жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Заң- тәртіп пен әділеттіліктің негізі" тәрбие сағаты
|
Бекітемін: Білім беру ұйымы |
|
|
|
Педагогтің Т.А.Ә.(болған жағдайда) |
|
|
|
Күні: |
|
|
|
Сынып: |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|
Сабақ тақырыбы: |
Заң- тәртіп пен әділеттіліктің негізі |
|
|
Құндылығы: |
Өз құқықтары мен міндеттерін білу, әдеп нормаларын ұстану; сыныптағы және мектептегі мінез-құлық ережелерін сақтау. |
|
|
Құзыреттілігі: |
Азаматтық борыш және парасаттылық. |
|
|
Сабақтың мақсаты: |
Оқушыларға заң, тәртіп және әділеттілік ұғымдарын түсіндіру. Тәртіпті болу мен заңға бағынудың маңыздылығын жеткізу. Балаларда әділеттілікке, жауапкершілікке, адалдыққа деген көзқарас қалыптастыру. |
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Ресурстар |
|
Сабақтың басы Сабақтың ортасы Сабақтың соңы |
1. Ұйымдастыру кезеңі (5 минут) Сәлемдесу. Оқушылардың көңіл-күйін сұрау. Шеңберге тұрып, бір-біріне жақсы тілектер айту. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру. «Заң дегеніміз не?» деген сұрақты қою. Заңның барлық адамдарға ортақ ережелер жиынтығы екенін түсіндіру. Тәртіптің не үшін қажет екенін мысалдармен түсіндіру (мектеп ережелері, жол ережелері). "Жол белгілері. Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік." мультфильмін тамашалау. Бұл мультфильм балаларға жол ережелері мен тәртіптің маңыздылығын түсіндіреді. ҚР Конституциясындағы балалар құқықтары туралы әңгімелеу. Ойын: «Дұрыс немесе бұрыс?» Түрлі жағдаяттарды оқу (мысалы, қоқысты көшеге тастау, досыңа көмектесу). Оқушыларға бірнеше суреттер көрсетіледі, олар бұл суреттегі әрекеттердің дұрыс немесе бұрыс екенін айтады. 2. Мультфильмнен үзінді көрсету: «Әдепті бола біл» мультфильмін тамашалау. Сұрақтарға жауап беру: - Қоғамдық көлікте өзіңді қалай ұстайсың? - Қоқысты кез келген жерге тастап кетуге бола ма? Неліктен? Қауіпсіздік сабағы «АТА-АНАЛАРМЕН ҚҰПИЯ СӨЗ» Тіршілік қауіпсіздік негіздері туралы, қауіпсіздік туралы мақал-мәтелдер. Сақтықта қорлық жоқ Қауіп аяқ астында 3 минут ішінде қауіпті жағдайларда қауіпсіздік ережелерін мүмкіндігінше көбірек еске түсіріңіз: үйде, көшеде, табиғатта… «Әдеби викторина» байқауы. Оқушыларға тапсырма: - Сіздер көптеген ертегілерді білесіздер. Бірақ, қазір өмір қауіпсіздігі негіздерін бұзу, қайғылы салдарға әкеп соқтырған ертегілерді еске түсіріп, себебін түсіндіруіңіз керек. Бейнежезба тамашалау. Ондағы жағдаяттар бойынша оқушылардың ойларын сұрау. Біздің ең маңызды міндетіміз – өзімізге және айналамыздағы адамдарға жауапкершілікпен қарау, қауіптерді болжай және тани білу, жеке қауіпсіздіктің қарапайым ережелерін сақтау. Қауіп бізді барлық жерде күтеді: жолда, аулада, үйдің кіреберісінде тіпті біз болатын кез келген жерде. Ата-анаңызбен бірге арнайы «құпия сөз» ойлап табыңыз. Бұл сөз құпия, оны ешкім білмеуі керек (тек қауіпті жағдайларда қолдану керек). «Қауіп», «қиындық» және т.б. деген сөздер болмау керек – шабуылдаушы сіздің ата-анаңызға сигнал жіберіп жатқаныңызды білмеуі керек. Егер бұл сөз тіркесі болса, өте қолайлы. Мысалы, «Жасыл шарф». Шығармашылық тапсырма: Балаларға ақ қағаз бен түрлі-түсті қарындаштар беріп, «Тәртіпті бала қандай болады?» деген тақырыпта сурет салу ұсынылады. Қорытынды 1. Балалардың бүгінгі сабақтан алған әсерлерін тыңдау (1-2 сөйлеммен айту). 2. Мұғалімнің қорытынды сөзі: Заң мен тәртіптің маңыздылығын тағы бір рет атап өту. Оқушыларды әрдайым әділетті, тәртіпті және адал болуға шақыру. «Білім қоржыны» кері байланыс
|
Оқушылар көтеріңкі көңіл - күйде сәлемдеседі. Бір-біріне жақсы тілектер айтады. Білім алушылар әнұранды орындайды. Оқушылар берілген сұраққа жауап беріп, өз ойларымен бөліседі. Мультфильм қарау барысында өздері білетін жолда жүру ережелері туралы әңгімелейді. Өз құқықтары туралы білетінін ортаға салады. Оқушылар «дұрыс» немесе «бұрыс» деп жауап береді. Мультфильмді тамашалап, сұрақтарға жауап береді. Сіріңкелермен ойнамаңыз. Тоқ көзінен ажыратарда сымынан тартпаңыз. Бейтаныс адамдарға есік ашпаңыз. Мұз үстінде жүрмеңіз. 1. «Бауырсақ» – бейтаныс адамдарға шамадан тыс сенім 2. «Қасқыр мен жеті бала» – бөтен адамдарға есікті ашпаңыз. 3. «Ұр тоқпақ» – үлкендерге мойынсұныңыз. 4. «Ұйқыдағы ару» – үшкір заттардан абай болыңыз. Бейнежазбаны тамашалап, ойларымен бөліседі. Балалар берілген тақырып бойынша суреттер салып, тақтаға іледі. «Галереяда ой шарлау» әдісі бойынша бір-бірін бағалайды. Балалар асықтардың біреуін таңдап, тиісті қоржынға салады.
|
https://www.youtube.com/watch?v=rhxBDI4_Zf4
https://www.youtube.com/watch?v=NWdI9fuFMak https://www.youtube.com/watch?v=NCnr6WmrZ4o&list=PLA5eCSY2FeoQLLo cS-IEuEG9KjOrJzvPM&index=14
Қоржын мен асықтар |
шағым қалдыра аласыз







Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген