400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

З з дыбысы мен әрпі

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған бұл материалда З дыбысы мен әрпінің қысқа мерзімді жоспары берілегн.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Күні:

Сынып: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Табиғатқа саяхат. З дыбысы мен әрпі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.1.2 оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу

1.2.9.1 әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.

Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.

Жетістік критерийлері

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, жаратылыстану

АКТ қолдану дағдылары


Тілдік құзыреттілік

Түйе-верблюд

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

10 минут

Бала, бала, балапан

Қане, қайсы, алақан.

Саусақтарың әйбат,

Былай-былай ойнат.

Бала, бала, балапан

Қане, қайсы, алақан.

Саусақтарың әйбат,

Былай-былай ойнат.

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!


(ҰЖ)Жұмбақтар жасыру

1. Балпаң-балпаң басады

Адамнан қатты сасады

Саусақтары салалы

Қыста жылыға қашады (Қаз)

2. Ұшады қанатсыз

Зырлайды аяқсыз (Зымыран)

3. Кішкентай ғана бойы бар

Айналдырып киген тоны бар (Қозы)

4. Түрі жылқы бейнесі

Жолақ-жолақ жейдесі (Зебра)

5. Қос дөңгелек мөлдіреп

Ішінде бар қарашық

Алғы жаққа елжіреп

Қарайды ылғи таласып (Көз)

(тақтаға жапсыру, әр сөзді қайталап айту, З дыбысының нешінші тұрғанын анықтату, тақырыпты баяндай)

ҚБ: «Үш шапалақ»



Шаттық шебері











Сабақтың ортасы

21 минут



Үй тапсырмасын тексеру

Өлеңді жатқа сұрау

ҚБ: «Бес шапалақ»

ҰЖ: 1-тапсырма: «Күн мен түн» ойыны. Түн дегенде ұйықтау, күн дегенде ояну. Тақтадағы жоғалған сөзді табу және сол сөзді буынға бөлу және сөйлем құрау

ҚБ: Түсінікті болса қаламды көтеру

Түсініксіз болса өшіргішті көтеру

ЖЖ: 2-тапсырма:

Оқылым. Ретпен оқыту

Аз қаз өз көз өзен заман қоңыз сағыз тоғыз Зере.

Өркеш. Оқу.

ҚБ: «Үш шапалақ»

ЖЖ: 3-тапсырма: Дауысты - дауыссыз дыбыстарды ажырат. Берілген карточкадағы торкөзге суреттегі заттың атын жазып тиісті түспен бояу

ҚБ: «Бас бармақ»

ЖЖ: 4-тапсырма: Зымыран, көз сөздерін дәптерге жазу



Таныстырылым, оқулықпен жұмыс

Сергіту сәті

2-3 минут

Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Сергіту сәтіне арналған жинақ

Аяқталуы

Қызықты тапсырма

4 минут

Тыңдалым: «Қарға мен құмыра» ертегісі

Сұрақ-жауап

ЖұпЖ: 5-тапсырма: Суреттердегі З әрпі бар сөздерді қарындашпен қоршап сыз

ҚБ: «Үш шапалақ»







Оқулық, дәптерлер.

Сабақтың соңы

2 минут


Рефлексия

Сабақта болған көңіл – күйді «Білім ағашы» арқылы бағалау.



Бас бармақтар





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 қаңтар
520
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі