400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 29 материал табылды

ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

«Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік туғызған сайын,

одан әрі жақсы оқи түседі »

Питер Клайн

Айтекова Салтанат Абдусаттаровна


Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет екендігін паш етті. Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде білім саласындағы саясаткерлер үшін де, жалпы мектептер үшін де, соның ішінде мұғалімдер үшін де ең басты, маңызды мәселе болып отырғаны: «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» және де екіншісі– ол да маңызы жағынан біріншіден еш кем емес: «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?» 

Білім-тоқтаусыз, толассыз үрдіс. Қазіргі таңда әлемнің көптеген алдыңғы қатарлы елдерінде білім беру саласында енгізілген реформалар жемісті нәтижесін беріп келетінін көріп-танысып жүрміз. «Ел болам десең- бесігіңді түзе» демей ме дана халқым. Міне, сондықтан Қазақстанның әлем-дік қоғамдастыққа ықпалдасуы үшін білім беру саласының алдында шетелдік тәжірибелерді зерделеп енгізу талабы туындап отыр.

Білім берудің мемлекеттік бағдарламасында білім беру ісінің құрылымы мен мазмұнына елеулі өзгерістер енгізілуіне байланысты, бүгінгі заман талабына сай білім беру жүйесінің халықаралық талаптарға сай дамыту міндеті тұр. Бұл міндетті жүзеге асырудың бірден-бір жолы - педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру жүйесін жаңашаландыру, яғни өмір бойы үздіксіз білім алуға көшу. Оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес, сондықтан ғылыми-әдістемелік қызмет барысында мұғалімдердің кәсіби біліктіліктерін жетілдіру үшін өзіміздің Алтынбастау негізгі орта мектебінде Кембридж бағдарламасы бойынша өткізілген курсқа қатыстым.

Осы кезең маған не үйретті?, мен не үйрендім? Бұл кезең менің бойымда нендей өзгерістер қалыптастырып, педагогикалық қызметіме қандай өзгерістер енгізді? Осы Кембридж бағдарламасының Жеті модуль бойынша қарастырылған идеялар, жеке әдіс-тәсілдер бойынша берілген теориялық білімді іс-тәжірибеде қолдану арқылы білім беру үдерісінде енгізе отырып, сабақтарды жаңа тұрғыдан түрлендіріп өткізуді жоспарладым. 
Әр сабағымды түрлі әдіс-тәсілдермен бастайтын болдым. Алдында оқушылар бір-біріне тілек айтудан бастаса, кейінгі сабақтарда сурет қиындыларымен топқа бөліп отырдым. Осы кезеңде сыныпта ынтымақтастық атмосфера қалыптасты, оқу үрдісіне оқушылар белсенді, жақсы көңіл-күймен катысуға мүмкіншілік алды. Осы әдістің оқушыларға ұнағанын кері байланыс кезінде жазғандарынан байқадым. Мысалы: «Сабақтың басында шеңберге тұрып біз бір-бірімізге тілек айтқанымыз ұнайды» деп бір оқушы жазып берді. Әр оқушы жеке тұлға, сондықтан оқушылар өздерін сенімді сезіну үшін біз оларға әр сабағымызда көп уақыт өздері жұмыстануға, өздері жоспарлауға, өздері бағалауға мүмкіндік беріп, олардың сабаққа деген көзқарастарын өзгертіп отыру керек. Ол үшін оқуды оқытуда жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалану керектігіне менің көзім жетті. Әр сабағымда сыныпты топтарға бөліп, топтардың құрамын сабақ сайын өзгертіп отырдым.

Бұлай бөлу арқылы оқушыларды араластырып отырғаным олардың бір-бірімен қарым-қатынасын жақсарту үшін, топта тиімді жұмыс істеу үшін пайдалы өзгерістер енгізді. 

Хэттидің айтуынша орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған. Бұл тәсілдің мақсаты өз ойларын нақты жеткізе алатын, ойға жүйрік, тілге шешен, сауатты, көркем бейнелеп жазуға төселген бірнеше тілді меңгерген бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру болып табылады.Осы мақсат негізінде ынталы, болашаққа сенімді, сыни пікір көзқарастары жүйелі дамыған, қазіргі сандық технологияларды меңгерген өмірде өз білімін кез келген жағдайда пайдалана білетін тұлға қалыптасады.

Осындай курстар болғаны өте дұрыс деп ойлаймын, балаларға да, мұғалімдерге де көп жақсы жаңалықтар мен өзгерістер әкеледі. Оқушыларымыздың болашағына да септігін тигізеді деп ойлаймын. Басқаша көзқарас пайда болып, өзгеруге ұмтыламыз. Осындай курстардың пайдасы мол екеніне сенімім мол. Әр технологияны қолдану арқылы белгілі бір жетістіктерге жете аламыз. Қазіргі заман талабы бойынша мұғалімнің алдында қойылған міндет мол. Алдына келген оқушының қандай ойда, не біледі, қалай білім алады, өмірге деген көзқарасы кандай, жанұясы қандай, оқудан тыс кезде немен айналысады? - осы сұрақтардан әр оқушымен жұмысты бастау керек деп ойлаймын. Егер ол қандай деңгейде тұрғанын білсең, оны қалай оқыту керек екен, оған қандай бағыт беру керек екені-мұғалімнің қолында. Мұғалімнің білімі мықты болса, білім беру жолдарын қолданса, мұғалім өзі әр қашанда ізденісте болса оның оқушылары биік жетістіктерге жетеді. Білім алатын орта қалыптастыру, оқушының ішкі уәжін ояту, оған өзінің біліміне өзі жауапты екенін көрсету, өзін-өзі бағалау, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, алған білімнің күнделікті өмірде қажетілігін дәлелдеу - осындай мақсат қойған мұғалім оқушының қызушылығын арттады, білім алуға жетелейді. Өзіне сенімді, алған білімін өмірде қолдана алатын, өзіндік көзқарасы бар, дамыған тұлға шебер мұғалімнің алдынан шығады.

Мұғалімдік тәжірибемдегі ендігі мақсат – заман талабына сай құзіретті тұлға қалыптастыруда осы жеті модульді жүйелі қолдана отырып, өз тәжірибемді толықтыру, жетілдіру болмақ.

 Педагогикалық қызметімде теориялық білімді тәжірибеммен байланыстыра отырып, мүмкіндіктерді ашуға, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдердің теориялық негізін енгізген «біліктілікті арттыру курсының» маңызы зор.

Елбасымыз, Н.Ә.Назарбаев «Мұғалімдер қоғамның ең білімді, ең отаншыл, ең сынампаз бөлігі болып табылады», деп ұстаздың қоғам өміріндегі алатын орны мен олар атқарып отырған асқаралы міндеттердің айрықша маңызын атап көрсетті. Елбасымыз тарапынан білім беру саласына ерекше назар аударылып жатқан заманда, ұстаздар қауымы да өз ісіне, іс- тәжірибесіне жауапкершілікпен қарап, өздерінің іс- тәжірибесінде жаңаша бетбұрыс жасауы қажет. Бұл әрбір ұстаздың парызы әрі міндеті.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29.03.2019
348
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі