Заманауи білім беру технологияларын қолдана отырып саптық дайындық элементтерін үйрету

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Заманауи білім беру технологияларын қолдана отырып саптық дайындық элементтерін үйрету

Материал туралы қысқаша түсінік
Заманауи білім беру технологияларын қолдана отырып саптық дайындық элементтерін үйрету жолдары
Материалдың қысқаша нұсқасы

ШҚО білім басқармасы

Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің

«Көгедай орта мектебі» КММ














Тақырып:

«Заманауи білім беру технологияларын қолдана отырып саптық дайындық элементтерін үйрету»










Дайындаған: Қабиолдин Бауыржан, АӘЖТД пәні мұғалімі















Зайсан, 2024

Қазіргі заманда, оқушыларға, жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет. Еліміздің өркениетті елдер қатарына енуі үшін заман талабына сай білім керек. Себебі, тәуелсіз елімізді дамыған бәсекеге қабілетті елдер қатарынан көрінуге басты мүмкіндік ұрпақтың білімді болуы. Жаңа технологиялар ерекшелігі жас жеткіншектерді жан жақты дамыту. Педагогтердің сын тұрғысынан ойлау стратегияларын, элементтерін қолдануы тіпті мүмкіндігі шектеулі оқушылардың дамуына да өз әсерін тигізгені байқалады. Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әр түрлі технологиялары көптеген мектеп мұғалімдерінің тәжірибесінде қолданыла отырып, озық тәжірибелер республика көлемінде насихатталып келеді. Жаңа технологиялар мұғалімнің интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық, тағы да басқа адами келбетінің қалыптасуына әсер етеді. Олар теориялық тұрғыда дәлелденіп, іс тәжірибеде жақсы нәтижелерді көрсетуде. Педагогтардың алдында ұлы міндет тұр. Ол еліміздегі ұлттық қоғамды кемелдендіру, ел болашағы жас ұрпақты жаңа инновациялық әдісте рухтық тәлім мен білім негіздерімен қаруландыру, қалыптастыру.

Білім беру жүйесінде педагогикалық технологияны қолдану келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау әрбір педагогтың міндеті болып табылады. Білім беру жүйесінде қолданылып жүрген педагогикалық технологиялар: ынтымақтастық педагогикасы, білім беруді ізгілендіру, ойын арқылы оқыту, проблемалық оқыту, модульдік оқыту, тірек сигналдары арқылы оқыту, дамыта оқыту, түсіндіре басқарып оза оқыту, өздігінен оқыту, сын тұрғысынан ойлауды дамыту, оқытудың компьютерлік технологиясы, бағдарламалап оқыту, деңгейлеп оқыту т.б. Мақсаты-мектепке дейінгі білім балалардың білім алуына бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету. Кез келген оқыту технологиясы тәрбиешіден терең теориялық, психологиялық, педагогикалық әдістемелік білімді,педагогикалық шеберлікті, бабалардың жан дүниесіне терең үңіліп оны ұғына білуді талап етеді.Жаңа педагогикалық технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану үшін, әр мұғалім алдында отырған оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтік мақсатына, мүддесіне сай, өзінің шеберлігіне орай таңдап алады. Бұл жаңа технологиялар-оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, терең ойлай білуін, теориялық негіздерін, эстетикалық көзқарастарын пайымдауын, баға беруін, танымдық белсенділігін дамытуға бағытталған. Жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие үрдісін жаңаша дамыту, яғни оның нәтижесінің жоғарғы деңгейде болуын қадағалау жаңашыл педагогтардың қолында болды. Олар педагогикаға «жаңа технология»терминін енгізді. Бұл жаңашыл педагогтардың мақсаты-оқушылардың алатын білімдерін сапалы ету, оның толыққанды жеке тұлға болып қалыптасуына негіз болу. Осыған орай қазірде педагогикалық технологиялар көптеп саналады. Білімнің жаңа мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар қажет-ақ. Сондай педагогикалық технологиялардың бірі өзіміздің АӘДТ сабағында қолданылатын «Сыни тұрғысынан ойлау технологиясы».

Сыни тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль балалардың да, педагогтердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз-сабақта балалардың қызығушылығын арттыра отырып, өз ойыңды еркін және зерттей талпындырып, тұжырым жасау.Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз — ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау. Сын тұрғысынан ойлау – оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама. Оқушы — ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші. Мұғалім — әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы.Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л.Стил, Куртис С.Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады. Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты, “Сорос-Қазақстан” қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясының негізгі мақсаттары:

  • Тек қана оқуда емес, өмірде де оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.

  • Өздігінен дұрыс шешім қабылдай білетін тұлғаны дамыту.

  • Ақпараттармен жұмыс істей білетін шығармашыл тұлға қалыптастыру.

  • Құбылыстарды жан- жақты талдап саралай білетін сыншыл тұлға тәрбиелеу.


Енді сіздермен заманауи білім беру технологияларын қолдана отырып саптық дайындық элементтерін үйрету сабақта қолдану әдістерімен бөліскім келеді.

Сабақтыңмақсаты:
Оқушыларға сап элементтерін, алдын ала және орындалатын пәрмендерді, сарбаздардың сапқа тұрар алдындағы және саптағы міндеттерін және әскери сәлемдесуге орнында тұрып жауап беруді үйрету;

Міндеті:
1. Сабақ барысында саптық дайындық кезінде өзін-өзі тәрбиелеу;
2. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;
3. Патриоттық тәрбие бере отырып, жауынгердің
ерік-жігерін шыңдап, зейінділігін, байқағыштығын, жұмысқа қабілеттілігін дамыту;


Сабақ барысында қолданылған бірқатар сын тұрғысынан ойлану элементтерін қолдандым:

«Психологиялық бой» әдісін сапқа тұрғызу үшін пайдаландым.

Бұл әдіс бойынша барлық қатысушылардың көзін байлап, бойлары ұзыннан қысқаға қарай сапқа орналасу тапсырылады. Сөйлесуге тыйым салынады. Кім өзінің бойының шамасын дұрыс табады. Кім бойы ұзын, сол саптың басына тұру керек. Бұл әдіс оқушылардың қызығушылықтарын арттыру үшін де өте тиімді екенін көрсетті.

Батискаф әдісі.

Екі топ бір біріне кезекпен саптық қозғалысқа байланысты сөздерді қорап ішінен таңдап алады да жасырады. Топтың бір оқушысы қорап ішіндегі бір сөзді таңдап алып қимылмен өз тобына жасырылған сөзді жеткізу керек. Бұл әдіс оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергенін, тапқырлығын, топ алдындағы еркіндікті қамтамасыз етеді.

Құпия зат әдісі.

Сынып оқушыларына тақырыпқа қатысты суреттер көрсетіледі. Оқушылар осы суреттер бойынша 5 сұрақтан құрастырады. Бірақ «Бұл не?» деген сұрақты қолданбауын талап етіңіз. Бұл әдіс оқушыларды жуан сұрақтар қоюға, әрі осы жуан, күрделі сұрақтарға қалған оқушылардың толыққанды жауап беруіне мүмкіндік береді.

Былғары қолғап әдісі өзінің аты айтып тұрғандай жарыс болатынын білдіреді. Яғни

Сыныпты үш адамнан тұратын топқа бөлемін. Әр топта екі ойыншы бір төрешіден болады. Белгіленген уақытта өткен тақырып бойынша сұрақ-жауап сағатын ұйымдастырамын. Сұрақ жауап сағаты қарсыласы тоқтап қалғанша жалғаса береді. Төреші есеп жүргізіп отырады. Жеңіске жеткен оқушы марапатталады.

«Жылдам фото» әдісі өз тиімділігін танытты.

Жылдам фото әдісін сергіту сәтінде қолдану өте тиімді. Оқушыларды шеңбер құрып отырғызып 1-2 минут бір бірін көзбен жылдам фотоға түсіреді. Содан соң кері бұрылып жүргізушінің түрлі сұрақтарына жауап береді. Өзінен кейін үшінші кім отырғанын, қарсы отырған оқушының киім түсін, кімнің көзілдірік тағып отырғаны сияқты т.б сұрақтар қоюға болады. Соңында қайта бір біріне қарап өз фотоларының дұрыс бұрыстығына көз жеткізеді. Бұл әдіс оқушылардан тиянақтылық пен мұқияттылықты талап етеді.

«Ән шырқау» әдісі

Саптық жүрісте әр взвод өздеріне берілген патриоттық әндерді шырқай отырып сапта жүреді. Саптық ән шырқау оқушыларды бірлікке, ұйымшылдыққа тәрбиелейді.

Сонымен қатар сапта рұқсатсыз сөйлеспеуге, командирдің бұйрықтары мен пәрмен-дерін ықыласпен назар аударуға, жылдам және нақты, басқаларға бөгет жасамастан орындауға;

Бұйрықтарды, пәрмендерді бұрмаламай, қатты және нақты өткізуге міндетті екенін әр жас жеткіншек білуге тиісті екенін ескертіп отыру да артық емес.


«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасының стратегияларын ұтымды пайдалану балалардың шығармашылық қасиетін анықтауда, күшейтуде, оқытудың тиімділігін, сапасын арттыруда ерекше маңызды. Жаңа білімді қабылдау, бекіту, іскерлік пен дағдыны тәрбиелеу барысында жұмыс жүйесін, оқушылардың дербес белсенді әрекетін дамытуда, өздік жұмысының тиімділігін арттыруда «Сын тұрғысынан ойлау» барысындағы стратегияларды білімді меңгертудің әр түрлі кезеңінде қолдануға болатынын тәжірибе көрсетті.
Қорыта келе, сыни тұрғысынан ойлау технологиясын пайдаланудың сабақ сапасына әсері өте мол. Сабақта жаңа технология элементтерін тиімді пайдалану оқушылардың танымдық әрекеттерін, белсенділігін дамытып, оларды шығармашылыққа жетелейді. Баланың логикалық ойлау қабілеті дамып, сабақтың сапасын артады. Ізденушілігін арттырып, өз ісіне сенімін нығайтады. Сабаққа қызығушылығын арттырып, белсенділігі күшейеді. Оқушылар сабаққа зор ынтамен қатысады, сабақ та сапалы өтеді. Егер де жаңа технология элементтерін сабақта өз дәрежесінде ұйымдастыра білсек, өз нәтижесін береді.
Еңбастысыоқуүрдісінжаңашаұйымдастыру, ойлаудағдыларынжетілдіру, өзбетіншебілімалу, әрекетету, мақсатқажетуоқушыныңөзіарқылыіскеасады





Әдебиеттертізімі

1. «Оқушылардыңсынитұрғыданойлауындамытунысандары мен әдістері » С. Мирсеитова, 2011 жыл.
2. «Қазіргікездегіоқытудыңпедагогикалықтехнологиялары», Н. Қошқарбаев, 2010 жыл.
3. «Интерактивтіоқытуәдісінқолданып, сабақтыжоспарлаужәнебасқару», Ж.А. Жартынова, В.Н. Ким, Н.О. Қойлық, А.Ш. Орақова, 2009 жыл.

Қасенова С.А.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысыбойынша педагог қызметкерлердіңбіліктілігінарттыру институты», Алматы қ.,


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.11.2024
131
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі