Заманауи технологияларды білім
беруде пайдалану.
Масалимов Сейсен
Ешенгазинович, КММ «№35ЖОББМ» технология пәні
мұғалімі,
Семей қаласы,
ШҚО
Тәуелсіз ел тірегі – білімді
ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе - білім
беру, ғылымды дамыту. Өркениет біткеннің өзегі, ғылым, тәрбие
екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Осы орайда білім ордасы – мектеп,
ал мектептің жаны – мұғалімдердің басты міндеті – өз ұлтының
тарихын, мәдениетін, тілін қастерлей және оны жалпы азаматтық
деңгейдегі рухани құндылықтарға ұштастыра білетін тұлға
тәрбиелеу.
Мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттердің бірі –
оқытудың әдіс – тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және заманауи
педагогикалық технологияны меңгеру. Осыған орай, Қазақстан
Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басым
міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім
беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық
желілерге шығу» деп атап көрсетілген.
Жаңа педагогикалық технология – мұғалімнің кәсіби қызметін
жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік
беретін іс – әрекеттер жиынтығы. Заманауи технологияларда басты
міндет – оқушының оқу – танымдық әрекетін жандандыра отырып, алға
қойған мақсатқа толықтай жету.
Оқыту үрдісін жандандыру оқушылардың оқу материалының теориялық
мазмұнын игеру жөніндегі еңбекті тиімді ұйымдастыру және олардың
тәжірибелік іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Оқу үрдісінің тиімділігі мен сапасы мұғалімнің әдістемелік
дайындығы және сабақ жүргізу тәсілдері мен әдістеріне, жаңа
педагогикалық технологиялық технологияларды игерулеріне тікелей
байланысты болады.
Заманауи технологиялардың басты міндеті – оқушының оқу – танымдық
әрекетін жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа толықтай жету
болып табылса, педагогикалық технология кәсіптік қызметтің ерекше
түрі болып есептеледі. Оқытудың жаңа технологияларын меңгеру
мұғалімнен орасан зор іскерлік пен шығармашылыққа негізделген
ізденістерді қажет етеді. Осындай мақсат көздеген жүйелі ізденістер
мұғалімнің жаңа технологияны меңгеріп, инновациялық жетілуіне
әкеледі.
Заманауи педагогикалық технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегідей
алғышарттар керек: оқу үрдісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу,
оқушылардың сабақтастығын болдырмау шараларын кешенді түрде
қарастыру, оның ғылыми – әдістемелік, оқыту – әдістемелік,
ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау,
жаңа буын оқулықтарының мазмұнын зерттеп білу, пәндік білім
стандартымен жете танысу, білімді деңгейлеп беру технологиясын
игеру арқылы оқушыларға білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде
игертуге қол жеткізу, оқу үрдісін ізгілендіру мен
демократияландыруды үнемі басшылыққа алу.
Заманауи технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары:
-Балаға ізгілік тұрғысынан қарау
-Оқыту мен тәрбиенің бірлігі
-Баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту
-Баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту
-Баланың танымдық және шығармашылық икемділігін дамыту
-Әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндігіне орай оқыту
-Барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу
-Оқу үрдісін оқушының сезінуі
Заманауи педагогикалық технологияны меңгеру барысында оқыту
міндеттері жаңаша сипат алады. Олар: педагогикалық қызметтің өзекті
мәселелерін білу, оқу бағдарламасының түрлендірілген нұсқауларын
қарастыру, оқу модулін құрастыру, оқу жобаларының мазмұнын анықтау,
әр оқушыға арналған тапсырмалар құрастыру, оқушылардың жаңа
материалдарды меңгеруі бойынша деңгейленген жаттығулар жүйесін
жасау, оқу әрекетінің бағалау көрсеткіштерін анықтау.
Педагогикалық технологияны игеруге қойылатын жаңа міндеттерді
меңгеру оқытудың ең жоғары нәтижесіне жетуге мүмкіндік беретін оқу
– тәрбие үрдісін ұтымды әрі үйлесімді жобалап, ұйымдастырып
басқаруды жүзеге асыруға тікелей байланысты.
Заманауи технология үрдістерінің талабы – оқушыларға білім беруде
белгіленген мақсатқа жету, оқушылардың іс – әрекеті арқылы ойлау
дағдыларын, оқу – танымдық іс – әрекетін белсендіре отырып,
сабақтағы үш біріккен мақсатты жүзеге асыруға қол жеткізу.
Белгілі бір дәрежеде оқу – танымдық іс – әрекетті белсендірудің
қажеттігі туындайды. Мұнда оқыту үрдісіндегі әдістемелік жүйенің
өзара байланысы негізінде оқу – танымдық іс – әрекет міндеттерін
жүзеге асырылуын талап етіледі.
Қазіргі кезеңгі қоғам талабына сай оқытуда заманауи технологияны
пайдалана отырып, оқушылардың оқу – танымдық іс – әрекетін
белсендірудің шығармашыл әлеуетін көтерудің маңызы зор.
Жаңа педагогикалық технология арқылы оқыту барысында оқушыларды
тұлға ретінде қалыптастыруға бірден – бір әсер етеді. Мұғалім мен
оқушылар бірлесіп оқи отырып, субъект – субъект ретінде болады.
Мұғалімнің рөлі көбінесе оқу үрдісін ұйымдастырушы топ басшысы,
оқушылардың ынта – ықыласын белсенді етуші қалпында көрінеді. Жаңа
технология оқушылардың өз өмір тәжірибесіне, біліміне сүйенулеріне
негізделген. Сондықтанда олар ынтымақтастық педагогикасының жүзеге
асуына, бірлесіп «әрекет етуге», сабақта жайлы да жағымды
психологиялық жағдай орнауына мүмкіндік жасайды. Оқыту нәтижесі
оқушылардың бір – бірімен байланыс бірлігінен көрініп, оқушылар оқу
нәтижесінде бір – бірінің жауаптылығын сезінеді.
Заманауи технология қолдануда практикалық тұрғыда зерттеуші қажет
ететін дидактика міндеттерінің бірінен саналады. Жаңа технологияны
пайдалану мұғалім мен оқушының қарым – қатынас жағдайын аса
шеберлік, білімділік, демократиялық бағытта уақыт талабына сай
таңдауды қалайды. Педагогикалық үрдісте жаңа технологияны енгізіп,
пайдалану мұғалімдерді шеберлік жағынан шыңдайды.
Еліміз егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық саласында, соның
ішінде, білім беруде жүріп жатқан демократияландыру мен
ізгілендіру, осы кезге дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты
талпыныстарға жол ашты. Қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесі
жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алады. Осыған
орай, қазіргі мектептерде оқу – тәрбие үрдісіне енгізген жаңа
педагогикалық технологиялар оқушыларды тиімді білім алу жолдарымен
және тұлғаның жеке қалыптасуындағы іс – әрекеттеріне кең түрде
қолданылуда.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР:
1.«Ақылдың көзі» Алматы,
«Жазушы» 1990ж
2.
Бұзаубақова Қ. Ж. Жаңапедагогикалық технология. – Тараз,
2003
3.
«ХХ ғасырдағықазақмектебі: даму болашағы» аттыреспубликалық ғылыми
– практикалық конференция материалдары. – Алматы,
2006