400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

y=√x функциясы, қасиеті және графигі

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Квадрат түбірлер және иррационал өрнектер

Мектеп: «Тұрмыс-1» ЖОМ


Күні: 24.10.2018ж

Мұғалімнің аты-жөні: Болтай Нұрдаулет

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

функциясы, қасиеті және графигі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

8.4.1.4

аргументтің берілген мәндері бойынша функцияның мәндерін табу және функцияның мәні бойынша аргументтің мәнін табу;

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • функциясы графигінің көмегімен аргументтің берілген мәндері бойынша функцияның мәндерін табуды және функцияның мәндері бойынша аргументтің мәндерін табады;

  • функциясының қасиеттерін қолданып есептер шығарады.

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

  • функциясы графигінің көмегімен тапсырманың шартына сәйкес аргументтің/функцияның мәнін табу алгоритмін білу;

  • есептелеулерді қатесіз орындау;

  • функцияның қасиеттерін және графигінің ерекшеліктерін есеп шығарғанда қолдану.

Тілдік мақсаттар

Оқушыларға:

Арнайы лексика және терминология

Функцияның графигі, функцияның анықталу облысы, функцияның мәндер жиыны, аргументтің мәніне сәйкес фунцияның мәні ...

Әзірлеу, анықтау, салыстыру, сәйкестендіру.

Диалог жүргізу мен жазуға қажетті сөздер қоры

Функция графигі бұл … ол… .

Бұл функцияның графигі болып табыл(май)ды, себебі… .

Қай формулаға/графикке осы график/функция сәйкес келеді?

Ереже мынадай … .

Құндылықтарды дарыту


Оқушылардың бір-бірін сыйлауға, математикалық тілде сауатты сөйлеуге, өз ойларын нақты жеткізе білуге баулу. Оқушыларды ұқыптылыққа, дәлдікке тәрбиелеу. Оқушылардың ойын жеткізе білуін және ой өрісін дамыту, шығармашылықпен жұмыс жасауға дағдыландыру.

Пәнаралық байланыстар

Геометрия: Пифагор теоремасы.

Физика:3 фазалық тізбекте ток күшін есептеу.

Бастапқы білім

7 сынып курсы бойынша

функциялары және олардың қасиеттері.

Осы бөлімдегі квадрат түбір мен оның қасиеттері.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут


Ұйымдастыру.

Оқушылардың сабаққа дайындығын байқау.

Сабақтың мақсат барысымен таныстыру.

Стартер.

Тапсырманың мақсаты: оқушылардың тақырып бойынша білімдерін жаңғырту, назарларын сабаққа шоғырландыру.

Тақтаға тігінен ФУНКЦИЯ сөзі жазылады. Оқушылар тақырыпқа сәйкес әрбір әріпке сәйкесінше терминдерді жазады.

Мысалы,

Формула

аргУмент

Н

К

Ц

радИкал

Я және т.с.с.





Сабақтың ортасы







12 минут











20 минут

Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушылар жұпта үй жұмысы дәптерлерін өзара алмасып, тақтадағы жауаптары салыстыру арқылы тексеруді орындайды.

Соңына бір-екі сөйлем көлемінде кері байланыс жазады.


Жеке жұмыс.

Тапсырманың мақсаты: өткен сабақтың материалын оқушылар қалай меңгергендерін байқау. Тексеру жұмысы жұпта орындалады.

Бағалау. Әрбір дұрыс орындалған пунтке 1 ұпай беріледі. Нәтижесінде тексеруші дұрыс орындалудың пайызын есептеп, ауызша кері байланыс береді.


Ауызша жұмыс.

Тапсырманың мақсаты: аргументтің және функцияның мәні терминдерін еске түсіру, білімді жаңғырту.

функциясының графигін қолданып:

1) аргументтің мәні 2,25; 3,24; 4,41, 6,76 болғанда функцияның мәнін табыңыз.

2) Функцияның мәні 0,1; 0,6; 1,5; 2,6; болғанда аргументтің мәнін табыңыз.


Топтық жұмыс.

Топтық жұмыстың тапсырмалары деңгейлік болады, сондықтан топтарды ұйымдастырған кезде қабілеттері бірдей оқушыларды бір топқа біріктірген тиімді болады.

Топтар құрылғаннан кейін топтық жұмыстың ережелерін еске түсіруге болады.

Негізгі деңгей.

1 тапсырма.

функциясының графигіне тиісті боалтын нүктелерді аықтаңыздар:

А (64; 8); В(10000; 100); С(-81; 9); D(36; -6); Е(121; 11);

M (0.5; 0,25); N (-4; 2)?


2 тапсырма.

1) F (a;2); 2) Q (a; ); 3) R (25; - a); 4) P (-7; a) нүктесі y= функциясы графигінде жататындай етіп, а санын анықтаңыздар.


3 тапсырма.

Егер аргументтің мәндері аралығына тиісті болса,

онда y= функциясының мәндері қай аралықта өзгереді?


Жауаптары:

1 тапсырма.

A, B, E .

2 тапсырма.

1) a=4; 2) a=5; 3) a= -5; 4) мәні жоқ;

3 тапсырма.

[1; 2] аралығында функцияның мәндері өзгереді.


Жоғары деңгей.

1 тапсырма.

y= функциясының графигін пайдалана отырып:

  1. х = 2,5; 4,3: 6,4 болғандағы у-тің мәнін;

  2. х = 0,56; 2,46; 1,9 –тің мәнін;

  3. болғандағы х-тің мәнін;

  4. сәйкес келетін аргумент мәнін табыңыз.

2 тапсырма.

y= функциясының мәндері: 1) [0;4]; 2) [0,04;1]; 3) [25; 225] аралығында жатуы үшін оның аргументі қандай мәндер қабылдауы қажет?

3 тапсырма.

1) [0,7; 9,2] кесіндісіндегі y= функциясының ең кіші бүтін мәнін табыңыздар.

2) [0,5; 4,5] кесіндісіндегі y= функциясының ең үлкен бүтін мәнін табыңыздар.

Жауаптары:

1 тапсырма.

1) y= 1,6; 2,1; 2,5.

2) = 0,7; 1,6; 1,4.

3) x = 1,69; 2,89; 6,25.

4) x = 0,25; 2, 25; 6,76.

2 тапсырма.

1) [0; 16]; 2) [0,0016; 1]; 3)[625; 50625].

3 тапсырма.

1) y=1; 2) y=2.

Тапсырманы орындау уақыты шыққанан кейін тапсырмалары бірдей болған топтар бір-бірінің жұмыстарын тексереді.































Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия жүргізу

Топтарға берілген диаграмма үлестіріледі, кейбір топтарға жазбаларын ауызша айтуларына мүмкіндік беріледі

Үй жұмысын беру, түсіндіру




Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақта барлық оқушыларға жағымды әсер ету үшін жағдай жасалады.

Оқушылардың зерттеушілік қасиеттерінің дамуына, өзара бірлесіп жұмыс атқаруына, бірін-бірі тыңдап, көмекке келу немесе сөз саптау, түсініктеме беруге баса назар аударылады.

Бірін-бірі бағалау


Өзін-өзі бағалау


Мұғалімнің бақылауы

Қауіпсіздік техникасының ережелерін ұстану


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Диалогтық оқыту


2: Топтық, жұптық жұмыс: Өзара бір-бірін бағалау


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Өмірмен байланысты есептерді шығарту.


2:Сабақты әр түрлі формада өткізу


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
15 қараша
1005
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі