| Жаңа сабақ | Дауыссыз/С,З мен Ш,Ж,Ч,Щ/ дыбыстарының тіл мүкістіктері сигматизм деген терминмен аталады.
Бір дыбыстың басқамен тұрақты алмастырылған жағдайы,/мысалы,ІІІ орнына С немесе С орнына Ш/ парасигматизм деп аталады.С дыбысының жасалу механизмі төмендегідей:Еріндер күлгендегідей сәл керіледі.Тістер қысылған немесе жақындасқан қалыпта болады.Тіл ұшы төменгі қызыл иекке тіреледі,ортасы дөңестеледі,бүйір шеттері жоғарғы азуларға,таңдайдың бүйір жақтауларына жабысады.5-сурет.
5 сурет.С дыбысының фонемасын артикуляциялық кескіні.
|
|
Сабақ ортасы
Сабақ аяғы |
Жұмсақ С дыбысының артикуляциялық ерекшелігі тілдің үстіңгі жағының биігірек көтерілуі,оның біршама ілгері жылжып тіл мен тістің арасындағы қуысына жақындауы.Еріннің керілуі айқындала түседі.Бұдан да С дыбысына О,У тіркесіндегідей ерін дөңгелектенеді.Бұны –ся,се,си және се,се,сю буындарын айтып байқауға болады.З дыбысы С дыбысынан,С және З дыбыстарының айырмасы дыбыс перделері бірігеді және тербеліске түседі,сонымен қатар дем шығару екпіні әлсірейді,тіл үсті мен альвеол арасындағы саңылау таралады.Ц дыбысы біріккен дыбыс ретінде де дауыссыз Т мен С дыбысының бірігуін білдіреді.Сигматизмнің негізгі 6 түрін атауға болады:Еріндік –тістік,тіс аралық,тіс төңіректік,ысқырық,бүйірлік,мұрындық.Еріндік – тістік сигматизм кезінде С дыбысы Ф реңкімен айтылады,себебі қуыс жасауға тілден басқа жоғарғы тіске таянатын ерінде қатысады.Ц дыбысына да сол кезде реңк қосылады,ал З дыбысына В дыбысының реңкі араласқандай болады.Сигматизмнің бұл түрінде жоғарғы тістер ілгерілеп,төменгі еріннің үстіне тұтас келетін аномалия себеп болады.Мұндай аномалия Прогнатия деп аталады. Тіс төңіректік сигматизмде тісаралық сияқты ысқырықтың жойылуымен,сондай-ақ С,Ц,З, дыбыстары Т,Д,дыбыстарымен сипатталады.\сағат – «тағат»,қозы –«қоды»\
Сергіту сәті: Оң қолымды көтерем,Оң қолымды түсірем.Сол қолымды көтерем,Сол қолымды түсірем.Оңға қараймын.Аяқты топ-топ басамын,Солға қараймын,Біраз сергіп аламын.
Сөйлемде «Ш» дыбысының айтылуын тексеру. Шар әкелді.Алша ағаш.Шарапат шашу шаш.Шара өзенге шомылды.Шортан өзен балығы.Шара ашар ал.
«Ж» дыбысының сөйлемде айтылуын тексеруде: Жансая жасыл жалау жасады.Жомарт пен Жандос жолда жүгірді.Жалауша,жаңғақ Жиенбеттің жәшігінде жүр.Жазда жадырайды жалау.Ойын.«Ашық буынды жабық буынға алмастыр» (доппен)Са – ас ша-аш со-ос шо-ош су-ус шу-уш әс-сә шұ-ұш ше-еш
Үй тапсырма беру. С,Ш дыбыстары кездесетін мақал-мәтелдер жаттап келу.
Қорытынды.
|
Кері байланыс«Ақылды үкі» әдісі
|