Заманауи ұстаз және жасанды интеллект

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Заманауи ұстаз және жасанды интеллект

Материал туралы қысқаша түсінік
- Ұстаз болу,яғни жақсы оқытушы болу үшін,оқытатыныңды да сүюің керек. В.О.Ключевский.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Picture 2 Жамбыл облысы,Меркі ауданы, Picture 1

33 жалпы орта білім беретін мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі:Шажалиева Гулсара Байконыровна

- Ұстаз болу,яғни жақсы оқытушы болу үшін,оқытатыныңды да сүюің керек.

В.О.Ключевский.

Заманауи ұстаз және жасанды интеллект

ХХІ ғасыр технологияның қарыштап даму ғасыры. Технологияның дамуы барлық саланы қамтып отыр. Білім саласы да кенжелеп қалмады, үлкен өзгерістер мен жаңалықтар да білім беру саласына дендеп енуде. Бұл өзгерістердің айқын көрінісі – жасанды интеллект. Заман талабына сай ұстаздың да жасанды интеллекті білуі маңызды, өйткені ЖИ мұғалімнің жұмысын жеңілдетіп қана қоймайды, сонымен бірге жаңаша әдіс – тәсілдер, сабақты қызықты етуге жаңаша леп пен педагогикалық тәсілдердің жаңаруына ықпал етуде.

Жасанды интеллект дегеніміз не?

Жасанды интеллект – бұл адам миының ойлау қабілетін еліктейтін компьютерлік жүйелер немесе бағдарламалар жиынтығы. Ол деректерді өңдеп, талдап, шешім қабылдау қабілетіне ие. Бүгінгі таңда жасанды интеллект технологиялары білім беруде кеңінен қолданылып келеді, мысалы, жеке оқыту бағдарламаларын жасау, білім алушылардың үлгерімін бақылау және білім беру мазмұнын ыңғайластыру.

Жасанды интеллект білім беру жүйесінде:

Жасанды интеллект мұғалімге мынандай артықшылықтар береді:

  1. Жекелендірген оқыту – әр оқушыға жеке бағдарламаны жылдам, санаулы уақытта құруға мүмкіндік береді; Яғни, оқушының оқу мүмкіндігі, саралап білім беруге жол ашады;

  2. Үлгерім, бақылау, талдау – ЖИ оқушылардың жетістігін жылдам, уақытылы байқап, кез келген жерден тиімді байланыс орнатуға мүмкіндік береді; Оқушының қай жерде қателесіп немесе үлгермей жатқанын бақылау сол бағытта нәтижелі жұмыс жасауға мүмкіндік береді.

  3. Қашықтықтан оқыту – ЖИ құралдары кез келген уақытта білім алушы мен оқытушыға байланыс орнатуға мүмкіндік береді. ; Онлайн курстар мен платформалар арқылы білім алу өте тиімді деп есептеймін.

  4. ЖИ және ойын технологиялары – әртүрлі ресустарды пайдаланып, қызықты әрі шығармашыл өтілген сабақтан оқушының сапалы білім алатынына сенімдімін.

Осы орайда, өз тәжірбиеммен бөліссем: AV/VR технологияларын пайдаланып, сабақта тұлғаларды сөйлету, сабақтағы әр материалдарды көркем түрде оқушыға жеткізу мақсатында ЖИ жиі қолданамын. 3Д объект арқылы сабақтың негізгі тақырыбын ашуға, сабақ жоспарын құрауға, оқушы деңгейіне қарай тест жұмыстарын құрауда ЖИ көмегіне жүгінемін. ЖИ қолдану – адам үшін ең құнды ресус – уақытты үнемдеуге өте қатты көмектесетінін айтқым келеді. ЖИ қолдауымен құжаттар толтыру, тапсырмаларды бағалау және оқыту жоспарларын жасау сияқты рутинді жұмыстар автоматтандырылып, ұстаздардың тікелей білім беру процесіне көбірек уақыт бөлуіне жағдай жасалады.

Жасанды интеллекттің болашақтағы перспективалары

Алдағы жылдары жасанды интеллект білім беру саласын одан әрі жетілдіре түседі. ЖИ негізіндегі виртуалды ассистенттер, ақылды оқу платформалары және аралас реалитет технологиялары оқытуды жаңаша форматта өткізуге мүмкіндік береді.

Дегенмен, болашақта ЖИ көптеген мамандықтарды алмастырады деп жатады;

Мұғалімдерді ЖИ алмастара алады ма? «Жоқ» деп санаймын. Өйткені ұстаздықтың негізгі қағидасы – эмпатия. Яғни, алдындағы оқушыны жақсы көру, оны тұға ретінде қабылдау, кемшілігімен жақсы көру;

Технология қаншалықты дамыса да, ұстаздардың жеке тәжірибесі мен оқушылармен тікелей қарым-қатынасы ешбір құралмен алмастырылмайды. Заманауи ұстаздың міндеті – технологиялармен үйлесімді жұмыс істеп, оқушылардың жан-жақты дамуын қамтамасыз ету.

Бүгін мен «заманауи мұғалім кім?» деген сұраққа жауап іздеп көрейін. Біз цифрлық ағын өте қатты заманда өмір сүріп келеміз, мектепке инновациялық технологияларды еркін қолданып, баланы баули алатын ұстаз керек. Меніңше замануи ұстаздың бірнеше қасиеті болу керек:

- Ұйымдастару қасиеті - өз пәнін жетік біліп қана қоймай, сабақта барлық баланың өз деңгейінде сапалы білім алуын қамтамасыз етуі;

- Сенімділік – өз сөзіне, ісіне сенмділік, сол сенімділікті оқушы бойына сіңіре білу;

- Трендте болу – стандарттан шығып. Оқу форматын басқаша көрсетуі, жаңашыл болу

- Эмпатия және этика - әр балаға шын жанашарлықпен қарау, өзінің сыртқы және ішкі мәдениетінің мықты болуы;

Замануи ұстаз оқушысына тек білім беріп қана қоймай,оны дүниежүзілік білім, экономикалық, ақпараттық бәсекеге қабілетті, кез келген ортаға білімімен болсын, мінез – қабілетімен болсын кіріп – орныға алатын баланы қанаттандыруы. Бұл өз ісінің фанатына айналған мұғалімнің қолынан келетін іс деп білемін.

Менің ұстаздық ұстанымым – әр сабақты толыққанды әдістемелік жағынан жоғары дәрежеде өткізу,оқыту мен тәрбие берудің жаңашыл жағын табу, даму;

Жалпы білім беру барысында Конфуцийдің «Маған жай айтсаң – ұмытамын,көрсетсең – есте сақтаймын,ал өзімді осыны тануға араластырсаң – еш ұмытпаймын» деген сөздерін басшылыққа аламын. Тек құрғақ сөзден басқа, баланы іс – әрекетке шақыра отырып, бүгінгі алған білімі оның өмір бойы шамшырағы болса деймін.

«Еңбек етсең ерінбей,

Бақытыма сенемін.

Мақсатыма жететін

Уақытыма сенемін» – деп ақын жырлағандай, осы еңбегімнің нәтижесі ретінде әр шәкіртімнің жұлдызы жарық болып, осы қоғамнан ойып тұрып орын алса деймін.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.11.2025
71
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі