400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Заманауи қоғамдағы отбасы мен мектеп тәрбиесінің ынтымақтастығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл жіберіліп отырған материал мектептегі коучқа, тәрбие ісінің меңгерушісіне, сынып жетекшілерге көмек болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

13.11.2018 ж

Сынып жетекші: Нұрмұхан Бибігүл

Коучинг-сессияның тақырыбы:


Заманауи қоғамдағы отбасы мен мектеп тәриесінің ынтымақтастығы

Мақсаты:                     

Қазіргі заман ата-анасы мен бала арасындағы қарым-қатынас ерекшеліктерін ашу;

Жаңа заман балаларын тәрбиелеуде ата-ананың мәдени деңгейін көтеруге ықпал ету;

Міндеттері:

1.Оқушыларды өмірлік жетістіктерге жетуге ұмтылдыру.

2.Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру

3. Оқу-тәрбие үрдісінде мектеп пен ата-ананың тығыз байланысын  үйлесімді жүргізу.

Күтілетін нәтиже:

Оқушының тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруда ата-ананың міндетін, ұстаздық жауапкершілікті түсінеді.

Ата-ананың мектепке, мұғалімге деген сенімі күшейеді.

Мектеп пен ата-ана ынтымақтастығынан тәрбиелі, білімді, ұлтжанды жаңа заманға сай тұлға дамып қалыптасады.

Түйінді идея:

 «Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі керек. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі»

Әбу Насыр Әл-Фараби

Сілтеме

ҚР Ата Заңы 27- бап, 2-тармағындағы «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың құқығы, әрі парызы»

Ресурстар


А-3,А-4 қағазы, маркер, стикер, интерактивті тақта, құмсағат, қоңырау, «Бәйтерек» отбасы ағашы т.б.

Дереккөздері

Бейнежазба, слайдтар

Тапсырмалар

Сұрақтарға жауап беру, постер қорғау,

 

Кезеңдері

Уақыты:


Кіріспе -1 мин



«Ақ жол» тренингі

(3мин)

 

 

 

 


Ой шақыру. (3 мин)

«Ертеңге қалдырма» тәмсілі

 

 

 

 

 

 

 

 

 









Баланың өмірге бейімделуіне мектеп, ұстаз және ата-ананың орны бөлек. Заманауи қоғамда тұлға қалыптастыруда оқыту мен тәрбиелеуде жарасымдылық мектеп пен ата-ана, әлеуметтік орта бірлесіп жұмыс істеген жағдайда үйлесімділік табады.


Ендеше бүгінгі коучингімізді «Ақ жол» тренингімен бастайық.Ортаға ата-аналар, мұғалімдер ақ мата бетіне салынған жолмен дискіні жүргізіп шығады. Диск жолдан шықпауы керек. Бұдан біздің ұйымшыл, бірауыз, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаратын бірілігіміз көрінеді. Осылай бүгінгі шарамызды да бірлікте өткіземіз деген пікірдеміз.


Бір данышпан қария өте нашар жатқан ауру адамның қалін сұрай келеді. Қария ауру адамға, оның туған –туысқандарына жылы сөздер айтып, көңілдерін жұбатады. Бір кезде оның көзі бөлменің бұрышында тұрған сандыққа түседі де:

-Мына сандықта не бар? - деп сұрайды.

-Әкемнің кимеген киімдері ғой, - дейді сонда қызы. –Әкем айрықша бір күндері кием деп салып қойған, енді міне, сандықта шіріп жатыр ....

Талқылау сұрақтары:

  1. 1.Бұл кішкентай оқиғадан не түсіндіңіздер?

  2. 2. Өз ақиқатымызды тұншықтырып қоюымыз қажет пе?

  3. 3. Адамзат баласы мақсатын жүзеге асыру үшін не істеу керек?

  4. Сандықты есіңнен шығарма. Егер сенің жүрегіңде жақсы ойлар, жақсы тілектер, игі мақсат болса, дәл қазір жарыққа шығар, пайдалан. Ертеңге қалдырма, әйтпесе, сандықтағы киім сияқты ол да өз маңызын жояды.


-Сіздердің сандықтарыңызда не жатыр?

Практикалықжұмыс. Топта жұмыс жасау

(7 мин)

 

Ой жалғау тренингі


 



1- топ Тәрбие. / ата-ана/

2-топ Білім. /мұғалімдер/

3-топ Болашақ. /оқушылар/


1. 11-сыныпты бітірер кезде: «Бұл баланың білім сапасы неге төмен? Әрине мұғалім кінәлі....» (ата-ана)


2. «Адамды адам қылған не нәрсе? Ата-ана ма? Қоғам ба? Мектеп пе?» -деген сұраққа әркім әрқалай жауап беріп жатады. Ал сіздерше ? (оқушы)


3. ЖаҺандану үдерісі көптеген отбасыларының жағдайына әсер етуде. Қазіргі жасөспірімдер арасында түрлі қылмыс түрі көбеюде. Саналы адам болу үшін қандай қажеттілік керек екенін ұмыттық. Мұны әу баста кім қадағалау керек еді. (мұғалім)

Бағалау

«Екі жұлдыз, бір тілек»

Шығармашылық жұмыс

7-10 мин





1. «Отбасылық құндылық ағашы» (топпен жұмыс)


2. Ата-ана мен мұғалімге хат жазады. (оқушылар)


3. Қарындаштың 5 қасиеті. Бұл сыни ойлауға арналған тапсырмадағы астарлы ойды топ мүшелері  өздері ой түйіп айтады. Қызылмен көрсетілген сөздер көрсетілмейді.

(мұғалім)

Бағалау

Көрермендер бағасы



Кері байланыс

(2 мин









 «Тілек шамы»

Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болу үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір-бірімізге мына шамды бере отырып, бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса, айтып кетулеріңізге болады.

-Бүгінгі коучингтен қандай ой түйдіңіз? -                         

-Айтылған мәселелердің сізге пайдасы бар ма?

 



    «Орындық» тренингі  

/Ата-ана, мұғалім, оқушы , жұртшылық/

Қорытынды:

(2мин)

Бала – кең әлемдегі ең пәк, ең таза, асыл жан. Оның ойының тазалығы, арының тазалығы оны қоршаған ортаға байланысты болмақ. Бала осы ортаны қалай қабылдап, танып білсе, оның алдынан кең әлемнің есігі де солай ашылмақ.
Сондықтан, қымбатты ата-аналар, ұстаздар! Баланың өзіндік «Менін» қалыптастыру, адамгершілік-рухани әлеуетін көтеру, қазіргі заман талабына сай өзіндік ой-көзқарасы қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеп шығару мектеп пен отбасының тәрбиесі ұштасып, ортақ бір мүддеге бағытталғанда ғана жан-жақты, толыққанды жүзеге асады




Қарындаштың 5 қасиеті.

   Бірде бала әжесінің хат жазып отырғанын көріп:

   -Әже, сіз мен туралы жазып отырсыз  ғой, иә? –деп сұрайды.

    -Ия, сен дәл таптың, мен сен туралы жазып отырмын. Мұнда менің не жазып отырғаным маңызды емес, менің немен жазып отырғаным маңызды. Мен сені өскенде мына қарындаш сияқты болғаныңды қалаймын,- дейді.  Бала қарындашқа  таңырқап қарайды, бірақ одан ешқандай ерекшелікті таппайды. Ол:

-Мен көріп жүрген карандаштардан өзгешелігі жоқ қой, -дейді. Әжесі:

-Бәрі әр нәрсенің ішіне үңілуге байланысты. Бұл қарындашта 5 түрлі қасиет бар. Ол саған өміріңе қажет болады, -дейді.

Біріншіден, сен ақылды боларсың, бірақ сенің бағыттаушы қолың бар екенін ұмытпа дейді    ......        астарлы ой: сен әрқашан өз алақаныңның еркіне сен, ол сенің жол сілтеушің,- дейді.

Екіншіден, жақсы жазу үшін, мен ол қарындашты ұштауым керек. Бұл кезде ол қарындашқа жанына ауыр тиеді, бірақ ұшталған қарындаш өте жіңішке жазады.     ........ астарлы ой:  қандай да болмасын қиындыққа төз және ол саған өмірлік сабақ болады,- дейді.

Үшіншіден, қарындашпен жазғаныңның кейбірін қатеге есептеп өшіргішпен кетіресің.  ......   астарлы ой:  Есіңде болсын, өз қатеңді түзеу-барлық жағдайда жаман болмайды. Тура жолдан адаспауыңа көмектеседі,- дейді.

Төртіншіден, қарындаштың сырты ағаштан жасалғаны, оның пішіні мәнді емес, оның ішіндегі графиті мәнді. ....... астарлы ой:  Сондықтан әрқашан ішкі дүниеңде не болып жатқанын ойла,- дейді.

Бесіншіден, қарындаш әрине, жазғанда артында із қалдырады........ астарлы ой : сен де карындаш сияқты өз іс-әрекетіңмен артыңда із қалдырасың. Қоғамға пайдалы іс істейсің. Әр қадамыңды ойлап бас,-дейді.

Бұл сыни ойлауға арналған тапсырмадағы астарлы ойды топ мүшелері  өздері ой түйіп айтады. Қызылмен жазылған сөздер көрсетілмейді.


1. «Отбасылық құндылық ағашы»

(топпен жұмыс)


Нұсқау: Үлкен ағаштың суретін салу керек. Бұл сіздің отбасылық құндылық ағашыңыз. Алдын-ала дайындалған отбасылық құндылықтар жазылған карточкалар таратылып беріледі. Оларды ағаштың тамырына, діңіне, бұтақтарына орналастыру керек. Тамыры сіздің ең негізгі отбасылық құндылық болып есептеледі, ағаштың діңіне орташа құндылықтарды, ал бұтақтарына отбасыңызға маңызды бірақ, қатты қолданбайтын, көп көңіл аудармайтын құндылықтарды орналастыру керек. Берілетін уақыт 7-10 минут.


Берілетін отбасылық құндылықтар:

1. Мықты денсаулық

2. Ағайындарыңа, достарыңа ашық есік

3. Ауызбіршілік

4. Ортақ қызығушылық

5. Бір-біріңіздің жұмысына араласпау

6. Қамқорлық

7. Тәртіп

8. Бос уақытыңызды бірге өткізу

9. Сенімділік

10. Ата-ананың сөзі заң

11. Ата-ана отбасының үлгісі

12. Әлеуметтік жағдай

13. Отбасылық сыйласымды қарым-қатынас

14. Махаббат

15. Мейірімділік

16. Шынайылық

17. Сырт көзге үлгі болу

18. Береке

19. Үлкенге – ізет, кішіге – құрмет

20. Көп бала

Соңынан үлкен бәйтерек ағашы шығуы керек. Шыққан суретті өздері қорғап шығады.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
30.09.2019
1088
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі