жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ЗАЙЫРЛЫЛЫҚ ЖӘНЕ ДІНТАНУ НЕГІЗДЕРІ ТАҢДАУ КУРСЫН ОҚЫТУДА ЖАҢА ӘДІСТЕРДІ ТИІМДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
ЗАЙЫРЛЫЛЫҚ ЖӘНЕ ДІНТАНУ НЕГІЗДЕРІ ТАҢДАУ КУРСЫН ОҚЫТУДА ЖАҢА ӘДІСТЕРДІ ТИІМДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
Абишева Лейла Алмаганбетовна
Тараз қаласы, №50 Ө.Жолдасбеков атындағы орта мектебі
Діндер мазмұнындағы сан ғасырлық рухани құндылықтарды білім мен тәлім-тәрбие жүйесіне ендіру, дәстүрлі діндердің ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесін жастарға беру өзекті мәселеге айналды. Осы мәселеге қатысты Н.Ә. Назарбаевтың: «Біз бұқара санасындағы діншілдіктің артуына әзір болуымыз керек, онда тұрған қатерлі ештеңе жоқ. Жалпы дін өздігінен өнегелі ақиқаттан бөтен ештеңе үйретпейді. Жалғыз-ақ, бізге қауіп төндіретіні: діни біліміміздің деңгейі онша жоғары болмай отырғаны» [1], - деген әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының ІІ съезінде сөйлеген сөзі, бүгінгі таңда айрықша теориялық-әдіснамалық мағынаға ие және дінтану пәнін оқытудың өзектілігін айқындай түседі.
2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы: Әдістемелік нұсқау хатта көрсетілгендей вариативті компоненттен 9-сыныптар үшін міндетті түрде «Зайырлылық және дінтану негіздері» курсын оқытуға 1 сағат апталық жүктеме беріледі. ҚР Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 15 шілдедегі № 281 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу бағдарламалары бойынша аталған курсты біліктілікті арттыру курстарынан өткен тарих пәні мұғалімдері жүргізуі тиіс делінген.
Пәнді
оқытудың басты мақсаттарының бірі:
-білім алушыларды зайырлылық қағидатын
құндылық, яғни мемлекет тұрақтылығының
басты факторы ретінде қабылдауға, дінді
зайырлы таным аясында тануға үйрету;
Оқушыларды пәнге деген қызығушылығын арттыруда, оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруда әдіс-тәсілдерді мейлінше түрлендіріп отырған дұрыс. Ағартушы қайраткер А. Байтұрсынұлы «Қай әдіс жақсы?» деген мақаласында: «Жалғыз әліп-би үйренудің өзінде толып жатқан әдіс бар. Әр әдіс-өз орнында жақсы. Әдіс көрнекіліктен шығады. Әдістің жаман-жақсы болмағы жұмсалатын орнына қарай» дейді, ал, Л.Н.Толстой «Үйрету әдістері туралы» еңбегінде «Олақтықтың белгісі - бір ғана әдісті білу, шеберліктің белгісі-түрлі әдісті білу, керек кезінде жоқ әдісті де таба білу. Мұғалім көп әдісті білу керек,оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс есебінде қолдану керек» деген.
Зайырлылық және дінтану негіздері сабағында оқушылармен ұжымдық, топтық жұмыс жасауда, олардың танымдық қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру үшін өз сабағымда пайдаланып жүрген әдіс-тәсілдерден мысалдар келтіріп кетуді жөн көрдім.
Мектебі: Ө.Жолдасбеков атындағы №50 орта мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Абишева Лейла Алмаганбетовна Сыныбы: 9 «Б» Қатысқандар: 20 Қатыспағандар: 0 |
|||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы |
§17. Ислам дініндегі бағыттар. Мұсылман құқығының негізгі мектептері (мазхабтар). Ханафи құқықтық мектебінің ерекшеліктері мен маңызы. |
||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары |
Оқушыларға Ислам дініндегі бағыттар. Мұсылман құқығының негізгі мектептері (мазхабтар) мен Ханафи құқықтық мектебінің ерекшеліктері мен маңызы жайында түсініктері қалыптасады |
||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
-Мұсылманның құқығының негізгі мектептерін біледі; -Мазхабтардың таралуын картадан көрсете алады. |
||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсат |
Негізгі сөздер: Ислам діні бағыттары, Ханафи мазхабы, Шариғат, мұсылман мерекелері, діни жоралар. Талқылауға арналған тармақтар: Ислам дініндегі бағыттар. Мұсылман құқығының негізгі мектептері мен жоралары мәтінін оқып, топпен талқылайды. (оқылым, айтылым) Жазылым бойынша ұсыныстар: Мәтін бойынша кестемен жұмыс жасайды. Көрсетілім бойынша ұсыныстар: Тақырыпқа байланысты бейне жазба көрсетіледі. https://www.youtube.com/watch?v=5mn7OZlKwn0 |
||||||||||||||||||||||
Құндылықтарға баулу |
Ислам діні бағыттары жайында мәліметтер бере отырып, дінді зайырлы таным аясында тануға үйрету; |
||||||||||||||||||||||
Пәнаралық мақсат |
Қазақстан тарихы, дүние жүзі тарихы, география, әдебиет |
||||||||||||||||||||||
Алдыңғы оқу |
§16. Мұхаммед пайғамбар. Қасиетті кітап-Құран Мұхаммед пайғамбардың өмірбаяны мен Құран Кәрім жайында «Кім жылдам?» әдісі арқылы үй тапсырмасын пысықтаймын |
||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы |
|||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңі |
Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
|||||||||||||||||||||
Сабақтың бас 5 минут |
Оқушылар (будда, христиан, ислам) сурет қиындылары бойынша үш топқа бөлемін. |
Сурет қиындылары |
|||||||||||||||||||||
5 минут |
Мұғалім оқушылардың ойларын қозғау мақсатында бірнеше сұрақтар қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбын анықтайды. 1.Ислам діні нешеге бөлінеді? 2.Мазхаб дегеніміз не? 3.Қандай мазхабтарды білесіңдер? 4.Ислам дінінің мазхабтарға бөліну себептерін білесің ба? |
|
|||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 15 минут
|
Тапсырма: «Рөлдік ойын» Оқушылар жаңа тақырыппен оқып танысады. 1топ Тарихшылар 2топ Геогрофтар 3 топ Әдебиетшілер Әр топ берілген рөлдік тапсырмалар бойынша постер жасайды
Тапсырма: Кестемен жұмыс
Оқушылар берілген кестені дәптерге орындайды. Тапсырма: Визуалды тапсырмалар Оқушылар ислам дініндегі хадистерді бір оқып, жатқа айтып береді 1. Тәңір әйелдермен сыпайы сөйлесуді бұйырады, себебі әйел – анаңыз, әжеңіз, қызыңыз. 2. Кездескенде кім бірінші болып сәлем берсе, сол адам тәңір алдында да, адам алдында да иманды адам. Иманның жақсысы – сабырлы және кеңпейілді болу. 3. Үш түрлі нәрсеге иманың кәміл болсын:садақа бергеннен ырысың ортаймайды; ақ, адал малың қолды болса, сабыр сақта; тіленшілікпен мал табуға кіріссең, тәңірдің сыйы бейшаралық болмақ. 4. Аш адамға көмек беріңдер. Аурудан хал сұраңдар. Қарызға батқан адамның қарызын өтеуге көмек беріңдер. 5.Мұсылмандардың өзара алты хұқы бар: сәлем беру мен алу, шақырса бару, ақыл-кеңес сұраса айту, ауырса көңіл сұрау, өлсе жаназасына қатысу. Тапсырма: «Кезбе тілші» әдісі бойынша бір оқушы шығып берілген қорытынды сұрақтарды оқушыларға қояды |
Дүние жүзі саяси картасы
А3 форматтағы қағаз
Интер белсенді тақта |
|||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 10 минут |
Кері байланыс «Тазалық» әдісі 1.Тақырып бойынша алған керекті ақпаратты чемоданға салыңыз. 2. Сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыз. 3. Бүгінгі ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыз. Үйге тапсырма: «Қазақстанның болашақ азаматы ретінде бүгінгі тақырып туралы сенің жеке көзқарасың қандай?» шағын эссе жазып келу. |
Чемодан, қоқыс жәшік, еттартқыштың суреті салынған парақ |
|||||||||||||||||||||
Қорыта келе, күнделікті ізденісіміз, жаңа технологияларды оқып-үйреніп өз тәжірибемізде шеберлікпен қолдануымыз-алдымыздағы шәкірттерге терең де тиянақты білім берудегі қажеттілігіміз. Оқушы құзыреттілігін қалыптастыру үшін әр ұстаз өзіне тиімді әдіс-тәсіл мен технологияны қолдана алады. Ол Ж.Қараевтың «Деңгейлеп оқыту технологиясы», М.М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы», не М.Махмутовтың «Проблемалық оқыту технологиясы» болуы мүмкін, бірақ ең бастысы оқушы қойылған проблеманың шешімін өзі тауып, әрекет жасай білуі керек. Оқушының жеке тұлға ретінде дербес өзіндік әлеміне жеткізу арқылы өзін-өзі дамытуға, өз мүмкіндіктерін таныттырып, оны жүзеге асыруға бағыттайтын әрбір оқытушы өз қызметін үлкен сеніммен атқарғаны жөн. Пайғамбарымыз: «Бір сағат білім үйрену, бір күнгі құлшылық етуден жақсы» деген екен.
«Мұғалім
ең жауапты міндет орындайды – ол адамды
қалыптастырады» деп М.И.Калинин
айтқандай, заман талабына лайықты қызмет
етейік.
Білімнің маңыздылығын түсіне біліп
соған жүрекпен бойсұнған адам – ақылды
адам дер едім. Назарларыңызға рахмет.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Назарбаев Н.Ә. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының ІІ съезінде сөйлеген сөзі. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің «ІІ сьезі». –Алматы, 2006. – 147 б.
2. Кенжетаев Д.Т, Сайлыбаев С.С, Тұяқбаев О.Ө. Зайырлылық және дінтану негіздері 9-сыныпқа арналған оқулық. Астана, Арман-ПВ, 2016ж.
3. Лаврентьев Г.В., Лаврентьева Н.Б. Инновационные обучающие технологии в профессиональной подготовке специалистов – Барнаул, 2002.
4. Мыңбаева А.К., Садвакасова З.М. Инновационные методы обучения, или как интересно преподавать. – Алматы, 2012.
5. «Қазақстан-2050» «Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2012 жылғы 14 желтоқсан. www.akorda.kz
6. Н.Ә.Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің IV съезінде сөйлеген сөзі. www.akorda.kz

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген