Материалдар / Заманауи ас үй бөлмесі және қазіргі кездегі электр жабдықтарын пайдалану ережелері
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Заманауи ас үй бөлмесі және қазіргі кездегі электр жабдықтарын пайдалану ережелері

Материал туралы қысқаша түсінік
Заманауи ас үй бөлмесі және қазіргі кездегі электр жабдықтарын пайдалану ережелері
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Наурыз 2019
251
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жиынтық бағалауға арналған
әдістемелік ұсыныстар
Cауат ашу
1-сынып

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 1-сынып білім алушыларына «Сауат ашу» пәні
бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде
құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1сынып) «Сауат ашу» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту
аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. 1-сыныпта жиынтық бағалау 3 және 4тоқсандарда өткізіледі.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім
алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға
мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге
арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ,
жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған.
Тапсырмалар мен рубрикалар ұсыныс түрінде берілген.
Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификацияда тапсырма үлгілері мен балл
қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық
бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.
Әдістемелік ұсыныстар бастауыш сынып мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, білім беру
бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және
басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді
ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.

2

Мазмұны
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР..... 4
«Саяхат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау .............................................................. 4
«Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау ................... 7
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы ..................................................... 10
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР... 16
«Тағам және сусын» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау......................................... 16
«Дені саудың – жаны сау» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау .............................. 18
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы ..................................................... 20

3

3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Саяхат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің түрлері

Тыңдалым және айтылым

Оқу мақсаты

1.1.1.1* Тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөйлеу, сөз,
сөйлем, мәтін) ажырату, тыңдалған мәтіннің
мазмұнын түсіну
1.1.3.1 Мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай
отырып баяндау

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Тыңдалған мәтінге қатысты тілдік бірліктерді (сөз,
сөйлем) анықтайды
• Мәтіннің мазмұнын жүйелі баяндайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

Орындау уақыты

20 минут

Тапсырма
Тыңдалым және айтылым
1. Мәтінді тыңда. Тапсырмаларды орында.
Оқушылар Алматыға саяхатқа барды. Алматының көшелері кең. Әдемі гүлдерге
толы. Зәулім, биік үйлер көп. Қалада көптеген оқу орындары, театрлар мен цирк бар.
Балалар циркке барды. Циркте үйретілген хайуанаттар көп. Балалар жануарлардың
ойындарын көрді. Сайқымазақтың өнерін тамашалады. Саяхат көңілді өтті.
1) Мәтінде кездесетін сөздерді белгіле ().

саяхат

аю

қала

ағаш

2) Мәтін бойынша сөйлемдердің ретін көрсет (1-4).
Балалар циркке барды.
Саяхат көңілді болды.
Балалар сайқымазақтың өнерін тамашалады.
Циркте үйретілген хайуанаттар көп.
4

3) Сұрақтарға сүйеніп мәтіннің мазмұнын айтыңыз.



Балалар қайда барды?
Балалар саяхатты қалай өткізді?

Бағалау критерийі
Тыңдалған
мәтінге
қатысты
тілдік
бірліктерді
(сөз)
анықтайды
Мәтіннің мазмұнын
жүйелі баяндайды

Барлығы

Тапсырма

1

Дескриптор
Білім алушы
мәтінге
қатысты
бірінші
сөзді
белгілейді;
мәтінге қатысты екінші сөзді белгілейді;
мәтіндегі оқиғаның ретін анықтайды;
мәтіннің
құрылымдық
бөліктерін
сақтайды;
оқиғаның жүйесін сақтап баяндайды;
сөйлеу
барысында
грамматикалық
нормаларды сақтайды.

Балл
1
1
1
1
1
1
6

5

Мәтіннің мазмұнын
жүйелі баяндайды

Тыңдалған мәтінге
қатысты тілдік
бірліктерді (сөз)
анықтайды

Бағалау
критерийі

1

Тапсырма


Мәтіндегі оқиғаның
жүйесін сақтауда және
мазмұнын айтуда
қиналады

Тыңдалған мәтінге
қатысты тілдік бірліктерді
(сөз, сөйлем) ажыратуда
қиналады

Төмен

Мәтіндегі оқиғаның жүйесін
сақтауда / сөйлеу барысында
грамматикалық нормаларды
сақтауда қателіктер жібереді

Тыңдалған мәтінге қатысты
сөздерді анықтауда қателіктер
жібереді

Орташа

Оқу жетістіктерінің деңгейі

Білім алушының аты-жөні: ________________________________________________

6

Тыңдалған мәтіннің
мазмұнын жүйелі айтады

Тыңдалған мәтінге қатысты
тілдік бірліктерді (сөз,
сөйлем) дұрыс анықтайды

Жоғары

«Саяхат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға
арналған рубрика

«Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің түрлері

Оқылым
Жазылым

Оқу мақсаты

1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін
сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану
1.2.1.1 Сөз/сөйлем сызбасын оқу және құрастыру
1.3.5.1 Тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызбалар,
суреттер, белгілерін қолдана отырып, жай
сөйлемдер/мәтін құрастыру және жазу

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Буындап немесе тұтас сөздермен түсініп оқиды
• Сызбамен берілген сөйлемдерді оқиды
• Сызба бойынша қарапайым сөйлемдер құрастырып
жазады

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

Орындау уақыты

20 минут

Тапсырма
Оқылым
1. Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.
Қасқыр аңдарға:
- Қатар тұрыңдар!-деді.
Аңдар қатар тұрды.
- Ал жүгіріңдер!-деді.
Аңдар жарыса жөнелді. Қорбаңдаған аю араның ұясын бұзып кетті. Аралар аюды талай
бастады. Арадан қашқан аю тез жүгірді.
Ол мәреге бірінші болып келді.
1) Мəтін не туралы? ___________________________
2) Мəтіннен сызбаға сəйкес сөйлемді тауып, қоршап сыз.
.

7

Жазылым
2. Берілген сызба бойынша 1 сөйлем құрастырып жаз.

Бағалау критерийі
Буындап немесе тұтас
сөздермен түсініп
оқиды
Сызбамен берілген
сөйлемдерді оқиды
Қарапайым
сөйлемдер
құрастырып жазады
Барлығы

Тапсырма

1

2

Дескриптор

Білім алушы
сөздерді буындап немесе тұтас оқиды;
мәтіннің тақырыбын анықтайды (жарыс
туралы);
мәтіннен сызбаға сәйкес сөйлемді табады;
сызбаға сәйкес сөйлем құрастырып жазады;
сөйлемнің құрылымын сақтайды;
сөйлемдегі сөздерді сауатты жазады.

Балл
1
1
1
1
1
1
6

8

Тапсырма

1

2

Бағалау
критерийі

Буындап немесе тұтас
сөздермен
түсініп
оқиды және сызбамен
берілген сөйлемдерді
оқиды

Сызба
бойынша
қарапайым сөйлемдер
құрастырып жазады

Орташа

Жоғары

Сызба бойынша
құрастырып
қиналады

9

сөйлем Сызбаға
сәйкес
сөйлем Сызба бойынша қарапайым
жазуда құрастыруда/
сөйлем құрастырып жазады
сөйлемнің
құрылымын
сақтауда
қателіктер жібереді

Мәтінді түсініп оқуда және Мәтіннің тақырыбын / сызбаға Мәтінді буындап немесе
сызбаға сәйкес сөйлемді сәйкес сөйлемді анықтауда тұтас сөздермен дұрыс
оқиды және сызбаға сәйкес
анықтауда қиналады
қателеседі
сөйлемді анықтайды

Төмен

Оқу жетістіктерінің деңгейі

Білім алушының аты-жөні: _________________________________________________________

«Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға
ақпарат ұсынуға арналған рубрика

3-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу
бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін
тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға
бағытталған.
Спецификация 1-сыныпта «Сауат ашу» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың
мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
«Сауат ашу» оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында). Бастауыш
білім беру (1- сынып).
3. 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
3.1 Ұзақтығы - 40 минут
Оқылым - 20 минут
Жазылым - 20 минут
Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі
Балл саны – 12
3.2 Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әр түрлі тапсырмалар: көп таңдауы бар сұрақтар,
қысқа немесе толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Берілген нұсқа көп таңдауы бар, қысқа және толық жауаптарды қажет ететін сұрақтарды
қамтитын 3 тапсырмадан тұрады.
Көп жауапты таңдауы бар сұрақтарда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан
дұрысын таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға білім алушы сөздер немесе қысқа сөйлемдер
түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар мәтінді түсінуге, өз ойын ауызша және
жазбаша түрде толық, жүйелі, түсінікті етіп жеткізуге бағытталған.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден немесе сұрақтардан тұруы мүмкін.
Алғашқы тапсырма тыңдалым және айтылым дағдысын, екінші тапсырма – оқылым,
үшіншісі жазылым дағдысын тексеруге бағытталған.

10

3

Жазылым

Оқылым

Тыңдалым
және айтылым

1

2

Сөйлеу
әрекетінің
түрлері



Оқу мақсаты

Білім
алушы
қысқа
жауаптарды қажет ететін
тапсырманы орындайды

Білім алушы көп таңдауы
бар, қысқа және толық
жауаптарды қажет ететін
тапсырманы орындайды

Тапсырманың
сипаттамасы

1.3.10.2 Тәуелдік және Білім алушы қысқа жауапты
жіктік
жалғауларының қажет ететін тапсырманы
қарапайым.
формаларын орындайды
қолдана алу (терминсіз)

1.2.1.2 Оқудың түрлерін
(буындап оқу, жиі
кездесетін сөздерді тұтас
оқу, түсініп оқу) қолдану.
1.2.2.1 Мәтінде автордың
кім (не) туралы айтқысы
келгенін түсіну

1.1.2.1 Мұғалімнің
көмегімен мәтінде кім? /
Салт-дәстүр және (не?) туралы айтылғанын
ауыз әдебиеті
анықтау.
1.1.3.1 Мұғалімнің
көмегімен оқиғаның ретін
сақтай отырып баяндау

Саяхат

Ортақ тақырып

1

1

1

Тапсырма
саны

4

4

4

11

Жалпы
балл

Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі
«Сауат ашу» пәнінен 3-тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Тыңдалым және айтылым
1. Ертегіні мұқият тыңда. Тапсырмаларды орында.
Түлкі мен тырна
(Ертегі)
Ертеде түлкі мен тырна дос болыпты. Бір күні түлкі тырнаны қонаққа шақырып:
– Маған қонаққа кел, қымбаттым! Мен дәмді тамақ пісіріп қоямын, – дейді.
Тырна түлкіге қонаққа келеді. Түлкі оның алдына табаққа салынған ботқаны қойыпты да:
– Кел, қымбаттым, қысылма. Тамақ же, – депті.
Тырна ұзын тұмсығымен жалпақ ыдыстағы ботқаны жей алмапты.
Келесі күні тырна енді түлкіні қонаққа шақырыпты. Ол түлкіге арнап салқын көже
дайындайды. Көжені мойны тар құмыраға құйып береді. Түлкі қанша әуреленсе де, құмырадағы
тамақты жей алмайды. Түлкінің басы құмыраға сыймады. Ал тырна ұзын тұмсығымен өз
тамағын өзі жей беріпті. Түлкі тамақ жей алмай, үйіне аш қайтады.
Осылайша түлкі мен тырна достықтарынан ажырапты.
1) Ертегінің кейіпкерлерін жаз: _____________________________________________
2) Ертегіге сүйеніп, суреттерді ретімен нөмірле.

[1]

[1]

12

3) Сұрақтардың көмегімен ертегінің мазмұнын айт.
- Ертегі неден басталды?
- Ары қарай не болды? Ертегі қалай аяқталды?

[3]

Балл қою кестесі
Тапсырма

1

Жауап
Түлкі мен тырна

Білім алушының ықтимал жауабы:

Балл

Қосымша ақпарат

1

Ертегі кейіпкерлерінің
екеуі
де
аталған
жағдайда ғана 1 балл
беріледі.

1

Оқиғаның реті толық
көрсетілген
жағдайда
ғана
1 балл беріледі.

2

Ертегінің
мазмұнына
сәйкес басқа да дұрыс
жауаптар қабылданады.
Оқиғаның
жүйесін
сақтай
отырып,
баяндайды - 1 балл.
Сөйлеу
барысында
грамматикалық
нормаларды сақтайды 1балл.

Ертеде түлкі мен тырна дос
болыпты. Олар бір-бірін қонаққа
шақырыпты. Түлкі ботқаны табаққа
салып беріпті. Тырна жей алмапты.
Келесі күні түлкі тырнаның үйіне
қонаққа
келіпті.
Тырна
көжені
құмыраға құйып беріпті. Түлкінің
тұмсығы
құмыраға
сыймай,
аш
қалыпты. Содан бері түлкі мен тырна
дос емес екен.
Барлығы

4

Оқылым
2. Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.
Автобусқа алты-жеті жасар бала мінді. Билет алып, бір бос орынға отырды. Бірнеше
аялдамадан кейін автобусқа қарт әже мінді. Бала әжеге өз орнын ұсынды.Әже оған алғыс айтты.
1) Мәтін не туралы?
А) автобус туралы
В) әже туралы
С) әдептілік туралы
D) бала туралы
[1]
13

2) Мәтіннің мазмұнына сәйкес белгіле: Иә


Бала

Әже
1) Ол алты-жеті жаста.
2) Ол алғыс айтты.
3) Ол орын берді.

[3]
Балл қою кестесі

Тапсырма

2

Жауап

Балл

С
2) Ол алғыс айтты.

1
1

1) Ол алты-жеті жаста.
3) Ол орын берді.

1
1

Барлығы

Қосымша ақпарат
Бірінші
кейіпкерге
қатысты
сөйлемді
анықтайды.
Екінші
кейіпкерге
қатысты сөйлемдерді
анықтайды.

4

Жазылым
3. Көп нүктенің орнына жақшадағы сөздердің тиістісін қойып, көшіріп жаз.
Менің ... (домбыра, домбырам) бар. Мен домбыра ... (тартамын, тартасың). Оның ...
(шаңғы, шаңғысы) бар. Ол шаңғы ... (тебеді, тебемін).

[4]

Балл қою кестесі
Тапсырма

3

Барлығы

Жауап

Балл

Менің домбырам бар.

1

Мен домбыра тартамын.

1

Оның шаңғысы бар.

1

Ол шаңғы тебеді.

1

Қосымша
ақпарат

4

14

5. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға
мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар
немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау
оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға
жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен
таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға
дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау
барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар
(спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына
мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне
көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып
қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар
тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге
негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым
салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап
отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын
тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.
6. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация
үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл
қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.

15

4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Тағам және сусын» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің
түрлері

Тыңдалым және айтылым

Оқу мақсаты

1.1.8.1 Берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме
құрап айту

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Сурет бойынша жүйелі әңгіме құрастырып айтады.

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану

Орындау уақыты

15 минут

Тапсырма
Тыңдалым және айтылым
1.Суреттердің ретін тауып, нөмірле. Сурет бойынша әңгіме құрастыр. Досыңа айтып бер.

Бағалау
критерийі
Сурет бойынша
жүйелі әңгіме
құрастырып
айтады
Барлығы

Тапсырма

1

Дескриптор
Білім алушы
сюжетті суреттердің ретін анықтайды;
бейнеленген оқиғаға сәйкес әңгіме құрастырады;
оқиғаның логикалық жүйесін сақтайды;
сөйлемдердің құрылымын сақтайды;
сөйлеу барысында грамматикалық нормаларды
сақтайды.

Балл
1
1
1
1
1
5
16

Сурет бойынша жүйелі
әңгіме
құрастырып
айтады

Бағалау
критерийі

1

Тапсырма

Сюжетті сурет бойынша
әңгіме құрастыруда
қиналады

Төмен
Сюжетті суреттердің ретін
анықтауда / әңгіменің жүйесін
сақтауда / сөйлеу барысында
грамматикалық нормаларды
сақтауда қателіктер жібереді

Орташа

Оқу жетістіктерінің деңгейі

Білім алушының аты-жөні: _________________________________________

17

Сюжетті сурет бойынша
әңгіме құрастырады

Жоғары

«Тағам және сусын» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат
ұсынуға арналған рубрика

«Дені саудың – жаны сау» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің
түрлері

Оқылым
Жазылым

Оқу мақсаты

1.2.5.1* Мәтін/ иллюстрация бойынша (мұғалімнің көмегімен)
сұрақтар қоя білу және қойылған сұраққа жауап беру
1.3.9.3* Бас әріппен жазылатын сөздерді (адамның аты-жөні,
тегі, жер-су атаулары, үй жануарларына берілген
аттары) анықтау
Білім алушы
• Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ құрастырады және
жауап береді
• Мәтіннен бас әріппен жазылатын сөздерді анықтайды

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

Орындау уақыты

20 минут

Тапсырма
Оқылым
1. Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.
Балалар футбол ойнауға жиналды. Бәрі де жақсы шыныққан, мықты балалар. Олар екі
топқа бөлінді. Асқар қақпашы болды. Болат допты қақпаға қарай тепті. Асқар оны жылдам
қағып алды.
Футбол ойыны қыза түсті.
1) Ойынға қандай балалар қатысты? Жаз.

___________________________________

2) Мәтін бойынша 1 сұрақ құрастырып жаз. ___________________________________
2. Мәтіннен бас әріппен жазылатын сөздерді теріп жаз.

Бағалау критерийі
Мәтіннің
мазмұны
бойынша
сұрақ
құрастырады
және
жауап береді
Мәтіннен бас әріппен
жазылатын сөздерді
анықтайды
Барлығы

Тапсырма

1

2

Дескриптор

Балл

мәтіннің мазмұны бойынша сұраққа
жауап жазады;
мəтін бойынша бір сұрақ құрастырады;

1

мәтіннен бас әріппен жазылатын бірінші
сөзді тауып жазады (Асқар);

1

мәтіннен бас әріппен жазылатын екінші
сөзді тауып жазады (Болат).

1

Білім алушы

1

4
18

мазмұны
сұрақ
және

Мәтіннен бас әріппен
жазылатын сөздерді
анықтайды

Мәтіннің
бойынша
құрастырады
жауап береді

Бағалау критерийі

2

1

Тапсырма


Мәтіннен бас әріппен
жазылатын сөздерді теріп
жазуда қиналады

Төмен
Мәтіннің мазмұны
бойынша сұрақ
құрастыруда және жауап
беруде қиналады

Жоғары
Мәтіннің мазмұны
бойынша сұрақ
құрастырады және жауап
береді

19

Бас
әріппен
жазылатын Мәтіннен бас әріппен
сөздерді анықтауда қателеседі жазылатын сөздерді теріп
жазады

Орташа
Мәтіннің мазмұны бойынша
сұрақ құрастыруда/ сұраққа
жауап беруде қателіктер
жібереді

Оқу жетістіктерінің деңгейі

Білім алушының аты-жөні: __________________________________________

«Дені саудың – жаны сау» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға
ақпарат ұсынуға арналған рубрика

4-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу
бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін
тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға
бағытталған.
Спецификация 1-сыныпта «Сауат ашу» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың
мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
«Сауат ашу» оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында). Бастауыш
білім беру (1-сынып).
3. 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
3.1 Ұзақтығы - 40 минут
Оқылым - 20 минут
Жазылым -20 минут
Тыңдалым және айтылым бөлек тексеріледі
Балл саны – 12
3.2 Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әр түрлі тапсырмалар: көп таңдауы бар сұрақтар,
қысқа немесе толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Берілген нұсқа көп таңдауы бар сұрақтарды, қысқа немесе толық жауапты қажет ететін
сұрақтарды қамтитын 4 тапсырмадан тұрады.
Көп таңдауы бар сұрақтарда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын
таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға білім алушы сөздер немесе қысқа сөйлемдер
түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар мәтінді түсінуге, өз ойын ауызша және
жазбаша түрде толық, жүйелі, түсінікті етіп жеткізуге бағытталған.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден немесе сұрақтардан тұруы мүмкін.
Бірінші тапсырма тыңдалым және айтылым дағдысын, екінші және үшінші тапсырма
оқылым, төртіншісі жазылым дағдысын тексеруге бағытталған.

20

Сөйлеу әрекетінің
түрлері

Тыңдалым және
айтылым

Оқылым

Жазылым



1

2

3

және 1.1.2.1 Мұғалімнің көмегімен
мәтінде кім? (не?) туралы
айтылғанын анықтау.
1.1.7.1 Тыңдалған мәтінге өз
көзқарасын жай сөйлеммен
білдіру (ұнайды/ ұнамайды).

Оқу мақсаты

1.3.5.1* Тақырыпқа
байланысты керекті сөздер,
сызбалар, суреттер,
белгілерін қолдана отырып,
жай сөйлемдер/мәтін
құрастыру және жазу.

Дені саудың - 1.2.3.1 Мұғалімнің көмегімен
жаны сау
оқыған мәтіннің тақырыбын,
басын, ортасын және соңын
анықтау.
1.2.2.1 Мәтінде автордың
кім? (не?) туралы айтқысы
келгенін түсіну.

Тағам
сусын

Ортақ
тақырып

Білім алушы қысқа жауапты
қажет ететін тапсырманы
орындайды.

Білім алушы көп таңдауы
бар және қысқа жауаптарды
қажет ететін тапсырманы
орындайды.

Білім алушы көп таңдауы
бар, қысқа және толық
жауаптарды қажет ететін
тапсырманы орындайды.

Тапсырманың
сипаттамасы

1

2

1

Тапсырма
саны

3

5

4

21

Жалпы
балл

4. Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі
«Сауат ашу» пәнінен 4-тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Тыңдалым және айтылым
1. Мәтінді тыңда. Тапсырмаларды орында.
Көгөністер өзінің адамға пайдасы туралы дауласты. Дауды қияр бастады.
- Адамға мен пайдалымын. Мен тез өсемін. Бәріңнен бұрын пісемін. Адам мені көп
пайдаланады, - деп мақтанды ол.
- Менің пайдам көбірек. Менің ақ түсімнен қант жасайды. Қызыл түсім нәр береді - деп
сөзге қызылша араласты.
- Ал менің шырыным өте пайдалы. Ол адамдарға күш береді, – деді сәбіз.
Дауға басга көгөністер де қосылды. Олар бір-бірін жеңе алмай, ұзақ дауласты.
1) Дауды қай көгөніс бастады? Белгіле ().

[1]
2) Сұрақтарға жауап бер.


Көгөністер не туралы дауласты?



Сен қай көгөніс пайдалы деп ойлайсың? Неліктен?
[3]
Балл қою кестесі

Тапсырма


Жауап

1

Балл

Қосымша ақпарат

1

Білім алушының ықтимал жауаптары:
Өздерінің пайдасы туралы айтысты
/Өздерінің адамға тигізетін пайдасы
туралы дауласты.
Білім алушының ықтимал жауаптары:
Көгөністердің бәрі де пайдалы.
Өйткені олардың құрамында

1

2

Сұрақтың мазмұнына
сәйкес басқа да дұрыс
сөйлемдер
қабылданады.
Сұрақтың мазмұнына
сәйкес басқа да дұрыс
сөйлемдер
22

дәрумендер бар/ Барлық көгөністің
пайдасы бар. Олар денсаулықты
нығайтады.

қабылданады.
Сұраққа қатысты
дәлелді пікір айтады - 1
балл.
Сөйлемнің құрылымын
сақтайды - 1 балл.

Барлығы

4

Оқылым
2. Берілген үзіндіні оқы. Мәтіннің бөліктерімен сәйкестендіріп сыз.
Мұғалім
екенін айтты.

бұлақ суының

шипалы
басы

Олар бұлақтан су ішті. Судың дәмі
ерекше екен. Балалар судың дәміне таң
қалды.

ортасы
соңы

Балалар тауға саяхатқа шықты. Тау
етегіндегі мөлдір бұлақтың басына келді.

[3]
3. Сұрақтарға жауап жаз.
Бұлақтың суы қандай?

___________________________
[1]

Мәтінді қалай атауға болады? ___________________________
[1]
Балл қою кестесі
Тапсырма

2

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

1

Әр дұрыс сәйкестікке 1
балл қойылады.

1
1

23

3

Дәмді/шипалы/дәмі ерекше/мөлдір

1

Кез
келген
жауапқа
1
қойылады.

Шипалы су/Бұлақ басында/Саяхатта

1

Мәтіннің
мазмұнына
сәйкес
басқа
да
тақырыптар
қабылданады.

Барлығы

дұрыс
балл

5

Жазылым
4. Суреттің орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлемдер құрастырып жаз.

1) Мараттың, деген,

2) Ақтөс,

, бар, Ақтөс

сүйкімді, өте

3) Марат, көреді,

, жақсы

[3]
Балл қою кестесі

Тапсырма


Жауап

Балл

4

Мараттың Ақтөс деген күшігі / иті бар.

1

Ақтөс – өте сүйкімді күшік / ит.

1

Марат күшігін / итін жақсы көреді.

1

Барлығы

Қосымша ақпарат

3

24

5. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға
мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер,
плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау
оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға
жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен
таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау
басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау
барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар
(спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына
мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне
көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен
сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім
алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға
көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге
тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі
хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын
тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.
6. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация
үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін
балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.

25
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!