Заманауи мұғалімнің
келбеті!
Тәуелсіз ел атанып, төбемізге
ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып
жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақтың тәрбиесіне көп
көңіл бөлу қажет. Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке
бастар жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы,
жүрегі, тірегі – мұғалім. XXI ғасыр, яғни жаҺандық өркендеу дәуірі
- ұлттық бәсекелестік, ақпараттық сайыс, инновациялық
технологиялар, күрделі экономикалық реформалар сияқты
көріністерімен дараланып тұр. Бүгінгі мақсат – әрбір оқушыға
түбегейлі білім мен мәдениеттің негіздерін беру, олардың жан-жақты
дамуына қолайлы жағдай жасау,интеллектуалды, дені сау, ой-өрісі
жоғары дамыған, халықаралық деңгейге сәйкес білімі бар азаматты,
жеке тұлғаны қалыптастыру болып тұр. Мұғалімнің негізгі басты
мақсаты - рухани бай, ізденімпаз, адамгершілігі мол адамды
қалыптастыру болып табылады. Менің де алдыма қойған мақсатым айқын,
туған тілдің қыр-сырын, табиғатын таныта отырып, болашақта өмірден
өз орнын таба білетін, өзіне деген сенімі мол, парасатты ұрпақ
тәрбиелеу. Бұл үшін ең алдымен педагогиканың озық үлгілерін
жаңашылдықпен пайдаланып, тәжірибені байыта білу керек. Қазіргі
заманғы мұғалімдер ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш,
шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болу керек. Оқушыны тұлға
ретінде қарастырып, оның өзін-өзі тануына жол ашу, жеке тұлға
бойындағы қасиетті дамыту, «мен» менталитетін қалыптастыру, білім
мен тəрбиені жеке тұлғаға қарай бағыттау -бүгінгі таңдағы
мұғалімнің қоғам алдындағы басты міндеті болып табылады. Қазіргі
уақытта елбасымыз дамыған елдермен теңесу үшін жас, алған білімді
өнімге айналдыра алатын мамандар даярлау қажет екенін айтқан
болатын. Демек бұл жерде ең ауыр міндеттер мұғалімге келіп
жүктелгелі отыр. Өйткені қазіргі жас буын - еліміздің келер күнгі
келбеті. Бұл жөнінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев:
«Ғасырлар мақсаты – саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды
жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге
икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру»,- деген
тұжырым жасады. Ол үшін бүгінгі оқу жүйесіне сай педагогикалық
шеберлік қажет. «Педогогтік шеберлік дегеніміз - үйрену, ізденудің
нәтижесі.
Ал, заманауи мұғалім қандай
болуы керек? Әрине, ол өз кәсібінің майталманы, осы мақсатқа жету
жолында рухани күш-жігерін, парасат-қуатын сарп еткен адам болуы
керек. Бұл - әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет
ететін қасиет. Сондай-ақ ұстаз өзінің күнделікті қызығы мен шыжығы
көп еңбегінде мазмұны әр түрлі кездейсоқ жайттардың туындап
отыратындығына дайын болумен қатар, оның оң шешімін табуға күш
салуы тиіс. Сондықтан да ұстазды әр баланың жан-дүниесін
танып-білуші әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы, ел болашағының
мүсіншісі деп айтамыз. Қазіргі білім беру саласы қызметкерлерінің
алдында тұрған басты проблема – жаңа жүйенің жаңашыл ұстазын
қалыптастыру. Мұғалімнің өзі жеке тұлғаға көтерілмей, мұндай зор
мақсатқа жету мүмкін емес. Заманауи мұғалімнің келбеті – рухани
дамыған əрі əлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың
барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі əрдайым
жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға болу тиіс. Біздер,
мұғалімдер, күнделікті өмірдің жай ғана адамын емес, тәуелсіз
еліміздің болашағын құрушыларды, адамзаттың жарқын болашағын
жасаушыларды тәрбиелеп отырғанымызды ойласақ, мұғалім мақсаты
өзінен-өзі айқындала түседі. Ұстаз бойынан дүниетанымдық көзқарасы,
қызметке бейімділігі, кәсіптік білімі мен біліктілігі,
ұйымдастырушылық қабілеті, заманға сай жаңашылдық көрініс табуы
керек.
ХХІ ғасыр - білімділер ғасыры.
Ендеше, бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, парасатты ұрпақ
керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн. Ертеңгі күннің
бүгінгіден гөрі жарқынырақ болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға
апаратын құдіретті күш - тек білімге ғана тән. Демек, қай елдің
болсын өркендеуі, өркениетті елге айналуы - білім саласының
дамуына тікелей байланысты. Адамзат өркениетінің даму тарихында
жақсы мектебі мен мұғалімдері бар мемлекет қана озып шыққан.
Сондықтан да, ұстаз алдындағы басты міндет - ХХІ ғасырдың есігінен
еркін енетін, дүниежүзілік мəдениетті танитын, төл мəдениетін
құрметтей білетін, рухани дүниесі бай, интеллектуалдық өрісі кең,
білімді, жан-жақты ақпараттандырылған, заман талабына сай белсенді
ұрпақ тəрбиелеу. Себебі, біз тәрбиелеген ұрпақ - ертеңгі күні
тәуелсіз еліміздің тірегі болмақ. Сондықтан тәуелсіз елдің ұстазы
болу - жүректің батырлығы деп білемін!
Мақала авторы: «Жанкент» жалпы
білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Сабралиева Нұргүл Есболқызы