Материалдар / «Заманауи басшы : табыс формуласы»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Заманауи басшы : табыс формуласы»

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге көмек ретінде берілді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Ақпан 2021
390
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Заманауи басшы : табыс формуласы»

Мектеп- тәрбиенің қайнар көзі , ұлт рухын тербеп тұрған киелі бесік. Себебі мұнда еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар, елін замана көшінен қалдырмай өрге шығарар азамат тәрбиеленеді. Ал сол азаматтарды тәрбиелеу,қатарға қосу- ұстаздардың міндеті. Ұстаз болу адам бойындағы ұлы қасиеттердің бірі. Бауыржан Момышұлы : “Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді… Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” – деген екен. Ұстаздың мәртебелі мамандық екенін осыдан-ақ білсек керек.

Отбасынан, мектептен алған тәрбие, тағылым бұл - әр азаматтың өміріне берілген ең алғашқы жолдама, рухани талшық. Мектептен сол рухани тәрбиені,дұрыс жолдаманы беру – ұстаздардың міндеті. Ұстаздар шығармашыл, ізденімпаз болса, шәкірттерге деген ілтипаты мен берері мол болса, бұл оқушылардың бақыты. Балалардың арасында жүріп, олардың қуанышы мен жеткен жетістіктеріне куә болу, соған үлес қосу ол – біздің қуанышымыз. Мектеп жұмысының нәтижелі болуы -ол ұстаздар қауымына және басшыға тікелей байланысты. Ал сол жас ұрпақ пен оларға тәрбие беретін ұстаздарға басшылық ету- мен үшін үлкен мәртебе. Әрине, үлкен ұжымға, әсіресе, ауданымыздағы білімді оқушылары мен білікті ұстаздары бар «қара шаңыраққа» басшылық ету оңай емес. Қандай да болмасын ой-толғаныс, болашаққа мақсат қойып ұмтылу жұмыстың жемісін береді, жұмысты жеңілдете түседі. Өйткені, бұл - өмір заңы, тіршілік талабы. Мен де өзімнің арманым мен мақсатымның арқасында осындай үлкен ұжыммен жұмыс жасаудамын.

Қазіргі мектеп басшысы-рухани жағынан дамыған, өте білікті ,сауатты, ұжымның болашағын ойлаушы, оның дамуын жүзеге асырушы, басқарудың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман болуы керек. Заманауи әлемдегі мектеп басшысының да, мұғалімнің де ең бірінші алдына қойған үлкен міндеті-оқушыларымызға заман талабына сай тәлім-тәрбие беру. Ұрпақ тәрбиелеуде қоғам алдындағы зор жауапкершілік те бірінші мектеп басшысына жүктелген. Олай болса,басшы болу – жауапты да күрделі жұмыстардың бірі. Сол себепті қазіргі заманауи әлемдегі басшының басқарушылық іс-әрекетінің мазмұны зерттеушілік қызметтен, жеке ізденістерден, оқушымен, ата-анамен тығыз ынтымақтастықтан тұрады. Халқымыздың дана ұстазы А.Байтұрсынұлы : «Мұғалім қандай болса, мектеп те сондай болмақ»-деген екен. Дана ұстаздың осы сөзі бұгінгі күні де өз мәнін жойған жоқ. Мұғалім мектепте алдындағы 30 баланың білімі үшін ғана емес, тәрбиесі үшін де жауапты тұлға болып қала бермек. Ата-ана, жалпы қоғам осылай түсінуі керек. Мұғалімге құрметпен қарау деген осыдан шығады. Мен осы қағиданы мықтап ұстана отырып, өзімнің педагогикалық ұжымымды үнемі жаңашылдықпен жұмыс істеуге шақырамын. Шәкірттердің білімге деген ынтасын арттыру мақсатында жұмыс істейтін шығармашыл ұстаздарымның биік талап деңгейінен көрінуіне көмек беріп,ықпал етуді де өзімнің айқын мақсатым етіп алғанмын. Мектеп оқушыларының сапалы білім алуы үшін мұғалім де мектеп басшысыда аянбай еңбек ету керек. «Әр жетістік,ұшқан ұядан, яғни өскен ортаңнан бастау алады»- деген қағиданы ұстанамын. Осы қағиданы жүйелі жолға қоюдың арқасында көптеген жетістіктерге жетіп те келе жатырмыз. Мектебімізде шығармашылық топ,шығармашыл ұстаздар, дарынды балалармен жүргізілетін біршама жұмыс түрлерін жүзеге асыруды күн тәртібінен алған емеспіз. Мектеп оқушылары мен ұстаздары пән олимпиадасында да, зияткерлік олимпиадаларында да жақсы көрсеткіштер танытуда.

Жаңартылған білім беру жүйесі сатылы түрде енгізілді. Барлық мұғалімдер жаңартылған білім бағдарламасы бойынша курстан өткен. Әрине, бұл бағдарлама енгізілген кезде бәрімізге де қиындық тудырды. Біраз түсінбеушіліктер де туындады. Бірақ біз ұжым болып бұл қиындықты да еңсердік. Енді бұл бағдарлама өз жемісін беруде.

Жаңартылған білім беру бағдарламасының артықшылықтары ретінде пәнаралық ортақ тақырыптардың болуы, бағалау өлшемдерінің берілуі, білімнің қолданбалылығына басымдылық берілуін айтар едім. Тестік жүйе енгізілгеннен бері бақылаулармен «үндемес» балалардың қалыптасуына ықпал етіп еді, енді тыңдалым, айтылым, жазылым, оқылым дағдылары қатар жүретіні жаңартылған білім мазмұнының артықшылығы болды. Бұл жалғыз менің пікірім емес,осы бағдарлама бойынша оқып , тәжірибеде сынап, жаңалықты өн бойынан өткізген шығармашыл да білімді ұстаздардың пікірі. Тапсырмалардың оқушының сыни ойлауына бағытталуы да мұғалімнің жұмысын жеңілдетеді.

Мен басшылық еткен уақыттағы ерекше табыс ретінде ұжым мұшелерінің өзара ынтымақтастығын айтып өтер едім. Мектепте білікті ұстаз жас мамандарға үнемі әдістемелік көмек көрсетіп, тәжірибесімен бөлісіп отырады.Ұжым мүшелері бір- біріне көмек беруге даяр. Ал мен басшы ретінде ұжым мүшелерінің жетістіктерін атап өтіп, мадақтап отырумен шабыттандырудың маңызды екенін, қолдап отырудың қажет екенін жақсы түсінемін. Мұндай қолдауды көрген,сезінген ұстаз да құлшына еңбек етуге даяр тұрады. Осындай ынтымағы жарасқан ұжымда атқарылған жұмыстар да жемісті болары хақ.

Мектеп басшысы шыдамды, ізденуші, зерттеуші, шығармашыл, жаңашыл, талапшыл болудан қашпау керек. Бұл -заман талабы. Себебі кейінгі жас ұстаздар бізідң жасаған еңбегімізді үлгі тұтып, біздің бойымыздағы қасиеттерімізді өз бойына дарытуға талпынады. Білікті басшы, ұлағатты ұстаз ел болашағын тәрбиелеуде тынымсыз күндер мен түндерді артқа тастап, абырой биігінен түспеуі тиіс. Себебі ұстаздың да , басшының да жеткен жетістігі, шыққан асуынан гөрі қоғамға берері мол. Сондықтан мен қоғамға берері мол ,қолда бар мүмкіндікті дұрыс пайдаланып, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын ұжымыма дұрыс бағдар беретін заманауи, жетістікке ұмтылатын басшы болу міндетім деп білемін.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!