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. «Жақсы мұғалім – мектептің жүрегі» - деген Ы.Алтынсарин атамыз. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі, небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де бірі бір адамға қарыздар. Ол – ұстаз! Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп оны адамзат атандырудың өзі бір үлкен күш, сондықтан да ұстаздың еңбегі – ұлы еңбек.
6- оқушы: Самат
Оқындар ұл-қыздар деп,
Күлімдеген, ұстаздар.
Ән арнадық, арнайы,
Тағзым ете, ұстазға!
Ән (хормен) «Ұстазым».
7-оқушы: Рахат
Байсалды мінезіңнен бір қалыпты,
Менің де көкейімде із қалыпты.
Ұстаттың қағаз, қалам қолыма өзің
Ерінбей үйреттің де әр әріпті .
Қоссаңдар бірді екіге үш болады-
Деуші едің,-біліммен күш толады.
Алғыр бол, әдепті бол, сабырлы бол
Ақылмен іс істесең іс болады.
Беруші еді бізге айтып өлең, тақпақ
Таласып алушы едік біздер жаттап
Өзіңіз баға қойған күнделікті
Жоғалтпай өмір бойы жүрем сақтап.
1-сыныпта жазған дәптерлерінді сақтап қойған болатынмын, соны өздеріне ұсынуға рұқсат етіңіздер. 1-сыныпта жазуларын қандай болғанын көріп, тамашалаңдар.
8- оқушы: Өтеген
Дайындық топта оқытқан
Есімі бізге қымбатты
Ұмытпаймыз Әсия апайдың
Тал бойын әсем, сымбатты.
Дайындық топта оқытқан Әсия Шабданқызына сөз берейік.
9- оқушы: Алуа
Әлі есімде мектепке алғаш барғаным
Өз қолыммен «Әліппені» алғаным.
Санай ашып «Әліппенің» парағын
Әріптерге үнсіз ұзақ қарадым.
Мектеп, мектеп – ашық жарқын көңілім
Мектеп, мектеп – шаттық толы өмірім
Мектеп, мектеп, әнім болып төгілдің,
Мектеп, мектеп, жан анам боп көріндің.
11- оқушы: Томирис
Білімнің қайнар бұлағы,
Өнердің жарық шырағы.
Тұрағы өзің, мектебім.
Шәкірттің асыл қырағы.
12- оқушы: Аслан
Мектебім – мәңгі бапкерім,
Қарызбыз саған бәріміз.
Өзіңе деген парызды,
Ақтаймыз талай әлі біз.
13- оқушы: Дархан
Бастаушым-балбұлағым,
Алдым сенен балдың дәмін.
Әріп танып, білім алып,
Рахметімді жаудырам.
Бастауышым – балқұрағым,
Лаулап жансын шам-шырағың.
Өзің берген біліміңмен
Самғап ұшты тау қыраным.
Өтті сенде қызық шағым,
Бастауышым – балбұлағым.
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймын.
Ән: «Мектебім»
1) Тамашадан үзінді: «Қазіргі алфавит»
2) Тамашадан үзінді: «Әжесі мен немересі»
3) Өтегеннің орындауында ....................
1-бастаушы:
Жамандықтан сақтандырған,
Жақсы істі мақтан қылған.
Білім берген ұстаздарды,
Билерімен шаттандырған.
4) Би: «Қыздардың биі»
5) Тамашадан үзінді: «Танысу»
6) Күй тарту
7) Ұлдардың «Каратэ көрсетуі»
2-бастаушы:
Өнерлі өрге жүзер талаптанып,
Қыран биік самғайды қанат қағып.
Адам үшін парызымыз ғой өнер іздеу,
Жүрген соң адам деген атақты алып.
Оқушыларға өз портфолиоларын ұсынамын, мұны жоғалтпай 5 – ші сыныпқа дейін сақтандар.
Ән: «Армандастар»
«Білім кілті – бастауышта» атты- слайдқа назар аударсақ.
Ата – аналарға сөз.
1-бастаушы:
Қағылды міне әуенге бөлеп,
Қағылды соңғы қоңырау.
Қалайша төрт жыл тез өтіп кеткен,
Шындық па осы япыр-ау!
Соңғы қоңырау соғылады.
Қорытынды: Осымен ертеңгілігіміз аяқталды. Келгендеріңізге көптен көп рақмет. Қош сау болыңдар!
Бастауышпен қоштасу мерекесі
Тақырыбы: Қош бастауыш мектебім.
Мақсаты:
Білім негізі,іргетасы-бастауыштан қаланатынына ерекше мән беру.алған білімдері мен жетістіктерін іс жүзінде көрсете білу.
Отансүйгіштікке баулу,жағымды мінез-құлық мәдениетіне білімді,саналы ұрпақ болып өсуге жетелеп,бағыт-бағдар беру.
Бағыты:
Мұғалімнің құттықтауы.
Слайд.
Оқушылар концерттік бағдарламасы.
1) тақпақтар
2) хор:Сәлем саған мектебім.
Ұстазым менің.
Қайырымдылық жолында
Үш бақытым.
Ағылшын әні.
Қош бол,бастауыш.
3) жеке орындаулар:
ән.Аяулы ана.
би.папури:орыс биі,грузин биі,қазақ биі,
өзбек биі.
ән.Арнау.қыздар квартеті.
ән.Бала тілегі.
КВН.
ән.Вополе береза стояла
ән.Ұстазым
би:Қаражорға.
4.ата-аналармен ұстаздар құттықтаулары.
Алғы сөз.сынып жетекші:Гүлбану Маратқызы
Бұл оқу-тамақ болар қарны ашқанда,
Жол табар қараңғыда адасқанда.
Мал озбас,біле білсең білім озар.
Ақыры керек болар бір сасқанда.-деп Міржақып ақын
айтпақшы,тарыдай болып кіріп,ақыл-ойлары толысып,оң мен солдарын танып,жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттерімнің ұйымдастыруымен өткізгелі отырған «Қош бол,бастауыш мектебім»кешін бастауға рұқсат етіңіздер.Қош келіпсіздер,құрметті ата-аналар,қымбатты әріптестер,оқушылар!
Бүгінгі күн-осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол,осыдан 4жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз оқып-біліп,қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.осы қуанышты да қайталанбас күндеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Шәкірттеріме тілерім:Егеменді еліміздің көк байрағын биіктен желбіретер ақылды,білімді,ел билейтін ұлы,көркейтетін қызы болыңдар дегім келеді.
Ата-аналар!Балаларыңыздың бастауыш білім басқышынан жоғары сыныпқа өткені құтты болсын.Балалар бәрімізге қуаныш,бақыт әкелсін! Құттықтау сөз кезегін оқушыларыма беремін.
1- жүргізуші:
Армысыздар құрметті:ұстаздар,ата-аналар.
Бастауышпен қоштасу, дәстүрлі мерекемізге қош келдіңіздер!
2- жүргізуші:
Бесіктегі баланың,
Күлгенін көрген бір мұрат.
Алдына түсіп ананың,
Жүргенін көрген бір мұрат-дегендей,мұны көру де бір бақыт деп ойлаймын.Сіздердің алдарыңызда тұрған мына біздер,4-ші сынып оқушылары осыдан төрт жыл бұрын 6 жасар бала болсақ,бүгін міне,ес біліп,етек жиған шәкіртпіз.
1- жүргізуші:
Бұл күнге жәйдан-жай жете салмағанымызды ескерсек,бүгінгі күні сіздердің алдарыңызда рахаттана еске алатын сәттеріміз де аз емес.Бір сәт елестетер болсақ…….
(слайд көрсетіледі.)
2- жүргізуші:
Алғаш мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап,әліппемен қоштасу,дәстүрлі наурыз тойлары,аналар мерекесіне арналған ән шашулар,жаңа-жыл мерекесі,түрлі сайыстар,әдеби кештер,ашық сабақтар мен тәрбие сағаттары біздің есімізде мәңгі сақталары сөзсіз.
1- жүргізуші:Құрметті ұстаздар мен ата-аналар,
Кез келді сіздерден ақ бата алар.
Ұл-қыздарың көрсетпекші өнерін,
Бар қауым тамсана таңдай қағар.
(музыка әуеніне ілесіп ұл-қыздар ортаға шығады.)
Ұлдар:Ассалаумағалейкум,ағайындар!
Қыздар:Армысыздар,аяулы ұстаздар,ақ жаулықты аналар,ардақты әкелер!
Барлығы:Қош келіпсіздер,құрметті қонақтар!
1- оқушы:
Бала шаққа болшақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар,ұстаздарым қымбатты!
2- оқушы:
Армысыздар аталар мен аналар,
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой Фарабидей бабалар.
3- оқушы:
Армысыздар,өр тұлғалы әкелер,
Қыран құстай балапанын мәпелер.
Бүгін міне бастауышпен қоштасады,
Азамат болып кешегі сәби еркелер.
4- оқушы:
Армысың сен, алтын ұям мектебім,
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мектебіме арналады бұл әнім.
2- жүргізуші:
Алтын ұя мектептен атамыз да, әжеміз де, әкемізде, анамыз да тәлім алған.
Келесі кезекте шырқалар «Сәлем саған мектебім» әнін мектебімізге арнаймыз.
5- оқушы:
Есімде алғаш ұстаздың қарсы алғаны,
Айқара есік ашып тастағаны.
Бір мереке думан болып осы маңда,
Жетелеп бір сыныпқа ап барғаны.
Енді міне, сағымдай өте шықты,
Төрт жыл уақыт аз ба екен, кім біліпті.
Ұстаз ана жасады мына бізден,
Ел танымас азамат бір-бір мықты.
6- оқушы:
Маған ұстаз үйретті,
Әліппесін өмірдің.
Жан жүйемді билетті,
Күйі шалқып көңілдің.
Қиялымды кездірді,
Таптың ойдың тұрағын.
Маған ұстаз сездірді,
Алдағы өмір шырағын.
7- оқушы:
Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Алтын ұя, ақ босаға киелі.
Қанат қаққан білім алып өзіңнен,
Күллі шәкірт басын саған иеді.
1- жүргізуші:
Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей оқуға, жазуға үйреткен бастауыш сынып мұғалімдеріне арнап «Ұстазым менің» әні шырқалады. Қабыл алыңыздар.
8- оқушы:
Ойланып есеп шығартып,
Төрт таңбаны білдірген.
Ғылымдардың патшасы,
Математика данасы.
Жер байлығы көп екен,
Меңгеруді қалайды.
Осының бәрін білдірген,
Дүние тану сабағы.
9- оқушы:
Адамдыққа үйреткен,
Жамандықтан жиренткен.
Тілімізді ширатқан,
Ана тілі сабағы.
10- оқушы:
Тез үйрендік әділ менен адалдықты,
Жирендік, ажыраттық жамандықты.
Жалғастырар ақ жолын сенің балғын,
Бар деп ұққан әрқашан балаң мықты.
11- оқушы:
Мектеп-үйім, ұстаздарым-ата-анам,
Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.
Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек,
Тамырланып сан тарапқа тараған.
12- оқушы:
Өз аузына қаратқан, ұстаз ойын ұғамыз,
Сүйтіп әрбір сабақтан, сәл есейіп шығамыз.
Көкке жетіп төбеміз, жеңілденіп тарқаймыз,
Талаптанып келеміз, қанаттанып қайтамыз.
13- оқушы:
Ана тілімен табалдырықты аттадық,
Орыс тілін қосып бірге жаттадық.
Жанна апай мен Ақнұр апай арқасында,
Орысша еркін сөйлей бастадық
2-жүргізуші:анаң тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.-дегендей келесі орындалар тамаша тақтпағымыз орыс тілі,ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналады.
Тақпақ:Аружан, Айболат,Алишер
14-оқушы:
Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді,
Бар асылын бізге жиып мол береді.
Қанатымен су себелеп асыл жан,
Баласындай шын жүрекпен тең көрді.
Өмірге жол бір өзіңнен бастадым,
«А» әріпін сенен алғаш жаттадым.
Ұстаздарым естен кетпес мәңгілік,
Мейіріммен жылы шуақ шашқаның.
15- оқушы:
Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға – деп Абай атамыз айтқандай, ұстазымыз
білімділікке, әдемілілікке, әдептілілікке, адалдыққа,
әділдікке жалпы көп нәрсеге баулыды. Сондықтан да,
ұстазымызға мың алғыс.
16- оқушы:
Балғын шақта келіп едім,
Бал қызыққа еніп едім.
Тағдырымның билігін де,
Сеніп сізге беріп едім.
Жүзің жылы, құшағың кең,
Сенен түлеп ұшамын мен.
Өзің берген біліміңмен,
Биіктерге шығамын мен.
1-жүргізуші:Келесі шырқалар әніміз Отанымызға,туған жерімізге арналады. ән:Үш бақытым.
17-оқушы:
Әкешім ұғып жанымды,
Ойладың әркез қамымды.
Тілегімді тілеумен,
Атқыздың талай таңыңды
18-оқушы:
Әжетайым тірегім,
Кеудемде соққан жүрегім,
Шаттансам шығып қияға,
Қиналсам сенде жүдедің.
Өзің деп білем күн көктем,
Қызметін де көрсеткен,
Бар жылылық бойыңда,
Ұлы едің әже сен неткен.
19-оқушы:
Аман болшы қашанда ана жаным,
Анашым ыстық маған алақаның.
Жан сүйсінтер жүректі елжіретіп,
Ұлым деп еркелете қарағаның.
Аналарымызға арнап «Қайырымдылық жолында» әнін тарту етеміз.
20-оқушы:
Ақылшы асыл ұстазым,
Өзіңе мен де ұқсармын,
Жеткенше қайрат күш әлім,
Биікке самғап ұшармын.
21-оқушы:
Толқып қорқып төрт жыл бұрын,
Мектепке біз келгенбіз.
Қоңырауды алғаш естіп,
Сыныпқа біз енгенбіз.
Бірінші сыныптың мұғалімі,
Анар апайды көргенбіз.
Жақсы оқып тәрбиелі,
Болуға серт бергенбіз.
22-оқушы:
Әр отбасы еркесінің бабын таба білдіңіз,
Ұстаздықтың қиын жолын көтеріп сіз жүрдіңіз.
Біз кішкентай болсақ та,сізге үмітпен қарадық,
Басқа ұстаздар алдында енді,оқуға біз жарадық.
23-оқушы:
Болашақтың үлкен жолын сізден сызып бастадық,
Еркеліктің,жалқаулықтың көптүрін біз тастадық,
Жылы сөзбен қарсы алып, бізді баурап алдыңыз,
Үйретем деп түрлі білім біраз шаршап қалдыңыз.
24-оқушы:
Түрлі-түрлі пәндерді де,оқитын болдық ержетіп,
Қателік болса жіберген түзетелік тездетіп,
Мықты болса ұстазың,мінді өзіңнен іздегін,
Игере алмай қиналсаң,біреуден көріп жүрмегін.
Хор:
2-бөлім
1-жүргізуші:
Біз бүгін көзімізді ашып, көкірегімізді оятқан,білім нәрімен сусындатып, білімнің ірге тасын қалаған бастауыш сыныппен қоштасқалы отырмыз.
2-жүргізуші:
Сондай-ақ біздің ыстығымызға күйіп,суығымызға тоңа білген,оңымыз бен солымызды танытқан,жақсыдан үйренуге,жаманнан жиренуге баулыған алғашқы ұстазымызбен қоштасқалы отырмыз.
Келесі өлең шумағы ұстазымыз Гулбану Маратқызына арналады.
Қадыр МырзаӘлидің өлеңі «Мұғалима» мәнерлеп оқитын Дияс
1- жүргізуші:
Мен өнерліге қайран қалам,
Халық десе алаулап жайрандаған.
Сахнаның төрінде тамсандырып,
Ән салады Аружан жайраңдаған.
Бейнелеу, дене шынықтыру пәнінің мұғалімдеріне арнаймыз. Ән «Бала тілегі»
2- жүргізуші:
Өнер – білім, егіз ұғым екендігін таныттық
Бойымызға бар өнерді жиып – теріп дарыттық,
Биін билеп берелік енді, бүгін біздер сіздерге.
Көршілес жатқан туысқан – дос, әр ұлттың. Би: «өзбек» биі
1- жүргізуші:
Өнер десе ішкен асын жерге қояр халықпыз,
Балалықты артқа тастап есейіпте қалыппыз.
Болашақтың кілтін ұстап бір – бір маман боламыз,
Бойымызға жиған – терген білім нәрін алып біз
Деп «жеті лақ пен қасқыр»ертегісінен көрініс тамашалаңыз.
2- жүргізуші:
Өнер бар ма қазақ халқы құр қалған,
Өнер шыңы пәктігімен тұрды алдан.
Бал құрақтай көлге біткен балауса,
Би құдырет мың бұралып ырғалған.
Би.
1- жүргізуші:
Ардақты ана, аяулы ана қымбаттым,
Сәбиіңді әлдилеумен түн қаттың.
Ақ сүтіңмен тал бойыма нәр бердің,
Кең құшағың аясында гүл бақтың.
Ардақты аналар келесі шырқалатын тамаша ән сіздерге арналады. Ән «Әкешім -анашым» орындайтын Ділназ бен Ернур
2-жүргізуші:
Өмірде ата-анаңмен бауыр қымбат,
Тай құлындай бірге өскен достар қымбат.
Сусындатып білім беріп үйреткен,
Ұмытылмас дара тұлға ұстаз қымбат.
ән: «Әгугай домбыра»
Ұстаз сөзі.Мен сендерге сенемін.
ән «Ертегілер елінде» орындайтын Мира, Самал,Азиза
(Барлығы қайтадан сахнаға көтеріледі.)
Бәрі бірге: Балалықпен тәртіп бұзсақ, кешіруді сұраймыз,
Терең білім алуды енді, мақсат етіп шыңдаймыз.
Алтын ұя мектеп даңқын, даралап тағзым етеміз,
Білімді әрі жалғастырып, арманға біз жетеміз.
Хор: ән «Қош бастауыш»
1- жүргізуші:
Өтті сенде қызық шағым,
Бастауышым – балбұлағым.
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғадым.
«Бастауышпен қоштасу» салтанатымыздың рәсіміне орай сөз кезегін мектебіміздің бастауыш сынып меңгерушісі Гүлбану Жеңісқызына береміз.
2- жүргізуші:
Өмір бойы біздің ыстық – суығымызға төзіп, бірге бөліскен, түн ұйқысын төрт бөлген ата – аналарымыздың атынан
сөз береміз.
1- жүргізуші:
5- ші сыныпта да сіздердің көңілдеріңізден шығуға тырысамыз, сабағымызды жақсы оқимыз – деп ант береміз. Сау саламатта болыңыздар.
Кайдакова
Жанат Бекболатовна
«Сымбат»
жеке мектебі
Ақтөбе
қаласы
Тақырыбы:
Бастауышпен қоштасу
Мақсаты:
Білімнің сара жолы мектептен басталатынын,
білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын
сезіндіру. Білімге деген құштарлығын
арттыру. Мектепте, яғни, білім ордасын,
ұстаздарын құрметтеп, еңбекті ағалай
білуге тәрбиелеу. Ата-анасының, Отанының
адал ұл-қызы болуға жетелеу, тәрбиелеу.
Ақылдарын, ой-өрістерін дамыту. Бастауыш
сыныбымен, білім есігін ашқан ұстаздарымен
қоштастыра отырып, жоғары сынып
мұғалімдеріне әр баланы өз ерекшелігімен
таныстыра отырып, сәт сапар тілеп
табыстау.
Мұғалім:
Көрінетін биіктен асқақ іспен
Баулитұғын
білімге жас кішіден.
4
жыл бойы біліммен сусындатқан
Қоштасқалы
күн келді бастауышпен.
Бастауышты
халық та дәріптеген
«Білім
көзі» деген сөз анық деген.
Өйткені
бастауышта балаң шыбық
Ең
алғаш танысады әріппенен.
-
Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері
лүпілдеп, мектеп табалдырығын имене
аттаған ұл-қыздарымыз ойлары толып,
бойлары өсіп, бастауыш сатысымен
қоштасқалы отыр. Олай болса, 4 «А» класының
«Бастауышым – бастамам, Білім жолын
бастаған» атты бастауышпен қоштасу
салтанатына қош келдіңіздер!
Толқимыз,
толқып тұрсыз баршаңыз да,
Мұнда
күй болған сірә қаншаңыз да?
Қол
соғып, қошеметтеп шақырайық,
4
«А» сыныбын ортамызға.
(Оқушылар
ортаға сахнаға шығады)
Мен
үшін бәрің бірдей қарақтарым,
Орындалсын
арман-тілек, талаптарың.
Қабылдап
алғанымда 9 едің,
9-ыңды
жекелеп парақтадым.
Білім
деген қауыздан гүл ашылған
Оған
керек таусылмайтын көп шыдам.
Бар
білімнің, бар ілімнің атасы
Бастау
алар бастауыш сатысынан
Енді
міне, сағымдай боп өте шықты,
4
жыл уақыт аз ба екен, кім біліпті.
Ұстаз
– ана жасады мына бізден,
Ел
таңғалар азамат бір-бір мықты.
Білім
бар білім десең баста піскен
Қолда
оқулық бәрі де тасқа түскен.
4
жыл бойы саялы мекен еткен
Қоштасайық
енді біз бастауышпен.
Бастауыш
бұнда өткен бала шағың,
Соқпай
кетпес бұл жерге қаласа кім?
Еліміздің
әу бастан–ақ дайындауда
Саналы
азаматын, болашағын.
Қағылды
міне, әуенге бөлеп,
Қағылды
соңғы қоңырау.
Қалайша
4жыл тез өтіп кеткен
Шындық
па осы, япыр-ау !
Расында
да, 4 жыл 4 күндей өте шықты ғой. Олай
болса шәкірттердің тілегін қабыл
алыңыздар.
Рабиға
Мұхитқызы анашымдай аялаған,
Нұрланған
шуағымсың саялаған.
Айналдық
мейірімді жүрегіңізден
Шәкірттен
өз бақытын аямаған.
Жаулап
алып бар шәкірттің жүрегін
Жанат
Утепбергенқызы есіміңізді әнге бөлеп
жүреміз
Пейіліңізге
ұқсап тұрып біз сізді
Әлемдегі
әсем гүлге теңедік.
Жүрегі
нұр Динара Уразбайқызының
Сондықтан
да бір өзіңе ұқсадым.
Адам
жанын тәрбиелеп аялар
Құрметтейміз
біз сізді әрдайым.
Байсалды
мінезіңмен бір қалыпты,
Менің
де көкейімде із қалыпты.
Ақөрік
Сағырбайқызы неткен мықты төзімдісің,
Шәкіртім
білім алсын, білсін дейсің.
Ұстаздардың
арқасында шаттандық,
Сөзін
ту ғып болашаққа аттандық.
Мектебімде
ұстазым бар логопед Сәуле Хамитқызы
Барлығымыз
жүретұғын мақтан ғып.
Музыка
атты пәніміз,
Айтылар
онда әніміз.
Жолашар
ағай үйретсе
Шырқатамыз
бәріміз.
Айнагүл
апайды шебер домбырашы дер едім,
Айтыңдаршы
таласады оған кім?
Еленуде
бізге істеген еңбегі,
Айтамыз
алғыс шәкірттері сізге мың.
Орыс
тілі әр кезде керек ертең
Мәриям
апайымыздың көңілі өте көркем.
Ашық
жарқын жанары қашан көрсең
Барлық
жандар осындай болса екен.
Бота
апай нағыз биші ұстазсыз,
Сондықтан
да бір өзіңе ұқсадым
Шаршасаң
да, сездірмей күлімдейсіз,
Шәкіртім
би үйренсін, білсін дейсіз.
Жүрегімді
Гүлжайнар апай берген сабағы,
Өн
бойыма тамырланып тарады.
Ұмытпаймыз
бізге үйреткен ағылшынын
Мәңгі
бақи есімізде қалады.
Райса
Санжовна жан ұстазым,
Сізден
үйрендік әртістік қыр-сырларын.
Саяң
ыстық, сіз мәуелі бәйтерек,
Тамырланып,
сан тарапқа тараған.
Мектебімде
Бекболат ағай мен Руслан ағайлар
бар
Бізді
олар секіртеді, жүгіртеді.
Жаттығудың
неше түрін жасатып,
Әрқашан
денең шымыр болсын дейді.
Жанат
апай
Түзеттіріп
шалалықты,
Есейттіңіз
балалықты.
Ойламайтын
ертеңін
Ойсыз
кейбір еркені
Түзеп
жөнге салдыңыз
Ел
алғысын алдыңыз.
Сабырыңыз
құрыштай
Жөн
айттыңыз ұрыспай.
Түзедіңіз
тентекті
Тұрғызбай-ақ
бұрышқа.
Сізден
ізгі кішілікті,
Үйрендік
біз кісілікті.
Бойлаттыңыз
тереңіне ғылымның
Алғысымыз
сізге біздің шексіз мың!
Алдарыңда
сан тарау жолдары тұр,
Бәрі
біздей азамат болғалы тұр.
Біріншіге
келетін балаларға
Тапсырамын
білімнің мен кілтін.
Болашағы
бейне қызыл қыр гүлі,
Бүлдіршінді
аяласын күн нұры.
Жаңа
табыс жақсы күнге бастасын,
Бүгін
соңғы қоңырау сыңғыры.
Бастауыш
сатының соңғы қоңырауы соғылсын!
Мектеп - кеме, білім теңіз (бастауышпен қоштасу)
Барысы:
Музыка жүріп тұрады. Сыныптың теңізші
ұл - қыздары О. Газмановтың «Я морячка,
ты моряк» әніне бимен шығады.
БИ..
Матростар биімен класс түгел шагайттап
шығады. Жүріп келеді. Ортаға тұрады.
Капитан.
Бәріміз түгелміз бе?
Кәне, тексерейін.
Кім жоқ екен? ( 22 балаға мінез беру арқылы
әрқайсысын атау.)
Суретші Әлкен.
Бар.
Пысық Нұрғанат
Білгіш Елхан
Әнші
Марал
Негізгі бөлім: «Ұстаздарға
мың алғыс».
Ақбаян. «Ұстаз!» Осы бір
сөздің өзінде қаншама мән мағына,
қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан
өтпейтін ешкім жоқ. «Жақсы мұғалім –
мектептің жүрегі» - деген Ы. Алтынсарин
атамыз. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз
білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны
белгілі, небір данышпан адамдар, қарапайым
еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер
де бірі бір адамға қарыздар. Ол – ұстаз!
Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау
мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп оны адамзат
атандырудың өзі бір үлкен күш, сондықтан
да ұстаздың еңбегі – ұлы еңбек.
Олай
болса, бізді үлкен жолға салғалы тұрған
ұстазға алғыс шексіз.
Жадыра: Есімде
ұстаздың алғаш қарсы алғаны
Айқара
есік ашып тастағаны
Бір мереке думан
боп осы маңда
Жетелеп бір сыныпқа
алып барғаны.
Енді міне, сағымдай боп
өте шықты
4 жыл уақыт аз ба екен, кім
біліпті,
Ұстаз ана жасады мына
бізден
Ел таңғалар азамат бір - бір
мықты.
Балтабек: Үйретіп бізге алғаш
әліппені,
Ұстазым ғылымға жол салып
берді.
Адамның ой - арманы
мақсаттары,
Оқудың сәулесімен жарық
көрді
Ақтоты: Өмірге жол бір өзіңнен
бастадым,
Алфавитті алғаш сенен
жаттадым.
Ұстаз - ана естен кетпес
мәңгілік,
Мейіріммен жаурынымнан
қаққаның.
Бақытжан: Әлі есімде мектепке
алғаш барғаным
Өз қолыммен «Әліппені»
алғаным.
Санай ашып «Әліппенің»
парағын
Әріптерге үнсіз ұзақ
қарадым.
ӘН: Ұстазым орындайтын;.
Камила, Ержан
- Біз бүгіннен бастап
небір елді аралай аламыз. Бізге ағылшын,
орыс тілін жақсы білу керек. Әрине, шетел
тілін еркін меңгердік қой. Олай болса,
білімізді көрсетейік.
Орыс тілінде
Бағлан.
Ағылшынша көрініс
Қазақша
попури рақмет айтып аяқтау (мұғалімнің
атын айту)
Бағлан: Ұстаздар сіздерді
айтып мақтанамыз,
Бейнеңіз жүректерде
сақталады.
Біз әлі биіктерден
көрінеміз,
Үміт пен сеніміңіз
ақталады.
Бәрі: Мың алғыс сізге біздей
түлектерден,
Мың алғыс мына отты
жүректерден
Өнерлі өрендер:
Фортепианада
Елхан мен Айымгулдің орындауында
этюд
Мұғалім: 4 сыныпта 4 мұхиттай
күн кештік.
Әр сыныбы 1 мұхиттай
тереңдік.
Терең жүзіп, терең оқып
білім ап
Ой - сананың Маржанына
кенелдік
Олай болса, 1 сыныпта салған
шәкірттер шығармашылығынан «8 наурыз
мерекесі»
Би. Ағылшын биі Нұрай,
Жадыра, Меруерт
Мұғалім: - Білім қуған,
ізденімпаз теңізшілердің бармайтын
жері, баспайтын тауы болмайтын шығар,
сірә. Жер бетін дөңгелене аралап, емін
- еркін жүзіп олар шарлап жүреді.. Ал,
ата - анасы әрқашанда қолдаушы,
тілекші.
Ортаға 6 ата - ана шығады
Слайдта
алтауына алты материк атынан берілген
сұрақ - тапсырмалар беріледі.
Еуразия:
1 тапсырма Білім туралы 10 мақалдар
айтыңыз
Африка: 2 тапсырма - Тірі
табиғат пен өлі табиғат түрлерін
атаңыз
Австралия: 3 тапсырма - 9 дың
квадратынан - (81) 3 тің кубын (27) азайтамын
---- (54)
Солтүстік Америка: 4 тапсырма
- Адам қоныстанбаған материкті атаңыз
(Антарктида)
Оңтүстік Америка: 5
тапсырма - Бейнеу гимназиясына биыл
неше жыл (15)
Антарктида: 6 тапсырма -
Балаңыз қай пәнді сүйіп оқиды?
Рамазан:
Өнер десе ішкен асын жерге қояр
халықпыз,
Балалықты артқа тастап
есейіп те қалыппыз.
Болашақтың кілтін
ұстап бір – бір маман боламыз,
Бойымызға
жиған – терген білім нәрін алып
біз
Көрініс. 4 «А» сынып шәкірттері
2030 жылында
Автор: Ұлт болашағын
ойлаған ұлы ұстаз ертеңгі ұрпақ үшін
өз ойын ортаға салмақшы боп қала әкіміне
келеді. Бейнеу қаласының әкімі болып
бір жас жігіт отырады. Сөйтсе, бұл баяғы
өзінің шәкірті ----------------екен.
Ұстаз(Гүлназ
апай): Айналайын амансың ба? Менің
келгендегі шаруам ертеңгі ұрпақ болашағы.
Алған білімдерін ортаға салып неге
жастар осы шетелде жүр. Небір - небір
жақсы оқушыларымыз мектеп бітіріп басқа
қалада қалып жатыр. Соларға ұсыныс
жасап, түсіндіріп өзіміздің туған
жеріміз Бейнеуімізді көркейтуге
өзіміздің қалаға келуге қолқа салсақ
қайтеді. Мен бір өзім оқытқан шәкірттерді
айтайын. Сен солармен келісіп, кездесіп
сөйлессең қайтеді?
- Мәссаған апай,
Саламатсыз ба? Қалайсыз? Мен танымай
қалдыңыз ба? Мен Боранбаев Бақытжанмын
ғой. Мен кеше ғана қалаға келгенмін.
Уайымдамаңыз. Бәрі жақсы болады Білесіз
бе, сіздің айтқаныңыз болады. Баяғы
өзімізбен оқыған Дүзелбаев Рамазан
білесіз ғой. Сол Денсаулық министрі
болып тағайындалып жатыр..
- А, солай
ма?
- Ия. Рамазанова Нұрай бар ғой,
балабақша мен мектепті көркейтпекші.
Білім бөлімінің бастығы.
Еламан болса
Нар банктың директоры болып жатыр.
Жадыраны білесіз ғой, өнер мектебінің
директоры. Біздің Елхан ғалым атағын
жеңіп алған. Ғылыммен айналысып жүр..
Ал Балтабек болса Астанада президенттікке
үміткер. Апай саспаңыз, біздің сыныптың
бәрі де құр емес. Қалғандары кәсіпкер...
Апай сіздің арқаңызда мықты маман
болдық. Біз Отанға ғана қызмет етеміз.
-
Ой бәрекелді. Тамаша. Қуанып қалдым ғой.
Жақсы болды ғой.
- Әкімнің жұмыс көп
қой, Уақытыңды алмайын. Ал Рақмет. Сау
бол, балам.
Автор: Білім теңізінде
еркін жүзіп мектеп кемесімен болашақты
шарлаған шәкірттері Бүгінгі таңда бір
- бір мықты маман болған. Қазақ елінің
байрағын Әлемге танытқан ертеңгі
жасампаз жастары тек капитан боп алда
ғана жүзуде. Сәт сапар. Жас Ұлан!
Хор:
Атамекен.
Би. «Қосалқа» Жадыра,
Нұрай
Слайдта: Осы оқу жылындағы
оқушы жетістіктері жүріп жатады..
Аяжан::
Балалықпен тәртіп бұзсақ, кешіруді
сұраймыз,
Терең білім алуды енді,
мақсат етіп шыңдаймыз.
Алтын ұя мектеп
даңқын, даралап тағзым етеміз,
Білімді
әрі жалғастырып, арманға біз жетеміз.
Әлкен:
- Өтті сенде қызық шағым,
Бастауышым
– балбұлағым.
Қоштасар күн жетті
міне,
Қимастықпен қол бұлғадым.
Нұрғанат:-
Өзіңсің балауса көктемім,
Мен сенен
нәр алдым, көктедім.
Өмірде алғашқы
өткелім,
Хор: Рахмет саған, бастауыш
мектебім.
Қорытынды.
Марапаттау
Құрметті
шәкірттер! 4 жыл бойы білім нәрімен
сусындап негізгі білімді Бейнеу
гимназиясынан алдыңыздар. Сол 4 жыл бойы
алған білім нәтижесін көрсетер кезде
келіп жетті.. Біз өз сыныбымызда оқу
жылы басынан айтылғандай тек 5 - тік баға
жинауға келістік. Яғни апта бойынша
-
кемі 6 «5» жинаған оқушы жасыл түсті
марапаттау,
- ал 9 «5» жинаған оқушы
қызыл түсті марапаттау
- ал 13 «5»
жинаған оқушы сары алтын түстес марапаттау
жинау тиіс.
Жыл соңында келіскендей,
әр түстің қайсысын кім көп жинады екен?
Санаймыз..
Сайыс өз мәресіне жетті 1
орын___________
2 орын___________
3
орын___________ие болды.
Бұл оқушылар
күннен - күнге ынталанып. оқуға көп күш
салды.
. Рақмет сіздерге. Құттықтаймыз!
Ал,
мектеп өміріне етене араласып, әрқашан
да белсенділік танытқан ата - аналарымыз
бар. Қоғамдық шаралар да көрініп «Қамқор
ата - ана» - атағын жеңіп алған: Ақбаянның
әжесі -,
- Бақытжанның мамасы,
Жадыраның
мамасы —
Елханның анасы,
Нұрайдың
анасы
Бағланның анасы,
Ақтотының
анасы,-
Үнемі баласының жағдайына
хабардар боп жүрген, сабағын жіті
қадағалап өзі де 4 «А» сыныбының
оқушысындай боп кеткен ата - аналарымыз
бар. Олардың да еңбегі зор. Баласының
біліміне алаңдап. үнемі қолдау көрсетіп
отырады.
Әсіресе қазіргі қарқынды
заманда осындай ата - аналар өте қажет
- ақ
Бүгінгі озық заман талабына сай
болып «Үлгілі ата - ана» атағын
алған:
Аяжанның анасы,
--------------
Балтабектің анасы
-------------
Маралдың анасы
--------------
Аружанның анасы,------------
марапатталады.
Ұстаз сөзі -:
Қымбатты шәкірттерім, теңіздей терең
білім ап болашаққа бет алған желкенді
қайықтарыңыз ешқашан да тоқтамасын.
Асау толқынды Өмірдің небір қиындықтарын
жеңе біліп, ұстаз берген білім мен
тәрбиені қару етіп талмай жүзе
берулеріңізге шын жүректен
тілектеспін.
Шәкірттердің естелік
суреттерін табыстайын. Қабыл алыңыздар
(Сурет тапсыру)
Сәт сапар, шәкірттер!
Жолдарыңыз болсын!
1
- жүргізуші:
Оқу
елге керек пе
Керексіз
бе?
Болды
дау....
Сар
сап әлемге
Соғылды
бір қоңырау.
Ол
Ыбырай атаның
Қоңырауы
болатын
Жарық
етті әлемді,
Қараңғы
еді дала тым
Жырын
жаттап жатамыз.
Жалықпастан
қыс - жазы.
Ұлы
Ыбырай атамыз –
Ұстаздардың
ұстазы.
Ұран
тастар көп елге,
Кел
балалар оқылық!
Деген
көріп көңілге
«Ықыласпен
тоқылық!»
2
- жүргізуші:
Азамат
жүрегін дір еткізер осы бір мектеп
өміріндегі алғашқы күннен бастап, сол
ұядағы әрбір қызықты, жылылыққа толы
нұрлы бала өміріміздің балғын шағын
айқындайтын қоштасар сәт те келіп
жетті.
1
- жүргізуші:
Армысыздар,
ағайын!
Армысыздар
мұғалімдер, аяулы жандар, білім іздеп
инемен құдық қазғандар, құшақ жая қарсы
аламыз сіздерді. Өлең оқып, би билеп, ән
де бүгін айтылар.
2
- жүргізуші:
Армысыздар,
аяулы ұстаздар мен ақ жаулықты аналар,
ардақты әкелер!
Хош
келіпсіз ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен
мейірім мен нұр тамар.
Алдарыңда
жауқазындай құлпырған
Біз
алаңсыз балғын шақты балалар.
1
- жүргізуші:
Біз
бүгін бойымызға білімнің жарық сәулесін
сыйлаған, көп нәрсені үйреткен ұстазымызбен
қоштасқалы отырмыз.
2
- жүргізуші:
«Ақырын
жүріп, анық бас,
Еңбегің
кетпес далаға.
Ұстаздық
еткен жалықпас
Үйретуден
балаға», - деп Абай атамыз айтқандай,
ұстазымыз білім нәрімен сусындатып,
көп нәрсені үйретті. Сондықтан Толқын,
Эльмира ұстаздарымызға
Хормен:
«Мың алғыс!»
1
- оқушы:
Мұғалім,
ғазиз мұғалім,
Төгілген
арай, шуағым.
Арманым
қонса қолыма
Арқаң
деп сенің ұғамын.
2
- оқушы:
Мұғалім,
ғазиз мұғалім,
Сарқылмас
мәңгі бұлағым.
Ұланың
бүгін тойыңда
Арнайды
саған бұл әнін.
Егембердиева
Аружанның орындауында «Ұстазым» әні.
1
- жүргізуші: Қасым Аманжолов ағамыз«Мектеп
- кеме, білім - теңіз» деп тектен - текке
айтпаған - ау, сірә. Егер адамның жүрегінде
ізгілік, мейірімділік сәулесі болса,
ол мұғалімнің еңбегі. Сол нұрды әрбір
жеткіншектерге жеткізіп, жүрегіне
сіңіру үшін қаншама тер төгеді десеңізші!
Адамды тәрбиелеп, оны азамат атандырудың
өзі бір үлкен күш емес пе?! Сондықтан да
ұстаздардың еңбегі – ұлы еңбек.
2
- жүргізуші:
Білім
алды балалар.
Оқу
сырын өзіңнен
Біліп
алды балалар.
Жастың
өсті санасы,
Елжірейді
жүрегі.
Бастауышқа
бар бала
Алғыс
айтып жүреді.
І.
Біліммен қаруланған қор болмайды.
1.
оқушы Мадина:
Бастауыш
бал бұлағым,
Алдым
сенен балдың дәмін.
Әріп
танып, білім алып,
Рахметімді
жаудырамын.
Өтті
сенде қызық шағым,
Бастауышым
– бал бұлағым.
Қоштасар
күн жетті міне,
Қимастықпен
қол бұлғаймын.
2.
оқушы Азамат:
Мектеп
– сенсің адалдықты үйреткен.
Мектеп
– сенсің жамандықтан жиренткен.
Мектеп
– сенсің жақсылықты ұран ғып,
Мектеп
– сенсің мені жұртқа сыйлы еткен.
3.
оқушы Ұлдана:
Мектеп
деген – білім кені, жыр кені
Мектеп
деген – ғылымның ең үлкені.
Мектеп
деген – тәрбиеші адамға,
Мектеп
деген – даналардың мекені.
«Пәндер
айтысы» атты көрініс.
Лаура
математика: Достар, жүріңдер, Ғылымға
барып ақыл - кеңес алып, Даудың төрелігін
сұрайық.
Ұлжан
Ғылым: Бұл не айқай, бұл не шу?
Лаура
математика: Ғылым аға, біз пәндер сізден
бір даудың төрелігін сұрай келдік.
Ұлжан
Ғылым: Ендеше баяндаңдар.
Лаура
математика: - Қымбатты мәртебелім, өмірде
менің орным ерекше. Өйткені адам баласына
керегі мен. Мен есеп болмасам, адамдар
сағатты, сауданы т. б. ғылымдар есебін
қалай есептейді?
Сабина
Ана тілі: Жоқ. Мәртебелі Ғылым, адам
баласы Ана тілі болмаса тіл қоры, тіл
байлығы, сөйлеу, тілдесі мәнін білмес
еді.
Д.
Еркебұлан Қазақ тілі: Қазақ тілі болмас
дауысты, дауыссыз дыбыстарды айыра
алмас еді. Қанша әріп барын білмес еді.
Буын, жұрнақты ажырата алмас еді.
Мемлекеттік тілде еркін сөйлей алмас
еді.
Мадина
Орыс тілі: Ғылым тақсыр, менің айтар
датым бар. Орыс тілі болмаса қалайша ол
үштұғырлы тіл болмақ? Мен арқылы адамзат
баласы сөз мәтінін аударып, ресми тілде
сөйлеп, орыс тіліндегі көптеген кітап
қоры арқылы білімін шыңдап жатыр емес
пе?
Ақжігіт
Дүниетану: Ал мен арқылы адамзат баласы
таза ауада дем алып, денсаулығын нығайтып,
табиғат аясында тынығып, салауатты өмір
салты құра алады. Мен оларға таза ауа
беру арқылы ерекшемін.
Данияр
дене тәрбиесі: Қымбатты достар! Барлығыңның
сөздеріңді тыңдап мен бір ойға қалдым.
Сіздер айтқан құбылыстарды іске асыру
үшін, ең алдымен, дене қозғалысы, шымыр
болу керек.
Ұлжан
Ғылым: Өзін - өзі тану қайда? Ол неге
үндемейді?
Исатай
Өзін - өзі тану: Мен достарымның сөзін
тыңдап қайран қалып тұрмын. Ақыры бір
- бірімізбен байланысты екенбіз деп
сабырмен әдеп сақтап тұрған жайым бар.
Олай болса, адам баласына тазалық,
әдептілік, мәдениетті сөйлеу, сыпайы,
тәртіпті қадағалайтын өзін тану арқылы
өзгеге үлгі болуға мүмкіндік бар деп
сөзімді қорытамын.
Ұлжан
Ғылым: Барлығыңның жауаптарыңды тыңдадым.
Десек те, өмірде адам баласына әрқайсыңның
керекті екендеріңді ескертемін. Адамдар
таза ауада тынығады, дене үнемі қозғалыста
болуы шарт, үш тілді меңгеру арқылы
шетелдерде іссапарда болады, есеп арқылы
білімдерін шыңдайды. Бәрің де бір -
біріңмен тығыз байланысты ғылымсыңдар.
Сондықтан «Біріміз – бәріміз үшін,
бәріміз – біріміз үшін» деген ұранды
қағида етіп татулықпен тарасайық,
достар!
1
- жүргізуші: Бізді болашаққа не
бастайды?
Хормен:
Ұстаздың көрсеткен жолы
Ата
- ананың ақылы
Болашаққа
деген сенім.
2
- жүргізуші: Құрметті ұстаздар, біз
сіздер оқытып жүрген барлық пәндерді
ардақтаймыз, сөздеріңізді ынта қойып
тыңдаймыз. Жан - жақты білім бергені
үшін әрбір пән мұғаліміне алғысымыз
шексіз.
Арманым
боп аңсаған
Мәңгілік
қалдым мекендеп
Өзіңе
арнап жыр айтам,
Ардақтап
сізді өтем деп.
ІІ.
Ұстаздарға арнау
1
- оқушы Ә. Лаура:
Жұмысты
ылғи қайсарды,
Көрмейміз
мұндай жайсаңды.
Ұжымның
мықты ұстазы,
Шолпан
апайды айтсаңшы.
2
- оқушы А. Ақжігіт:
Айжамал
апай тәрбиелікке оқытқан,
Санамызға
қырын - сырын тоқытқан.
Ізгілік
пен ізеттікке жетелеп,
Ақыл
кенін болаттай ғып қорытқан.
3
- оқушы Сабина:
Сауле,
Гүлнар апайлар орыс тілін танытқан,
Ойландырып
ой - сананы дамытқан,
Баршаңызға
тілеріміз жақсылық,
Арналады
өлең атты шабыттан.
4
- оқушы Қ. Шыңғыс:
Әріп
сырын үйреткен,
Шын
көңілмен, жүрекпен.
Толқын
апай керемет,
Сабақ
берген біздерге.
5
- оқушы Т. Еркебұлан:
Табан
тіреп төзгенсің қанша ауырға,
Тарап
демде кетеді шаршауың да
Балбұл
жанған балғын жүз, жәудір көздер
Тұрғаныңда
солардың қоршауында.
6
- оқушы Д. Еркебұлан:
Ақылшым
– асыл ұстазым,
Жолымды
айқын нұсқадың.
Қасыма
кеп қанша сен,
Қамқор
боп қалам ұштадың.
Жалықпай
үйреттің де балаларды,
Өмірге
тарту еттің даналарды.
Ізгілікке
жол ашып көрсетумен
Қара
шашың қыраулап ағарады.
7
- оқушы К. Диас:
Мектеп
– үйім, ұстаздарым – ата - анам,
Сенен
өсіп сенен ғана нәр алам.
Саяң
ыстық, сен мәуелі бәйтерек,
Тамырланып
сан тарапқа тараған.
Ақыл,
білім көп бердің,
Анамдайсың
мектебім.
Сенде
өсіп көктедім,
Сенсің
өмір көктемім.
8
- оқушы Б. Нұрдәулет:
Ұстаздар
жаққан шырақты,
Өшірмейік,
балалар.
Бәрін
- бәрін білесің,
Оқи
берсең кітапты.
ІІІ.
«Білімсіз күнің жоқ»
1
- оқушы Нұрбол:
Балам
өсті дегенше,
Батыр
өсті десейші.
Торғай
екеш торғай да
Жаңбыр
жауса баласын қорғайды.
2
- оқушы Алтынай:
Ата
- ананың қадірін
Балалы
болғанда білерсің,
Анық
достық қадірін
Жалалы
болғанда білерсің.
3
- оқушы Аружан:
Ұл
таппас ана болмас, тұрарын айт,
Мал
таппас бала болмас, құрарын айт.
Алты
ұл тапқан ананы,
Ханым
десе болады,
Кезек
сыйласқан ағаны
Жаным
десе болады.
Сондықтан
үлкен тұрып,
Кіші
сөйлегеннен без.
4
- оқушы Нұрбақыт:
Қойыңдаршы
енді (ашуланып),
Әзілің
жарасса атаңмен ойна деген,
Ал
атаң шаршаса (күліп)
Апаңмен
ойна деген.
5
- оқушы Альбина:
Есіңде
болсын!
Екі
қарияның ортасындағы
Бір
бала дана болады.
Ал
екі баланың ортасындағы
Бір
шал бала болады.
6
- оқушы Ұлдана:
Жетер
енді,
Жаманға
айтқан ақылың,
Далаға
атқан оқпен тең.
Талабы
жоқ ұрпақ
Жалын
жоқ шоқпен тең.
7
- оқушы Ұлжан:
Жаман
сөзден жақсы сөз дұрыс,
Жаманға
айтқан сөзден
Жақсыға
айтқан сөз дұрыс,
Ойсыз
сөзден ойлы сөз дұрыс,
Айтылмай
қалған сөзден
Айтылып
қалған сөз дұрыс.
IV.
Ел ертеңі көз алдымызда
1
- жүргізуші:
Қазақстан
Республикасының Президенті Нұрсұлтан
Назарбаев «Қазақстан – 2050 Стратегиясы
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси
бағыты» деп аталатын жаңа бағдарламаны
жариялады.
2
- жүргізуші:
Еліміз
2050 жылға дейін алдыңғы қатарлы 30 елдің
қатарынан орын алады деген.
1
- жүргізуші:
Қазақстан
ХХІ ғасырдың басында тәуелсіз әрі өзіне
сенімді болып отыр. Біздің ендігі
міндетіміз, егемендік жылдары қол
жеткізгеннің барлығын сақтай отырып,
ХХІ ғасырда орнықты дамуды жалғастыру.
2
- жүргізуші:
Біздің
мақсатымыз – 2050 жылға қарай мықты
мемлекеттің, дамыған экономиканың және
жалпыға ортақ еңбектің негізінде
берекелі қоғам құру.
1
- жүргізуші:
Білімді
адам қор болмайды дегендей, болашақ
Қазақстанның ел ертеңі ортамызда.
Ортада:
Менеджер, Мұғалім, Банкир, Ғалым,
Экономист, Дәрігер.
Өлең
оқу
Серғазықызы
Мәдина «Қазақстан» М. Мақатаев
Жандарбек
Зарина: «Туған жер» Қ. Аманжолов
Бектұр
Ерасыл: «Туған өлкем» Қ. Жұмағалиев
Концерттік
программа:
«Жаса,
қазағым» Орындайтын Базарбай Азамат
Өзбек
биі, орындайтын Бектұрсын Ұлдана
«Балалық
шақ» орындайтын Әбдіжаппар Лаура
Келіншек
биі, орындайтын қыздар тобы
Хор:
«Сыныптастар - құрдастар» әні.
1
- жүргізуші:
Ұқсаттыңыз
сіз бізді балаңызға,
Ұқсатып
ек біз сізді анамызға.
Жақын
тарттық біртіндеп бауыр басып,
Жүргеніңді
ұнаттың арамызда.
2
- жүргізуші:
Сынып
жетекшілерімізді ортаға шақырамыз.
Аюбаева
Толқын апайымызды және Акенова Эльмира
апайымызды.
Хор:
Мектеп
– кеме, білім – теңіз,
Барар
жерге тез жетеміз.
Адаспаймыз
ұлы жолда,
Ұстаз
берген білім қолда.
1
- жүргізуші:
Сөз
кезегін бастауыш сынып оқу ісінің
меңгерушісі
Жексенбиева
Шолпан апайға береміз.
2
- жүргізуші:
Сөз
кезегін ардақты ата - аналарымызға
береміз.
Мақсаты:
1.
Білімнің сара жолы бастауышта басталатынын,
бастауышта алған білімнің негіз болып
қалатынына көз жеткізу.
2. Бастауыш
сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан
алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта
буында дәріс беретін ұстаздармен
таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта
отырып, сәт-сапар тілеу. Білім берер
ордасы – мектепті ұстаздарын құрметтеп,
білімге деген құштарлығын арттыру. Өз
Отанының адал ұлы мен қызы болуға
тәрбиелеу.
Ашылуы:
қазақ биі
І жүргізуші: Қош келіпсіздер, құрметті, ата – аналар, қадірлі ұстаздар, қонақтар! Бүгін 4 класс оқушылары үшін ерекше ұмытылмас күн. Өйткені, олар бастауыш кластың түлектері. Міне, бойлары да, ойлары да өсіп,бастауыш класста білім алып, аяқтап, орта буынға өткелі отыр. Ендеше қызықты да,ғаламат өзгерістер сыйлаған, білімнің бастауы болған «Қош бол, білім бастауы - бастауышым» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.
ІІ жүргізуші: Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,
Білім іздеп, инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би билеп, ән де бүгін шырқалар.
І жүргізуші: Бастауыш бала үшін өмір мәні,
Бастауыш бала үшін өмір сәні
4 жыл оқып, бастауышты тәмамдап
Бүгін міне қоштасады барлығы,
Саламат па, екенсің, жайсаң елім
Еңселі 54 – тің қонақтары.
ІІ жүргізуші: Бүгін көзімізді ашып, көкірегімізді оятқан, білім нәрімен сусындатып, білімнің іргетасын қалаған бастауыш мектебімізбен қоштасамыз.
І жүргізуші: Сондай –ақ біздің ыстығымызға күйіп, суығымызға тоңа білген, оңымыз бен солымызды танытқан,жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге баулыған алғашқы ұстаздарымен қоштасқалы отыр.
ІІ жүргізуші: Білім бізді қызғалдақтай гүлдетті,
Бастауышты тәмамдайтын күн жетті.
Қошеметпен шақырамыз ортаға
Қадам басқан шәкірттерін құрметті – дей отырып, бастауыш түлектерін ортаға шақырамыз.(музыка әуенімен түлектер ортаға шығады)
І жүргізуші: Армысыздар жас достар,
Болашаққа жол бастар
Білім деген ғажаптың,
Келешегі қазақтың
Сендерден басталар.
ІІ жүргізуші: Ажырамай мектеппен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге
Түлектерге арналсын тілегіңіз –дей келе мерекелік кешімізді ашу үшін сөз білім ордамыздың басшысы М.Ж. Досовқа беріледі.
Хормен: Мектеп – кеме,Білім-теңіз,
Барар жолға тез жетеміз.
Адаспаймыз ұлы жолда
Ұстаз берген білім қолда.
І жүргізуші: Иә мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше оқушыларымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық
Ботагөз: Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты .
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар , ұстаздарым қымбатты!
Армысыздар, әжелер мен аналар,
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар
Аяулым: Армысыздар өр тұлғалы әкелер!
Қыран құстай балапанын мәпелер.
Бүгін міне бастауышпен қоштасады,
Азамат боп , кешегі сәби- еркелер!
Мереке: Ұлылықты аруақ тұтар үнемі
Алтын ұя ақ босаға киелі
Қанат қаққан білім алып өзіңнен,
Күллі шәкірт саған басын иеді.
Исламбек: Мектеп – үйім, ұстаз – менің ата – анам,
Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам
Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек,
Тамырланып сан тарапқа таралған.
Сағынжан: Армысың сен , алтын ұя мектебім
Саған айтар жыр- алғысым көп менің
Жүректерге жаққан білім шырағын ,
Мектебіме арналады бұл әнім!
Хор: «Аяулы мектебім»
Ән «Чему учат в школе»
Көрініс «Ақылды қария»: (ортаға қария мен 5 оқушы шығады)
1 - оқушы
- Ата, ата, арман деген не? - депті жігіт
- Арман дегеніміз - ақыл-ойдың шындығы. Құс ұшсам дейді, бала өссем дейді, қыз көрікті болсам дейді, ұстаз шәкіртіне үлгі болсам дейді. Арманына адаспаған жетеді, ақымақ бұл өмірден түңіліп өтеді депті қарт.
2 - оқушы
Дос табу оңай ма? - депті қарт.
Ата, дос табу ақылдыға оңай, ақымаққа қиын.
- Жоқ, балам, өмірде дос табу ақылдыға қиын, ақымаққа оңай. Есіңде болсын, досың ақылды болса, өзің дана боласың, досың бала болса, өзің шала боласың, депті қарт.
3- оқушы
- Үйдегі алтын қазығың кім? – депті қарт.
- Ата, үйдегі алтын қазық - бала, депті жігіт.
- Жоқ, балам, үйдегі алтын қазық - ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана — ақылшың, әке - қамқоршың, ағаң — қорғаушың, інің — сүйенішің, қарындасың - қанатың. Ананы сыйламағанның ақылы кем, әкені сыйламағанның жақыны кем, - депті қарт.
4 - оқушы
Өмір сүру үшін не қажет? - депті қарт.
Ата өмір сүру үшін алтын, ақша, нан, мал қажет, - депті жігіт.
Жоқ балам, адамның өмір сүру үшін су, от, тұз, қыз, ақыл қажет. Су — тіршілік, от - өмір, тұз - дәм, қыз - сән, ақыл өмірдің нәрін береді.
5-оқушы
- Адамға ақыл беретін кімдер? - депті қарт.
- Ата, ана тілі ғой ақыл беретін, -депті жігіт.
- Жоқ, балам, адамға ақыл беретін ата-ана, ұстаз, досы. Ата — ана ақылын баласына айтады, ұстаз шәкіртіне айтады. Достықтың көзі ақылдан басталады, - депті қарт.
1-жүргізуші: Иә, қасиетті тіл, сөз шеберлігіне не жетсін?
2-жүргізуші: Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады деген. Ендеше туған тіліміз, ана тіліміз туралы тақпақ өлеңдерге кезек берейік.
Оқушы: Өмірімнің шырағы, ақыл ойдың бұлағы.
Ана тілі қадірлі, халқымыздың жыр - әні.
Ақыл, ой да, білім де, туған ана тілінде.
Ана тілсіз ұғылмас, ауа, жер де, күнің де.
Ақ сүтіндей анамның, ардақтаймын ана тілін.
Оқушы: Тілім барда, қазағым бар, халқым бар.
Дәстүрім бар, ата жолым салтым бар.
Кең даладай жиналмаған шалғайы,
Аңқау, ашық мінезім бар аңқылдар.
Оқушы: Тілім менің — елдігім де, ерлігім,
Кемеңгерлік кемелдігім, кеңдігім.
Тілім менің мөлдірлігім, пәктігім,
Ойлылығым, тереңдігім, теңдігім.
Оқушы: Ана тілім - қасиетім, дарыным,
Көз жеткісіз көк жиегім жарығым.
Бұл дүниенің терең тылсым сырларын,
Өзің ғана арқылы тек таныдым.
І
жүргізуші: «Ұстаздық
еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп
Абай атамыз айтқандай ,алғаш қолымызға
қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды
танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті
танытып, білім нәрімен сусындатқан,
мектептегі анамыз - ұстаз екені бәрімізге
мәлім. Балалардың алғашқы ұстазға
арнаған ән-жырларын айтпас бұрын, ұстаз
туралы не айтар едің?
ІІ
жүргізуші: Әр
шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға
жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз
дер едім.
І
жүргізуші: Олай
болса, келесі өлең жолдарын ұстаздарымызға
арнайық.
Жадыра: Ұстазым! Ұстазым өзің едің асқақ әнім,
Басталған ақ батаңның жас талабын
Ұғындым ұлылықтың, даналықтың,
Ұстаздың ұлағатынан басталарын.
Мұғалім ұстазысың балалардың,
Болашақ ғалымдардың, даналардың,
Өмірде сенің алар орныңа
Бәрі де жеткізе алмас бағаларын.
Әдина: Жаралған жақсы үміт пен мұраттардан
Жансыз ғой әлдилеген шуақты орман
Жатталады жан жүректе есіміңіз,
Анамның аяулы үні сияқталған.
Шәкірттер сіздерді айтып мақтанамыз,
Бейнеңіз жүректерде сақталады,
Біз әлі биіктерден көрінеміз
Үмітпен сеніміңіз ақталады.
Алтынбек:
Аружан:
Сағынжан: Алғашқы ұстаз анамызбен тең келеді,
Бар асылын бізге жиып, мол береді
Қанатымен су себелеп асыл жан,
Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.
Әділет: Тек үйреттің әділдікті, адалдықты,
Жирендік, ажыраттық жамандықты,
Жалғастырар ақ жолың сенің салған,
Бар деп ұққан әрқашан балаң мықты.
Хор «Ұстазым»
ІІ жүргізуші: 2011 жылы қыркүйектің 1-інде ата –анамыз біздерді қолымыздан жетектеп, білім ордасына алып келді. Бас иіп, шексіз алғысымызды аналарымызға және қадірлі әкелерімізге білдіреміз.
Әкелдіңіз білім ал деп мектепке,
Жетектеп арман қуған балаңызды
Рахмет айтамыз ата – ана,
Басымызды иіп біздер мәңгілікке.
І жүргізуші: Құрметті, аналар мен әкелер, біз сіздерге рахметімізді айта отырып, келесі әнді өздеріңізге арнаймыз.
Оқушылардың орындауында ән «Қос бәйтерегім»
ІІ жүргізуші: Құрметті, қонақтар! Біздің қоштасу кешімізге 1 класс оқушылары да келіп отыр. Болашақ оқушыларға сөз берейік.
МАД тобының тақпақтары.
Жадыра: Ғылымды терең меңгеріп,
Үмітті сендер ақтаңдар!
Мектепті үздік бітіріп,
Шығыңдар білім шыңына!
Аманат осы сендерге
Болыңдар үздік тағы да
Еңбекте де оқуда. (бір оқушы кілт тапсырады)
І жүргізуші: Оқушылар, сендер бүгін бастауышпен әрі алғашқы ұстаздарыңмен қоштасқалы тұрсыңдар. Келесі сөзді 4 жыл бойы білім берген ұстаздарымызға берейік.
Ұстаз сөзі: Қанаттарың қатайды
Биікке енді самғаңдар.
Білім жолы – сара жол
Ізденіңдер, талмаңдар.
Оқушыларға дипломдар тапсырылады
Ән (хормен). «Бастауышым-балбұлағым»
(Бастаушым-балбұлағым,
Алдым сенен балдың дәмін.
Әріп танып, білім алып,
Рахметімді жаудырам.
Бастауышым – балқұрағым,
Лаулап жансын шам-шырағың.
Өзің берген біліміңмен
Самғап ұшты тау қыраным.
Өтті сенде қызық шағым,
Бастауышым – балбұлағым.
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймын.
1-жүргізуші: Ал енді 4 «А» сынып түлектерінің орындауында «Қоштасу»вальсін тамашалаңыздар.
Хормен:
Қош бол, балғын балалық,
Қош бол, сүйікті бастауышым!
Осымен біздің қоштасу кешіміз аяқталды. Келгендеріңізге көп рахмет! Қош сау болыңыздар!
Адам
баласының есінде ерекше сақталып, үлкен
өмірге дайындайтын білім ордасы –
мектеп. Қызығы мен шыжығы мол күндер
осы мектеп қабырғасында өтеді. Және
білім нәрімен сусындатып, алғаш қолға
қалам ұстатып, үлкен өмірге дайындаған
ұстаз мәңгілік есте қалады. Қажет болса,
махаббат атаулысының өзі осы кезеңде
орын алады. Назарларыңызға 4 сыныппен
қоштасу кешіне арналған "Қош бол,
бастауыш" атты мерекелік кештің
сценариін ұсынамыз. «Қош бол, бастауыш»
Музыка ойнап тұрады. (Күй немесе әдемі
оқушыларға тән әннің әуені). Мұғалім:
Бүгін міне жақсы күн жарқыраған, Көңілдер
қуаныштан сарқыраған. Қоштасатын күн
келді бастауышпен, Қиындау болып тұр-ау
бүгін маған. Кеше ғана алдыма келген
еді, Именіп ұлы ұяға енген еді. 4 жыл бойы
сусындап біліммен, Ұшатын қанат қағып
келді кезі. Кеше ғана тұлымдары желбіреп,
жүректері лүпілдеп мектеп табалдырығын
қуана аттаған ұл-қыздарымыз ойлары
толып, бойлары өсіп бастауыш сатысымен
қоштасқалы отыр. Олай болса 4 «А» сыныбының
«Қош бол, бастауыш» атты бастауышпен
қоштасу салтанатына қош келдіңіздер.
Бұл салтанат қуаныш баршамызға, Мұндай
күй болған сірә қаншаңызда. Қол соғып,
қошеметтеп шақырайық, 4 «Ә» сыныбын
ортамызға. (Оқушылар ортаға шығады)
Мұғалім: Мен үшін бәрің бірдей қарақтарым,
Орындалсын арман тілек талаптарың. Ақ
парақтай келдіңдер сәби болып, Ұғындым,
әрбіріңді парақтадым. Өткіздік талай
күнді, талай айды, Уақыт сырғып артқа
қарамайды. 4 жыл бойы сендермен бірге
болдым, Өткіздік талай қызық, талай
жайды. Ірге тасын қаладым, білім бердім,
Саналы ұл-қыздарым бүгін менің. Ортада
тұрған осы шәкірттердің, Көрейік
тамашалап өнерлерін. 1-оқушы: Армысыздар,
ардақты ұстаздар, қадірлі қонақтар,
оқушылар. Бүгін біз бастауышпен қоштасып,
үлкен өмірге аттанғалы отырмыз. Көз
салып қараңызшы бойымызға, Ортақ боп
бүгін өскен ойымызға. Қош келіпсіз
ұстаздар, ата-аналар, Бастауышпен қоштасу
тойымызға. 2-оқушы: Бала шаққа болашақты
жырлатып, Шәкірттерге ой түзетін
сымбатты. Күн нұрындай сәуле құйған
көңілге Армысыздар ұстаздарым, қымбатты.
3-оқушы: Армысыздар, әжелер мен аналар,
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар. Ел
дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп, Үйреткен
ғой Абай, Ыбырай бабалар. 4-оқушы:
Армысыздар өр тұлғалы әкелер, Қыран
құстай балапанын мәпелер. Бүгін міне
бастауышпен қоштасады, Азамат боп,
кешегі сәби – еркелер. 5-оқушы: Армысың
сен, алтын ұя мектебім, Саған айтар жыр
алғысым көп менің. Жүректерге жаққан
білім шырағым, Мектебіме арналады бұл
әнім. Сынып әншілерінің орындауында
«Мектебім» әнін қарсы алыңыздар. 6-оқушы:
Иә, достар, алтын ұя мектептен атамыз
да, әжеміз де, әкеміз де, анамыз да тәлім
мен білім алған. Енді біз де дәл сол
кісілердей тәлім алудамыз. 7-оқушы:
Мектебімізге қандай жыр арнасаң да
жарасады. Ендеше, сыныптастарымыздың
мектепке арналған жырларын тыңдайық.
8-оқушы: Мектеп маңы толыпты жарасымға,
Ізгілік те, мейірім бәрі осында. Қанат
қағып кешегі балапандар, Ақыл, білім
жетіліп санасында. 9-оқушы: Мектеп үйім,
ұстаздарым, ата-анам, Сенен өсіп, сенен
ғана нәр алам. Саяң ыстық сен мәуелі
бәйтерек, Тамырланып сан тарапқа тараған.
10-оқушы: Мектебім – білім берер алтын
ұям, Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.
Байлыған 4 жыл бойы ата-анамдай, Әрқашан
қасиетті атың маған. Арада өтсе дағы
дүркіреп жыл, Әр күні балалықтай бір
жүрек бұл. Өзіңе борыштармын өмір бойы,
Есейген шәкірттердің серті деп біл.
11-оқушы: Мектебім, алтын ұям, нұрың жарық,
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып. Сүйкімді
сенің күміс қоңырауың, Тұрады құлағымда
сыңғыр қағып. 12-оқушы: Мектеп деген білім
кені, жыр кені, Мектеп деген ғылымның
ең үлкені. Мектеп деген тәрбиеші адамға,
Мектеп деген даналардың мекені. 13-оқушы:
Алтын ұя мектебім аялаған, Бар балаға
білім беріп, сая болған. Үлкен жолға
түсіріп шәкірттерін, Жаманға да, жақсыға
да пана болған. 14-оқушы: Еркелігін көтеріп
әр баланың, Сусындатып білімнің тұнығынан.
Саған қарыз бар пенде ғаламдағы, Нәр
алып, ұшып шыққан қойыныңнан. 15-оқушы:
Арманым боп аңсаған, Мәңгілік қалдым
мекендеп, Өзіңе арнап ән айтам, Ардақтап
ұстаз өтем деп. Келесі ән сіздерге
арналады, ардақты да аяулы ұстаздар.
Хор: «Ұстазым» Шара апамдай бұралып,
Биді билеп береміз. Би дегенің кермет,
Биді жақсы көреміз, - дей келе ортаға
бишілер тобын «Жастар» биімен шақырайық.
16-оқушы: Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің
кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға – деп Абай атамыз
айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстатып,
оңымызбен, солымызды танытқан, бізбен
бірге қуанып, 42 әріпті танытып, білім
нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз
ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың
ұстазға арнаған ән-жырларын айтпас
бұрын, ұстаз туралы не айтар едің?
17-оқушы: Ұстаз – дана 18-оқушы: Әр шәкіртін
өз баласынан кем көрмей, оқуға, жазуға
үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. 19-оқушы:
«Мұғалім – мектептің жүрегі» - деп
Ыбырай атамыз бекер айтпаған. Олай
болса, келесі жырларымызды ұстаздарымызға
арнаймыз. 20-оқушы: Маған ұстаз үйретті,
Әліппесін өмірдің. Жан жүйемді билетті,
Күйі шалқып көңілдің. Қиялымды кездірді,
Таптым ойдың тұрағын, Маған ұстаз
сездірді, Алдағы өмір шырағын. 21-оқушы:
Басса бұрыс, жол сілтеп, қате дейсің, Әр
балаға сен ана әкедейсің. Болашақтың
көктеген жас шыбығын, Бағбанындай аялап,
мәпелейсің. 22-оқушы: Ұқсаттыңыз сіз
бізді балаңызға, Ұқсатып ек біз сізді
анамызға. Жақын тарттық, біртіндеп бауыр
бастық, Жүрегіңді ұнаттық арамызда.
23-оқушы: Қоссаңдар бірді екіге үш болады,
Деуші едік біліммен күш толады. Алғыр
бол, әдепті бол, сабырлы бол, Ақылмен іс
істесең, оң болады. Беруші ең бізге айтып
өлең, тақпақ, Таласып алушы едік біздер
жаттап. Өзіңіз баға қойған күнделікті,
Жоғалтпай өмір бойы жүрем сақтап.
24-оқушы: Білім алған өзіңнен, Дәрігер,
ұшқыш, бар ғалым. Саған ыстық сезіммен,
Қарайды жұрт мұғалім. Хор: «Ұстазым
менің ұстазым» 25-оқушы: Бізді үйреткен
білімге жалықпастан, Рақмет ұстазыма
көзімді ашқан. Біз – шәкірт, біз –
Отанның болашағы, Білімнің басқышына
қадам басқан. 1-оқушы: Тез үйрендік әділ
мен адалдықты, Жирендік, ажыраттық
жамандықты. Жалғастырар ақ жолын сенің
салған, Бар деп ұққын әрқашан балаң
мықты. 5-оқушы: Әліппемен аштым өмір
есігін, Тербетемін білім бөбек бесігін.
Өмір деген өрлі өзенге шомылып, Жаттап
өстім ұстазымның есімін. 10-оқушы: Есімде
ерен ұстазым, Шашымнан сипап өткенің.
Аянбай бізге қыс-жазы, Молынан мейір
төккенің. Мектебіміздің әнші қызының
орындауында тамаша әнді қабыл алыңыздар!
15-оқушы: Ұстазым – ұлағатым, сая бағым.
Шәкіртті өз балаңдай аяладың. Қолыма
әліппенің кілтін берген, Адалдық ақ
жолыңды бағаладым. 20-оқушы: Есімде
ұстаздың алғаш қарсы алғаны Айқара есік
ашып тастағаны. Бір мереке, думан болып
осы маңда, Жетелеп бір сыныпқа ап барғаны,
Енді міне, сағымдай өте шықты, 4 жыл уақыт
аз ба екен кім біліпті. Ұстаз ана жасады
мына бізден, Ел танитын азамат, бір-бір
мықты. 25-оқушы: Алғашқы ұстазым анамызбен
тең келді, Бар асылын бізге жиып, мол
берді. Қанатымен су себелеп асыл жан,
Баласындай шын жүректен хан көрді. Хор:
«Анашым» 3-оқушы: Біздер өстік, есейдік,
Қанаттандық, қатайдық. Қоштасарда ән
салып, Би билейік думан ғып. 7-оқушы:
Көпшілікке өнерді, Көрсетейік керемет.
(Балапан биі) 13-оқушы: Ұмытпаймын жаныма,
Білім нәрін еккенің. Барлығы бірге: Қош
қымбатты ұстазым, Қош бастауыш мектебім!
Бастауышпен қоштасу сценарий(Бастауышым – бал бұлағым)
Бастауышым – бал бұлағым
Мақсаты
: Білімнің сара жолы бастауыштан
басталатынын, бастауышта алған білімнің
негіз болып қаланатынына көз жеткізу.
Мектепті , ұстаздарды құрметтеп,
еңбектерін
бағалай білуге тәрбиелеу. Өз Отанының
адал ұлы мен қызы
болуға тәриелеу.
Көрнекілігі
: «Шуағын төккен 4 жыл» фотомонтажы ,
слайдтар , гүлдер мен шарлармен
сахнаны безендіру
Мұғалім
: Қайырлы күн , қадірлі де құрметті
ұстаздар , ата-аналар ! Бұл мерекенің
негізгі мақсаты – бастауыш сыныппен
қоштасу екендігі барлығымызға аян.
Бүгінгі үлкен қуаныш иегерлері 4 –
сынып оқушылар.
Жас жүректің
өмірінің құштары гүл,
Бағбан – ұстаз
баулыған құстары бұл,
Қоштасып бүгінгі
күн бастауышпен ,
Сол құстардың бір
тобы ұшқалы тұр.
Толқимыз
, толқып тұрмыз баршамыз да,
Мұндай
күй болмаған шығар қаншаңызда
Қол
соғып қошеметпен шақырайық
4-сынып
оқушыларын ортамызға.
Әсем әуенмен
сахна ашылады.
Мұғалім : Сіздердің
алдарыңызда тұрған 4- сынып оқушылары
осыдан 4 жыл бұрын 6 жасар бала болса,
бүгін міне, ес біліп, етек жиған шәкірт
және бастауыш сынып түлектері. Армандасаң
да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа
келеді. Өйткені , биік асуға беттеген
аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал
күлкілі балалық шақтан басталады. Міне,
бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес
із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып,
бір жылға тағы да есейгелі отыр. Ендеше
қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған,
білім нәрімен сусындатқан , өмірде
өз жолдарын табуға жол сілтеген
ұстаздарына ,
ата-аналарына да өнерлерін көрсетуге
дайын. Олай болса, кезекті түлектерге
берейік.
Бибарыс
: Ассалаумағалейкум , ағайын !
Жадыра
: Армысыздар , аяулы ұстаздар , ақ жаулықты
аналар, ардақты әкелер !
Бибарыс : Қош
келіпсіздер , құрметті қонақтар !
Жадыра
: Ия, бүгін бізде қуаныш , бүгін бізде
үлкен той.
Бибарыс : Өйткені 4 жыл бойы
білім беріп, ой санамызды дамытқан ,
адамгершілікке, адалдыққа баулыған ,
қолымызға алғаш қалам ұстауды үйреткен
, әріптер мен сандардың сырын ұғындырған
алғашқы ұстаздарымызбен қоштаспақпыз.
Жадыра
: Қолға қалам ұстатып,
Білім құйған
санаға
Хормен : «Ол алғашқы ұстаз
ғой»
Ұлболсын : : Бала шаққа болашақты
жырлатып,
Шәкірттерге ой
түзеткен сымбатты.
Күн нұрындай
сәуле құйған көңілге,
Армысыздар
, ұстаздарым қымбатты !
Нұрперзент
:Армысыздар әжелер мен аналар
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы
деп,
Үйреткен ғой Абай, Ыбырай
бабалар
Айбек :
Армысың сен, алтын ұя мектебім
Саған айтар жыр – алғысым көп менің
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мектебіме арналады бұл әнім !
Жадыра
: Дұрыс айтасың Айбек ! Бұл мектептен
қаншама адам тәлім алған десеңші . Менің
атам да , әжем де, әкем де, анам
да, енді мен де мектептен тәлім
алудамын.
Олай болса , алтын ұя
мектебімізге арнап «Мектебім» әнін
шырқайық !
Ән «Мектебім»
Слайд
«Мектептегі мерекелер»
Бибарыс : Ия
, мектебімізге қандай жыр арнасаң да
жарасады. Ендеше сыныптарымыздың
мектепке арнаған жырларын тыңдайық.
Серік
: Әлі есімде мектепке алғаш келгеніміз
(жетектеп келе жатқан суреті, алғашқы
қоңырау)
Ұстаздарды ең алғаш көргеніміз
Жасқаншақтап
тосырқап тұрған шақта
Өзің болдың ұстазым
сенгеніміз
Жасұлан : Мектебіміз
осы ма ? -деп
Жиырма жеті шәкірт
келіпті.
