15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Заманауи білім берудің әдіс-тәсілдері» коучинг жоспары
«Заманауи білім берудің әдіс-тәсілдері» коучинг жоспары
15.03.2019 ж. |
|
Омарова К.Т. |
|
Тақырыбы: |
Заманауи білім берудің әдіс-тәсілдері |
||
Жалпы мақсат: |
Ұстаздарға
заманауи білім берудің әдіс-тәсілдері
туралы мәліметтер алуға жағдай
жасау. |
||
Күтілетін нәтиже |
Заманауи білім берудің әдіс-тәсілдерін біледі және оларды оқу үрдісінде тиімді пайдалана алады. |
||
Түйінді идеялар: |
Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер арқылы табысты оқытуға қол жеткізу. Сабақтағы әдіс-тәсілдер байланыс, оның түрлері, әдістері. |
||
Ресурстар |
А- 4, А-3 парақтары, стикер, интерактивті тақта,флипчарт, маркер, қалам. |
||
Оқыту әдістері: |
1. Оқыту мен оқытудағы АКТ 2. Сын тұрғысынан ойлауға үйрету |
1. Диалог 2. Топтық жұмыс |
|
Дерек көздері: |
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді оқыту жөніндегі нұсқаулық. Интербелсенді әдістер /А.Әлімов/ |
||
Тапсырмалар: |
топтық жұмыс, жұппен жұмыс, өзін-өзі және бірін-бірі бағалау, топтық тапсырма және қорғау, рефлексия. |
||
Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті:
Коучингтың өтілу кезеңдері |
Коучтың іс-әрекеті |
Мұғалімдердің іс-әрекеті |
||
Мұғалімдерге психологиялық ахуал
|
|
Ұстаздарға жеке-жеке қошемет көрсету.
|
||
Топқа бөлу
|
«Сиқырлы қобдиша» әдісі арқылы топқа бөліну. 1-топ жасыл қоржын 2-топ сары қоржын 3-топ қызыл қоржын Бейне баян |
Топқа бөлінеді, көңілді, жұмысқа белсенді орта қалыптасады. |
||
«Миға шабуыл»
|
«Қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс» деген сөздерді естігенде сіздердің ойларыңызға бірден не келеді? Бүгін біз не жайлы айтамыз деп ойлайсыздар? (сабақ құрылымы) Наурыз мерекесімен және салт-дәстүрлерді еске ала отырып сабағымызды жоспарлаймыз |
Мұғалімдер пікірлерін білдіреді. Сабақ құрылымы екенін дәлелдейді |
||
|
Коучингтің тақырыбы мен мақсаты таныстырылады. |
|
||
«Қызығушылықты ояту»
|
«Наурыз мерекесі»бейнебаян көру. «Үщте-үш» әдісі Наурыз мерекесін сипаттайтын негізгі 3 түйінді сөз немесе 3 тірек сөз жазу. 1) жеке 3 сөз 2) жұпта 3+3 (түйінді 3-ін қалдырады) 3) топта 3+3+3 (түйінді 3-ін қалдырады)
|
Тақырыпты жек, жұпта, топтық талқылауға салады. Түйінді идеяларды А-3 және А-4 қағазына жазып, тақтаға іледі |
||
«Мағынаны тану» (5 мин) |
«Қонақ күту» бейнебаян көру. «Қонақ күту» әдісі Қонаққа баруға дайындалу. Сұрақ туындату
Не ұттыңыз? (Топқа сұрақ беру, кері байланыс алу) |
Топ болып сауалға постер жасайды, қорғайды. Қонаққа барған ұстаз топқа баға береді, топ барған ұстаздың сұрағына баға береді. 3 топтың жұмысы тақтаға ілінеді |
||
Сергу сәті |
«Қазақтың дастарханы» әні |
|
||
«Ой толғау»
|
«Танабау тағу» бейне баян. «Ең-ең-ең... үздік» әдісі немесе «Жаңа ақпарат» әдісі арқылы үздікті анықтау Сұрақтар: Қай топтың сұрағы, талдауы қызықтырды? Қай топтың сауалын тыңдағыларыңыз келеді? (Сол топты ақылдаса отырып нұсқау) |
Танабау тағады, басқа топқа мотивация береді |
||
Рефлексия |
«Сарқыт» бейне баян. «Төрт сөйлем» әдісі арқылы сарқыт алып кету
|
Қоржындарына пікірлерін білдіреді, сарқыт ретінде алып кетеді
|
||
Қорытынды |
«Сиқырлы қобдишаға» Ұсыныс және пікір |
Пікірлерін салғызу |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген