400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Заманауи мектептегі үй тапсырмасы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Заманауи мектептегі үй тапсырмасы туралы өз ойым.Мектептерде ұзақ уақыт бойы сабақтың төрт элементті (үй тапсырмасын сұрау,жаңа материалды үйрету және оны бекіту, соңында үйге тапсырма беру) құрылымы қалыптасқан
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының Л.Н.Толстой атындағы №4 гимназия-мектебі» КММ


«Заманауи мектептегі үй тапсырмасы»


Қазіргі заманға сай сабақ жүйесінің теориялық негіздерін көрсету, заманауи сабаққа қойылатын негізгі талаптар мен сабақтың құрылымын анықтау, дәстүрлі сабақпен салыстыра отырып, артықшылықтарын тәжірибе арқылы табу.Мектептерде ұзақ уақыт бойы сабақтың төрт элементті (үй тапсырмасын сұрау,жаңа материалды үйрету және оны бекіту, соңында үйге тапсырма беру) құрылымы қалыптасқан.Мұғалімдердің 80%-ы үй жұмысын сабақтың соңында береді, әйтсе де оны сабақтың басында, ортасында, барысында беруге де болады.

С.А. Пуйман үй жұмысын беруді ұйымдастырудың мына негізгі ережелерін ұсынады:

  • үй жұмысын беру үшін арнайы уақыт бөлу керек;

  • үй жұмысын берген кезде бүкіл сыныптың назарын аудару қажет;

  • үй жұмысы бәріне түсінікті болуы керек;

  • оқушылар не орындау керектігін ғана емес, қалай орындау керектігін білуі тиіс:

  • оқулықты қалай оқу керек, тапсырманы орындауға қалай кірісу керек және т.б.

Үй жұмысын саралаған жөн. Үлгерімі жақсы оқушылар аса күрделі тапсырмаларды алуы тиіс.

Үй жұмыстарының жүйесін құрған кезде оқушыны өздігінен білім алу тәсілдеріне дағдыландыруды, танымдық әрекетін дамытуды назарға алған жөн.Практика және көп жылғы зерттеулер көрсеткендей, үлгерімі төмен, тіпті орташа үлгерімді оқушылар үй жұмысын адал орындамайды. Оның бір себебі, үй жұмыстарының сараланбағаны, жіктелмегені болып табылады (көп жағдайда тапсырмалар барлығына ортақ беріледі). Нәтижесінде, оқушы сыныптасынан көшіріп алуды жөн көреді, бұл жағдайда ол асығыстықпен тапсырмалардың орындалу тәсіліне мән бермейді.Сол себепті, жеке, топтық және жаппай жұмыстан тұратын сараланған тәсіл керек . Ол оқытудың барлық кезеңінде, сабақ үстінде ғана емес, үй жұмысын орындау кезінде де аса қажет.Сараланған тапсырмаларды мына жағдайларда берген дұрыс:

  • күрделі ұғымдар кездесетін тақырыптарды өткен кезде;

  • өтілген тақырыпты жалпылағанда және қорытынды

  • жұмыстарға дайындық кезінде;

  • бақылау жұмыстарында жіберілген қатемен жұмыс жасаған кезінде.

Сараланған үй жұмыстарын тапсырған кезде келесіні ескерген жөн:

  • баланың оқу әрекетіне деген қабілетін (оқу материалын жылдам меңгеруі, ойлау тереңдігін);

  • өз ойын білдіре алуын;

  • танымдық белсенділігін (білімге деген қызығушылығын);

  • жұмыс кезіндегі ұйымшылдығын (бастаған ісін соңына дейін жеткізе алуы).

Балалардың жеке қасиеттеріне байланысты тапсырмалар бір тақырып бойынша және бір мақсатпен құрылғанмен, күрделілік деңгейі әртүрлі болады. Олар үш нұсқалы жеке тапсырмалы карточкаларда жазылады (оқушылар өз еркімен нұсқаны таңдайды немесе мұғалім алдын ала белгілі бір топқа арнайы дайындайды), бірнеше деңгейден құралған жұмыстар да болуы мүмкін, мұндай жағдайда оқушылар танымдық әрекет субъектісіне айналады. Аталмыш тапсырмалар оқушылардың бастамашылдығын (деңгейді таңдау кезінде), білім, ептілік пен дағдыны меңгеруде, ойлау қабілетін, жадысы мен шығармашылығын дамытуда өзіндік жауаптылығын тәрбиелейді.Үй тапсырмаларында мына тәсілдерді қолдану пайдалы:

  • пайымдаулар мен жазбаларда қателері бар тапсырмаларды орындау;

  • заңдылықты айқындайтын тапсырмаларды орындау;

  • артық немесе жеткіліксіз деректері бар тапсырмаларды орындау;

  • өзін-өзі бақылаудың алуан түрлі тәсілдері.

Оқушылар жұмысты үнемі логикалық соңына дейін жеткізуге машықтанады, өз білім деңгейлерін тұрақты түрде нығайтады. Күрделілеу нұсқаны орындау әр оқушының мақсатына айналады. Мұндай жұмыстың тәрбиелік мәні бар, әр тапсырманы толыққанды орындауға үйретеді, белсенділікті лайықты деңгейде ұстайды, жауапкершілік пен дербестік сезімін қалыптастырады деген ойдамын. Дюсенова Ақеркем Бекбулатқызы, Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының Л.Н.Толстой атындағы №4 гимназия-мектебі» КММ Бастауыш сынып мұғалімі.










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 қаңтар
397
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі