Заманауи маманның келбеті

Тақырып бойынша 13 материал табылды

Заманауи маманның келбеті

Материал туралы қысқаша түсінік
Заманауи маманның келбеті туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Каукаева Улжан Токтагуловна

Маңғыстау облысы Ақтау қаласы

«Мамандандырылған IT лицей» КММ

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі



Заманауи мұғалімнің келбеті



Бүкіл әлемді таң қалдырып, талайды тамсандыруға қауқары жететін ерекше бір қасиет болса, ол – білім. Ал, санамызға сол білімнің нәрін себелеп, ақиқатқа жол сілтер абзал жан – ұстаз. Бүгінгідей ғылым мен техниканың дамып, әлемнің жаңарған жаһандану дәуірінде сол ұстаздар қауымына да қойылар талаптың жоғары болуы – заңдылық деп ұғамын.

Заманауи мұғалім қандай болуы керек? Ол үздіксіз білім іздеуші, үнемі біліктілігін жетілдіріп отырушы, түрлі техникаларды меңгерген, бар шәкіртін бір кісідей жұмылдырып, тың әдістері арқылы оқушыларының қызығушылығын оятып, жаңалыққа жаны құштар, шығармашыл да дарынды тұлға. Бұл – қазіргі заманауи мұғалімге тән белгілер. Асылында, «мұғалім» деген бір ғана сөздің мән-мағынасының өзі тереңде жатыр... Ол – өз шәкірттеріне тек білім беріп қана қоймай, түрлі өнерге бағыттайды, тәртібін түзейді, танымын кеңейтеді. Әйгілі ұстаз Ушинский бұл мамандық жөнінде «мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанымен – тарихтағы ең ұлы істің бірі» деген екен. Расында да солай. Бүгінгі заманауи мұғалімнің күнделікті атқаратын жұмысының өзі тарау-тарау қызметтерден құралады: мәселен, мұғалім оқушыларға жаңа сабақты оқыту барысында олардың назарын аудару үшін сергіту сәтін ұйымдастыруы мүмкін; жаңа білімді үйрету үшін бұрынғы білетінінен өзге, тақырыпқа қатысты жан-жақты ізденіп, ақпарат жинайды; түрлі көрнекіліктер ойлап тауып, шығармашылық әлеуетіне қарай оны жасап шығады; өз сабағын мүмкіндігінше қызықты өткізу үшін түрлі әдіс-тәсілдерді қолданады; онымен қоса, оқушыларды ұлттық құндылықтарға бағыттай отырып, оқытумен қатар тәрбиелеу жұмысын да жүргізіп үлгеруі керек; оқушылардың меңгерген білімін саралап, нәтиже шығарып, формативті бағалайды; орындалған тапсырмаларды тексеріп, олқылықтардың орнын толтырады; әрине, әр сабақтың жоспары алдын ала жүйелі түрде жасалып, бекітілуі тиіс; сабақ барысында мұғалім білім алушылардың әрқайсысының мінез-құлқы, таным-түсінігі, зейін деңгейіне, қабілет-қарымына сай тапсырма беріп, ешбір артық сөзсіз оларды тәрбиелеп, білім сапасын жоғарылатуға әрекет етеді. Бұдан өзге, оқушының әр бөлім бойынша, тоқсан бойынша жиынтық бақылау тапсырмаларын құрастыру, нәтижесін шығару, түрлі сынақтарға дайындығы, емтихан тапсырмаларын дайындау, жүргізу, байқауларға дайындық, шығармашылық қабілетін шыңдау, үлгерімі төмен оқушымен, дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстары тағы бар. Осының барлығы оқыту–тәрбиелеу ісімен қатар жүргізілетін үрдістер.

Сөзімді әлемнің екінші ұстазы Әл-Фарабидің сөзімен қорытындыласам, «ұстаз қашан да көрген-білген, түйгенін жадында мәңгі сақтап, өзгеге үйрете алатын, ар-намысын ардақ тұтып, барлық адамзатқа әділдік танытатын ержүрек тұлға» - дейді ол. Иә, «ұстаз» деген ұлы есімге лайық болу оңай емес. Дегенмен, осынша қызметті қатар алып жүрген ардақты жанның еңбегі еленбей қалмақ емес...

(347 сөз )





Директор Гайыпбаева М.К.

Антиплагиат



https://text.ru/antiplagiat/unauthorized

Проверка уникальности

Уникальность: 100.00%





Picture 1







Директор Гайыпбаева М.К.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.02.2025
135
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі