400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ЗАМАНАУИ ЖАҒДАЙЛАРДА БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған білім мазмұны негізінде ұстаздарға көмек құрал ретінде
Материалдың қысқаша нұсқасы


Масжанова А.Б. №1 ЖББОМ КММ , Жезқазған қаласы ЗАМАНАУИ ЖАҒДАЙЛАРДА БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ

Заманауи білім беру мазмұнын жаңарту жаңа өркениеттік бағдар тұрғысында, мемлекеттік стандарттарға сай, жан - жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған, интеллектуалдық білім орталығы ретіндегі инновациялық мектепте ғылыми - әдіснамалық негізделген білім беруді жетілдіруде ұсынылған.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мәні аса зор мақаласында жас ұрпаққа берер үлгі-өнегесі өлшеусіз. Білім беруді жаңарту жолындағы рухани сілкініс туғызған еңбектің тарихи тағылымы ұшан теңіз. Мемлекет басшысы аталмыш жаңғырудың негізгі қызметі мен ерекшеліктеріне ой жүгіртіп, бұл жаңғырудың маңыздылығына тоқталады. Оқушыларға заманауи, әлемдік толқыныста білім беру арқылы жастарды бәсекеге қабілетті әтіп тәрбиелеу бірінші орынға қойылып отырған жайы бар. Сонымен бірге бұл мақала, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды болып отыр.Рухани жаңғырудың бастау бұлағы  Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталатын жолдауы. Яғни заман көшіне еріп келе жатқан жас ұрпақ.  Елбасы араға аз ғана уақыт салып бұл жаңғырудың жөні тіпті бөлек екенін, нақтырақ айтқанда рухани жаңғыруға бет бұрған қоғамдағы «ұлттық сана туралы» ой төңірегіндегі ойын одан әрі өрбітті. Ұлттық сананы жаңғыртудың кезеңі келді деп білетін, дамыған, келешегі баянды мемлекет құруды мұрат еткен Елбасы бұл бағыттағы кемел ойларын бірнеше бағытта, дәлірек айтқанда бәсекеге қабілетілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы, сананың ашықтығы жайын жаңғыртумен жалғастырған. Аталған аманаттардың қай-қайсысы болса да ХХІ ғасырға азат, тәуелсіз ел ретінде қадам басқан қазақ елінің жұлдызын жарқыратып, әлемдік өркениет көшіне ұмтылған халықтар санатына қосуды мұрат тұтады.

Қазіргі оқу орындары мен педагогикалық ұжымдар ұсынылып отырған көпнұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің әр түрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әр түрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор.

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Өйткені, білім мазмұнын жаңарту бір мезгілде қайта құрудың әрі негізгі нәтижесі, әрі ең тиімді тәсілі болып табылады. Мұндай жағдай білім беру мен тәрбие жұмысын ұйымдастырудың, сондай-ақ, "МҰҒАЛІМ-БІЛІМ АЛУШЫ" қарым-қатынасындағы әдістеме мен үлгісін және мазмұнын да жаңалыққа жетелейді. Еліміз егемендік алған алғашқы жылдарынан бастап білім беру ісіне аса мән берілуде. Бүгінгі ғаламдастыру дәуірінің талабына сай білім беру барысында білім алушының жеке тұлғасын жан-жақты жетілдіруге, олардың танымдық әрекетін дамытумен қатар ғаламдық ой-санасын қалыптастыруға ерекше назар аударылуда. Ғылым мен техниканың дамуымен әлеуметтік өмір деңгейі де өзгеріп отырады. Осының бәрі табиғат байлығына адам миы мен күшінің жұмысынан туады. Әр адамның ойы мен білімі әр қоғамға қандай керек болса, табиғат пен оның байлығы да сондайлық керек. Мұның өзі дүние бір бірімен байланыста дамитынын ондағы адам мен қоғамаралық қатынасты да қадағалай білген жөн.

Осы әдістерді сабақта қолдана отырып білім алушының ойлау тәсілдерін бақылауға болады. Берілген материалдан білім алушы ең маңыздысын, ең бастысын бөліп алады, басқа нәрселермен салыстырады, оны жүйелеп, қорытындылайды, нақтылайды, анықтайды және ұғымға түсінік береді, оны дәлелдейді немесе жоққа шығарады, модельдейді. Жаңағы тәсілдерді қолданғанын білім алушының сөзінен, тұжырымынан байқауға болады. Өз тәжірибемдегі жаңартылған білім беру үрдісіндегі білім алушының ойлау қабілетін арттыру үшін қолайлы деп санайтын әдісім білім алқушының қиялын, бақылауын қолдану, танымдық ойын және шығармашылықпен орындауға арналған тапсырма. Ұстаздық тәжірибемде оқытудың пәрменді әдіс-тәсілдерін қолданудан сабақтың тиімділігі арта түсетініне көз жеткіздім.

Заманауы білім берудің негізгі мақсаты, оның ұйымдастырушылық құрылымы, технологиялық жағынан жабдықталуын, оқыту әдістемесі қоғамның әлеуметтік сұранысынан туындайды. Бұған дейін білім беру үрдісінің негізгі бөліктері: Мақсат —> мазмұн —> форма —> әдіс —> оқыту көрнекілігі болса, бүгінде жаңа технология бойынша оқып үйрену —> меңгеру —>өмірге ендіру —> дамыту болып өзгерген. Егемен еліміздің экономикасы мен саясатының, білім мен ғылымның тұтқасын өзге емес, өз еліміздің азаматтары ұстауы керек. Оның негізі бүгін қалануы тиіс. Бұл міндетті шешетін - болашақ қазақ мектебі. Құрғақ қиялдан болашаққа нақты ұсыныс керек.

Қазіргі кезде көп айтылып, талқыланып жүрген білім беруд мазмұнын жаңартуды оқыту үрдісіне енгізу, яғни, білім беру мазмұнын жаңарту үш бөлімнен тұрады:

І-бөлім. Кәсіби шеберлік

ІІ – бөлім. Біліктілік дағдылары

ІІІ-бөлім. Жүзеге асыру, қолдану.

Қазіргі заманғы білім беру мазмұнындағы осы өзгерістердің барлығы – оқытудың негізгі мақсаты: білім алушылардың танымдық ой белсенділігін қалыптастыруда ойын сабақтарын өткізу оқушыларды өз бетінше ізденуге, ойлау кабілетін арттыруға, тапқырлыққа баулиды. Сондықтан оқушылар сұрақтар мен сөзжұмбақтарды шешу үшін өтілген материалды үнемі кайталап отыруды әдетке айналдырады. Білім берушылардың сабаққа деген ынтасы артып, олардың шығармашылык ой-өрістерін, түсінік-танымдарын еселеп, арттыра түседі. Сабаққа дайындық барысында оқушылар әр түрлі газет-журналдарды, көмекші құралдар мен анықтама кітаптарды пайдаланады, яғни бір сөзбен айтқанда білім алушылардың өз бетінше шығармашылық ізденіспен жұмыс жасау қабілетін арттырады. Ең бастысы ойындар білім алушылардың көңілін өз бетінше ізденушілікке аударып, қабілетін арттырады.

Өзіндік білімімді көтеру үшін тақырыбым бойынша әдістемелік әдебиетерді үздіксіз оқып үйреніп, жаңа технологиялармен танысып отырамын, танысқан жаңашылдықтарды жұмыс барысында, оқу үрдісінде қолдану үстіндемін. Теориялық білімді жетілдіру үшін үнемі педагогикалық әдебиеттерді, журналдарды оқып, жаңа технологиялармен танысып отырамын. Өз пәніме байланысты дидактикалық материалдар жинақтадым. Мысалы: карташалар, кестелер, суреттер т.б. Осы орайда сабағымда қолданып білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде құрылған тапсырмалардың мынадай үлгілерін қолданамын: Мектепшілік ұйымдастырылатын әдістемелік семинарлардан жеке тұлғаға бағытталған технологиялармен танысып, өзіме қажет білімдерді аламын:

- сабақ түрлері, типтері, оқушының іс- әрекет түрлері;

- күнтізбелік жоспарда, күнделікті сабақ жоспарларын жасап, үйрендім;

- класс жетекшілік міндеттерін атқара алу;

- талдау жолдарын білу;

- әріптестердің сабағына қатысу;

- сабақ кезеңдерін дұрыс ұйымдастыру;

- Мектеп құжаттарын дұрыс безендіру;

- Сабаққа мақсат қою, сабақтың мазмұнын іріктеу;

Өзара білім алмасу мақсатында мектептегі мұғалімдердің сабақтарына қатысып отырдым. Оқушылардың ақыл- ойын, танымдық белсенділігін арттыру үшін,сабақтан тыс іс- шаралар, интеллектуалдық ойындар өткізіледі. Сонымен бірге пәндер бойынша: жаратылыстанудан, биологиядан дидактикалық материалдар дайындап толықтырып отырдым. Орта білімді жаңарту шеңберінде «Биология»және «Жаратылыстану» пәндері бойынша педогог кадрлардың біліктілігін арттыру курсын тәмамдадым.Тақырып бойынша алға қойылған міндеттер толықтырылып жинақталды, әрі қарай да жинақталады. Қорыта келсек, білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде білім алушының пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, жаңа форматтағы білім алушылар пайда болатанына кәміл сенемін.







ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:


  1. Д.Рахымбек. Білім берудегі оқыту әдістемесі. Шымкент, 2010. – Б.25-26.

  2. Ә.Бүркіт. Сабақта көрнекілік принципті қолдану әдістемесі. Шымкент, 2012. – Б.14-15.

  3. Қ.Жарықбаев. Психология. Алматы, 2010. – Б.47-48.

  4. М.Л.Туғанбаев, Ә.Бүркіт. Оқу үдерісінде көрнекілік принципті жүзеге асыру әдістемесі. Шымкент, 2013. – Б.85-86.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 ақпан
289
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі