Материалдар / Заманауи педагог қандай болуы керек?
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Заманауи педагог қандай болуы керек?

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ халқы қай уақытта болмасын, ұрпақ тәрбиесін ұлттың тағдыры, ұлттың болашағы деп білген. Сондықтан тәрбие мәселесіне көңіл бөліп, болашақ ұрпақты саналы тәрбиелеу үшін тиімді әдіс-тәсілдерді қолданып, қарастыру әрбір ұжымның тапқырлығы мен іскерлігін, ізденімпаздығы мен шығармашылығын талап етеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Мамыр 2021
973
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Заманауи педагог қандай болуы керек?


Қазақ халқы қай уақытта болмасын, ұрпақ тәрбиесін ұлттың тағдыры, ұлттың болашағы деп білген. Сондықтан тәрбие мәселесіне көңіл бөліп, болашақ ұрпақты саналы тәрбиелеу үшін тиімді әдіс-тәсілдерді қолданып, қарастыру әрбір ұжымның тапқырлығы мен іскерлігін, ізденімпаздығы мен шығармашылығын талап етеді.

«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, тәрбиесіз берілген білім адамзатқа апат әкеледі» деген ғұлама ойшыл Әбу Насыр Әл-Фараби ойын әрбір ұстаз, әрбір ата-ана өздеріне қағида ретінде ұстанса құба-құп болар еді
Мен ұстазбын...сынып жетекшісімін. Оқушыларға әр нәрсені үйретіп, білім мен тәрбие беретін педагогпын. Әрине, өзіме жүктелген жауапкершілікті білемін. Сондықтан да ұлы Абайдың «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға...» деген қағидасын берік ұстанамын. Менің ойымша, әр ұстаз балаға білім нәрін беруден жалықпауы тиіс. Сонда ғана ол ұстаз деген атқа әбден лайық болмақ.

Ал рухани жаңғыру мен жаңаруда білім мен тәрбие берудің рөлі зор. Біз өзіміздің ұлттық ерекшеліктерімізді сақтай, ескере отырып, әлемде болып жатқан жаңалықтарды қабылдай білуіміз керек. Оны оқушыларға ұғындыра отырып, болашақ еліміздің рухани бай тұлғасын қалыптастыру әрине біздің басты міндетіміз. «Ел боламын десең, бесігінді түзе» дейді ұлы Мұхтар Әуезов.

Қазіргі заманғы педагог бүгінде білім алуға, тәрбиелеу мен оқытудың жаңа әдістерін қаруландыруға қабілетті болуы тиіс. Замануи ұстаз ғылымның әр түрлі салаларынан әр түрлі білімді қолдана білу керек, біздің оқушыларымыздың мыңдаған сұрақтарына жауап беруді үйренуіміз керек. Мен оқушылардың өздерін толғандыратын сұрақтарға жауаптарды өздері таба алатындай, әр минут сайын, әр секунд сайын білімді меңгеріп, оны пайдалана алатындай етіп үйретуге тырысамын.

Еліміздің жаңартылған білім беруге көшуіне байланысты менің заманауи педагог ретіндегі жауапкершілігім жыл сайын артып келеді деп есептеймін, оның мақсаты – өзін-өзі дамытуға және барынша өзін-өзі жүзеге асыруға қабілетті жоғары білімді шығармашылық тұлғаны қалыптастыру және дамыту.

Ұстаздық жолымды алдымдағы оқушыларға арнаймын, олардың алдағы уақытта егеменді еліміздің біртуар, білімді азаматы болып қалыптасуына қосқан үлесімді, педагогтың ерен еңбегі деп білемін. Қазіргі заман талабына сай болу үшін, заманауи педагог қандай болуы керек? Қазіргі жағдайда бәсекеге қабілетті, креативті, мобильді, табысты тұлға тек қана адамның ішкі ресурстарын шығармашылықпен іске асыруға, оларды білім жолында өзінің қызметінде іске асыруға ықыласы бар стандартты емес шешімдерді таба және қабылдай алатын жаңа құзыреттілік идеяларды жүзеге асыра алатын шығармашылық тұлғаны тәрбиелей алатын білгілікті ұстаз. Қазіргі заманғы педагог табысқа жетуге бағытталған жаңа формациядағы адамдарды тәрбиелеуді көздейді, мұндай педагог коммуникациялы, уақыт шыңдығына сай болуы тиіс.

Мәңгілік елге айналу үшін тәуелсіздікті сақтап, елдігімізді нығайту басты мақсат болып табылады. Өйткені,тәуелсіздік бізге ата - баба қанымен, найзаның ұшымен, білектің күшімен келген. Осындай қасиетті ұғымның мәнін жете ұғынып, бағасын біліп, қазіргі жастар қадір - қасиетін түсініп , сақтауымыз керек. Қазақстанды жарқын болашаққа жетелейтін жастарымыз бабаларымыз аңсап өткен тәуелсіздіктің туын жықпай, желбірете білуі тиіс.Өйткені, бабаларымыздың ұлан байтақ жерін қалай қорғағанын,бостандықты қалай аңсап-қадірлегенін, білеміз. Жастар сондай текті ұрпақтың ұрпағы екендіктерін сезініп, осы «тәуелсіздік», «мәңгілік ел» ұғымдарын саналарына сіңіріп қастерлеуге міндетті. Жастардың бойына қазақи құндылықтарды сіңіріп, қазіргі жаһандық даму жағдайында оларды батыс мәдениетінің негізінен алыстатып, өзіміздің рухани бай мұрамыздың құндылықтары тұрғысынан тәрбиелеу басты міндеттердің бірі.Елбасымыз жариялаған «Мәңгілік Ел» идеясының көздегені де осы болатын, яғни төл дәстүрімізді жаңғырту, дініміз бен тілімізді өркендету.

Қортындылай келе түсінгенім осы мамандығымның өзіме ең тиімді де ұтымды жағы-бұл балалармен күнде бірге болып, аз да болса бойларына жақсы қасиеттерді, жаңартылған білімді оқытуға, рухани жаңғыруды сіңіруге қосқан рухани үлесім. Мен өз шәкіртеріммен ғана бақытты, білікті, білімді педагог болуға лайықпын! Мектеп – келешек азаматтарды тәрбиелейтін шағын институт. Ел болашағы - балаларымыздың шаттық күлкісіне толы бұл мекенде педагогтар оқушының білімі мен тәрбиесіне қатар оның дамуына да даңғыл жол салады. Алға қойған мақсаттарымыз бен міндеттеріміз көп..

Балалардың білім баспалдағы – білім ошағында қызмет етіп жатқаныма қуанамын және шәкірттерімді тәрбиелеуде үлкен жетістіктерге жететініме сенім білдіремін! Білім көшінде көш бастаған ұстаздарымыздың ерең еңбегімен мақтанамын!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!