жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Заманауи басшы: табыс формуласы»
“С.Ерубаев атындағы жалпы орта мектеп”
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
«Заманауи басшы: табыс формуласы»
Мектеп директоры:
Копесов Бакытжан Калиевич
Боралдай ауылы
2020-2021 оқу жылы
Ұстаз… жаратылысынан өзіне айтылғанның
бәрін жете түсінген, көрген, естіген және
аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы
сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын… алғыр да
аңғарымпаз ақыл иесі…, мейлінше шешен,
өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ
және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да,
жат адамдарына да әділ…, жұрттың бәріне…
жақсылық пен ізгілік көрсетіп…қорқыныш пен жасқану
дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек.
Әл-Фараби
Ұрпақ…Бала…Бүкіл адамзат болмысының тірлігінің мәні. Қай заманда, қай ғасыр, қай қоғамда болмасын адамдар тірлігінің мақсаты, болашаққа жалғастырар алтын көпірі, аманат етер асылы- оның ұрпағы. Сондықтан да күллі адамзат дүниесіне ортақ мүдде-ұрпақ тәрбиесі. Ал сол ұрпақтың азамат болып шығуына бағыт-бағдар беріп, үнемі қадағалау – бүгінгі ұстаздар қауымының жауапты жұмысы деп білемін.
Қазақтың кемел талантты ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов: «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек»,-деген. Мемлекет болашағының кепілі-жастарға білім мен тәрбие беру мәселесінен өткір мәселе жоқ екені белгілі. Әр бала-жеке тұлға. Біріне – бірі ұқсамайды, жаңалықты асыға күтетін талант иесі.
Сол талантты бала жүрегіндегі ізгілікті шынайылықпен тани білетін қазіргі заманғы ұстаз қандай болуы керек? деген өзекті сұрақ өз жауабын күтуде.
Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – басшы. Басшы басқару үдерістерінің табиғатын түсінуі, басқару тиімділігін арттыру тәсілдерін, персоналдарды басқаруға қажетті ақпараттық технологиялар мен құралдарды білуі тиіс, ол үшін басшы еңбек ұжымының қызмет етуінің, әртүрлі жағдайлар мен ортада басқарушылық шешімсдерді қабылдаудың, адамдармен жұмыс істеудің психологиялық ерекшеліктерін ескеруі қажет. Басшылардың психологиялық басқарушылық мәдениетін қалыптастыру мен дамытуға, қызметкер тұлғасының ерекшеліктері, тұлғааралық қарым қатынастар мен еңбек ұжымының қызмет ету заңдылықтарын теоретикалық түсіну мен басқаруда қолдануға қажетті негіздерді құруға бағытталған ғылым мен іс-тәжірибе ретінде басқару психологиясы көмек көрсете алады.
Педагогикалық ұжымды басқару ісі ерекше еңбекті қажет етеді. Қызметтестеріңмен тығыз қатынаста болу, олардың күшті немесе әлсіз жақтарын білу, болып жатқан жағдайды түсіну қатаң басқару стилінен арылтады. Байсалдылық пен өзіңе деген сенімділік басшыны тартымды етеді, айналасындағы адамдардың қалыпты еңбек етуіне жағдай жасайды. Қандай жағдай болмасын, істің жалғыз дұрыс шешімін табуға жұмсаған еңбегіңді ешкім білмегені абзал. Себебі, проблеманы шешу барысында өз ой-өрісіңді дамытасың, шыдамдылыққа үйренесің.
Білім беретін мекеменің заманауи басшысы – ерекше шешім таба алатын, ақылымен, мәдениеттілігімен, кәсіби біліктілігімен, тіпті келбетімен де өзіне тартатын, шығармашылық идеялардың, инновациялардың генераторы. Ол халықтың мұқтажын өзінікіндей көреді, адамға қолдау көрсетіп, керек жерде ескертіп, қатаң сұрау сала алады, сонымен қатар мақтау, мадақтау лайық жерде одан да қалыспайды. Сондай атмосферада әріптес ұстаздар өздерінің тәжірибесі, энергиясы, білімі пәрменіне сай бағаланатынына сенімді болады, сондықтан толықтай жұмысына беріліп еңбек етеді.
Заманауи басшы – бұл, ең алдымен, басқару психологиясын меңгерген өз ісінің маманы. Әрбір ұжымда даулы жағдайлар тууы мүмкін. Мұндай кезде жетекші ата-анаға да, тәлімгерлерге де тиімді, қызықты әрі бірегей шешім табуы тиіс. Уақыт өте кәсіби және жекебас мәселелері ажырағысыз болып кетеді. Мектеп өміріңнің жартысына, сүйікті үйіңе айналады, жұмыс уақыты мөлшермен реттелмейді. Ал басшының ең басты жетістігі деп педагогикалық ұжымның жоғарғы кәсіби біліктілігін атауға болады.
Заманауи басшы-өз әріптестерін жетістіктерге, инновацияларға жетелейтін, балалардың дүниетанымын арттыратын, ата-аналарды ортақ шығармашылыққа шақыратын адам. «Табиғат ана әр адамға әуестігіне қарап қабілет береді. Әуестігі болмаса, күші де болмайды. Өз мүмкіншіліктеріңді көру үшін көрегендік қажет». Оған қосарым – көрегендік басқалардың да мүмкіншілігін бағалауға, олармен ортақ жетістіктерге жетуге септігін тигізеді. Менің ойымша, білім беру мекемесінің басшысы қазіргі өмірдің қойған талаптарын ескере отырып, өзіндік педагог моделін құруы тиіс. Сондағы алдыңғы шарттардың бірі болып педагогика мәселелері шығады.
Табысты көшбасшы алдына мақсат қоя білу керек. Ол болған жағдайды тек ақылға сүйеніп емес, ішкі түйсігімен сезінуі керек. Ішкі түйсігі басшыны алдамайды, себебі ол жылдар бойғы тәжірибесінен жинақталады.
Дегенмен, ішкі түйсігінен басқа, басшы мектептің қалыпты жұмыс істеуі үшін, көбіне қаржы мен шаруашылық қызметке көңіл аударуы тиіс. Бұл да — басшы қызметінің маңызды құрамдас бөлігі. Биік көрсеткіштерге жету үшін, басшының оқушыларға, қызметкерлерге қолайлы тұрмыстық жағдай жасауы қажет. Мектеп ұжымын басқару деген – бұл қырлары көп, қиын, сонымен қатар қызықты әрі шығармашылыққа толы жол.
Мектеп басшысы қандай болу керек? Жауапкершілігі зор, өз әрекетінде істі аяқтауға деген ұмтылысы, мақсатқа жетуге деген табандылығы, мәселелерді шешуде сенімділігі, айналасындағыларға әсер ету қабілеті бар, өзгелерге жол көрсете алатын, қиындықты жеңе білетін белсенді тұлға. Осы қасиеттерге сай болуым үшін көп тер төгіп, еңбек етудемін.
Өткен
істер мен бүгінгі жұмысыма талдау
жасасам,
білім беру мекемеміздің
қарамағында 100-ге жуық ұстаздар
қызмет атқарып, 661 оқушы білім алуда.
Осындай үлкен контингентті басқаруда
олардың жай-күйі, жағдайлары мектеп
басшысы ретінде мені көп толғандырады.
Үлкен ұжымды айрандай ұйытып басқару,
оқушыларды сапалы біліммен қаруландыруға
жағдай жасау-менің басшылық қызметімдегі
ең негізгі міндеттерімнің бірі.
«Бүгінгі күн-кешегінің жемісі, ертеңгінің болмысы»,-дейді дана халқымыз. Қай мемлекеттің болсын ертеңi – бiлiмдi жастардың қолында. Алдыңғы толқын аға буынның орнын басар, ізін жалғастыратын кейінгі толқын жастар. Тұңғыш Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев осындай жан-жақты дамыған білімді, елжанды, еңбекқор, өзінің атқарған ісіне жауапкершілікпен қарауды азаматтық парызы санайтын ұрпақ тәрбиелеуді білім беру саласы қызметкерлеріне жүктеді. Бұл үшін мемлекет тарапынан барлық жағдай да жасалуда.
Қазақстандағы білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы-заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Жаңартылған білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Қазіргі таңда қазақ тілі-мемлекеттік тіл, қарым-қатынас тілі – орыс тілі және ағылшын тілі – әлемдік кеңістікті тану тілін оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану-заман талабы болып отыр. Оқыту жүйесі өзгерді. Шындығында мұғалімнің алдында оқушыларға білім мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік тұр. Әрбір оқушыны оқытып тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім қажет. Осы орайда көптеген ұстаздарымыз жаңартылған білім беру бойынша семинарларға қатысып, оқуларды оқып келді. Жаңартылған білім беру бойынша мектебіміз семинарлар өткізіп, аудан көлеміндегі ұстаздармен өз тәжірибелерін бөлісу-табысты мектептің нәтижелі іс-әрекетіне айналды.
Жас ұрпақ тәрбиесі – адамзаттың мәңгілік тақырыбы. Бізге ой-өрісі жоғары дамыған зерделі, жан-жақты, парасатты, дені сау ұрпақ керек екені бұлтартпас шындық, бұлжымас ақиқат. Тәрбие мен оқу - бір-бірінен бөлек алынып қаралмайтын үрдіс. Жаңа заманның жаңашыл басшысы екі үрдісті бірдей теңестіріп алып жүруі оның шеберлігі мен іскерлігін көрсетеді.
Аристотельден кейінгі екінші ұстаз, ғұлама, ойшыл Әл-Фараби айтқандай, «басшыға ынталылық пен табандылық қажет. Өйткені бұлар, жұрт айтқандай, тамшысымен тас тесетін бейнебір су тәрізді».
Халқымызда «Жас келсе – іске» деген керемет сөзі бар. Демек, мен бойымдағы жігерімді, күш қуатымды, жаңашылдығымды ұжымды көтеруге жұмсауым керек. Болашақта өз ұжымымды биік белестерден көрсем, сол үшін өзімнің кішкенһхе де болса үлесім тиген болса, мен өзімді бақытты басшы, бақытты адам деп білемін.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген