«Заман
талабына сай оқушылардың пәнге деген
қызығушылығын арттыру»
«
Жақсы мұғалім маған әр уақыт, қымбат,
өйткені, ол мектептің жүрегі» деп
ағартушы педагог Ы.Алтынсарин,-айтқанындай,
мектеп үшін ең керегі – жаңашыл мұғалімі.
Қазіргідей ғылыми – техникалық төңкеріс
және ғаламдану процесінің белең алып
тұрған кезінде мемлекеттік қызметшінің
елдің әлеуметтік, экономикалық және
саяси дамуының ауқымдылығын түсіне
білуі, стратегиялық ойлау қабілетіне
ие болып, жаңа технологиялық және өзінің
қызмет саласына тиісті, күнделікті
өндіріс қажетті ғылыми жетістіктерді
меңгере білуі ауадай қажет. Мемлекеттік
басқару ісінде ақпараттық-компьютерлік
технологияларға мамандарды даярлау
өзекті мәселенің бірі. Қазіргі таңда
еліміздің рухани күш – қуатын одан әрі
жетілдіру, жастарға білім беру реформасын
жүзеге асыру жаңа тұрпатты білім
ордасында бүкіл білім мазмұнын, оның
құрылымдық жүйесін жаңарту арқылы
жүзеге аспақ.Жаңа ғасырда прогрессивті
өмірге аяқ басқан жастар заман талабына
сай өзгеше өмір сүруге дайын болуымыз
керек. Парасатты да саналы азамат болу
үшін бүгінгі жастардың білімдері терең
де, жан – жақты да болуы тиіс. Жастарды
бүгінгі заман талабына сай маман ретінде
дайындауда олардың компьютерлік тілді
еркін меңгерулері өте пайдалы. Компьютер
тілін үйрену студенттердің тіл үйренуге
деген қызығушылығын арттыруда олардың
шығармашылық қабілеттерін арттыру өте
маңызды болып табылады. Жас ұрпақты
шығармашылық потенциалын көтермей
дамыту мүмкін емес. Студенттерді
шығармашылық жұмыстарға тарту үшін
оларды қызықты материалмен қамтамасыз
ету, оқытудың дәстүрлі емес түрлерін
қолдану, шығармашылыққа бағытталған
тапсырмалар беру, әрбір істе жаңа әдістер
қолдану қажет. Педагогикалық үрдісті
ұйымдастырудың негізгі формасы – сабақ
болып табылады. Сабақтың негізгі
сипаттары:
Студенттердің
тұрақты тобы
Студенттердің
қызметін әрқайсысының дара ерекшеліктерін
ескере отырып, басқару Сабақта берілген
материалдарды меңгеру
Сабақтың
құрылымы оның кезеңдерінің жиынтығынан
тұрады, бұл кезеңдер белгілі бір
кезектестікпен өзара байланысып жатады.
Оның ерекшеліктері: құрылымын жан-жақты
ұйымдастыру, үнемділік, студенттердің
өзара байланысы, оқу үрдісінде тәрбиелеу.
Бірақ оның кемшіліктері де кездеседі:
оқытудың жалпыға бірдей жылдамдығы,
студенттердің дара ерекшеліктерін
ескерудің қиындықтары, оқыту үрдісінің
жеткіліксіз байланысы. Студенттердің
компьютер тілін үйренуге деген
қызығушылықтарын арттыруда оқытудың
әдістері мен құралдары, тіпті сабақты
ұйымдастыру жағынан да өзгеше болатын
дәстүрлі емес сабақтарды өткізудің
маңызы өте зор. Өз сабақтарымды көбінесе
компьютерде орындаймын. Үйге берілетін
тапсырмалар кейбір оқулықтардан
табылмауына байланысты, мен компьютерге
интернетке жүгінемін. Ол жерде мәліметтерді
толық және әртүрлі бағытта жұмыс жасауға
бағыттайды. Ол:мәтінграфикребус,
сөзжұмбақтүрлі слайдтар кесте. Біз
болашақтың жоғары техникалық және
ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар
қорын жасақтауымыз қажет. Мысалы құрылыс
инженерлеріне, материалтанудан,
математикадан, информатикадан, құрылыс
технологиясынан, құрылысты жобалаудан,
жан-жақты терең білім алу керек. 4 жыл
оқу барысында студенттер инженерлік
графикадан, компьютерлік есептеуден,
жобалаудан, құрылыс технологиясынан,
ғылыми зерттеу негізінен, гуманитарлық,
техникалық ғылымдарды тыңғылықты
дайындай алады. Олай болса, жақсы маман
даярлау бүгінгі ұстаздарымыздың
алдындағы басты міндеті!
Ботабекова
Асия Ердебекқызы информатика пәнінің
оқытушысы