400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Юю дыбысы мен әрпі

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: сауат ашу


Мектеп:

Күні : 22.02.2019

Класы: 1 «В»

Мұғалімнің есімі: Атыгаева.Д.Т.

Бөлім

Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті

Сабақ тақырыбы:

Юю дыбысы мен әрпі

Ортақ тақырып

Кейіпкерлерді сипаттаймын

Оқу мақсаты:

1.2.5.1 мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе оқығаны бойынша қойылған сұраққа жауап беру (мұғалім көмегімен);

1.1.3.1 мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау;

Сабақтың мақсаты:

Барлығы: Әріпті танып ажыратады, жазылым жұмыстарын ұйымдастырады..

Көпшілігі: Мәтіннің мазмұнын сұрақтарға жауап беру арқылы баяндай алады.

Кейбірі: Шағын мәтіндегі негізгі оқиғалардың мәнін түсініп, ретін анықтап, алған білімін өмірде қолдана алады.

Ойлау деңгейі:

Білу,түсіну,қолдану.

Бағалау критерийлері:

Әріпті таниды,ажыратады.

  • Мәтіннің мазмұнын баяндайды.

  • Сұрақтарға жауап бере алады.

  • Мәтіндегі оқиғалардың мәнін түсінеді.

Дескриптор:

  • Сөздерді оқиды;

  • Сұрақтарға жауап береді;

  • Топтық тапсырманы орындайды.

Тілдік мақсаттар:


Аю – медведь- bear

Пәнаралық байланыстар

Дене шынықтыру, жаратылыстану

Құндылықтарды дарыту:

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу .

АКТ қолдану дағдылары

Суреттер, бейне ролик.

Бастапқы білім

Ұлттық кейіпкерлер

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар



Сабақтың басы

10 минут






























































Дәптермен жұмыс

5 минут



Сергіту сәті

3 минут














Сабақтың ортасы

25 мин






























Психологиялық ахуал


Армысың досым,

Кел маған қосыл

Алақанға салып алақан

Шеңберге бірге тұрайық

Жер шарындай айналып,

Әлемге жарық ұқсайық

Қолымызды көтеріп

Күннің нұрын алайық

Ортамызда күн нұры

Құшаққа оны алайық.

Оқушыларды 4 топқа бөлу.

1 топ. Аю тобы

2 топ. Қасқыр тобы.

3 топ. Түлкі тобы.

4 топ. Ара тобы.

Балалар, бүгін біз төрт топқа бөліндік. Бүгінгі сабақта әр топтан белсенділік танытып мен қойған сұрақтарға жауап беріп отырсаңдар сол топты бір – бір ұпайдан яғни мынадай аюлармен бағалаймын.

(Т) «Өткенге шолу». Әр топқа «Алдар көсе мен ұры» мультфилміне қатысты суреттер беріледі. Әр топ мүшелері суреттерді ретімен орналастыру керек.

Дескриптор:

-оқушылар суреттерді ретімен орналастырады;

-сурет бойынша мазмұндайды;

ҚБ: «От шашу»

-Балалар, менің қолымда тұрған нелер? Дұрыс ою мен аю. Осы сөздерде бізге таныс емес әріпті көріп тұрмыз?

Дұрыс айтасыңдар, бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз Ю дыбысы және әрпі. Ал енді қалай ойлайсыңдар бүгінгі сабақта қандай тапсырмаларды орындаймыз, мақсаты қандай екен сабағымыздың. (оқушылардың жауаптарын тыңдау). Балалар, ендеше барлығымыз экранға назар аударайық (Мұғалімнің қорытынды түсіндіруі). Балалар, сендер тағы қандай Ю дыбысы естілетін сөздерді білесіңдер? Жақсы ендеше тағы да экранға назар аударайық.

(Видео ролик тамашалау).

Оқылым. Жаңа сөздерді оқушыларға оқыту. Мағынасын ашу.

Аю – аң, ою – халық өнерінің түрі, киімде, көрпелерде болады ою, қою-айран қою болады, ал сүт сұйық болады, қою сөзін басқа мағынада да қолдана аламыз бір затты үстел үстіне қою деген сияқты. Құю- іс әрекет, түю-шашты түю, жіпті түю, есею-адам есейеді, үлкею-жыл өте келе адамдар үлкейеді,азаю – мысалы айранды ішсек ол азаяды, ал үстіне құйсақ көбейеді.

Дескриптор:

-сөздерді оқиды;

-мағынасын мұғалімнің көмегімен түсіндіреді;

ҚБ: аю суреттері. «Үш шапалақ»

Ал балалар, ендігі кезекте тағы да экранға назар аударыңдар.

(Ю әрпінің жазылуын көрсету)

(Ө) «Бастырып жазу» мен «Генетикалық» әдістер. Оқушылардың Ю әрпі мен әріп элементтерін көркем етіп жазады.

ҚБ: Ғарыш әлеміне бір қадам.


«Бала бала балақан»



Оқушыларға «Жеңімпаз аю» мәтінін оқып беремін.

Талқылау сұрақтары:

-Сендерге мәтін ұнады ма? Неліктен? -Әсіресе саған не ұнады немесе ұнамады?»

-Аю қалай озып кетті?

-Осы мәтіндегі кейіпкерлерді атайықшы.

Жақсы керемет балалар. Енді қәзір осы мәтінге байланысты тапсырма орындап жіберейік. (оқушылардан қалыптастырушы бағалау алу).

Осы мәтіндегі кейіпкерлерге сипаттама жасайық.

(Т) «Кейіпкерлерді сипатта» (ауызша)

-Аю, қасқыр, түлкі қандай аңдар?

-Түстері қандай?

-Аяғы қандай болады?

-Олар қайда тіршілік етеді?

-Ара қандай жәндік?

-Көлемі мен түсі қандай?

-Ол қайда тіршілік етеді?

-Адамдарға қандай пайдасы бар?

Дескриптор:

-аңдардың жабайы екенін айтады;

-Түстерін айтады;

-Аяқтарының үлкен кіші төртеу екенін айтады;

-Орманда тіршілік етенінін айтады;

-Араның кішкентай жәндік екенін айтады;

-Ұяларында тіршілік ететінін айтады;

-Арадан балл алатынымызды айтады;

(ҚБ) Аюдың суреттері.

Әр топ бір – бірін күлегештер арқылы бағалайды.


(Ө) «Не қайда мекендейді?»

-Балалар, қораптың ішінде суреттер бар. Сол суреттегі жануар мен құстардың қай жерде мекендейді сол суреттің тұсына барып тұруларың керек.

Қит, акула, қасқыр, қоян, түлкі, жолбарыс, арыстан, аю, дельфин, шортан, сазан, тиін, бұлбұл, тоқылдақ, жайын.








































































































Жүсіпова Назым.

Түсіп қалған әріптерді жазып сөздерді оқы.


































суреттер



Ою, аю суреттері, Ю әрпінің суреті






Оқулық































Жұмыс дәптері











https://www.youtube.com/watch?v=UiABp6i_Oi0






Ара, аю,қасқыр, түлкі суреттері




















Жануарлардың суреттері

Сабақтың соңы

2 мин

Рефлексия

Сабақты өте жақсы меңгерген оқушылар оюды жасыл түспен.

Орташа меңгерген оқушылар сары түспен.

Мүлдем меңгере алмаған оқушылар қызыл түспен бояйды.




Түрлі түсті қарындаш, ою суреттері

Саралау

Үлгерімі төмен оқушыларға тапсырмаларды орындау кезінде көмек көрсетіледі. Қабілетті оқушыларға топта өз сыныптастарына көмек көрсету сұралады.

Барлығы: Әріпті танып ажыратады, жазылым жұмыстарын ұйымдастырады..

Көпшілігі: Мәтіннің мазмұнын сұрақтарға жауап беру арқылы баяндай алады.

Кейбірі: Шағын мәтіндегі негізгі оқиғалардың мәнін түсініп, ретін анықтап, алған білімін өмірде қолдана алады.

Бағалау

(Т) «Өткенге шолу» әдісі – білімін саралауға, есте сақтау қабілеттерінің мүмкіндіктерін бағалау.

(Т) «Кейіпкерлерді сипатта» әдісі – оқушылардың сұрақта толық нақты жүйелі жауап беру біліктерін бағалау.

(Ө) «Бастырып жазу» мен «Генетикалық» әдістері – оқушылардың сауатты жазуын, әріп элементтерінің дұрыс жаза алу біліктерін бағалау.

(Ө) «Не қайда мекендейді?» әдісі - жеке ойлау дағдыларын, тапсырманы зерделеуін, ой елегінен өткізу мүмкіндіктерін бағалау.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


• Қимыл – қозғалыс жаттығуларын сергіту жаттығуы арқылы орындату



























Түсіп қалған әріптерді жазып сөздерді оқы.



О...

Қо...

Құ...

А...

Тү...









1.2.5.1 мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе оқығаны бойынша қойылған сұраққа жауап беру (мұғалім көмегімен);



1.1.3.1 мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау;






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 наурыз
426
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі