400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ЗАМАНАУИ ТАЛАПҚА САЙ - ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ, ЖАҢАРҒАН ОҚУ ТАРИХ САБАҒЫНДА

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған білім беру мазмұны туралы, жас маман ұстаздарға керек болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы



ЗАМАНАУИ ТАЛАПҚА САЙ - ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ, ЖАҢАРҒАН ОҚУ ТАРИХ САБАҒЫНДА







ЖОСПАРЫ:


І. Кіріспе

Жаңартылған білім, жаңарған оқу-заман талабы


ІІ. Негізгі бөлім

А) Жаңартылған оқыту бағдарламасы аясындағы мұғалім мен оқушының іс – әрекеті және дәстүрлі сабақ пен жаңашыл сабақ арасындағы айырмашылықтар


Ә) «Постеризацияның» кейбір тұстары


Б) Тарих сабағындағы жаңартылған білім беру бағадарламасы


ІІІ.Қорытынды




















«Балалардың білгені, тапқан-таянғаны өмірге жанасып, жарыққа шығып отырып, барлық жұмысты белсене, құлшына өздері істеуі шарт. Өзі еңбектеніп, өзі бейнеттеніп тапқан білім берік болады. Өмірінше ұмытпайды».

Жүсіпбек Аймауытов

Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік туғызған сайын одан әрі жақсы оқи түседі

П. Клайн

Тәуелсіз елдің болашағы - білімді ұрпақ қолында. Ұрпағы білімсіз елдің – болашағы да бұлдыр екендігі туралы, сонау жылдарда ұлылар өз өсиеттерінде айтып өткен.Қазақтың кемел талантты ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов: «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек», -деген сөзі дәл осы ойды меңзегендей. Қазіргі таңда білім саласы үздіксіз даму үстінде.

Қазіргі таңда еліміз мектепте білім сапасын арттыру үшін заманауи талаптарға сәйкес, әлемдік тәжірибенің озық үлгісі – жаңартылған білім беру мазмұнына кезең-кезеңмен көшуде. Мақсаты - оқушыларға алған білімдері мен үйренген дағдыларын кез-келген орта жағдайында, ресми/іскерлік ортада бәсекеге қабілетті болуға, қарым-қатынас үдерісінде тиімді қолдануға мүмкіндік беретін білім беру.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстандық жол – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында еліміз дамуының барлық Стратегиялық бағыттарын жүзеге асыратын міндеттер қойылды. Республика болашағына бағдар беретін бұл жолдауда «XXI ғасырдағы дамыған ел дегеніміз - белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар»- деген.

Ал, дамудың негізі білім мен ғылымға келіп тіреледі. Сондықтан да, әлемдегі дамыған елдер сияқты Тәуелсіз елімізде білім жүйесі сапасын жетілдіру ең негізгі өзекті мәселелердің бірі болып отырғаны белгілі. Осыған орай, білім беру жүйесінде жастарға сапалы білім беріп, олардың үйлесімді дамуы мен тұлға ретінде қалыптасуында ұстаздың кәсіби шеберлік көрсеткіштерінің бірі - жалпы педагогикалық, ғылыми- теориялық, әдістемелік жаңалықтар мен озық тәжірибені жетік меңгерудің маңызы зор.

Иә, қазіргі таңда еліміздің түкпір-түкпірінде Қазақстан Республикасы орта білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасы бойынша бастауыш сыныптың 2-сыныбы мен 5 және 7-сыныпқа сабақ беретін пән мұғалімдері пән бойынша біліктілігін арттыру курстарынан өткені рас. Мен де өз пәнім бойынша біліктілігімді арттырып, жаңартылған жалпы білім беру бағдарламасы бойынша көп мағлұмат алдым.

Жаңартылған білім беру бағдарламасының ең негізгі мақсаты-білім алушылардың оқу нәтижелерін жетілдіру болып табылатындығына көзім жетті. Орта білім мазмұнын жаңартудың көптеген компоненттері, соның ішінде мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасы осы мақсатқа бағытталған. Табысты болу үшін оқушыларға білім қандай қажет болса, дағды да сондай қажет деген ойдың жақтастары көбейіп келеді.Бұл оқушылардың ақпаратты еске сақтап, алған білімдерін ұғынуын, түсінуін және әртүрлі салада қолдана білуін талап етеді. Білімді дәл осылай қолдану оқушыларға «ХХІ ғасыр дағдысы» деп жиі айтылып жүрген кең ауқымды құзіреттілікті меңгеруге мүмкіндік береді.

Жаңартылған жалпы білім беру бағдарламасында оқушылардың бойында қалыптастыру қажет мынадай құндылықтар:

-шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;

-қарым-қатынас жасау қабілеті;

-өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау;

-жауапкершілік;

-денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету;

-өмір бойы оқуға дайын болу және мынадай дағдылар:

-сын тұрғысынан ойлау;

-білімді шығармашылық тұрғыда қолдана білу қабілеті;

-проблемаларды шешу қабілеті;

-ғылыми – зерттеу дағдылары;

-қарым – қатынас дағдылары;

-жеке және топпен жұмыс істеу қабілеті;

-АКТ саласындағы дағдылары анықталған. /МАН 9-бет/. Сонымен бірге жаңа бағдарламаның бұрынғы бағдарламалардан мынадай айырмашылықтары бар екен. Дүниежүзі тарихы және құқық негіздерін оқытуда бұрын біз күнтізбелік жоспарға және күнделікті сабақ жоспары мен оқулыққа ғана жүгінетін болсақ, жаңа бағдарлама бойынша күнтізбелік жоспарымыз үзақ мерзімді жоспар мен орта мерзімді жоспарға, күнделікті сабақ жоспарымыз қысқа мерзімді жоспарға айналғанын ұғындым. Және аталған пәндердің білім мазмұны бөлімдер арқылы қамтылған. Аталған бөлімдер сыныптар бойынша оқу мақсаттарын қамтитын бөлімшелерден тұрады. Оқу мақсаттары әр бөлімше ішінде мұғалім мен оқушыға болашақ қадамдары жөнінде өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік беретін бірізділік пен сабақтастықты көрсетеді. Оқу мақсаттарын пайдалану үшін код енгізілген. Код бойынша бірінші сан – сыныпты, екінші сан – бөлімнің, үшінші сан – бөлімшенің, төртінші сан – оқу мақсатының реттік санын білдіреді екен.

Сабақтың мақсатын анықтау түрлері

Мұғалім тарапынан анықталған мақсат

Оқушы тарапынан анықталған мақсаттар

Оқушылар:

Оқушыларды картамен және картадағы шартты белгілермен таныстыру

-картаны оқи алады;

-картадағы шартты белгілерді тани біледі;

-картаны қолданып, таныс емес жерлерде жол таба алады

Оқушыларды үшбұрыштармен және теңқабырғалы үшбұрыштың қасиеттерімен таныстыру

-үшбұрыш қабырғаларының санын біледі;

-үшбұрыштың түрлерін біледі;

-теңқабырғалы үшбұрышты сыза алады;

-үшбұрыштың түрлерін ажырата алады;

-теңқабырғалы үшбұрыштың басқа үшбұрыштармен ұқсастығын және айырмашылықтарын талдайды

Негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейінде «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша оқу мақсаттары – төрт тарауға бөлінсе, «Құқық негіздері» пәні бойынша жеті тарауға бөлінеді.

«Бағаның болмауы ... бағаның ең нашар түрі болып табылады, себеі бұл бағыт беретін әсер емес, керісінше бағыт бермейтін әсер, объект жақсы ынталандырушы емес, керісінше депрессияға әкелуші» деген екен кеңес психологы Б.Г.Ананьев. Ендеше, оқушылардың пән бойынша оқу жетістіктері екі тәсілмен бағаланады екен. Критериалды бағалау құрылымы: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Қалыптастырушы бағалау күнделікті сабақта қолданылатын бағалау түрі. Бұрынғыдай оқушының білім деңгейін «5» немесе «4» деген бағалармен бағаламаймыз. Бұл жерде оқушы сабақтың өн бойында білім алу барысында өз бетінше жұмыс жасап, сол жұмысын топта немесе сынып оқушылары арасында талқылай алады. Сонымен бірге өзін – өзі бағалай алады немесе топтағы оқушылар да бағалай алады. Ал, мұғалім мен оқушы арасында кері байланыс жүреді де, балл не баға қоймай-ақ, оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді. Мұғалімдер оқушылардың жетістіктерін өлшеп, алдағы сабақтарын жоспарлау үшін қолданады.

Жиынтық бағалау оқу бағдарламасының бөлімдерін, кейбір ортақ тақырыптарын және тоқсан, оқу жылын аяқтаған кезде оқушының үлгерімі туралы ақпарат алу мақсатында балл және баға қою арқылы жүргізіледі. Бөлім не ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауға дайындық барысында мұғалім : оқу бағдарламасы, оқу мақсаттары, ойлау деңгейлері мен бағалау критерийлерін талдайды және бағалау критерийлері мен тапсырмаларды және дескрипторларды дайындап, құрастырады. Тапсырмалар арқылы оқушы өз бетінше жұмыс жасап болған соң, жиынтық бағалау жасалады. Соның нәтижесінде кері байланыс құралы Рубрика жазылады. Рубрикада мұғалім әрбір оқушы үшін әрбір критерий бойынша оның жеткізген оқу жетістігінің деңгейін белгілеп көрсетеді.Яғни бағалаудың нәтижесі оқушылар мен ата – аналарға ұсынылады. Бағалауды стандарттау мақсатында оқушылардың жиынтық жұмыстарының нәтижесін талқылау үшін модерация белгіленген. Бірдей сыныпта сабақ беретін пән мұғалімдерінің қатысуымен бағалау талқыланады. Сабақтың шынайы құндылығы – оның нәтижелілігі, оқушылар үшін табыстылығы. Бұл балалардың өзінің оқуына белсенді араласқанында ғана жүзеге асады; қазіргі оқушы бұрынғыдай, мұғалім сұрағанда ғана жауап беретін сабаққа «енжар қатысушыдан», сабақтың басты нысанына, белсенді білім алушыға айналады. Сабақтың ұйымдастыру кезеңінде оқушылардың оқу мақсаттарын айқындау үдерісіне қатыстыру арқылы сабақтың басынан бастап-ақ, проблемалық жағдаят туындатып, сыныпта проблемалық диалог ұйымдастаруға болады.

Осы тұрғыда дәстүрлі және жаңашыл сабақтардың мазмұнындағы мынадай өзгешеліктерді байқауға болады:

Сабаққа қойылатын талаптар

Дәстүрлі сабақ

Жаңашыл сабақ

Сабақтың тақырыбын жариялау

Мұғалім жариялайды

Оқушылардың өзі анықтайды

Сабақтың мақсат-міндеттерін жариялау

Мұғалім өзі анықтап, оқушыларға хабарлайды

Мұғалімнің басқаруымен оқушылар анықтайды (табыс критерийлері)

Оқушылардың сабаққа тартылуы

Мұғалімнің басқаруымен оқушылар бірнеше жаттығулар мен тапсырмаларды орындайды (көбінесе бүкіл сыныптық жұмыс үлгісінде орындалады)

Оқушылар жеке,жұптық,топтық жұмыстар арқылы оқу үдерісіне белсенді қатысады.

Бақылауды ұйымдастыру

Оқушылардың тапсырмаларды орындауын мұғалімнің өзі бақылайды

Оқушылар өзін-өзі, бірін-бірі бағалауға қатысады.

Түзету жұмыстарын ұйымдастыру

Оқушылардың тапсырмаларды орындауы кезінде және оның нәтижесі бойынша түзетулерді мұғалім өзі жасайды

Оқушылар қиындықтарды өздері анықтап, түзетулер жасайды, өздері жөндейді.

Оқушыларды бағалау

Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу нәтижесі бойынша бағалайды.

Оқу нәтижесі бойынша оқушылар өзін-өзі және бірін – бірі бағалайды.

Сабақты қорыту

Мұғалім оқушылардан не түсінгендерін сұрайды

Оқушылар сабақта не біліп-үйренгендеріне, түсінбеген жерлеріне рефлексия жасайды.

Үйге тапсырма беру

Мұғалім үй тапсырмасын жариялайды (жалпы жағдайда барлық оқушыға бірдей тапсырмалар)

Кейбір оқушылар өз мүмкіндігіне сәйкес мұғалімнен жеке тапсырмалар алуы мүмкін.

Сонымен бірге «Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау туралы ата –аналарға арналған ақпарат» та сынып жетекші үшін болуы шарт. /ПДФ материал көрсетемін/ Ата – ана: мектептегі бағалау критерийлер негізінде жүргізілетінін және бағалау критерийлері оқушының нені білуі және нені істеуі қажет екенін көрсететінін білуі керек. Сонымен бірге, қалыптастырушы бағалау барысында балаға баға қойылмайтынын да білуге тиісті. Сабақ барысында оқушы өзін – өзі және өзара бағалайды. Мұғалімнің кері байланысына ата –ана да, бала да аса мән беруі тиіс. Ол оқушының оқудағы олқылықтарының алдын –алуға және жиынтық бағалауға дайындалуына септігін тигізері анық. Қалыптастырушы бағалауда мынадай тәсілдер бар екен: мысалы, «Бұрыштар» тәсілі: мұғалім оқушыларға тақырыпқа сәйкес сұрақ ұсынады және мүмкін төрт жауапты сыныптың төрт бұрышына орналастырады. Оқушылар өзіне дұрыс деген жауаптың қасына барып тұрады, таңдаған жауаптарын топтық жұмыста тұжырымдамалық карта арқылы өз көзқарастарын дәлелдейді. Бұл тәсіл арқылы да оқушының сын тұрғысынан ойлау қабілетін арттыруға болады. «Стоп-кадр» тәсілі де оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырары сөзсіз. Себебі, тақырыпқа қатысты бейне баянды АКТ арқылы көрсете отырып, белгілі бір жерге келгенде көрсетілімді тоқтатып қойып, «ары қарай не болады?» деп ойлайсың деген сияқты сауалдармен өрбітуге болады. Сонымен бірге, оқу мен жазу арқылы Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының стратегиялары да сабақта көбірек нәтиже береді. Мысалы, Джигсо, ДЖИГСО - 2, ,РАФТ, ББҮ, ИНСЕРТ, ыстық орындық және т.б. Білім беру саласы мамандары 2012 жылдардан бастап, деңгейлік курстан өте бастадық. Осы тұстан бастап,

Орта мектептің "постеризациясы" қыза бастады және әлі де қызу қарқынмен даму үстінде... 
Осыған қарай отырып, кейде маған осыны тежеу қажет пе деген де сұрақ келеді.
Әр түрлі семинарларға қатысып, басқа мектепке барып сабақтар өткізу кезінде постерге уақыт бөлу мен стикерлерді пайдаланып сабақты бағалауды азайту керек деген ұйғарымға келдім. Себебін айтайын: оқушылар осы екеуінен әбден жалыққан тәрізді. Күні кеше ғана бұл екі тәсіл жаңа еді, қызық еді, ынталандырушы еді. Ал бүгінде балаларды шаршатқан, өйткені қазір жасап жүрген постерлер мен стикерлердің сапасы сын көтермейді. Постер жасау іскерлік, зерттеу мен іздену атмосферасында өтпей, тек көңілді көтеру үшін, уақытты қызықты өткізу үшін қолданатын секілді. Сондықтан да постер құру кезінде терең ойлану мен қызу талқылау, талдау басым болмай, жеңіл-желпі, үстірт әңгімелеу басым болып жүр. 
Менің байқауым бойынша, постерлер жедел жасалатын (кейбір сабақтарда мұғалімдер постер дайындауға екі-ақ минут береді), тек оқулықтағыны көшіре салатын репродуктивтік әрекетке айналып кеткен. Оны қорғаудың да негізінен бір ғана тәсілі қолданады: үш оқушы тақта алдына шығады, екеуі постерді ұстап тұрады, ал үшіншісі постерде жазылғанды (яғни оқулықтан алынған деректерді) сөзбе-сөз оқып береді. Ал қалған оқушылар не жасап отырады осы кезде? Олар өз постерлерімен әлек болып жатады: қорғап жатқандарды тыңдамайды, кері байланыс бермейді. Нәтижесінде постердің мазмұны тек мұғалімге оқылады, оған мұғалім тарапынан келте ғана баға беріледі: «Жарайсыңдар, балалар!». Осыдан соң бұл топтың оқушылары орындарына жайғасады, бірақ олар кейінгі топтардың өз постерлерін қорғауын тыңдайды деп ойламаңыздар: «Бізді тыңдаған жоқ олар! Неге біз оларды тыңдауымыз керек?!». Осылайша сыныптағы барлық топтар постерлерін мұғалім үшін қорғап шығады. Постерлерге жан-жақты талдау жасалып, тиісті баға берілмейтіндіктен, оқушылар да оларды қалай болса, солай жасап жүр. Олар постерлерді қалай жасау керектігін біледі ме екен? Мұғалімдер оларды тыңғылықты постер жасауға үйретті ме екен? 
Ал мұғалімдердің өздері коучингтерде постерлерге не салып, жазып жүр? Олардың постерлері негізінен «Бұл не?» немесе «Қандай болу керек?» деген сұрақтарға жауап береді (мысалы, «Диалогтық оқыту деген не?», «Көшбасшылық деген не?», «Көшбасшы қандай болу керек?», «Табысты мұғалім не оқушы қандай болу керек?»). Осы сұрақтарға жауап беру мақсатында олар негізінен постерлеріне тау, Күн, бұлт, желкенді кемелер, оқушының сұлбасы, смайликтер, гүлдердің суретін салып, жан-жағына бірнеше сөз жазады. 
Ондай постерлердің қажеті мен тиімділігі шамалы, өйткені олар негізінен мұғалімдердің көңіл-күйін ғана білдіріп, «Не істеу керек? Қалай жасау керек?» деген сұрақтарға жауап бермейді. Постерлерде олар проблемаларды айқындап қана қояды, алайда оларды шешпейді. 
Мүмкін мұғалімдер мен оқушылар сурет салмай, оларды боямай (сурет сабағы емес қой!), проблема шешудің нақты жолдары туралы ұсыныс жасап, оны тізім, алгоритм түрінде келтіруі дұрыс болар? Мысалы, «Сабақта диалог құрудың тиімді 7 тәсілі қандай?», «Көшбасшының ең негізгі 8 қағидасы», «Көшбасшының ең құнды 9 ережесі», «Табысты мұғалім болу үшін алғашқы 10 қадам», «Оқушыны табысты жасаудың 10 қағидасы» деген мәселелерді шешу арқылы. 
Басқаша сөзбен айтқанда, коучингтерді күнделікті практикада туындаған мәселелерді шешуге бағыттау керек. Тағы да бір мысалдар келтіріп кетейін: «Кері байланысты әр сабақта қолданудың тиімді 7 амалы», «Оқушы үнін» әр сыныпта жүзеге қалай асыруға болады? 10 тәсіл», «Эссені бағалаудың 10 критерийі», «Постерге қойылатын 8 талап», «Қиын сұрақтарды қоюдың 10 амалы», т.б. тақырыптарды қарастырса болады. 
Осы жерде тағы да бір мәселе туындайды: сабақта немесе коучингтерде жасалған постерлерді кейін өз сабақтарымызда қолданамыз ба, әлде олар сол жерде қала ма? Әсілі, жасалған постерлердің құндылығы жоғары болғандығы сондай - олар кейін де мұғалімнің практикасында қолданыс табуы керек. Мысалы, сабаққа дайындалғанда, сабақ барысында көрнекілік ретінде жасаған постерлерімізді қолданғанымыз орынды. Постерлерді жасағанда олардың осы секілді құндылығына ерекше талап қою керек болар. 
Тағы да бір назар аударатын мәселе – постерлерді қорғау. 
Біріншіден, постерлерді қорғау, жариялау барысындағы ең басты мәселе мынау: «Қорғау барысында басқа топтар не жасайды?» Осы мәселені шешу үшін алдымен барлық постерлерді жинап алу керек, содан кейін басқа топтарға кері байланыс жасау тапсырмасын беру керек. Оқушылар осы арқылы бос отырмайды, қорғауды тыңдайды, талдайды, бағалайды, «Жұлдыздар мен ұсыныстар» беруге дайындалады, яғни постердің ұтымды жақтарын атап, оны қалай жақсартуға болатындығы туралы өз ойларын келтіреді. Талдау дегеніміз дәлелдеу, ал дәлелдеу дегеніміз ой-пікірімізді негіздеу, оған айғақ пен аргументтер келтіру. Талдау дегеніміз ой-пікірді тереңінен түсіндіріп, бүге-шігесіне дейін шағып беру. Мысалы, «Жақсы жасалған!» (немесе «Нашар жасалған!») деген пікірді «Жақсы деген немене?» (немесе Жаман деген немене?») деп қазбалап, нақты жауабын талап ету керек. 
Сонымен кері байланыста тек пікір айтпай («Маған постер ұнады» немесе «Постерде көп мәселелер қамтылды»), оларды дәлелдеп, себеп-салдарын түсіндіріп беру керек. Мысалы, «Маған постер ұнады, өйткені, біріншіден, ..., екіншіден, ..., үшіншіден ...» деп дәлелдер мен айғақтарды тізбектеу. Мұғалімдер мен оқушылар осындай кері байланысқа үйренуі керек. 
Неліктен постердің мазмұнын жариялау тек тақта алдына шығып жасалады? Оның да толып жатұан тәсілдерін неге қолданбасқа? Мысалы, «Диірмен» (постерлерді бір топтан екінші топқа ауыстырып, оларға стикермен немесе ауызша кері байланыс беру), «Автобус аялдамасы» (мұнда оқушылар «автобусқа» отырып, келесі топқа барып, олардың стикерлерімен танысып, кері байланыс береді), «Галереяны шарлау» (постерлер бір-бірінен алшақ болып қабырғаларға ілінеді, топтар сынып бөлмесін аралап жүріп, бір-бірінің постерлеріне кері байланыс береді), т.б. 
Жалпы алғанда, постер дегеніміз не? Постер - топтық жұмыстың, топтық талқылаудың нәтижесін көрсететін құрал, тәсіл. Ал топтық жұмыс нәтижелерін тағы да қалайша бүкіл сыныпқа көрсетуге, жариялауға болады? Мысалы, спикердің оны ауызша да сыныпқа жариялауына болады, ал қалған топтар оның айтқанына кері байланыс беруі керек. Немесе слайд арқылы да елге жариялауға болады, сахналық көрініс те қоюға болады, «Жигсо» тәсіліндегідей әр оқушы бір топқа барып, өз тобының ұйғарымын түсіндіріп беруі де ықтимал. Сондықтан да постер жасауды әр сабақта қолданудың еш қисыны жоқ! Постерді екі-үш аптада бір қолданса да болады. Міне, сол кезде оқушылардың оны асқан қызығушылықпен орындауы хақ. 
Алайда егерде постер жасалған жағдайда, оның мазмұнына мұқият болған жөн. Менің көріп жүргенім, постерге оқулықта бар нәрсені (деректер, мәліметтер, т.б.) жазылады. Не үшін? Оқулықты қайталау не береді: оқушының миын, ақылын, дағдыларын дамыта ма? Демек, постерге оқулықтағы мәлімет негізінде туындаған жаңа ой, пікір, түсінік, ұғым (мәселен, ереже, формула, проблема шешудің жолы, анықтама, тізім, алгоритм жасау арқылы) түсіру керек шығар?! 
Екіншіден, постер мазмұнды, мағыналы, құнды болу үшін оны жасауға көп уақыт берген жөн. Басқаша сөзбен айтқанда, постер жасау – кең ауқымды әрекет болу керек. Постер жасауда оқушылар өздігімен Блум таксономиясының барлық дерлік деңгейлерімен өздігімен «жүріп» өтуі керек. Алдымен олар материалмен танысып, оны оқып шығуы керек («Білу» деңгейі), осыдан соң топ ішінде оқығандарымен бөлісіп, өз ойларын ортаға түсіреді («Түсіну» деңгейі), бұдан кейін оқушылар постерлерді жасауға кіріседі («Қолдану»), қандай мәселелерге тоқтау қажеттігін, қалай қорғау, не айту керектігін айқындайды, басқа топтардың постерлерімен салыстырады («Талдау»), постерлерді оқулықтан тыс жасауға, өз түсініктері мен ұйғарымдарын келтіруге, жаңа ұғымдар құрастыруға тырысады («Жинақтау»), өз постерлерінің ұтымды және жақсартуға қажет жақтарын айқындайды, постер жасау барысында не үйренгендігін, оның олардың танымында қандай орын алғандығы туралы ой толғайды («Бағалау»). Сондықтан да постер жасауға 10-30 минуттай берген орынды. 
Постерге қойылатын талаптар мынандай болуы ықтимал: 
1. Оқулық мазмұнын қайталамай, өзіндік ой, пікір, ұстаным келтіруі керек. 
2. Әр оқушының үлесін көрсетуі керек. 
3. Аз уақыт ішінде емес, 10-30 минут ауқымында жасалуы қажет. 
4. Мазмұны: 
- проблеманы анықтауға емес, проблема шешуге бағытталуы керек, 
- ниет пен тілек болмай, нақты ұсыныс болғаны шарт, 
- жалпылама болмай, нақты болуы қажет, 
- сипаттау болмай, талдау болуы керек, 
- еске түсіріп емес, ойландырғаны дұрыс, 
- «Қандай?» деген сұраққа жауап бермей, «Қалай? Қалай жасау керек?» деген сұрақтарға жауап беруі қажет, 
- «Болу керек!» деген ыңғайда болмай, «Жасаймыз!» деген бағытта болғаны дұрыс. 
5. Қорғау кезінде постерге жазылғандар оқылмай, оларға комментарий беру керек. 
6. Бір топ қорғағанда, қалғандары кері байланыс беруге дайындалып отыруы керек. 
7. Кері байланыс талдау түрінде болып, әр тұжырымды дәлелдеп беруі керек. 
8. Егер постерлер бір тақырыпта жасалған болса, онда барлығының қорғауы шарт емес: тек бір постер жан-жақты талқыланып, қалған постерлерге қорғау нәтижесінде туындаған мәселелерді ескеріп, түзетулер енгізуді тапсыруға болады. 
9. Постерлерді қорғаудың, жариялаудың басқа да тәсілдерін қарастыру керек: «Диірмен», «Автобус аялдамасы», «Галереяны шарлау», «Кезекпен оқу», т.б. 
10. Постер жасау жұмысы үш кезеңнен тұруы керек: а) постерді қалай жасау керектігін мұғалімнің берген нұсқаулығы бойынша топ ішінде талқылау, ә) постерді жасау, б) постерді жариялау (қорғау керек), оның қалай орындалғанын талдау, осыдан кейін әр оқушы постерді дайындау барысында тақырып бойынша не үйренгендігі туралы 5-8 минуттық есеп жазады (ол эссе түрінде болуы мүмкін), оны алдымен топқа, содан кейін сыныпқа оқып, сұрақтарға жауап береді. 

Постер жасағанда, оны мынандай нысандарда жасауға болады: 
- постер тізім ретінде, 
- постер жұмыс алгоритмін құрастыру ретінде, 
- постер тірек сызбалар ретінде, 
- постер схема (кесте, диаграмма, кластер) жасау ретінде, 
- постер кроссворд (сканворд, ребус), жасау ретінде, 
- постер комикс (суреттер) жасау ретінде, 
- постер сабақ тақырыбы бойынша көрнекі құралдар жасау ретінде, 
- постер стенд баяндамасын дайындау ретінде, т.б. 
Стикерлер де шаршатты... Стикерлерге оқушылар сабақ соңында не жазып жүр, байқадыңыздар ма? Негізінен, жалпылама сөздер. Сабақты бағалай отырып, олар стикерлерге мынандай жазулар қалдырады: «Сабақ өте ұнады!», «Мен бүгін сабақта көп нәрсені үйрендім!», «Мен сабақта өзімді жақсы сезіндім!», «Біз топта жақсы жұмыс жасадық!», «Апай, сабағыңызға көп рахмет!», «Осындай сабақтар көп болса екен!» Байқап отырғаныңыздай, бұл - оқушылардың әсері, көңіл-күйі, олар сабақты тек сипаттап отыр. Алайда мұнда талдау жоқ!!! Ал бізге керегі дәп осы талдау емес пе?!. 
Осылай жазған оқушылардан сұрап көріңізші: «Неліктен сабақ ұнады?», «Неліктен маған рахмет айтқыңыз келеді?», «Неліктен осындай сабақтар көп болса екен деп ойлайсыз?» Олар бұл сұрақтарға жауап бере алар ма екен? Басқаша сөзбен айтқанда, олар әр сөзін түсіндіріп бере ала ма, әр сөзіне жауапты бола ала ма? 
Мен әзілдеп, «Егер мен оқушы болсам, қалтама стикерге алдын-ала жоғарыда көрсеткен секілді жалпылама сөздерді жазып алып, оны сабақ соңында (қандай сабақ не тақырып екендігіне тіпті назар аудармай) тақтаға «Апай, ренжімесін!» деген кейіппен желімдей салар едім. Сабақтан шығып бара жатып, ол стикерді қайтып алып, келесі сабақтарда қолдану мақсатында қайтадан қалтама салып қояр едім» деп айтамын. 
Егер оқушыдан «Неге бұлай жаздыңыз?» деп сұраса, онда ол басқаша жазар еді: толығырақ, себеп-салдарын келтіріп жазар еді, онда пән және тақырып ерекшеліктерін келтірер еді. Дәп осылай сабақ соңында оқушылардан стикерлерге екі-үш сөзбен өз әсерін келтіруді сұрамай, өз ойы мен пікірін, сабақты бағалауы мен өз көңіл-күйін ауқымды жазу арқылы (мысалы, 5-6 минуттық эссе) келтіруді талап ету керек болар? Сонда оқушы өзінің әр сөзін түсіндіріп («Маған сабақ ұнады, өйткені...», немесе «Мен көп нәрсені үйрендім. Мысалы, ...», немесе «Мен сізге мыналар үшін рахмет айтқым келеді: ...» деп жазып, өз ойын дәлелдейді. Ал дәлелдеу дегеніміз - талдау. Бізге бүгінгі күні дәл осындай талдау жетіспейді деп ойлаймын... 
Бұған қоса, жоғарыда келтіргенімдей, мұндай жұмыстарда сандық қатынастарды көрсету керек шығар. Мысалы, «Сабақта ұнаған 3 нәрсені көрсетіп, оларды неліктен таңдағандарыңызды дәлелдеп беріңіздер», немесе «Сабақта ерекше қиындық туғызған 3 мәселені көрсетіңіздер», немесе «Маған рахмет айтудың 2 себебін жазыңыздар» деген секілді.  Дегенмен, жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында іс – әрекет рефлексиясын былай да жасауға болатынын білдім. Мысалы, Менде ... орындалды. Мен ...ү»рендім. Бүгінгі сабақта мен... жүзеге асыра алдым. Сабақ маған өмірге қажетті... берді. Сабақта мен...үйрендім. Мен үшін сабақта ... жаңалық болып көрінді.Маған ... маңызды болып көрінді, т.с.с. Енді осы жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында өткізген сабақтарымдағы ұтымды тұстарыма тоқталатын болсам, 7-сыныпта өткізген Ұлы Жібек жолы ортағасырлық Қазақстанның экономикалық және мәдени дамуына қалай әсер етті?деген тақырыпта өткізген сабағымда оқушыларымның сабақтағы белсенділігін байқадым және сол сабақ барысында оқушылардың бойында қажетті құндылықтарды және дағдыларды қалыптастыру мақсатында да жұмыстар жасай алдым деп және ойлаймын.


Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары

6.2.2.2Орта ғасырлық сәулет өнері ескерткіштерінің ерекшеліктерін түсіндіру

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы мен себептерін біледі.

Оқушылардың басым бөлігі: Ұлы Жібек жолының тармақтарын картадан анықтап, оны сызып бере алады.

Кейбір оқушылар: Ұлы Жібек жолындағы сауданың әлемдік мәдениетке әсерін біледі.

Бағалау критерийі

Ұлы Жібек жолы арқылы мәдениетімізге,экономикамызға көптеген өзгерістер енгізгенін біледі.Қалалардың пайда болу тарихын біледі. Картамен жұмыс жасайды.

Орта ғасырлық сәулет өнері ескерткіштерінің ерекшеліктерін сипаттайды

Тілдік мақсаттар

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: Қоржын үй, ташнау, терракота, сардоба, ғаныш

Құндылықтарға баулу

Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауға,өзгелердің мәдениетіне құрметпен қарауға,жауапкершілікке баулу.

«Сөздер банкасы» әдісі арқылы Ұлы Жібек Жолы бойындағы қалаларды анықтау /1мин./

Қима қағаздарда жасырылған суреттерді табу арқылы топқа бөлу: «Тараз», «Түркістан» /1 мин./

Тақырыптың оқу мақсатын анықтау:/1 мин./

Гнібү ізб ғолқырысрата тәсуел ерөні кішрексетірңінте кешрелекітенір мізенсітү – Бүгін біз ортағасырлық сәулет өнері ескерткіштерінің ерекшеліктерін түсінеміз

Picture 3



Сабақтағы орындалған іс-әрекеттерден фото үзінділер

Сабақтағы осындай белсенді әдістерімнің нәтижесінде, оқушыларымның білім сапасында аздаған өзгерістер де байқалды. Биылғы оқу жылындағы жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша білім алып келе жатырған 7-сынып оқушыларына 5-сыныптан бастап сабақ беріп келемін. Сонда көзім жеткені, оқушыларымның білім сапасы төмендегіше болды:

Оқу жылы


Пәндер

2015-2016 оқу жылы

2016-2017 оқу жылы

2017-2018 оқу жылы

Қазақстан тарихы

83%

89%

93%

Дүниежүзі тарихы

-

82%

86%

Дегенмен, осы жерде тағы да айта кетерлік жайт, оқушылардан алынатын жиынтық бағалау тапсырмасы екі немесе үш нұсқада алынатын болса ғой. Неге десеңіз, барлық тапсырма бірдей болған соң, оқушы жанындағы оқушыдан тапсырмалардың жауаптарын көшіруі де әбден мүмкін. Қалай десек те, жаңартылған білім беру бағдарламасының оқушы үшін де, мұғалім мен ата – ана үшін де тиімді жақтары ұшан теңіз. Бір білерім, сабақ үдерісінде мұғалім белсенді болса, алдындағы оқушы – белсенді оқушыға, баланың білімін жетілдіру үшін белсенді мұғалім қажымай-талмай еңбек етіп, ата – анамен тығыз байланыста болса, үйдегі ата – ана – белсенді ата – анаға айналады.

Жалпы, жаңартылған білім беру бағдарламасы - озық технологиялардың барлық қыр-сырларын білуге жетелейді деп айта аламын. Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Заман өзгерді. Сана жаңартатын уақыт баяғыда туды», - деген керемет сөзі бар. Ендеше, әлем өзгеруімен қатар біз де жаңашыл идеяларға көңіл көкжиегін аша білейік! Мектебіміздің білім сапасын арттыру үшін білім беру мен оқытудың жаңа тәсілдерін мақсатқа бағыттап тиімді  қолданайық!

















ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:


  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. 2016ж.

  2. Қ.Р.Президентінің  «Қазақстандық жол – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы. 2014 жыл

  3. А.Әбілқасымова, Р.Омарова. Мұғалімдердің танымдық ізденімпаздығын қалыптастыру негіздері. Алматы., 2010ж



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
8 қазан
578
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі