Тақырып бойынша 11 материал табылды

Заманауи білім беру жүйесіндегі икемді педагог-маманның тұлғалық және кәсіби бейнесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндама. Тақырыбы:«Заманауи білім беру жүйесіндегі икемді педагог-маманның тұлғалық және кәсіби бейнесі» Авторы: Ш.М.Шингисова Кіріспе ХХІ Ғасыр — бұл жаһандану, жоғары технологиялар және ақпараттың өте жылдам өзгеру дәуірі. Бүгінгі таңда білім беру жүйесі тек білім жиынтығын беретін емес, адам капиталын дамытатын, өзгерістерге тез бейімделетін тұлғаны қалыптастыратын салаға айналды. Осы орайда, заманауи мектеп пен жоғары оқу орындарына қойылатын басты талап — икемді педагог (Agile/Flexible Teacher) бейнесін қалыптастыру. Икемді педагог дегеніміз — тек өз пәнін жақсы білетін маман емес, уақыт көшінен қалмай, үнемі ізденісте жүретін, жаңа жағдайларға тез бейімделіп, білім алушының қажеттілігін түсінетін әмбебап тұлға. Заманауи икемді педагогтың негізгі қасиеттері Қазіргі заман мұғалімінің бойында дәстүрлі біліммен қатар, бірнеше маңызды құзыреттіліктер (Skills) болуы шарт. Оларды келесі топтарға бөліп қарастыруға болады: 1. Цифрлық сауаттылық және IT-құзыреттілік Бүгінгі оқушылар — «ц
Материалдың қысқаша нұсқасы

ӘДІСТЕМЕЛІК ӘЗІРЛЕМЕ ҮЛГІСІ

«СУ САНДЫҒЫ» ӘДІСТЕМЕЛІК ЖИНАҒЫНА ЕНГІЗУ ҮШІН

I. ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР

Автордың аты-жөні: Сейлова А.Е, Жакай Д.С, Абиева Ж.Ж

Лауазымы: арнайы педагог, педагог-психолог

Білім беру ұйымы: №273 орта мектеп

Облыс / аудан / қала: Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Байқоңыр қаласы

Байланыс телефоны: __________________________________________

E-mail: __________________________________________

II. САБАҚТЫҢ (ІС-ШАРАНЫҢ) ПАСПОРТЫ

Әзірлеменің атауы: «ЭкоПатруль» жобасы

Әзірлеме түрі

Тәрбие іс-шарасы +

Экологиялық акция

Мақсатты аудитория

Сынып (жасы): 6-7-8 сыныптар

Қатысушылар саны: 22

Тақырыптық бағыты

Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру

III. ӨЗЕКТІЛІГІ

Қазіргі таңда қоршаған ортаның ластануы мен тұрмыстық қалдықтардың көбеюі – бүкіл әлемді алаңдатып отырған маңызды мәселелердің бірі. Осыған байланысты оқушылардың экологиялық мәдениеті мен табиғатқа деген жауапкершілігін ерте жастан қалыптастыру ерекше маңызға ие. «Экопатруль» жобасы оқушылардың экологиялық сауаттылығын арттырып, қоқысты сұрыптау, қалдықтарды қайта өңдеу және оларды тиімді пайдалану дағдыларын дамытуға бағытталған. Сонымен қатар жоба жасыл желектерді көбейту, мектеп пен қоршаған ортаны таза ұстау арқылы табиғатты қорғауға белсенді қатысуға мүмкіндік береді. Зерттеу, бақылау және шығармашылық жұмыстар арқылы оқушылардың ізденімпаздығы мен экологиялық жауапкершілігі артады. Жоба барысында қалыптасқан тәжірибе оқушылардың күнделікті өмірде экологиялық мәдениетті сақтап, қоғамның тұрақты дамуына өз үлесін қосатын саналы азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.

IV. САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ, ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА БАҒДАРЛАНУЫ:

Мақсаты:

Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғауға баулу, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану туралы білімдерін кеңейту, табиғатқа деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік сезімдерін арттыру.

Міндеттері:

- Оқушылардың экологиялық сауаттылығын арттыру;

- Қоқысты сұрыптау және қайта өңдеу мәдениетін қалыптастыру;

- Қалдық заттарды тиімді пайдалану жолдарын насихаттау;

-Жасыл желектерді көбейту және табиғатты қорғау жұмыстарын ұйымдастыру;

- Оқушылардың зерттеушілік және шығармашылық қабілеттерін дамыту.


Сабақтың құндылықтарға бағдарлануы:

Түрлі аргументтермен және қолдану тәсілдермен танысу.



V. КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР

Сабақ соңында білім алушылар:

Күтілетін нәтиже

Жоба нәтижесінде оқушылардың экологиялық сауаттылығы мен табиғатты қорғауға деген жауапкершілігі артады. Қатысушылар қоқысты сұрыптау, қалдықтарды қайта өңдеу және тұрмыстық қалдықтарды тиімді пайдалану дағдыларын меңгереді. Мектеп аумағын көгалдандыру және қоршаған ортаны таза ұстау жұмыстарына белсенді қатысу арқылы экологиялық мәдениет қалыптасады. Оқушылардың зерттеушілік, шығармашылық және топпен жұмыс жасау қабілеттері дамиды. Экологиялық акциялар мен іс-шараларға қатысу белсенділігі артып, қоршаған ортаға жанашыр көзқарас қалыптасады. Нәтижесінде экологиялық құндылықтарды өмір салтына айналдырған, табиғатты қорғауға үлес қоса алатын саналы әрі белсенді тұлға тәрбиеленеді.Құндылықтарды көрсетеді






VI. ОҚУ ПӘНДЕРІМЕН КІРІКТІРУ

Сәйкес пәндерді белгілеңіз:

География

Көркем еңбек

VII. ҚОЛДАНЫЛАТЫН РЕСУРСТАР

Жабдықтар


VIII. САБАҚТЫҢ (ІС-ШАРАНЫҢ) БАРЫСЫ


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

2026 жыл қаңтар

Экопатруль жобасы бойынша 6-7-8 сынып оқушыларына жоба мақсат, міндеттері түсіндіріліп тапсырма берілді

Жоба мақсат,міндеттері назарға алынып тапсырмалар орындалды


Zoom ,Facebook платформалары



«Адал азамат» концепциясын жүзеге асыру мақсатында білім алушылардың бойында жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесін, экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Су және білім» жобасы аясында «Адал азамат: табиғатқа мейірім, суға құрмет» тақырыбында облыстық тәжірибе алаңында №273 орта мектепте жүзеге асырылып жатқан «ЭкоПатруль» жобасы аясында мектеп оқушыларының экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған жұмыстар таныстырылды.

Жұмысты 8 «Ә» сынып оқушысы, «Жас Ұлан» ұйымының ұланбасы Медетова Мархаббат мектеп аумағындағы ұстаздар мен ата-аналардың қолдауымен жасақталған экологиялық саябақты таныстырудан бастады. Саябақтағы су бұрқағы табиғаттағы су айналымының символы ретінде көрсетіліп, оның маңыздылығы түсіндірілді. Сонымен қатар мектептің экологиялық бағыттағы жетістіктері, республикалық «Жер елшілері» көшбасшылар слетіне қатысуы туралы ақпарат берілді.

Іс-шара барысында жаңалықтар бағдарламасы форматында «ЭкоПатруль» жобасының негізгі бағыттары таныстырылды. Жүргізуші Мөлдір жоба аясында жұмыс жасап жатқан клубтардың қызметімен таныстырып өтті.

«ЭкоСұрып» клубы (клуб мүшелері: 6-сыныптан құралған 6 оқушы) қоқысты сұрыптау және қайта өңдеу бағытындағы жұмыстарын көрсетті. Клуб мүшелері қоқысты сұрыптаудың маңыздылығы, контейнерлердің түстері мен олардың қызметі туралы түсіндіріп, тұрмыстық қалдықтарды дұрыс бөлу ережелерімен таныстырды. Оқушылардың табиғатты таза ұстауға бағытталған жұмыстары көрсетілді.

«ЭкоИдея» клубы (клуб мүшелері: 7-сыныптан құралған 6 оқушы) қалдық материалдардан жасалған қолөнер бұйымдарын таныстырды. Клуб мүшелері пластик бөтелкелер, қағаз, картон және басқа да қалдықтарды пайдалану арқылы жасалған бұйымдардың экологиялық және тәрбиелік маңызын түсіндірді. Сонымен қатар осы бағыттағы ғылыми жобалардың жетістіктері туралы мәлімет берілді.

«Жасыл Өркен» клубы (клуб мүшелері: 8-сыныптан құралған 6 оқушы) мектеп ауласындағы көгалдандыру жұмыстарымен таныстырды. Көшет отырғызудың қоршаған орта үшін маңызы, ағаштардың ауа сапасын жақсартудағы рөлі және оларды күтіп-баптау жолдары көрсетілді. Мектеп ауласындағы жасыл аймақтар таныстырылып, жүргізілген жұмыстардың нәтижелері баяндалды.

Іс-шара барысында оқушылар табиғатты қорғау, қоршаған ортаны таза ұстау, экологиялық мәселелердің алдын алу бағытындағы өз ойларын ортаға салды. Сондай-ақ 22 сәуір – Халықаралық Жер күні туралы ақпарат беріліп, қатысушылар табиғатты қорғауға бағытталған экологиялық челленджге шақырылды.

Шара соңында «ЭкоПатруль» жобасының алдағы жоспарлары таныстырылды. Атап айтқанда, жобаның аясын кеңейту, жаңа экологиялық бастамаларды жүзеге асыру, жастардың белсенділігін арттыру және қоршаған ортаны қорғау жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыру көзделгені айтылды.

Қонақтар мен қатысушылар мектептегі зертханалық жұмыстармен және экологиялық бағыттағы тәжірибелік жобалармен танысу үшін зертханаға шақырылды.



IX. ПРАКТИКАЛЫҚ ТАПСЫРМА

Практикалық, зерттеу немесе жобалық жұмыстың сипаттамасы:

Күтілетін өнім

Жоба

Экологиялық акция

X. РЕФЛЕКСИЯ

Қолданылатын әдістер

Іс-шара барысында оқушылар табиғатты қорғау, қоршаған ортаны таза ұстау, экологиялық мәселелердің алдын алу бағытындағы өз ойларын ортаға салды.

XI. ҚОСЫМШАЛАР


Shape2


XII. АВТОРДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ТҮСІНІКТЕМЕСІ

(Жинақта жариялау үшін ұсынылады)

Келесі сұрақтарға жауап беріңіз:

1.Әзірлеменің жаңашылдығы

«ЭкоПатруль» жобасының жаңашылдығы – оқушыларды экологиялық біліммен ғана шектемей, оларды табиғатты қорғау ісіне тікелей қатыстыруында. Жоба барысында оқушылар экологиялық патруль мүшелері ретінде мектеп пен оның аумағында бақылау жұмыстарын жүргізіп, қоқысты сұрыптау, қалдықтарды қайта пайдалану, ағаш отырғызу, экологиялық акциялар ұйымдастыру және түсіндіру жұмыстарын жүзеге асырады. Сонымен қатар зерттеу, бақылау, шығармашылық және волонтерлік жұмыстарды біріктіру арқылы оқушылардың экологиялық мәдениеті мен азаматтық жауапкершілігі қалыптасады.

2. Қолданылған педагогикалық технологиялар

Жобаны жүзеге асыру барысында жобалық оқыту технологиясы, зерттеушілік оқыту әдістері, проблемалық оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ), ойын элементтері, топтық және ынтымақтастықта оқыту технологиялары қолданылды. Сонымен қатар экологиялық акциялар, тәжірибелік жұмыстар, бақылау, пікірталас, шығармашылық байқаулар мен шеберлік сағаттары ұйымдастырылып, оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығы арттырылды.

3. Қолдану тәжірибесінің нәтижелері

Жоба нәтижесінде оқушылардың экологиялық сауаттылығы мен табиғатқа деген жауапкершілік көзқарасы артты. Олар қоқысты сұрыптау дағдыларын меңгеріп, қалдықтарды қайта өңдеу мен тиімді пайдаланудың маңызын түсінді. Мектеп аумағын көгалдандыру жұмыстарына белсенді қатысып, экологиялық акциялар ұйымдастыруға бастамашы болды. Сонымен қатар оқушылардың зерттеушілік, шығармашылық және көшбасшылық қабілеттері дамып, оқушылар мен жұмыс істеу мәдениеті қалыптасты.

Тәжірибені тарату мүмкіндіктері

«ЭкоПатруль» жобасын мектептің барлық сыныптарында, басқа білім беру ұйымдарында және қосымша білім беру мекемелерінде енгізуге болады. Жоба тәжірибесін семинарлар, педагогикалық кеңестер, ашық іс-шаралар, шеберлік сабақтары, әлеуметтік желілер мен білім беру платформалары арқылы таратуға мүмкіндік бар. Сонымен қатар жергілікті экологиялық ұйымдармен, ата-аналар қауымдастығымен және еріктілер қозғалысымен бірлескен іс-шаралар ұйымдастыру арқылы жобаның ауқымын кеңейтуге болады.

XIII. «СУ САНДЫҒЫ» ЖИНАҒЫНА ІРІКТЕУ ӨЛШЕМДЕРІ

Материал:

«Су және білім» жобасының мақсаттарына сәйкес болуы;

су үнемдеу мәдениетін қалыптастыруға ықпал етуі;

практикалық бағыттылығы болуы;

авторлық әдістемелік шешімдерді қамтуы;

білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескеруі;

экологиялық тәрбие мен тұрақты дамумен байланысын көрсетуі;

басқа педагогтердің пайдалануына дайын болуы тиіс.

1-қосымша

«Су Сандығы» әдістемелік жинағына енгізу үшін фото және бейнематериалдарды ұсынуға қойылатын талаптар

Ұсынылған әдістемелік әзірлеменің тәжірибеде іске асырылғанын растау мақсатында авторға сабақтың, тәрбиелік іс-шараның, су клубы отырысының, экологиялық акцияның немесе жобалық қызметтің негізгі кезеңдерін көрсететін фото және бейнематериалдарды қоса ұсыну ұсынылады.

1. ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР

Фото және бейнематериалдар:

  • ұсынылатын әдістемелік әзірлеменің тақырыбына сәйкес болуы;

  • іс-шараның нақты нәтижелерін көрсетуі;

  • жоғары сапалы бейне және дыбысқа ие болуы;

  • білім алушылардың белсенді қатысуын көрсетуі;

  • жеке деректерді қорғау және кәмелетке толмағандардың құқықтарын сақтау бөлігіндегі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес болуы;

  • материалдарды білім беру және ақпараттық-ағартушылық мақсаттарда пайдалануға рұқсаттың болуын қамтамасыз етуі тиіс.

2. ФОТОМАТЕРИАЛДАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Саны

5-тен 15-ке дейін фотосурет ұсыну ұсынылады.

Файл форматтары

  • JPG/JPEG;

  • PNG.

Сапасы

  • ажыратымдылығы кемінде 1920×1080 пиксель;

  • фотосуреттер анық әрі сапалы болуы тиіс;

  • сутаңбасы, жарнамалық элементтері бар немесе сапасы төмен фотосуреттер қабылданбайды.

Фотосуреттердің мазмұны

Келесі кезеңдерді қамтитын фотосуреттерді ұсынған жөн:

  1. Сабақтың ұйымдастыру кезеңі;

  2. Оқушылардың топтық жұмысы;

  3. Практикалық немесе зерттеу тапсырмалары;

  4. «Су Сандығы» материалдарын пайдалану;

  5. Жұмыс нәтижелерін көрсету;

  6. Экологиялық акциялар немесе жобалық қызмет;

  7. Қорытынды рефлексия және нәтижелерді шығару.

Фотосуреттерге түсіндірме жазу

Әр фотосуретке қысқаша сипаттама берілуі тиіс.

Мысал:

Фото 1. «Су – стратегиялық ресурс» тақырыбы бойынша 7-сынып оқушыларының топтық жұмысы.

Фото 2. Су сапасын анықтау бойынша тәжірибе жүргізу.

Фото 3. «Суды сақтайық» шағын жобаларын қорғау.

3. БЕЙНЕМАТЕРИАЛДАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Файл форматтары

  • MP4;

  • MOV;

  • AVI.

Ұзақтығы

  • 1–5 минут (ұсынылатын формат);

  • іс-шараның толық жазбасына сілтеме ұсынуға рұқсат етіледі.

Сапасы

  • ажыратымдылығы HD-ден төмен емес (1280×720);

  • Full HD (1920×1080) сапасы құпталады;

  • бейне анық болуы тиіс;

  • дыбысы анық естілуі қажет.

Бейнематериалдың мазмұны

Бейне келесі бағыттарды қамтуы мүмкін:

  • сабақ үзіндісі;

  • тәжірибе немесе эксперимент өткізу;

  • жобаларды қорғау;

  • су клубының жұмысы;

  • қатысушылармен сұхбат;

  • экологиялық акциялар;

  • қызмет нәтижелерінің таныстырылымы.

4. БЕЙНЕГЕ СІЛТЕМЕЛЕР ҰСЫНУ ТАЛАПТАРЫ

Егер бейне бұлттық сақтау жүйесінде немесе бейнехостингте орналастырылған болса, төмендегі мәліметтер көрсетілуі қажет:

  • белсенді сілтеме;

  • бейнематериалдың атауы;

  • мазмұнының қысқаша сипаттамасы;

  • автор туралы мәлімет.

Рәсімдеу үлгісі

Атауы: «Су және білім беру. 8-сыныптағы зерттеу сабағы»

Автор: Әбдірахманова И.И.

Сілтеме: ______________________________

Сипаттамасы: Ауыз судың сапасын анықтауға арналған зерттеу сабағының үзіндісі.

5. ЭТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАЛАПТАР

Автор төмендегілерді растайды:

  • фото және бейнематериалдар білім беру қызметі аясында дайындалған;

  • кәмелетке толмаған білім алушыларды фото және бейнетүсірілімге түсіруге ата-аналардың (заңды өкілдердің) қажетті келісімдері білім беру ұйымының ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес алынған;

  • материалдар үшінші тұлғалардың құқықтарын бұзбайды;

  • материалдар «Су Сандығы» әдістемелік жинағында, білім беру интернет-ресурстарында, сондай-ақ «Су және білім беру» жобасының таныстырылымдық және ақпараттық-ағартушылық материалдарында пайдаланылуы мүмкін.

6. ЖИНАҚТА ЖАРИЯЛАУ БОЙЫНША ҰСЫНЫСТАР

Ұсынылатын әр сабақ немесе іс-шара бойынша:

  • ең үздік 3–5 фотосуретті;

  • 1 бейнематериалға сілтемені;

  • білім алушылардың қорытынды өнімдерінің (постерлер, жобалар, зерттеулер, макеттер, инфографикалар) 1–2 фотосуретін;

  • қол жеткізілген нәтижелердің қысқаша сипаттамасын енгізу ұсынылады.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.07.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12