Материалдар / "З" дыбысы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"З" дыбысы

Материал туралы қысқаша түсінік
артикуляциялық жаттығулар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Мамыр 2018
425
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ТақырыбыМақсаты Түзету жұмысының барысыСағат саны
ІI - кезең







[З] дыбысы


- [З] дыбысын түзету; - Тыныс алуын дамыту;- [З] дыбысын буындарда, буын арқылы сөзде, сөз басында, сөз ортасында, сөз соңында дұрыс айтуға үйрету;

- Фонематикалық есту қабілетін дамыту;- [З] дыбысын сөздегі орнын анықтау;- Көру және есте сақтау қабілетін дамыту;- Қолдың ұсақ моторикасын дамыту;

Түзету жұмыстары: І – бағыт:
  • Артикуляциялық жаттығулар;
  • ІІ – бағыт:
  • Тыныс алу жаттығулары;
  • “З” дыбысының буындарда, сөздерде дұрыс айтылуын машықтандыру;
  • ІІІ – бағыт: - Фонематикалық есту қабілетін дамыту;ІV – бағыт:
  • Сергіту сәті
  • Ұсақ қол моторикасын дамыту;


  • Әдіс-тәсіл: саяхат, сұрақ-жауап.Көрнекіліктер: карточкалар,суреттер,жеміс ойыншықтары,түрлі-түсті қағаз. Ұйымдастыру барысы: Баламен сәлемдесу. Смайликтердің суреттері арқылы баланың көңіл – күйін сұрау.І.Артикуляциялық жаттығулар: «Түтікше» – жалпақ тілді ауыз қуысына шығарып, тілдің бүйір жақтарын көтеріп түтікшеге үрлеу. Жаттығуды жайлап жасау керек. «Ожау» – ауызды кең ашып, жалпақ тілді көтеріп жоғары тістерге созып, бірақ тигізбей ұстап тұру керек. «Сағат» – тілді жіңішкертіп ұстап оңға, солға жайлап қозғау керек. Осылай санап отырып 15-20 рет қайталау керек. «Тоқылдақ» – ауызды кең ашып тілдің ұшымен жоғарға альвеолоға немесе таңдайға жиі-жиі соғылғандай қимыл жасау керек.ІІ. Тыныс алу жаттығулары«Көбелекті ұшыр»жаттығуы. (қағаздан жасалған көбелек)Мақсаты: Баланың демін бір бағытқа шығуын жатықтыру. Ұзақ дем шығаруға үйрету.[З] дыбысын машықтандыруҚарашы, Диего тембілшекті таппай қалады. Диегоға тембілшекті табуға көмектесеміз бе? Орманда келе жатқан кезде Диегоның алдынан сынып қалған бұтақ кездеседі. Оны орнына қоюға көмектесейік. Ол үшін мына дыбыстар мен сөздерде дұрыс оқы.  Буындарда машықтандыру:За-за-за зы-зы-зы зо-зо-зо зө-зө-зө зу-зу-зу зү-зү-зү Аз-аз-аз үз-үз-үз Буын арқылы сөздерде машықтандыру:за-за-за - заман зы-зы-зы-қозыза-за-за- қазан зі-зі-зі - жүзімоз-оз-оз-қозы аз-аз-аз - қоразоз-оз-оз-боз аз-аз-аз – жаз

    - Енді көпірден өту үшін жоғалған әріптерді табайық. Кәне, көмектесейік.Жү...ім, қы...ылша, қарбы..., пия...,сәбі... .

    Сөз басында машықтандыру:Заң, заман, зауыт, зырылдауық, зымыран, зебра.-Сөз ортасында машықтандыру:Азат, азамат, қазы, бұзау, білезік, қозы, қызылша, қағаз, жүзім, қазан.-Сөз соңында машықтандыру:Күз, қыз, аяз, тұз, уыз, мүйіз, қаз, көз, сегіз, қоңыз, аспаз, қобыз, сағыз. («з» дыбысының орналасуын түсіндіру)Сөйлемдерде машықтандыру:Зәуре қызанақтарды тұздады.Зәуре – ұстаздың озат оқушысы.Аспаз қазанға қораздың етін пісірді.

    ІІІ. Фонематикалық есту қабілетін дамыту «Дауыста және ақырын»Мақсаты: Дауыс аппаратын және есту қабілетін дамыту. Дауыс жоғарылығына қарай естіп ажыратуға үйрету, әр жылдамдықпен дауыс жоғарылығымен айтып жаттықтыру. (карточкалар арқылы, «з» дыбысының орналасуын түсіндіру)«Сөзді аяқтап көмектес» Мақсаты: Фонематикалық есту қабілетін дамыту, жетіспейтін дыбыстарды жалғастыру.Құралдар: заттық суреттерОйын барысы: Баланың алдына бір-бірден суреттерді орналастырады, содан кейін сөздің соңғы дыбыстарын аяқтамай айтады. Бала суретке қарап сөзді аяқтауы керек. Ойынды қиындатуға болады: сөзді суретсіз аяқтау, немесе берілген дыбыспен, буынмен аяқта. Мысалы: пи-яз,жү-зім,қа-зан т.с.с. Сергіту сәті Орманда жел тұрды. Қане, екеуміз бірге тұрып, көрсетейік. Жел уледі у - у - у Құйын келіп биледі зу - зу - зу Қатты, қатты жел соқты гу - гу Жапырақтар қол соқты ду - ду Билеп кетті қалтырап пах – пах Бала мұғаліммен бірге орындайды. 

    ІV. Ұсақ қол моторикасына арналған жаттығу: Түрлі-түсті қағаздан сәбіздің бейнесін жапсыру. Қорытынды: Жарайсың! Сен бүгінгі сабаққа өте жақсы қатыстың! Саған Диего тембіршекті табуға көмектескенін үшін сыйлық қалдырды.Тақырыпқа сай суреттерді көрсетіп, тақырыпты қорытындылау. Мадақтау.




    Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
    Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
    Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!