Жылы жүзді ұстазын
Алғаш
рет көріпті.
Іңкәрді Серік жетектеп
Ұстазына еріпті.
Болашағы нұрлы
деп
Ата-аналар сеніпті.
Іңкәр : Оң
иығына Алтынбектің отырып,
Оң қолында жез қоңырау
соғылып
Жадырадай шәкірт келді мектепке
Тұлым шашы ,
ақ бантигі желбіреп
Ақмарал : Кітап,
қалам қолға алдық
Бір сыныпқа
жиналдық.
Ажырамай арамыз
Болашаққа
барамыз.
Гүлсара : Мектеп деген
білім кені , жыр кені ,
Мектеп деген ғылымның
ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға
Мектеп
деген даналардың мекен.
Еркеұлан:
Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Атын
ұя, ақ босаға киелі.
Қанат қаққан
білім алып өзіңнен ,
Күллі шәкірт
саған басын иеді.
Камила : Мектебім,
алтын ұям, нұрың жарық,
Жайнаттың үмітімнің
гүлін жарып.
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың
,
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.
Қайсар
: Мектеп - үйім , ұстазым , менің
ата-анам,
Сенен өсіп, сенен ғана нәр аламын.
Саяң ыстық
, сен мәуелі бәйтерек
Тамырланып , сан тарапқа
тараған.
Динара
: Мектеп – кеме, білім – теңіз,
Барар жерге
тез жетеміз.
Төрт жыл алған білім нәрін ,
Азық етіп ер
жетеміз.
Ән : «
»
Бибарыс : «Ұстаздық
еткен жалықпас үйретуден балаға» , - деп
Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға
қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды
танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті
танытып, білім нәрімен сусындатқан ,
мектептегі анамыз – ұстаз екені бәрімізге
мәлім. Балалардың ұстазға арнаған
ән-жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы
не айтар едің Жадыра ?
Жадыра : Әр
шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға,
жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз.
«Мұғалім – мектептің жүрегі» - деп
Ыбырай атамыз бекер айтпаған.
Бибарыс
: Дұрыс айтасың Жадыра, ғылым иесі ғалым
да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал
тамған ақын да , тегеуріні темір
балқытқан жұмысшы да , көкті шарлаған
ғарышкер де , бәрі-бәрі ұстаздан
білім мен тәрбие алған.
Жадыра : Ия ,
бұл туралы батыр Бауыржан атамыз :
«Болашақтың басшысын да , данасын да ,
ғалымын да, еңбекқор егіншісін де,
кеншісін де ұстаз өсіреді» деген
екен.Олай болса, келесі жырларымызды
ұстаздарымызға арнаймыз.
Ақтоты
: Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең
келеді,
Бар асылын бізге жиып, мол береді.
Қанатымен
су себелеп асыл жан
Әр шәкіртін баласынан
кем көрмейді.
Есбол
: Тек үйреттің әділдікті , адалдықты,
Жирендік,
ажыраттық жамандықты.
Жалғастырар ақ жолың
сенің салған,
Бар деп ұққын әрқашан балаң
мықты.
Нұрсая
: Қоңыр үнді даусың әсем таңдардай,
Ұстазымның
жүзіндегі нұр қандай !
Мейірлене қарап қойып
біздерге
Күн астынан сабақ беріп
тұрғандай.
Айдарбек : Ұстазым ! Ұстазым
өзің едің асқақ әнім
Басталған
ақ батаңнан жас талабым.
Ұғындым
ұлылықтың , даналықтың
Ұстаздың
ұлағатынан басталарын.
Ұлболсын
: Нұр құйған санасына зейіндінің
Нұрлы шам сәулесіндей мейірімің.
Дарыттың адамдықты шәкіртіңе ,
Дамыттың дарын отын бейімдінің.
Бәрі
: Мың алғыс сізге біздей
түлектерден,
Мың алғыс мына отты
жүректерден !
Жадыра : Жетекші боп
жүрдіңіз түлегіңе
Біздерді ойлап
көңіліңіз жүдеді де,
Шәкірттер тыңдаңыздар
ұстаз сөзін
Сіздерге арнап айтатын тілегін
де – дей отырып сөз кезегін ұстаздарымызға
береміз !
Сөз кезегі ұстаздарда.
Жадыра
: Олай болса шәкірттерінің ұстаздарына
арналған «Ұстазым» әнін қабыл
алыңыздар.
Ән : Ұстазым .
Бибарыс
: Біздің жамандығымызды жасырып,
жақсылығымызды асырып жүрген біздің
ата-анамыз. Қатарымыздың теңі болып,
тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып
жүруі де сол кісілердің арқасы .
Игісәт
: Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,
Аумайсың жарығы
мол ашық күннен.
Шаршайсың жұмыс істеп біздер
үшін
Ақылды балаларың оны білген.
Ән
: «Әкелер» Қияш Бибарыс
«Әкем-әнім»
Хұдайберген Мағжан
Жадыра :
Әр ана өз баласын мейірімді болса
екен, жақсы оқып, елге қалаулы азамат
болса екен дейді. Халқымызда мынадай
бір нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге үш
рет арқалап барсаң да борышыңды өтей
алмайсың» деген. Аоайда ардақты анамыздың
ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін
!
Бибарыс : Ия , дұрыс айтасың
Жадыра. Біз болашақта саналы да , ақылды
бала болып өссек
ананың арманы орындалды деген осы емес
пе ?
Парасат : Дүниеге әкелген ол да
сенің анашың ,
Ақ сүт беріп өсірген ол да
сенің анашың.
Тіл алмасаң кешірген ол да
сенің анашың ,
Мәпелеген баласын аман
болсын анашым !
Жадыра : Осындай
ана туралы жыр жолдарынан кейін
ата-аналарымызға сөз кезегін береміз.
Сөз
кезегін ата-аналарға береміз.
Бибарыс
: Ата-аналарға арнап Мизамбекқызы
Гүлсараның «Асыл ана» әнін қабыл
алыңыздар.
Ән «Асыл ана» Мизамбекқызы
Гүлсара
Жадыра : Осыдан 4 жыл бұрын
біз 6 жастағы сәби балалар сөмкемізді
зорға көтеріп, мектеп
табалдырығын
жасқана аттаған едік.
Бибарыс : Енді
міне сауатымызды ашып, білім негізін
қалаған бастауыш сыныппен қоштасып,
орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз.
Жадыра : Ендеше бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпасқа !
Еркеұлан
: Кітап қалам қолға алдық
Бір сыныпқа жиналдық.
Ажырамай
арамыз
Болашаққа барамыз.
Нұрперзент
: Жасқана кіріп жарық сыныпқа біз ,
Әр бетін Әліппенің күле ашқанбыз.
Мұғалім сабақ өтіп жатқан кезде,
Қайталап атымызды сұрасқанбыз.
Ақмарал
: Әр үйдің ерке өскен тентегі едік,
Ақылға
келе алмадық ерте көніп.
Бойымыз
бірте-бірте үйренісіп,
Мектептің ережесін
үйрендік біз.
Дархан
: Бастауышым – бал бұлағым ,
Алдым
сенен балдың дәмін.
Әріп танып, білім
алып
Рахметімді жаудырамын
Мейрамбек
: Бастауышым – балбұлағым ,
Лаулап жанған шам шырағым.
Өзің берген біліміңмен ,
Самғап
ұшар тау қыраның.
Хормен Ән «Бақытты
балалық шақ»
Іңкәр : Біздер бастауышта
жоғары сыныптарда өтілетін әдебиет,
тарих, биолгия, алгебра, физика , химия
, т.б. пәндерге негіз болатын ана тілі,
математика, дүниетану, орыс тілі пәндерін
зер салып үйрендік.
Қияш Бибарыс
: Анашымдай сыр шерткен,
Ақыл білім үйреткен.
Ана тілін оқыдық,
Ерекше зор құрметпен.
Ана тілін сүйеміз
,
Құрметпен
бас иеміз.
Ана тілмен
қоштасамыз ,
Әдебиетпен достасамыз.
Алмаз : Ойланып
есеп шығартып,
Төрт амалды білдірген.
Ғылымдардың
патшасы ,
Математика данасы.
Гүлсара :
Қазақ тілі пәнінен,
Білім алды балалар.
Сөйлемді,
сөз таптарын ,
Етістіктің шақтарын ,
Жалғаулар
мен жұрнақтар.
Ережесін жаттадық
5 – сыныпқа
барған соң,
Тіл мамандары бағалар.
Рамазан
: Ой жіберсең бәріне,
Дүниетану пәніне.
Өмір
сырын үйретер ,
Пәннің жақсы бірі де.
Жер
байлығы көп екен,
Игеруді қалайды.
Осының
бәрін білдірген ,
Дүниетану сабағы.
Жадыра
: Кане балалар, сендердің негізгі пәндерді
қалай меңгергендеріңді байқап қарайықшы.
Мен әр түрлі тапсырмалар беремін. Кане
кімнің ойы жүйрік, ұшқыр екенін сынап
көрейік.
1. Уақыттың
маңызы неде екендігін білеміз бе ?
Жауап : Рамазан.
Бір жылдың
қадірін , сынақтан өтпеген оқушыдан
сұра.
Бір аптаның қадірін апталық
газеттің редакторынан сұра.
Бір
сағаттың қадірін , кездесуге асыққан
ғашықтан сұра.
Бір минуттың қадірін
сабақтан кешіккен оқушыдан сұра.
Бір
секундтың қадірін апаттан аман
қалған кісіден сұра.
2. Туған
жер туралы 1 шумақ өлең шығар.
Гүлсара:
Туған жерде өстім мен ,
Бір гүлі болып
құлпырып
Туған елім - күн көзі
Жайнай
берем ұмтылып.
3. Анаға
арнап 1 шумақ өлең кім шығара алады?
Динара : Ана- деген ең
асыл,
Мейірімі күнмен тең.
Анама
айтам мың алғыс,
Мені әлдилеп
тербеткен.
4. 1 шумақ өтірік
өлең ұйқастыру.
Нұрсая:
Қыстыгүні бақшадан
Алма теріп
әкелдім.
Алма сатып, көкеме
Шетелдік
көлік әпердім.
Жадыра : Жарайсыңдар
балалар , талаптарың таси берсін !
Шығармашылық қабілеттерің өте жақсы
деңгейде екен.
Бибарыс : Олай болса
сөз соңында бізбен бірге төрт жыл бойы
ыстыққа күйіп, суыққа бірдей тоңып,
әрдайым қасымыздан табылған ұстаздарымызға
деген шәкірттік ризашылығымызды сөзбен
айтып жеткізу қиын екен. Бірақ оқушылық
күндерімізбен бірге олардың есімдері
жүрегімізде алтын әріппен сақталады.
Мағжан
: Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма
?
Бастауышта айтылмаған сыр бар ма
?
Бастауышта алған білім, жырларым
,
Азық болар мәңгі талай жылдарға.
Серік
: Өтті сенде қызық шағым
,
Бастауышым – бал бұлағым .
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен
қол бұлғаймын.
Ән «Қош бастауыш»
Хормен
: Білім берген біздерге,
Рахмет, ұстаз
сіздерге !
Құттықтау
сөз.
Құланды орта мектебінің бастауыш
сынып мұғалімі Ергешова Фарида Қалдыбайқыз
Бастауышпен қоштасу мерекесі
Мақсаты: 1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын , бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу.
Бастауыш сыныбымен , алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру,әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт – сапар тілеу.
3.Білім берер ордасы- мектепті , ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлғын арттыру.Өз Отанынының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: шарлар,кілт,фотомонтаж,слайдтар.
Видеоролик «4 жыл бірге…»
Кіріспе сөз:
Мұғалім:
Тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған « Қош бол, бастауыш» мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!
Қош келіпсіздер , құрметті ата – аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.
Толқимыз , толқып тұрсыз баршаңыз да
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық
4 ә сыныбын ортамызға!
«Учат в школе» музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді.
Мұғалім:
Армандасаң да , қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне , бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр.Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған , білім нәрімен сусындатқан ,өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына,ата- аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.
Музыка «Жазамын жүрегімнен»
Айжан: Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты .
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар , ұстаздарым қымбатты!
Дияз : Армысыздар әжелер мен аналар
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар
Мұхтар: Армысыздар өр тұлғалы әкелер!
Қыран құстай балапанын мәпелер.
Бүгін міне бастауышпен қоштасады,
Азамат боп , кешегі сәби- еркелер!
Ақниет:Армысың сен , алтын ұя мектебім
Саған айтар жыр- алғысым көп менің
Жүректерге жаққан білім шырағын ,
Мектебіме арналады бұл әнім!
Айжан : Дұрыс айтасың Ақниет ! Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші.Менің атам да, әжем де , әкем де, анам да , енді мен де мектептен тәлім алудамын.
Ақниет : Олай болса Айжан алтын ұя мектебімізге арнап
Бота Бисенова апамыздың «Мектебім» әнін шырқайық!
Ән: Мектебім.
Ақниет: Айжан ,айтшы менің білуімше Пришахтинск қаласында 25-інші,30-ыншы,33-інші , 18-інші мектептер бар.Бірақ та сендер осы мектепке келіп білім алып жатырсыңдар.Мектебің жайлы не айтар едің?
Айжан:Иә,Ақниет біз №32 орта мектебінде 4 жыл бойы білім алдық.Аралас мектеп.1500-дай оқушы білім алуда.Биыл 3 оқу үздігі мектеп бітірмекші.Мектебіміз қаланың 81 мектебінің арасында бірінші ондыққа кіреді.Мектебімізбен біз де мақтанамыз.
Мұхтар: : Иә мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық
1 оқушы : Мектеп деген білім кені , жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға.
Мектеп деген даналардың мекені.
2 оқушы: Мектебім- білім берер алтын ұям.
Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.
Баулыған 4жыл бойы ата- анамдай.
Әрқашан қасиетті атың маған.
Арада өтсе дағы дүркіреп жыл ,
Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.
Өзіңе борыштармын өмір бойы
Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.
3 оқушы:Армысың сен алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мақтан етем сені мәңгі мектебім.
4 оқушы:Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Алтын ұя, ақ босаға киелі.
Қанат қаққан білім алып өзіңнен,
Күллі шәкірт саған басын иеді.
5 оқушы:Мектебім , алтын ұям , нұрың жарық,
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.
6 оқушы: Мектеп – үйім , ұстазым менің – ата- анам,
Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.
Саяң ыстық , сен мәуелі бәйтерек.
Тамырланып , сан тарапқа тараған.
7 оқушы: Мектебім- сүйікті мектебім,
Бауырыңда түлеймін , көктеймін.
Сен – бұлақ, мен- қайың бүр ашқан,
Өзіңнен нәр алып көктедім.
8 оқушы: Мектеп – кеме , білім – теңіз,
Барар жерге тез жетеміз.
Төрт жыл алған білім нәрін ,
Азық етіп ер жетеміз.
Мұғалім:Было сказано много хороших слов о нашей школе. Мы гордимся своей школой. Школа дает не только знание,воспитание , а также моральную поддержку.Благодаря администрацию во главе директора школы дети с нашего класса были приглашены на разные новогодние елки. Гульдана на президентскую елку, а дети из многодетных семей Мадина и Акбота были приглашены на елку акима города. Еще раз ограмное спасибо нашему директору Анатолью Иосифовичу.(аплодисменты)
Директору – слово для поздравления.
Он огласит педсовета решенье.
Сегодня приказ он нам зачитает,
И каждый из вас диплом получает.
Сөз кезегі мектебіміздің директоры Хомин А.И.беріледі.
Мектеп оқушыларының 5 сыныпқа көшірілу бұйрығын оқып,мадақтамалар таратады. Марапаттау рәсімі
1.Озат оқушыларды құттықтау(Айжан гүл шоғын тапсырады)
Ән «Жауқазын»
Дияз: Құрметті Жадыра апай, қош келдіңіз,
Өзіңізді мақтан етіп жүреміз біз.
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз,
Сөз береміз құрметпен өзіңізге,
Түлектерге арналсын тілегіңіз.
Дияз:Екпінділерді құттықтау оқу ісінің меңгерушісі Жадыра апайға тапсырылады. (Бота гүл шоғын тапсырады)
Дияз: —балалар айтыңдаршы біздің мерекеге келген қонақтар біз жайлы білгілері келіп отырған шығар,өзімізді таныстыра кетсек артық болмас еді…….
Айжан: 4 сыныпты 22 бала бітіргелі отыр
Мұхтар:Сыныптың орта жасы- 9 жас
Ақниет:Бойлары -130 см
Дияз:салмақтары — 30 кг
Айжан:4 жылда әр бала 15 см-ге өсті
Мұхтар:4 кг салмақ қосты.
Ақниет: сынып оқушылары көңілді,қайырымды
Дияз: 11 қыз бен 11 ұл,4 оқу озаты мен 9 екпінді
— 4 жыл бойы білімнің қиын баспалдағын басып,мыңдаған сабақтар оқыды.
-ондаған ережелер жатталып,жүздеген есептер мен мыңдаған мысалдар шешілді.
— басымызға көптеген ғылыми түсініктер қалыптасып,ал кейбіреуі әлі де сыймай жатыр
— үй тапсырмасын орындауға кеткен уақытты есептемегенде мыңдаған сағатымыз партада отырумен өтіпті.
— 6560 дәптер жазып тастаппыз
— қосымша парақтарды айтсаңшы
-шпаргалканы ма.
— 4 жылда 6600 қоңырау соғылды. 4жыл еңбектендік.
-Ал ол дегеніміз — 2 904 сабақ
— 102 сынып сағаты
— 2 433 шулы, көңілді үзілістер
— тау-тау оқылған кітап беттері
— реніштер мен қуаныштар,қызықты оқиғалар.
Оқушылар хормен : Бұған тек әлділер ғана шыдайды.
Дияз: десек те біздің сыныпта ешкім екінші жылға оқуға қалған жоқ қой,тек басқа мектепке ауысқандары болмаса
Мұхтар: олар кімдер?
Айжан: — Аяна , Гүлдана,Тамырлан,Назира
Мұхтар:сүйіп оқитын сабақтары……….
Ақниет: жақсы көретін жерлері -кітапхана
Дияз: ендеше сөз кезегін бүгінгі мерекенің қонақтары кітапханашы апайларға береміз поздравительное слова нашим библиотекарям
(вручение букетов)
Ақниет :Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға , жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім – мектептің жүрегі» — деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.
Мұхтар:Дұрыс айтасың Ақниет ,ғылым иесі ғалым да , ел қорғаған батыр да , тілінен бал тамған ақын да , тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі- бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған.
Айжан:Ұстазымыздың қасындағы Шолпан Бергеновна апай маған қатты ұнайды.Мен құттықтау сөзді сол кісіге бергім келіп тұр. Спортшыларымызды да Шолпан Бергеновна марапаттайды.
3.Мектептің атын көтерген спортшыларды құттықтау
(Мұхтар гүл шоғын тапсырады)
Ақниет: Балалардың ұстазға арнаған ән -жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің Айжан ?
Айжан : Иә ,бұл туралы батыр Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді»деген екен. Олай болса келесі өнерімізді ұстаздарымызға арнаймыз
Музыка «Еркем-ай»
Көрініс:КВН
1қыз:Аружан
Қыздар білесіңдер ме менің қолыма сиқырлы таяқша түссе,мен не істер едім?
—не істер едің?
—мен ұстаздарымды құнарлы тамақтармен тамақтандырып,ауыздарынан бал ағызар едім.
2 қыз:ал мен ұстаздарды ағылшын стилінде киіндірер едім
3 қыз:мен болсам мектепке келген баланың бәрін вундеркинд қылар едім сонда нашар оқитын оқушы да болмас еді
Музыка «Еркем-ай» орындарын ауыстырады
1қыз:
-қыздар айтыңдаршы,мұғалімдер осы бізді қандай қалыпта көргілері келеді?
— «Мұғалімдер бізді осылай көргісі келеді»(қолдарын үстелге қою)
— Мамаларымыз ше ?
-Мамаларымыз былай көргісі келеді «сыпыру)
— Папаларымыз ше ?
— Папаларымыз мынаны қалайды,көргісі келеді (маңдайларын керіп,қарындарын сипау)
-Сыныптас ұлдар мынаны ,көргісі келеді (қолын жүрегіне қойып, жүректерін ұсыну)
9 оқушы:Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді,
Бар асылын бізге жиып , мол береді.
Қанатымен су себелеп асыл жан,
Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.
10 оқушы:Тек үйреттің әділдікті , адалдықты,
Жирендік , ажыраттық жамандықты.
Жалғастырар ақ жолың сенің салған,
Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты.
11 оқушы: Жарық күннен жылы жүзің елестер,
Құлағымда өзің берген кеңестер.
Жанарымда алыс тартқан қара жол,
Көз жұмсам да көре тұғын белестер.
12 оқушы:Қоңыр үнді даусың әсем таңдардай ,
Ұстазымның жүзіндегі нұр қандай?
Мейірлене қарап қойып біздерге,
Күн астынан сабақ беріп тұрғандай
13 оқушы: Ұстазым! Ұстазым өзің едің асқақ әнім,,
Басталған ақ батаңнан жас талабым.
Ұғындым ұлылықтың, даналықтың,
Ұстаздың ұлағатынан басталарын.
14 оқушы: Мұғалім ұстазысың балалардың,
Болашақ ғалымдардың , даналардың .
Өмірде сенің алар орыныңа ,
Бірі де жеткізе алмас бағалардың.
15 оқушы: Кеп- кешегі жабырқау қайда қалған,
Шықпаушы едік бір елі айналаңнан.
Мейірің ба , ұстаздық жүрегің бе?
Жан дүниесін баланың жаулап алған.
16 оқушы:Нұр құйған санасына зейіндінің.
Нұрлы шам сәулесіндей мейірімің.
Дарыттың адамдықты шәкіртіңе,
Дамыттың дарын отын бейімдінің.
17 оқушы:Алғашқы ұстаз, ерекше тұлға дара шың,
Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын.
Сағына әркез суреттерді парақтап.
Шәкірттерін жиі еске алатын.
18 оқушы:Жаралған жақсы үмітпен мұраттардан ,
Жансыз ғой әлдилеген шуақты арман.
Жатталады жан жүректе есіміңіз,
Адамның аяулы үні сияқтанған.
19 оқушы:Шәкірттер сіздерді айтып мақтанамыз,
Бейнеңіз жүректерде сақталады.
Біз әлі биіктерден көрінеміз,
Үміт пен сеніміңіз ақталады .
Бәрі : Мың алғыс сізге біздей түлектерден,
Мың алғыс мына отты жүректерден!
Дияз:Бізге білім нәрін берген ұстаздар Қарашаш апай мен Ирина Рашидовнаға гүл шоқтарын тапсыруға рұқсат етіңіздер.
Гүл шоқтарын тапсыру.
Ән: «Ұстазым»
Айжан: Иә осыдан 4 жыл бұрын , біз 6 жастағы сәби -балалар сөмкемізді зорға көтеріп,мектеп табалдырығын жасқана аттаған едік.
Мұхтар:: Енді міне сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз.
Ақниет: Иә, міне сағымдай өте шыққан 4жыл ішінде біздің ұстаз анамыз сауатты, тәрбиелі, өнегелі азамат етіп шығарды.
Айжан: Ендеше бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпасқа !
20оқушы : Жасқана кіріп жарық сыныпқа біз.
Әр бетін Әліппенің күле ашқанбыз.
Мұғалім сабақ өтіп жатқан кезде,
Қайталап атымызды сұрасқанбыз.
21 оқушы: Әр үйдің ерке өскен тентегі едік,
Ақылға келе алмадық ерте көніп.
Бойымыз бірте- бірте үйренісіп.
Мектептің ережесін үйрендік кеп.
22 оқушы: Өмірдегі жолымды бір өзіңнен бастадым,
«А»әрпін алғаш сеннен бастадым.
Ұстазым естен кетпес мәңгілікке,
Мейіріммен жауырынымнан қаққаның.
23 оқушы:Бірдей біздің ойымыз да , сырымыз,
Бір мектептің ұлы менен қызымыз.
Бірдей өстік оқуда да еңбекте,
Күліп – ойнап біріміз бен біріміз.
24 оқушы:Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?
Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?
Бастауышта алған білім, жырларым,
Азық болар , мәңгі талай жылдарға.
25 оқушы:Бастауышым- бал бұлағым ,
Алдым сенен балдың дәмін.
Әріп танып, білім алып
Рахметімді жаудырамын.
26 оқушы : Бастауышым- балбұлағым
Лаулап жанған шам шырағым.
Өзің берген біліміңмен,
Самғап ұшар тау қыраның.
27 оқушы :Өтті сенде қызық шағым,
Бастауышым- бал бұлағым.
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймын.
30 оқушы: Ойланып есеп шығартып,
Төрт таңбаны білдірген.
Ғылымдардың патшасы,
Математика данасы
31 оқушы: Қазақ тілі пәнінен,
Білім алды балалар.
Сөйлемді, сөз таптарын,
Етістіктің шақтарын,
Жалғаулар мен жұрнақтар.
Ережесін жаттадым.
32 оқушы: Ой жіберсең бәріне ,
Дүниетану пәніне.
Өмір сырын үйретер,
Пәннің жақсы бірі де.
Жер байлығы көп екен,
Игеруді қалайды.
Осының бәрін білдірген ,
Дүниетану сабағы.
33 оқушы:Үйренеміз жалықпай,
Орыс тілін шарықтай.
Тіл сындырып,ән айтып,
Шаттанамыз қалықтай,
Қарашаш апай тәлімі
Сәулелісін шашқан жарықтай.
Музыкалық сәлемдеме «Бала тілегі»
Музыка «Еркем-ай»
Көрініс: «5 сыныпқа бірге барам»
Айжан:Достар менің де сендерге арнар тілегім бар.5 сыныпқа бара жатырсыңдар ,сабақты 2 мен 3-ке оқымаңдар,қастарыңа тек 5 пен 4 ерсін.2 мен 3-тің керегі жоқ
1,2 мен 3 бейнесіндегі қыздар кіріп келеді: —бізді неге апармай жатырсыңдар,біз де ереміз
Айжан:-сендер кімсіңдер?
Үшеуі:- мен сұлу да сымбатты баға «1»-мін.Мынау менің аққу мойын апам «екі»,ал мынау томпақ әпкем «3»
Бәрі: —біз сендерді ертпейміз
Үшеуі:-неге, біз де барамыз.
Балалар ақылдасады.
Эльдана:-жақсы бағалар ,біз сендерді ертіп апарамыз,бірақ баға ретінде емес.Сендер үнемі бізбен бірге болатындай етіп жарыстарда иемденетін орындарға айналдырамызАйналғыларың келе ме?
Үшеуі:Әрине,бірақ ол үшін біздің тапсырмамызды орындаңдар
(1-ден басталатын құс,ән аты.2-ден басталатын қала аты…3 санының көбейту кестесі)
Бағалар орындарға айналады.(І орын,ІІорын,ІІІорын)
Ақниет : Қонақ деген ырысың мен мерейің,
Енді аяңдап қонақтарға келейін.
Уақыт бөліп бізге тілек білдірер,
Сөз кезегін қонақтарға берейін.
Дияз:Соңымыздан еріп келе жатқан 3 сынып оқушыларына білім кілтін табыс ету оқу үздігі Атаева Айжанға тапсырылады.
3 сыныптың құттықтау сөзі.
«Қанқыздар»биі
Мұхтар: Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата- анамыз. Қатарымыздың теңі болып , тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы.
Айжан:Ыстық- ау кім- кімге де әке деген,
Суыққа шалындырмай, мәпелеген.
Өмірдің соқпағымен өрге тартып,
Алдымен адам бол деп жетелеген- дегендей әкенің орны бөлек -ау.
34 оқушы:Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,
Аумайсың жарығы мол ашық күннен.
Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін.
Ақылды балаларың оны білген.
Айжан:Әр ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып,елге қалаулы азамат болса екен дейді. Халқымызда мынадай бір нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да борышыңды өтей алмайсың» деген .Алайда ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін!
Ақниет: Иә, дұрыс айтасың Айжан. Біз болашақта саналы да, ақылды бала болып өссек, ананың арманы орындалды деген осы емес пе?
35 оқушы:Дүниеге әкелген ,ол да сенің анашың,
Ақ сүт беріп өсірген , ол да сенің анашың.
Тіл алмасаң кешірген , ол да сенің анашың,
Мәпелеген баласын,аман болсын анашым!
36 оқушы:Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,
Болармын күні ертең- ақ мақтанышың.
Білім алып, тер төгем , еңбек етем,
Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін!
Ән « Анашым»
Мұғалім: Жақсы шәкірт азамат атанады,
Халқынан, ата-анадан бата алады.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырайық ата-ананы.
Ата-аналардың құттықтау сөзі
Ата-аналарға 12сұрақ
-нашар оқитын оқушы сөмкесіндегі ұнамсыз зат(күнделік)
-сабақ білмейтін балаларға жаймен не беруге болады? (подсказка)
-мектептегі басты адам (оқушы)
-мұғалімдер күні тойланатын ай (қазан)
Мектеп өмірінде директордың өзі оған бағынады,ол не?(қоңырау)
Қалам мен карындаштың үйі (пенал)
Әріптері жиыны (алфавит)
Балалар білім алатын жер (мектеп)
Дыбысы жоқ әріптер (ь,ъ)
Бұрышсыз фигура (шеңбер)
Түнгі жарық (ай)
Түбір соңындағы қосымша (жалғау)
Ақниет: Жетекші боп жүрдіңіз түлегіңе
Біздерді ойлап көңіліңіз жүдеді де,
Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін,
Сіздерге арнап айтатын тілегін де- дей отырып сөз кезегін ұстаздарымызға береміз!
Ұстаз тілегі:
Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне,
Сенімдердің айналыңдар серперіне.
Ұстаздық ақ жүректен мен тілеймін,
Тек сәттілік – шәкірттерім ертеңіңе.
Айналайын жап- жарқын жүздеріңнен,
Аластайтын жаныңды күз көңілден.
Мен сендерге мәңгілік тілекшімін,
Тілек тілеп тұратын іздеріңнен.
Мектеп директорының орынбасарларының құттықтау сөзі
Слайд сынып оқушылары мен ата- аналары өмірінен көріністер.
Музыка «Еркемай»
«Есеп».
Баласы:Мама , кешегі шығарып берген есебіңіз түп түгел қате екен.
Мамасы : Не дейді? Мүмкін емес!
Баласы:Ашуланбай ақ қойыңыз, өзге балалардың
Аналары да сол есепті шығара алмапты.
Музыка «Еркемай»
«Ең қиын сұрақ»
Баласы: Мама, мен бүгін бүкіл сынып оқушылары жауап бере алмаған сұраққа жауап бердім.
Анасы:Өте жақсы балам, ол қандай сұрақ?
Баласы:Сынып бөлмесінің терезесін кім сындырды деген сұраққа…
Музыка «Еркемай»
«Емтихан»
Анасы : Балам, кешегі емтиханды қалай тапсырдың?
Баласы: Жақсы тапсырған шығармын. Өйткені мұғалім жазда тағы келесің деді ғой.
Анасы : Жарайсың балам, өзіме ұқсаған екенсің.
Музыка «Еркемай»
Баласы :біздің сынып оқушылары жаңалық ашты
Анасы: қандай жаңалық?
Баласы ең жақсы сөздер к-дан басталады екен .Мысалы, кола,кәмпит,киндер-сюрприз, каникул
Баласы: ал ү –ден керісінше нашар сөздер шығады екен: үй тапсырмасы,үндемеу, үш
Мұғалім:
-Түлектер сендер енді 5 сынып оқушысыңдар.Маған алдағы уақытта орта буын оқушысы ретінде ,достарыңа ,ұстаздарыңа тік қарап тұрып ,осы антты бұлжытпай орындауға серт беруге дайынсыңдар ма?
-дайынбыз
-тақта алдында қақпашыдай болып барлық сұрақты қиынды да , оңайды да қағып алуға,орындауға ант етесіңдер ме?
-бір-біріңе бауырдай қарап,дос болуға,қиындықта тастамауға ант етесіңдер ме?
-мұғалімді ашуландырмауға,арттарыңнан жаман сөз айттырмауға ант етесіңдер ме?
-мектеп коридорында үзілісте тек 60 км/сағ жылдамдықпен қозғалуға ант етесіңдер ме?
-аптасына кем дегенде 1 рет 402 кабинетке соғып тұруға ант етесіңдер ме?
-білімнің тұңғиық,түбіне сүңгуге ант етесіңдер ме?
Ендеше түлектерге ақ жол тілеп бастауыш мектептен шығарып салайық.
Бастауышпен қоштасу мерекесі
«Бастауышым-балбұлағым»
Мақсаты:
1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын ,бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу.
2. Бастауыш сыныбымен ,алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздар мен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт – сапар тілеу.
3.Білім берер ордасы-мектепті , ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанынының адал ұлымен қызы болуға тәрбиелеу. Көрнекілігі: «Шуағын төккен 4 жыл» фотомонтажы. Слайдтар. Қанатты сөздермен тақырып,шар.
Кіріспе
сөз:
1
жүргізуші:
Ерасыл
Армысыздар,
мұғалімдер, әз жандар,
Білім
іздеп инемен құдық қазғандар.
Сан
ұрпақты тәрбиелеп оқытқан,
«Өмір»
деген ұзақ жолда тарландар!
2
Жүргізуші: Аяулым
Бүгін,
міне, қоштасады бастауышпен балбұлақ,
Әні
менен жырларына тарландарым, сал
құлақ,
Кеше
сәби, бүгін міне, жас ұлан,
Лаулап
жансын болашағың, шамшырақ...
«Бастауышым
– балбұлағы!» атты
мерекелік кешімізді бастауға рұқсат
етіңіздер!
Құрметті
ата - аналар, қымбатты әріптестер,
оқушылар! Бүгінгі күн – ерекше күн. Оның
ерекшелігі 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын
жүрексіне аттаған балаларымыз білімнің
негізі болатын бастауышта оқып, білім
алып, қанаттарын қатайтып бастауыш
сыныппен қоштасқалы отыр.
3
жүргізуші: Индира
Білім
бізді қызғалдақтай гүлдетті,
Бастауышты
тәмәмдайтын күн жетті.
Қошеметпен
шақырамыз ортаға,
Қадам
басқан шәкірттерін құрметті,
4 жүргізуші: Айсұлтан
Толқимыз,
толқып тұрсыз баршаңыз да
Мұндай
күй болған сірә қаншаңызда.
Қол
соғып, қошеметтеп қарсы алайық,
4
«Г» сыныбын ортамызға!
Музыка
әуенімен бастауыш сынып түлектері
ортаға шығады.
Ұлдар: Ассалаумағалейкум,
ағайындар!
Қыздар: Армысыздар,
аяулы ұстаздар, ақжаулықты аналар,
ардақты әкелер!
Барлығы: Бүлдіршіндер
еліне, Қош
келіпсіздер!
Мұғалім
сөзі:
Ажырамай
мектеппен бір елі сіз,
Жақсылыққа
жаралған жүрегіңіз.
Сөз
берелік құрметпен өзіңізге,
Түлектерге
арналсын тілегіңіз, - дей келе мерекелік
кешімізді ашу үшін сөз бүлдіршіндер
елінің басшысы
Сатбаев
Бақытжан Саттарұлына
беріледі.
1
номер: .Ханшайымдардың
орындауында Қазақ биі қарсы алыныздар.
1
жүргізуші:
Бала
шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге
ой түзеткен сымбатты.
Күн
нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар,
ұстаздарым қымбатты.
2
жүргізуші::
Армысыздар,
әжелер мен аналар,
Ұрпағыңыз
күнде өзіңнен бата алар.
Ел
дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен
ғой Абай, Ыбырай бабалар.
3
жүргізуші:
:
Армысыздар, өр тұлғалы әкелер,
Қыран
құстай балапанын мәпелер,
Бүгін
міне бастауышпен қоштасады,
Азамат
боп кешегі сәби еркелер.
4
жүргізуші:
Армысың
сен алтын ұя мектебім
Саған
айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге
жаққан білім шырағын,
Мектебіме
арналады бұл әнім.
2
номер:
Ән:
Мектебім
1
оқушы: Жансерік:
Мектеп деген білім кені , жыр кені.
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға.
Мектеп деген даналардың мекені.
2. оқушы:Амангелді Жанерке
Мектеп – үйім , ұстазым менің – ата- анам,
Сеннен өсіп, сеннен ғана нәр алам.
Саяң ыстық ,сен мәуелі бәйтерек.
Тамырланып , сан тарапқа тараған
3. оқушы:Исмағұл
Мектебім- білім берер алтын ұям.
Ержетіп сенде сөзім, арттысанам.
Баулыған 4жыл бойы ата- анамдай.
Әрқашан қасиетті атың маған.
Арада өтседағы дүркіреп жыл ,
Әр күні балалықтай біржүрекбұл.
Өзіңе борыштармын өмір бойы
Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.
4.оқушы:(Асылбекқызы Жанерке)
Алтын ұя мектебім аялаған
Бар балаға білім беріп сая болған
Үлкен жолға түсіріп шәкірттерін
Жаманға да жақсығада пана болған!
5. оқушы:Нұртай
Мектеп – кеме , білім – теңіз,
Бараржергетезжетеміз.
Төртжылалғанбілімнәрін ,
Азық етіп ер жетеміз.
6 оқушы Анель
Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Алтын ұя, ақ босаға киелі.
Қанат қаққан білім алып өзіңнен,
Күллі шәкірт саған басын иеді.
5 оқушы: Мағжан
Мектебім , алтын ұям , нұрың жарық,
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,
Тұрады
құлағымда сыңғыр қағып.
Аяулым: «Ұстаздық
еткен жалықпас үйретуден балаға», - деп
Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға
қалам ұстап, білім нәрімен сусындатқан,
мектептегі анамыз – ұстаз екені бәрімізге
мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән -
жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не
айтар едің Ерасыл?
Ерасыл:
Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей
оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі
шексіз. «Мұғалім - мектептің жүрегі» -
деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.
Индира:
Иә, бұл туралы Бауыржан атамыз: «Болашақтың
басшысын да, данасын да, ғалымын да,
еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз
өсіреді» деген екен.
Айсұлтан: Олай болса келесі жырымызды ұстаздарымызға арнаймыз!
1оқушы Нұрсая
Тек үйреттің әділдікті , адалдықты,
Жирендік , ажыраттық жамандықты.
Жалғастырар ақ жолың сенің салған,
Бар деп ұққан әрқашан балаң мықты.
2оқушы:Дамир
Ұстаздың оттай ыстық алақаны
Болған соң ойлайтыны – бала қамы
Баладан ұстазыма мың сан алғыс
Өйткені ол ұстазымның ақ арманы
3.оқушы:Жансая
Ұстазым бізді білім беріп өсірген
Қатемізді әрқашанда кешірген
«Өмір жолы қиын жол» деп әрдайым
Тәрбиелеп,ақылды ғып өсірген
4.оқушы: Ғазиза
Орыс тілі әр кезде керек ертең
Меруерт апайымыздың көңілі өте көркем.
Ашық жарқын жанары қашан көрсең,
Барлық жандар осындай болса екен.
5.оқушы: Батырхан
Музыка атты пәніміз,
Айтылар онда әніміз.
Серікгүл апай үйретсе,
Шырқатамыз бәріміз.
6 оқушы Алина
Жүрегімде ағылшын апайлары берген сабағы
Өн бойыма тамырланып тарады.
Ұмытпаймыз бізге үйреткен ағылшынын
Мәңгі бақи есімізде қалады.
7 оқушы: Айжан
Мектебімде Нарғұлан ағай бар
Бізді ағай жүгіртеді, секіртеді
Жаттығудың неше түрін жасатып,
Әрқашан денең шымыр болсын дейді.
8.оқушы Айнұр:
Жаралған
жақсы үмітпен мұраттардан,
Жансыз
ғой әлдилеген шуақты арман.
Жатталды
жан жүректе есіміңіз,
Адамның
аяулы үні сияқтанған.
9 оқушы:Ділназ
Алғашқы ұстаз, ерекше тұлға дара шың,
Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын.
Сағына әркез суреттерді парақтап.
Шәкірттерін жиі еске алатын.
10 оқушы: Айана
Жаралған жақсы үмітпен мұраттардан ,
Жансыз ғой әлдилеген шуақты арман.
Жатталады жан жүректе есіміңіз,
Адамның аяулы үні сияқтанған.
Бәрі:
Мың алғыс сізге біздей түлектерден,
Мың
алғыс отты мына жүректерден.
3
номер.Ұлдардың
биі Флешмоб
Айсұлтан бүгін
міне бастауыш сыныппен қоштасқалы
отырмыз,
бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпасқа?
Қайыржан
Бастауышта
шырқалмаған жыр барма?
Бастауышта
айтылмаған сыр бар ма?
Бастауышта
алған білім жырларым,
Азық
болар, мәңгі талай жылдарға.
Наргиз: Бастауышым
– бал бұлағым,
Алдым
сенен балдың дәмін.
Әріп
танып, білім алып
Рахметімді
жаудырамын.
Ринат: Бастауышым
– балбұлағым,
Лаулап
жанған шам шырағым.
Өзің
берген біліміңмен,
Самғап
ұшар тау қыраның.
Аяжан
Өтті
сенде қызық шағым,
Бастауышым
– балбұлағым.
Қоштасар
күн жетті міне,
Қимастықпен
қол былғаймын.
Әлжаппар
Ерасыл
Мектеп,
мектеп бақытқа толды үйің,
Ұша
білсек болмас - ау тіпті қиын.
Бастауыштың
соңғы әнін шырқап бүгін,
Бастауыштың
билейміз соңғы биін.
Индира:
Мектеп
– кеме, білім – теңіз,
Барар
жолға тез жетеміз.
Адаспаймыз
ұлы жолда,
Ұстаз
берген білім қолда.
4
номер:Ортаға
Испан
би билейтін
қыздарымызды шақырамыз.
Айсұлтан:
«Үлкен
адам болсыншы», - деп жан - жақты,
Үлпілдетіп
балапандай самғатты.
Мейірімімен
мәпелеген біздерді,
Ата
- аналар аманбысыз ардақты.
Біздің
жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды
асырып жүрген біздің ата - анамыз.
Қатарымыздың теңі болып, тамағымыз тоқ,
көйлегіміз көк болып жүруі де сол
кісілердің арқасы.
Индира: Ыстық
- ау, кім - кімге де әке деген,
Суыққа
шалындырмай, мәпелеген.
Өмірдің
соқпағымен өрге тартып,
Әр
ана өз баласын мейірімді болса екен,
жақсы оқып, елге елеулі азамат болса,
екен дейді. Ерасыл
Халқымызда
мынадай нақыл сөзбар: «Анаңды Меккеге
үш рет арқалап барсаңда борышыңды өтей
алмайсын» деген.Алайда ардақты анамыздың
ақсүтін ақтай білгенгене жетсін!
Аяулым
Иә,
дұрыс айтасын Ерасыл!Біз
болашақта саналы да, ақылды бала болып
өссек ананың арманы орындалды деген
осы емеспе?
Ақ
сүт беріп аялаған,
Бізден
бәрін аямаған.
Жанашырым
саялаған, Ол кім?
Бәрі:
аяулы анамыз.
Ендеше,
сүйікті де, сүйкімді балалары өз аналарына
қандай әсем әндерін арнайды екен.
5 номер.Ән:
«Аналар туралы жыр» 4 «Г» сыныбының
орындауында.
Ерасыл:
Бесіктегі
баланың,
Күлгенін
көрген – бір мұрат.
Алдына
түсіп ананаң,
Жүргенін
көрген – бір мұрат, - деп ата – ананың
өзбаласына тек жақсылық тілейтіндігі
баршамызға аян. Олай, болса, бүгінгі
мерекелік кешімізге куә болып отырған
– барша көрермендердің ыстық ықыласын
тыңдайтын уақытта жеткен сияқты.
(Ата-аналарға
сөз беру)
Аяулым:
Жетекші боп жүрдіңіз түлегіңе,
Біздерді
ойлап көңіліңіз жүдеді де,
Шәкірттер
тыңдаңыздар ұстаз сөзін,
Сізге
арналған бір жүрек қалды ішінде!
6 номер .Ән
«Ұстаз»
Мұғалім:Жарайсыңдар,
балалар! Олай болса, ұлы жазушымыз Мұхтар
Әуезов «Ел болам десең – бесігіңді
түзе» деген екен. Ертеңгі еліміздің
болашағы – бүгінгі жас ұрпақ, сендерсіндер.
Мен сендердің болашақта тәуелсіз
Қазақстанды Орта Азияның барысына
айналдырып, әлемнің кез – келген елімен
терезесін тең ететін ұлтжанды азамат
болып өсетіндеріңе сенемін!
Өлкеміздің
айналыңдар ертеңіне,
Сенімдердің
айналыңдар серперіне.
Ұстаздық
ақжүрекпен мен тілеймін,
Тек
– сәттілік шәкірттерім ертеңіңе.
Айналайын
жап – жарқын жүздеріңнен,
Аластайтын
жаныңды күз көңілден.
Мен
сендерге мәңгілік тілекшімін,
Тілек
тілеп тұратын іздеріңнен.
1 - жүргізуші:
Қадамдарыңыз құтты болсын! Алдарыңызда тұрған балалар осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп-кішкене балдырғандар еді.
2 - жүргізуші Енді міне, ойлары да, бойлары да өсіп, егеменді еліміздің жарқын болашағын жасау мақсатында жоғары сыныпқа қадам басуда.:
3
жүргізуші
Біз бәріміз артқа тастап 4 жылды,
Ұмытпаймыз
ұстазымызды жаны ізгі
Пана болған,
дана болған біз үшін,
Жанымыздан
артық дер ек біз сізді.
7 номерВальс
4
жүргізуші:
Осымен
Бастауышым балбұлағым атты қоштасуымыз
өз мәресіне жетті.Қош – сау болыңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген