жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Юнлэ мен Токугава билігі Батыс билеушілірінің билігіндей шексіз болды ма?
Мектеп: |
|||||
Юнлэ мен Токугава билігі Батыс билеушілірінің билігіндей шексіз болды ма?
|
|||||
Күні |
Мұғалімнің есімі |
||||
Сынып 6дт |
Қатысқандар саны |
Қатыспағандар саны |
|||
Сабаққа негізделген оқу мақсаты |
6.3.1.2 Батыс пен Шығыстағы монархия формаларын (сословиелік-өкілдік және шексіз билік) ажырату
6.3.1.5 саяси биліктің ерекшеліктерін анықтау үшін әртүрлі ел билеушілерінің қызметін салыстыру
|
||||
Сабақ мақсаттары: |
Барлық оқушылар: Юнлэ менТокугава билігінің ерекшелігін анықтайды Оқушылардың басым бөлігі: Юнлэ менТокугава билігінің ерекшелігін салыстырады Кейбір оқушылар: Юнлэ менТокугава билігінің ерекшелігін талдайды |
||||
Бағалау критерийлері: (жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже) |
Дескрипторлар:
Берілген сұрақтар бойыншатопта талқылау жасайды; |
||||
Тілдік мақсаттар |
Тілдік дағдылар: |
||||
Терминология: Қытайпротестанттары, Жапония, Юнлэ император, мандарин (шенеунік), Конфуций, Тыйымсалынғанқала, коутоу, ТокугаваИэясусегуны, сёгун, самурай, вассал, даймё
|
|||||
Сөз тіркестері: - Юнлэимператоршексіз монарх болмады, себебі ... - Токугава Иэясу сёгун Юнлэ императорға қарағанда көбірек/азырақ шексіз билікке ие болды... - Мен Осман империясында шексіз билеуші/ шексіз билеушілер болды деп ойлаймын, себебі.... - Мен ....көбірек шексіз билікке ие болды деп санаймын |
|||||
Құндылықтарды дарыту |
- басқа мемлекеттердің тарихына қызығушылық қалыптастыру |
||||
Пәнаралық байланыстар |
География (Жапония,Қытай мемлекеттерінің территориясын картадан көрсету). |
||||
АКТ қолдану дағдылары |
|
||||
Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім |
Франция императоры XIV Людовик пен Ресейдегі Ұлы Петрдің өз империясында шексіз билеуші ретінде танылды, осы арқылы абсолюттік монархияның белгілерін Шығыс монархтарының билігінің ерекшеліктерін анықтау. |
||||
Жоспар |
|||||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығулар |
Ресурстар |
|||
Басталуы |
Миға шабуыл: Оқушылармен бірге Пекиндегі Тыйым салынған қалаға виртуалды саяхат жасау.(Бейнематериал негізінде) 1.Пекиндегі ғимарат архитектурасы, салыну үлгісі мен олардың орналасуы осы құрылысты салдырған билеуші туралы қандай мәлімет береді? 2.Бұл ғимараттың Версаль сарайымен қандай ортақ ұқсастығы бар? Оқушыларға Юнлэ мен Токугава монархтардың портреттері мен биліктің белгілерін көрсететін суреттер негізінде немесе бейнематериалды көрсете отырып, сабақ тақырыбына болжам жасату.
Жұмыс дәптеріне сабақ тақырыбын жазып, оқушылармен бірлесіп, сабақ мақсаты анықталады, тарихи концептті таныстырылады. |
Пекиндегі Тыйым салынған қала https://www.youtube.com/watch?v=XOIGkO-tVGs Версаль сарайы https://www.youtube.com/watch?v=o02EXvrWac8 |
|||
Ортасы |
М. Абсолюттiк монархияның негiзгi белгiлерiн еске түсіріп,таныстыру: – корольдiң сөзi бүкiл ел үшiн заң болды; – король қазынаны өзi билеп төстедi; – соттарды өзi тағайындап отырды; – армияны өзi басқарды; – салық мөлшерiн өзi белгiледi; – салық жинаушыларды өзi тағайындап отырды; – елдiң барлық халқы корольдiң боданы деп саналды. –шiркеудi өздерiне бағындырып алды. Б.Жапонияның картасын көрсету барысында мұғалім осы мемлекеттің XII ғ. аяғындағы саяси жүйесінің ерекшеліктерімен таныстырады. Ж Оқушылар мәтінді жеке оқып, Токугава Иэясу сёгунның Жапониядағы билігі тұсындағы кезеңін зерттейді. Ж. №1 тапсырма Мәтіннің негізінде берілген тапсырмалар бойынша терминмен жұмыс жасату. Дескрипторлар:
Ж. №2тапсырма.Төменде берілген дәйектемелерге (аргументтерге) мәтіннен мысалдар келтіру. (ҚБ) Әр жұп өз зерттеу жұмысының нәтижесін таныстырады. Дәйектер:
Дескрипторлар:
Т №3тапсырма.Шығармашылық жұмыс. Бір оқушыны император Юнлэні бейнелеу үшін орындыққа отырғызып, қалғандарын оның алдында басын көтермей, көзін төмен салып тұрғызу. Императордың алдында тұрған барлық оқушыларға «император» алдында еңкейіп, содан соң бір тізесімен тізерлеп, алақанын еденге төсеп, үш рет маңдайын еденге тигізуін және осы бас июді екі рет қайталап жасауын ұсыныңыз («коутоу» - ақсақалдарға құрмет көрсету немесе билік иеленушілерге, яғни императорға қатысты ежелгі қытай салты). Император рөліндегі оқушы мен бірнеше оқушыдан бұл рәсімді орындау сәтінде не сезінгендігін сұрау. Оқушыларға қытай императорын ұлықтау, сондай-ақ басқа маңызды жиындарда үш рет тағзым ету мен тоғыз рет төмен иілу ережесі дәстүрлі түрде орындалғандығын түсіндіру Дескрипторлар:
Т. №4тапсырма.Төмендегі сұрақтар негізінде топтағы оқушылар талқылау жасайды. 1.Императорға құрмет көрсету рәсімдері кезінде сарай төңірегіндегілер мен қызметшілер өздерін қалай сезінуі мүмкін? 2.Қытай және француз билеушілері өз бағыныштыларынан қандай қарым-қатынасты қалады? Дескрипторлар:
|
|
|||
Аяқталуы |
Рефлексия: Б Сёгун Токугава мен император Юнлэнің қайсысында шексіз билік басымырақ болды? деген сұраққа оқушылар өз дауыстарын береді. (аяқталмаған сөйлемдер) Мен білдім ...Мен үйрендім ...Маған ұнағаны ...Маған қиындық туғызды ...Менің көңіл-күйім |
|
|||
Қосымша ақпарат |
|||||
Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз? |
|
||||
Бағалау - Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайыз? |
|
||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? |
|
||||
Қорытынды бағамдау |
|||||
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1. 2. Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1. 2. Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек? 1. 2. |
|||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген