ЗАМАНАУИ МЕНЕДЖМЕНТ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТАНЫМЫНДАҒЫ ЕЛ БАСҚАРУ ПСИХОЛОГИЯСЫ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ЗАМАНАУИ МЕНЕДЖМЕНТ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТАНЫМЫНДАҒЫ ЕЛ БАСҚАРУ ПСИХОЛОГИЯСЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада заманауи менеджмент және қазақ танымындағы ел басқару ұқсастықтаы, ерекшеліктері жазылған. Мақала психолог мамандарға, басқару ісінде қызмет ететін басшыларға пайдалы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ЗАМАНАУИ МЕНЕДЖМЕНТ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТАНЫМЫНДАҒЫ ЕЛ БАСҚАРУ ПСИХОЛОГИЯСЫ

Еліміздің озық жоғары оқу орындарының бірі – әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті. Аталмыш жоғарғы оқу орнының 90 жылдық тарихы бар. Ғасырға жуық тарихымен ерекшеленетін ҚазҰУ-дың білім және ғылым саласында жеткен жетістіктері мақтан етіп айтарлықтай. Университетімізде әр түрлі ғылым салалаларының мамандарын даярлайды. Соның ішінде адамдардың психологиясын, мінез-құлқын, коммуникативті қабілетін, іскерлік дағдыларын, көшбасшылық қасиеттерді психологиялық, әлеуметтік тұрғыда зерделеу мақсатында "Басқару психологиясы" пәні оқытылады. Пән оқытушысы психология ғылымдарының кандидаты, профессор Жұбаназарова Назираш Сулейменовна 1-курс магистранттарына “Заманауи менеджмент және қазақ танымындағы ел басқару психологиясы» тақырыбында дәріс оқыды.

Қазіргі заманда басқару психологиясы мен менеджмент ғылымы қоғамның барлық саласында маңызды орынға ие. Менеджмент тек экономикалық немесе ұйымдастырушылық үдеріс емес, сонымен қатар адам санасы мен мінез-құлқын түсіне отырып, оларды ортақ мақсатқа бағыттайтын психологиялық құбылыс болып табылады. Қазақ халқының дәстүрлі танымында да ел басқару ісі терең психологиялық негізге сүйенген. Сондықтан заманауи менеджмент теориясын қазақтың дәстүрлі басқару мәдениетімен салыстыра талдау – ұлттық басқару психологиясын жаңаша түсінуге мүмкіндік береді

Заманауи менеджменттің психологиялық негіздері.
Бүгінгі таңда менеджменттің басты мақсаты – ұйымдағы адамдардың әлеуетін тиімді пайдалану, мотивация мен эмоционалды интеллект арқылы ұжымдық өнімділікті арттыру. Психологиялық тұрғыдан қарағанда, тиімді менеджер өз қызметкерлерінің мінез ерекшелігін, құндылық бағдарын және ішкі уәжін түсіне білуі қажет. Дуглас МакГрегордың X және Y теориялары, Абрахам Маслоудың қажеттіліктер иерархиясы, Гоулманның эмоционалды интеллект тұжырымдамалары заманауи басқару психологиясының негізін қалайды.

Қазақ танымындағы ел басқару дәстүрі.
Қазақ халқының басқару мәдениеті – даналыққа, адамгершілікке және әділдікке негізделген жүйе. Халық даналығында «ел бастаған көсем ақылмен, сөз бастаған шешен әділдікпен» деген қағида бар. Би-шешендер институты, хандар мен сұлтандардың кеңес құрып, ел ісін ортақ талқылауы – бұл халықтық менеджменттің көрінісі. Қазақ қоғамында басшының басты қасиеті – парасат, әділдік және елге қызмет ету ниеті болған. Бұл ұстаным қазіргі менеджменттегі көшбасшылық пен қызметкерге бағытталған басқару моделіне ұқсас. Н.С.Ахтаева «Басқару психологиясы» еңбегінде «Билердің басқаруы өмірдің, күнделікті тіршіліктің қажеттігінен туындаған, қазақтың ұлттық табиғатына сай келетін. Бас жарылса - бөрік ішінде, қол – сынса жең ішінде» деп, қандай шаруаны болмасын, сабырлықпен, көптің қатысуымен, елдің төрелік етуімен, билердің билік құруымен шешіп отырған. Соның арқасында ешкімді итжеккенге айдатпаған, абақты, түрме тұрғызудың қажеті де болмаған. Бітім, құн беру, келісімге келу, ағайыншылық жолдармен талай күрделі мәселелердің күрмеуі шешеліген» дейді.

Заманауи менеджмент пен қазақ дәстүрлі басқаруының сабақтастығы.
Қазіргі менеджмент ғылымында адам факторы шешуші рөл атқарады. Қазақ халқының дәстүрлі басқару жүйесінде де адамның рухани әлеуетіне басымдық берілген. Мысалы, Абайдың «Бас-басына би болған өңкей қиқым, мінекей, бұзған жоқ па елдің сиқын?» деген сөзі ұйым ішіндегі тәртіп пен үйлесімділіктің психологиялық маңызын дәл сипаттайды. Сондықтан заманауи менеджерлер ұлттық құндылықтар мен дәстүрлі танымды басшылық қызметінде тиімді пайдалана алады. Бұл ұйым мәдениетін нығайтып, басқару этикасын ұлттық деңгейде байытады.

Қорыта айтқанда, заманауи менеджмент пен қазақтың дәстүрлі ел басқару психологиясы арасында терең байланыс бар. Екеуінің де түпкі мақсаты – адам әлеуетін дұрыс бағыттап, қоғам игілігіне қызмет ету. Қазақ танымындағы басқару дәстүрін заманауи менеджмент принциптерімен ұштастыру – ұлттық менеджмент моделін қалыптастырудың маңызды қадамы. Бұл бағытта басқару психологиясы ұлттық құндылықтарға негізделген жаңа ғылыми ізденістерге жол ашады.

Жубаназарова Н.С.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

психология ғылымдарының кандидаты, профессор м.а.


Токсанбаева Н.К.

Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы,

психология ғылымдарынығ докторы, профессор


Тажикова Г.Е.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің

қазақ филологиясы факультетінің

магистранты



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.11.2025
39
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі