Қатысушының аты-жөні:
Жұмыс орны: Ісмет Кеңесбаев атындағы жалпы орта мектеп
Қызметі:
Байқауға қатысу бағыты: «Табысты менеджер-2020»
Таукент 2020 жыл
«Заманауи басшы: табыс формуласы» (эссе)
«Басқару- адамтану,адамның күрделі және қызықты,
рухани жандүниесіне үңіле білу.Басқарушылық шеберлік
пен басқарушылық өнер-даналықты жүрекпен ұға білу».
В.В.Сухамлинский
Заманауи басшы- өз әріптестерін жетістіктерге,инновацияларға жетелейтін,балалардың дүниетанымын арттыратын,ата-аналарды ортақ шығармашылыққа шығаратын адам. «Табиғат ана әр адамға әуестігіне қарап қабілет береді.Әуестігі болмаса,күші де болмайды.Өз мүмкіншіліктеріңді көру үшін көрегендік қажет».Оған қосарым-көрегендік басқалардың да мүмкіншілігін бағалауға,олармен ортақ жетістіктерге жетуге септігін тигізеді.Менің ойымша,білім беру мекемесінің басшысы қазіргі өмірдің қойған талаптарын ескере отырып ,өзіндік педагог моделін құруы тиіс.Сондағы алдыңғы шарттардың бірі болып педагогика мәселелері шығады.
Заманауи басшы-бұл ең алдымен,басқару психологиясын меңгерген өз ісінің маманы.Әрбір ұжымда даулы жағдайлар тууы мүмкін.Мұндай кезде жетекші ата-анаға да,тәлімгерлерге де тиімді,қызықты әрі бірегей шешім табуы табуы тиіс.Уақыт өте келе кәсіби және жекебас мәселелері ажырағысыз болып кетеді.Мектеп өміріңнің жартысына,сүйікті үйіңе айналады,жұмыс уақыты мөлшермен реттелмейді.Ал басшының ең басты жетістігі деп педагогикалық ұжымның жоғарғы кәсіби біліктілігін артауға болады.
Қазақтың кемел талантты ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов: «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек», -деген екен. Мемлекет болашағының кепілі – жастарға білім мен тәрбие беру мәселесінен өткір мәселе жоқ екені белгілі. Әр бала – жеке тұлға. Біріне-бірі ұқсамайды, жаңалықты асыға күтетін талант иесі.Сол талантты бала жүрегіндегі ізгілік пен шынайылық, білімділік пен дарындылық мектеп қабырғасынан танылады.
Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін дамытудағы негізгі тұлға – басшы. Басшы басқару үдерістерінің табиғатын түсінуі, басқару тиімділігін арттыру тәсілдерін, персоналдарды басқаруға қажетті ақпараттық технологиялар мен құралдарды білуі тиіс, ол үшін басшы еңбек ұжымының қызмет етуінің, әртүрлі жағдайлар мен ортада басқарушылық шешімдерді қабылдаудың, адамдармен жұмыс істеудің психологиялық ерекшеліктерін ескеруі қажет деп білемін .Басшылардың психологиялық басқарушылық мәдениетін қалыптастыру мен дамытуға, қызметкер тұлғасының ерекшеліктері, тұлғааралық қарым қатынастар мен еңбек ұжымының қызмет ету заңдылықтарын теоретикалық түсіну мен басқаруда қолдануға қажетті негіздерді құруға бағытталған ғылым мен іс-тәжірибе ретінде басқару психологиясы көмек көрсете алады.
Дегенмен, ішкі түйсігінен басқа, басшы мектептің қалыпты жұмыс істеуі үшін, көбіне қаржы мен шаруашылық қызметке көңіл аударуы тиіс. Бұл да — басшы қызметінің маңызды құрамдас бөлігі. Биік көрсеткіштерге жету үшін, басшының оқушыларға, қызметкерлерге қолайлы тұрмыстық жағдай жасауы қажет. Мектеп ұжымын басқару деген – бұл қырлары көп, қиын, сонымен қатар қызықты әрі шығармашылыққа толы жол.
Педагогикалық ұжымды басқару ісі ерекше еңбекті қажет етеді.Әріптестеріңмен тығыз қатынаста болу, олардың күшті немесе әлсіз жақтарын білу, болып жатқан жағдайды түсіну қатаң басқару стилінен арылтады. Байсалдылық пен өзіңе деген сенімділік басшыны тартымды етеді, айналасындағы адамдардың қалыпты еңбек етуіне жағдай жасайды. Қандай жағдай болмасын, істің жалғыз дұрыс шешімін табуға жұмсаған еңбегіңді ешкім білмегені абзал. Себебі, мәселені шешу барысында өз ой-өрісіңді дамытасың,шеберлілік пен шыдамдылыққа үйренесің.
Білім беретін мекеменің заманауи басшысы – ерекше шешім таба алатын, ақылымен, мәдениеттілігімен, кәсіби біліктілігімен, тіпті келбетімен де өзіне тартатын тұлға. Ол халықтың мұқтажын өзінікіндей көреді, адамға қолдау көрсетіп, керек жерде ескертіп, қатаң сұрау сала алады, сонымен қатар мақтау, мадақтау лайық жерде одан да қалыспайды.Сондай ортада әріптес ұстаздар өздерінің тәжірибесі, энергиясы, білімі пәрменіне сай бағаланатынына сенімді болады, сондықтан толықтай жұмысына беріліп еңбек етеді.
Табысты көшбасшы алдына мақсат қоя білу керек. Ол болған жағдайды тек ақылға сүйеніп емес, ішкі түйсігімен сезінуі керек. Ішкі түйсігі басшыны алдамайды, себебі ол жылдар бойғы тәжірибесінен жинақталады.Дегенмен, ішкі түйсігінен басқа, басшы мектептің қалыпты жұмыс істеуі үшін, көбіне қаржы мен шаруашылық қызметке көңіл аударуы тиіс. Бұл да — басшы қызметінің маңызды құрамдас бөлігі. Биік көрсеткіштерге жету үшін, басшының оқушыларға, қызметкерлерге қолайлы тұрмыстық жағдай жасауы қажет. Мектеп ұжымын басқару деген – бұл қырлары көп, қиын, сонымен қатар қызықты әрі шығармашылыққа толы жол.
Менің көз қарасым бойынша, адам баласына берген «бақыттың» бірі осы басшылық қызметтің ұжыммен бірлесе еңбек етуінде деп білемін.
Басшы – ұжымға өмірлік азық боларлық пайдалы білім мен жанына ізгіліктің нәрін себуші, жақсы мен жаманды үйретіп, адамгершілік қасиеттерді сіңіруші, ең жақын жанашыры әрі ақылшысы. Бір сөзбен айтқанда, бүгінгі қоғамды ертең алға сүйрейтін озық ойлы адам және жаңашыл педагог мамандарды тәрбиелеуші, өз уақытын аямай, өзгенің бақытын аялаушы.
Халқымызда «Көп жас жасағаннан емес, көп игілікті ісі бардан сұра»-демекші ұжымды жетістікке жеткізуге дем беретін басшының ықпалы мен бала тәрбиесіне үлкен мән беретін жаңа жобалар дүниеге келіп педагогтардың қызу қолдауына ие болуда.
Ал, мен – заман ағысына сай біліммен қаруланған, ой-өрісім жоғары, үздіксіз ізденісте жүрген, жан-жақты дамып келе жатқан қатардағы басшымын. Мақсатым мен міндетімді айқын білетін қарапайым адаммын. Күш-жігер, талабымның арқасында көш басында жүруді және үнемі үш қасиетті бойыма сақтауды мақсат еттім. Олар:талап, еңбек, терең ой… Талабым дұрыс шешім қабылдауға, еңбекқор болуым басшылыққа алып келді, терең ой жаңашыл болуға үйретті.
Аристотельден кейінгі екінші ұстаз, ғұлама, ойшыл Әл-Фараби айтқандай, «басшыға ынталылық пен табандылық қажет. Өйткені бұлар, жұрт айтқандай, тамшысымен тас тесетін бейнебір су тәрізді».
Халқымызда «Жас келсе – іске» деген керемет сөзі бар. Демек, мен бойымдағы жігерімді, күш қуатымды, жаңашылдығымды ұжымды көтеруге жұмсауым керек. Болашақта өз ұжымымды биік белестерден көрсем, сол үшін өзімнің кішкене де болса үлесім тиген болса, мен өзімді бақытты басшы, бақытты адам деп білемін.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Заманауи басшы, табыс формуласы

шағым қалдыра аласыз