жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ю дыбысы мен әрпі
\Ашық сабақ "Ю әріпі"
Сабақтың
тақырыбы: Ю әрпі мен дыбысы
Сабақтың мақсаты: 1) Оқушыларға Ю әрпі, дыбысы туралы жалпы ұғым
беру, Ю дыбысы бар сөздер айту, дыбыстық, буындық, сигналдық
белгілермен жұмыс жасау;
2) Оқушының ойын, тілін дамыту;
3) Өнерді қастерлеуге, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу.
Көрнекілік: Ю әрпі, ауыл көрінісі, суреттер, жазба қағаздар.
Әдіс: түсіндіру, сұра-жауап.
Түрі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Оқу құралдарын түгендеу
Менің әжем, гүл әжем,
Алтын әжем, күн әжем.
Атам үшін күн әжем,
Нағыз ана тілі – әжем.
-Балалар мына өлеңді кім туралы айтылған? Әже деген кім? Сендердің
әжелерің бар ма? Әжелеріңе қолғабыс тигізесіңдер ме? Демалыс
кезінде қайда баруды ұнатасыңдар? Біз бүгінгі сабағымызды «Ақ
әжемнің» ауылына қыдырып қайтайық.
Мына геометриялық фигуралармен қандай транспорт түрін құрастыру
керек? (Автобус құрастырдық)
Әжеміздің ауылына жеткенше жаңылтпаш айтып, үй тапсырмасын оқып,
қайталап барайық. Кім қандай жаңылтпаш айтады? Дыбыстар нешеге
бөлінеді? Дауысты дыбыс деген не? Я қандай дыбыс? Басқа әріптерден
ерекшелігі не?
Я – әріпімен басталатын сөз айтшы? Қоян жайлы өлең білесіңдер ме?
(Ән айту «Сұр көжек»)
Әжеміздің ауылына келіп қалдық. Ауылдың көрінісіне көз салайықшы.
Ауыл таудың етегінде, орманның шетінде орналасқан екен, табиғаты
ауасы қандай тамаша!
Қазір қай мезгіл? Күз айы – қараша айын қандай ай деп атаймыз?
(Алтын күз)
Әнекей, балалар, әжеміз де көрінді. Әже сәлеметсіз бе? (Әже
келеді)
Әже: Айналайындар, келдіңдер ме? Денсаулықтарын жақсы ма, сендерге
сыйлық әзірлеп қойып едім.
Әуенді сандықты ашайық.
Ішінде не барын қарайық,
Балалар, мына нәрсе сырмақ деп аталады. Мен сендерге осыны
сыйлаймын.
-Рахмет, әже! Мен сізге бір өлең айтып берейін. (Әже өлеңі)
-Балалар, сырмақтың ортасынан, шетінен не көріп отырсыңдар?
- Ою.
- Ою не үшін қажет? Оюды тағы қайдан көрдіңдер?
- Кілемнен, қоржыннан, ыдыстан, киімнен.
-Енді, балалар, ою деп айтыңдаршы? Сендерге қай әріп таныс
емес?
-Ю дыбысы.
-Онда біздің жаңа сабақта өтетін дыбысымыз ю әріпі мен дыбысы.
Ю дауысты дыбыс, орыс тілінен енген, сирек кездесетін дыбыс.
Бұл әріптің ерекшелігі я дыбысы сияқты, айтқанда қосарлы дыбыс
естіледі.
Ю=Й+У; Я=й+а; Бірақ жазылғанда бір дыбыс жазамыз.
5. Мыны жұмбақты шешіңдерші:
Қыс бойына жатады,
Тәтті ұйқыға батады.
(Аю)
Буынға бөліңдерші. Аю бір буынды сөз.
Онда аюдың қимылын көрсетіп сергіту сәтін жасайық.
Сергіту сәті
6. Сөздік жұмысы
Балалар, мына сұраққа жауап беріп, әжемізді риза етейікші.
-Әже не сырды? Сырмаққа не салды? Ою қандай болды?
7. Оқулықпен жұмыс: сөздерді оқу, «ою» мәтінін мәнерлеп оқу,
мазмұнын түсіндіру.
8. Дәптермен жұмыс
Саусақпен ауаға жазу, жазу дәптеріне үлгіні көрсету.
Балалардың жазуларын бақылап көмектесу.
9. Қорытынды
Мына
сөзді оюлап буынға бөлейік, дыбыстық талдау жасайық, үш топтан (үш
оқушыны шығарып жарыстыру). Балалар біз енді ауылымызға қайтайық,
әжемізге келіп ю дыбысымен таныстық. Әжемізге рахмет. Әжеміз бізге
кетерде оюлар сыйлады: Қызыл ою «5», көк ою «4», сары ою «3».
Балаларды мадақтау.
Сабақ аяқталды.
Ұлттық кейіпкерлер туралы не білемін? Ф дыбысы мен әрпі
admin · Фев 25th, 2017 · 0 Comment
|
Күні: 17.02.2017ж. Сынып: 1 «Б» |
Қатысқандар саны: 20 Қатыспағандар саны: 1 |
||
|
Сабақтың тақырыбы: |
Ұлттық кейіпкерлер туралы не білемін? Ф дыбысы мен әрпі. Ашық сабақ. |
||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту 1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту 1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту |
||
|
Сабақтың мақсаттары |
Барлығы: Жаңа білімді меңгереді. Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады. |
||
|
Жетістік критерийлері |
Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады. |
||
|
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларды адам бойындағы жақсы қасиеттерге тәрбиелеу. |
||
|
Пәнаралық байланыс |
Музыка, көркем еңбек |
||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Видеожазба , таныстырылым. |
||
|
Тілдік құзыреттілік |
Фонарь-шам-lamp, фотоаппарат-суретке түсіргіш-camera, фонтан-су бұрқақ-fauntain. |
||
|
Сабақ барысы |
|||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|
|
Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру минут |
Мейірімді жүрекпен, Ақпейілді тіліекпен. Амандасып алайық, Бір жадырып қалайық. Қайырлы таң!!! -Балалар, менің қолымда екі бірдей сурет бар. Мен оны сендерге тараптып беремін. Біз не істейміз қазір? – Жұпқа бөлінеміз. – Дұрыс айтасыңдар, бүгінгі сабақта біз жұптық жұмыстар істейміз. Сынып ережесін қайталау: бір бірімізді мұқият тыңдаймыз, уақытты үнемдейміз, бір бірімізге кедергі келтірмейміз. – Балалар бүгін сендер тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайсыңдар. Адам бойындағы барлық жақсы қасиеттерді өз бойларынына жинайсыңдар. |
Шаттық шебері
Жұпқа бөлу парақтары
Сынып ережесі
|
|
|
Сабақтың ортасы минут
|
№1 Оқылым. – Балалалр, тақтада берілген сөздерді қайталап, хормен оқып шығайық. Әр сөздің мағынасын ашу. Кофе-хош иісті сусын түрі. Кафе-тамақтанатын шағын жер Ферма-шаруашылық орталығы Фирма-мекеме, жұмыс орындары Фото-сурет Факс-телефон арқылы жіберілетін хат Телефон – сөйлесу құралы Телеграф-телефон соғу орталығы Африка – елді мекен Суретпен жұмыс.(3тілде айтуды ұсыну) Фонарь-шам-lamp, фотоаппарат-суретке түсіргіш-camera, фонтан-су бұрқақ-fauntain. «Қай әріпті жоғалттым?» ойыны. 3 қатарға тапсырма беремін, тақтаға орындайды. Мысалы: теле..он, …акс, …ото, ка…е. №2. Жазылым. Дәптермен жұмыс. Дәптерімізді ашайық, Салақтықты тастайық. Қолға қалам алайық, Әдемілеп жазайық. (Жазу ережесін айта кетемін.) Сөздерге дыбыстық талдау жасап, әдемілеп сөздерді көшіріп жазады. №3. Тыңдалым. – Балалар, бірде Қожанасыр келе жатып, жолдан ұялы телефон тауып алады………….. осы мәтінді ары қарай жалғастырыңдар. (Оқушылардың жауаптарын тыңдаймын) – Жақсы балалар, маған сендердің әр айтқан ойларың құнды. – Сонымен жақсы адам не істер еді? (біреудің затын алмайды, иесіне қайтарып береді). Ел арасында Қожанасыр сияқты халықтың жағдайын ойлаушы, айлакер адам бар. Ол кім? – Алдар көсе. – Алдар көсе деген әрдайым байды алдап жүретін орақ ауыз, өткір тілді тұлғаның бірі. – Алдар көсенің мультфильмдерін кім көрді? – Ендеше мына суретке назар аударыңдар. – Алдар көсенің қай мультфильмінен үзінді? (Сиқырлы тон, алдамшы таяқ). №4. Айтылым. Көрініс көрсету. 3 қатарға тапсырма беремін. 1 қатар- Алдар көсеге мінездеме 2 қатар – Байға мінездеме 3 қатар – берілген сөзден мақал құрау. Адам көркі – ақыл. (ой қорту) |
Таныстырылым, оқулықпен жұмыс
Фотоаппарат, фонарь, фонтан суреттері
Тақтамен жұмыс
Суреттер
Тапсырмалар, суреттер
|
|
|
Сергіту сәті минут |
Видеожазба
|
Сергіту сәтіне арналған жинақ |
|
|
|
«Адасқан әріптер» жұптық жұмыс жүргізу.
|
Парақшалар |
|
|
Қызықты тапсырма
|
Жұптық жұмыс. Адамның бойындағы жақсы, жаман қасиеттерді іріктеу. |
Суреттер |
|
|
Сабақтың соңы минут
|
Рефлексия Жеттім Талпындым
|
|
|
|
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? |
4-5 «5» 3-2 «4» 1-0 «3» Әр тапсырма бойынша қалыптастырушы бағалау ретінде жұлдызшалар таратып отырамын. Соңғы жиынтық бағаларын өздері шығарады. |
Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік техникасының
сақталуы |
|
|
Қолдау көрсету. Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. |
Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы) Әр оқушыны мадақтаймын, мақтаймын, ынталандырамын. |
Музыка сабағы Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген