Алматы қаласы Білім
басқармасының №33 мектеп-лицейінің математика пәнінің мұғалімі, оқу
ісінің меңгерушісі Рашаева Мейрамкуль
Жайқожақызының «Заманауи жас маман- 2021» мектепішілік
байқауына
жазған сценарииі
Байқаудың
тақырыбы:
«Заманауи
жас маман-
2021»
Байқаудың мақсаты:
-
Жас мамандардың біліктілігін, өз
кәсібінің шебері екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, өз
кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға баулу;
-
Мектепішілік үздік жас мамандар ортасын құру;
-
Мектептегі қызмет атқаратын жас мамандардың мәртебесін көтеру.
І
Жүргізуші
- Қайырлы күн, әріптестер! Армысыздар, ұстаздар! «Мұғалім - тәуелсіз
мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан маман. Өйткені, ел
болашағының кілті - бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Жас ұрпақтың
тағдыры олардың бойына білім мен ізгілік нұрын себуші - ұстаздардың
қолында. Ендеше болашаққа нұр құюшы, ұрпақтарымызды ізгілендіруші,
шығармащыл, криативті жас мамандарымыздың арасында өткелі отырған
«Заманауи жас маман- 2021» сайысына қош
келдіңіздер!
ІІ
жүргізуші:
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты
–
Қырандай күштi
қанатты.
Мен жастарға
сенемiн!
Көздерiнде от
ойнар,
Сөздерiнде жалын
бар,
Жаннан қымбат оларға
ар,
Мен жастарға
сенемiн!
І
жүргізуші:
Мен сенемiн
жастарға.
Алаш атын
аспанға
Шығарар олар бiр
таңда,
Мен жастарға
сенемiн!
ІІ
жүргізуші: «Жас маман деген кім? «Ұлт
болып ұйысып, ел болып еңсемізді көтерген кезеңде қолға алар
ісіміздің бірі, әрі бірегейі жастар мәселесі" деп Елбасы атап
көрсеткендей, шынымен де, қоғамның дамуында жастардың алар орны
ерекше. Ұстаздарға кеше шәкірт,
бүгін әріптес болып отырған , жүрегімен таңдап мұғалім болудың
жауапкершілігін сезініп өздерінің жан-жақтылығын көрсетіп жүрген
жас мамандарымызды таныстыруға рұқсат
етіңіздер!
І
жүргізуші: Әрбір жас маман «Елім маған не береді деп емес, мен
еліме не беремін» деген ұранмен өмір сүруіміз керек. Біз қазіргі
заманғы Қазақстанның идеалында тәрбиеленіп, өз еңбектерімізбен,
білімге деген ұмтылыстарымызбен, Мәңгілік Елдің даңқын асырып,
Қазақстанның жарқын болашағы үшін қандай да бір іс
тындыруға
Хормен:
АНТ ЕТЕМІЗ!
ІІ
жүргізуші: Байқаудың өту
тәртібі
-
Байқауды өткізу және
ұйымдастыру ісімен мектеп әкімшілігі
айналысады.
-
Байқаудың жеңімпаздарын
анықтау үшін бағалау жұмысын педагогикалық ұжым мүшелері
жүргізеді.
-
Байқауға мектептің кез-келген
жалпы еңбек өтілі 5 жылдан аспаған жас мамандары қатыса
алады.
Байқау
тапсырмалары:
-
«Қош
келдің, жас маман
» . Топты таныстыру, топ
мүшелерінің толық қамтылуы және таныстырылуы, алға қойған
мақсаттары мен міндеттері айқын көрінуі , болашақта қоғамдағы өз
рөлдерін ашып көрсетуі бағаланады. Уақыт-10
мин.
-
«Үй тапсырмасы». «Мектеп
өмірі: Кеше.Бүгін.Ертең»
тақырыбы бойынша өз ойларын
еркін форматта жеткізе алады, берілетін уақыт-15
минут.
-
«Ситуациялық
сұрақ». Педагогтарға ситуациялық сұрақтар қойылады.
Олар сол сұраққа шешім таба отырып, болашақта кез-келген тығырықтан
шығу қабілеттерін көрсетеді. 2 ситуациялық сұрақ, ойлану- 2
минут.
-
«Өнерлі өрге
жүзер». Сахналық көрініс, ән-би,
драма, т.б өз өнерлерін паш етуі бағаланады, уақыты
15-мин.
І
жүргізуші: Шын жүйріктер сыналады
жарыста,
Жарыстың
ба, орта жолда қалыспа!
Әрбір
ұстаз бағалайды сіздерді,
Жеңіс
мәре жақын ба, әлде алыс па?
-Енді сахнаға шығу кезектеріңізді анықтау үшін номер
алуларыңызды сұраймыз. Олай болса сіздер дайындала
беріңіздер.
І
жүргізуші: Егер өмір
алтын болса, зергері оның –
мұғалім,
Егер өмір
теңіз болса, гауһары оның –
мұғалім.
Егер өмір
жүзік болса, көзі оның –
мұғалім,
Егер өмір
ақын болса, сөзі оның –
мұғалім.
ІІ
жүргізуші: Бәйге қуып, мамандар өтер
деймін.
Бір басына өнері жетер
деймін.
Бәске
түскен жас маман кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтер деймін. «Қош келдің,
жас
маман» кезеңіне кезек
береміз.
Жеребе
бойынша жарысты **- топ бастайды.
(«Қош келдің, жас маман
» . Топты таныстыру, топ
мүшелерінің толық қамтылуы және таныстырылуы, алға қойған
мақсаттары мен міндеттері айқын көрінуі , болашақта қоғамдағы өз
рөлдерін ашып көрсетуі бағаланады. Уақыт-10
мин. )
Жүргізуші: «Ел есінде бір жыл қалғын келсе — ас
бер, он жыл қалғың келсе — ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе —
бала тәрбиеле»,- қазақ халқында деген дана сөз бар. Білесің
бе,Ербол әріптесім, мен үшін ең қастерлі де, қасиетті мамандық ол —
ұстаздық.
Жүргізуші:
Иә, әріптес. Мұғалім сөзінің астарында ұлтқа
деген жанашырлық пен жауапкершілік жатқанын түсінген адам осы
мамандықты таңдайды. Халқымызда «Жас келсе — іске» деген де
керемет сөзі бар. Демек мен бойымдағы жастық жігерімді, күш —
қуатымды, жаңашылдығымды шәкірт тәрбиелеуге жұмсауым керек.
Болашақта өз оқушыларымды биік белестерден көрсем, сол үшін өзімнің
кішкене де болса үлесім тиген болса, мен өзімді бақытты ұстаз,
бақытты адам деп білемін.
ІІ кезең
«Үй тапсырмасы».
«Мектеп өмірі: Кеше.Бүгін.Ертең» тақырыбы бойынша өз ойларын еркін
форматта жеткізе алады. Жеребе бойынша жарысты **- топ
бастайды.
(«Үй тапсырмасы». «Мектеп
өмірі: Кеше.Бүгін.Ертең»
тақырыбы бойынша өз ойларын
еркін форматта жеткізе алады, берілетін уақыт-15
минут)
Жүргізуші: Мұғаліммін.
Жұмыскер жай адаммын.
Жас өренге мейірі бай адаммын.
Космос ашқан жанкешті болмағанмен,
Ұстаз деген атаққа сай адаммын.
Ой түзейді жас ұлан маған
қарап,
Бой түзейді жас ұлан маған жанап.
Шәкірт пікір ұштайды мен арқылы,
Сондықтан да төтенше маған талап.
Жүргізуші: Iзденісім, еңбегім,
тебіренісім,
Ақыл-ойым, жігерім — жер жемісім…
Бәрідағы балаға — оқушыма,
Ұстаз тұтып соңыма ергені үшін.
Шәкірт
— менің мәртебем,
Мен — баспалдақ.
Мен арқылы шырқасын ол аспандап.
Мерейленем,
Бой сергіп жасарамын,
Жас ұланға ақ жарқын жол ашқанға-ақ.
ІІІ кезең. «Ситуациялық
сұрақ». Жас мамандарға өмір жолында кездесетін
әртүрлі ситуациядан шығу жолдарын ұсынатын болады, яғни ситуациялық
сұрақтар қойылады. Олар сол сұраққа шешім таба отырып, болашақта
кез-келген тығырықтан шығу қабілеттерін көрсетеді. 2 ситуациялық
сұрақ, ойлану- 2 минут.
(«Ситуациялық
сұрақ». Педагогтарға ситуациялық сұрақтар қойылады.
Олар сол сұраққа шешім таба отырып, болашақта кез-келген тығырықтан
шығу қабілеттерін көрсетеді. 2 ситуациялық сұрақ, ойлану- 2
минут.)
Жүргізуші: Класс — менің сахнам, отты
алаңым.
Сонда жанып, қып-қызыл шоқ боламын.
Шоқ болмасам, қып-қызыл от
болмасам,
Онда тоқырап тот басып жоқ боламын.
Шынында мен класқа сертпен
келем,
Қорғасындай зіл болып өрттен денем.
Жалғыз ой бар көкейде —
Шәкірттерді
Iзгіліктің аулына ертсем
деген.
Жүргізуші: Мұғалім тек білім
беруші емес, әрі тәрбиелеуші. Әр баланың бойындағы талантын көре
білген ұстаздың өзі талантты болары анық.
Ендеше ІҮ кезең.«Өнерлі өрге
жүзер». Сахналық көрініс, ән-би,
драма, т.б өз өнерлерін паш етуі бағаланады, уақыты
15-мин.
Жүргізуші:Сайысымыз да өз
мәресіне жетті.Сайыстың қортындысын анықтау үшін, жәшіктегі
дауыстар сіздердің көз алдарыңызда саналады. Дауыс санау процессі
жүріп жатқан кезде сіздерді әсем ән тыңдауға
шақырамыз.
Жүргізуші: Болашаққа нұр
құюшы, ұрпақтарымызды ізгілендіруші,
шығармащыл, криативті жас
мамандарымыздың арасында өткен «Заманауи жас маман- 2021» сайысын
қорытындылау үшін сөз кезегі
мектебіміздің директоры Нұрлан Меркенұлына
беріледі.
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар!
«Заманауи жас маман-2021» байқауы өз мәресіне жетті.
Тамашалағандарыңызға, әділ бағалағандарыңызға
рахмет!
Мектепішілік «ЗАМАНАУИ ЖАС
МАМАН» байқауының
ЕРЕЖЕСІ
Алматы қаласы Білім
басқармасының №33 мектеп -лицейінің жас мамандары арасында
мектепішілік «ЗАМАНАУИ ЖАС МАМАН» байқауы
өткізіледі.
1.Байқаудың
мақсаты
-
Жас мамандардың біліктілігін,
өз кәсібінің жан-жақты шебері екендігін сынау арқылы, оларды
іскерлікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға
баулу;
-
Мектепішілік үздік жас
мамандар ортасын құру;
-
Мектептегі қызмет атқаратын
жас мамандардың мәртебесін көтеру.
-
Байқаудың өту
тәртібі
-
Байқауды өткізу және ұйымдастыру ісімен
ұйымдастыру алқасы айналысады.
-
Ұйымдастырушы қатысушыларды тіркеуді, жұмыстарды
сараптауды, қорытынды шығаруды, марапаттауды жүзеге
асырады.
-
Байқаудың жеңімпаздарын анықтау
үшін бағалау жұмысын педагогикалық
ұжым мүшелері жүргізеді.
-
Байқаудың марапаттау рәсімі
байқау өткізілген
күні жүзеге асырылады.
-
Байқауға кез-келген жалпы білім беретін
ұйымдарының еңбек өтілі 5 жылға дейінгі жас мамандары қатыса
алады.
-
Байқау
тапсырмалары:
-
«Қош
келдің, жас маман
» . Топты таныстыру, топ
мүшелерінің толық қамтылуы және таныстырылуы, алға қойған
мақсаттары мен міндеттері айқын көрінуі , болашақта қоғамдағы өз
рөлдерін ашып көрсетуі. Уақыт-10
мин.
-
«Үй
тапсырмасы». Әр топқа алдын ала берілген
тапсырма бойынша тақырыпты ашатындай көрініс. Тапсырманы орындау
форматы еркін, уақыт-15 минут.
-
«Ситуациялық
сұрақ». Педагогтарға ситуациялық сұрақтар қойылады.
Олар сол сұраққа шешім таба отырып, болашақта кез-келген тығырықтан
шығу қабілеттерін көрсетеді. 2 сұрақ, ойлану- 2
минут.
-
«Өнерлі өрге
жүзер». Сахналық көрініс, ән-би,
драма, т.б уақыты 15-мин.
-
Байқаудың марапаттау
рәсімі
Әр топқа сәйкес келетін
түстегі карточкаларға(топтарды бағалау шкалаларын жазады)
педагогикалық ұжым мүшелері жеке-жеке ұпайын жазып, сенім жәшігіне
әрбір тур сайын салып отырады. Соңында ұпайларды дербес комиссия
мүшелері санап, қорытындыны ел алдында жариялайды. Топ мүшелері
және жекелеген жас мамандар төмендегідей дипломдармен
марапатталады.
І
орын –
диплом
ІІ
орын –
диплом
«Шығармашыл жас
маман» номинациясы –
диплом;
«Өнерлі жас
маман» номинациясы –
диплом;
«Үздік жас маман
» номинациясы –
диплом;
«Білімді жас
маман» номинациясы-
диплом.