“Заң – теңдік пен тәртіптің кепілі” ашық тәрбие сағат
Мақсаты:
1. Студенттерге заңның қоғамдағы рөлі мен маңызын түсіндіру.
2. Тәртіп пен заңдылықтың құндылығын түсіндіріп, азаматтық жауапкершілікке баулу.
3. Тәртіп пен заңға құрмет көрсетуге тәрбиелеу.
1. Ұйымдастыру кезеңі
• Құрметті студенттер, бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы — “Заң – теңдік пен тәртіптің кепілі”. Қоғамда тәртіп пен әділдік орнату үшін әрқайсымыз заңды білуіміз және оны құрметтеуіміз қажет. Бүгін біз заңның негізгі қағидаларын, оның қоғамға қалай әсер ететінін талқылаймыз.
2. Негізгі бөлім
1. Кіріспе сөз
• Заң дегеніміз – қоғамда бейбітшілік пен әділеттілікті сақтауға арналған ережелер мен қағидалар жиынтығы.
• Заң алдында барлық азамат тең. Осы орайда елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Қоғамда заңның үстемдігі болмаса, мемлекет құлдырайды» деген болатын.
Сұрақ:
• Студенттер, сіздер заңды сақтау не үшін маңызды деп ойлайсыздар?
(Студенттердің жауаптары тыңдалады.)
2. Заңның қоғамдағы рөлі (қысқаша баяндама)
Заң, құқықта (ағылш. law) - мемлекет белгілеген бүкіл нормативтік-құқықтық актілер, жалпыға бірдей міндетті ережелер; мемлекеттік биліктің жоғары өкілетті органы қабылдаған немесе тұрғындардың тікелей ерік білдіруі арқылы (мысалы: референдум тәртібімен) қабылданған, неғұрлым маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік акт. Заң мемлекеттің құқықтық жүйесінің негізін құрайды. Мемлекеттік биліктің дербес бастауы ретінде Заң ежелгі замандарда-ақ тәжірибеге еніп, әдет-ғұрып жосындарының орнын басқан. Заң күші кез келген нормативтік актінің нормаларын жоя алады. Бүкіл мемлекеттік органдардың актілері заңға сәйкес келуге, оның қағидалары негізінде және оны орындау бағытында шығарылуға тиіс, яғни заңға негізделген сипатта болуы шарт. Заңға қарама-қайшы келетін кез келген құқықтық акт "қолданысқа жарамсыз" деп танылуға тиіс. Заңды қабылдаудың айрықша тәртібі бар. Мазмұндалған нормалардың маңызына қарай заңдар Конституциялық заңдар және қарапайым заңдар болып бөлінеді. Конституциялық заңға конституцияның өзі және Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізетін заңдар жатады. Ал қарапайым заңдарға жүйелік және ағымдағы заңдар жатады.
• Қоғамда заңсыз тәртіп болмайды. Заң адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайды. Мысалы, Қазақстан Республикасының Конституциясында адамның өмір сүру құқығы, білім алу құқығы, еңбек ету құқығы және басқа да құқықтары бекітілген.
• Конституциямыздың 1-бабында Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы – адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп көрсетілген.
3. Топтық жұмыс
Студенттерді 2 топқа бөлу. Әр топқа тапсырма беріледі.
1-топтың тапсырмасы:
• “Заңды сақтау – әрбір азаматтың борышы” тақырыбында өз ойларыңызды жазу.
2-топтың тапсырмасы:
• “Заңды бұзған жағдайда қоғамда не болады?” тақырыбында өз ойларыңызды жазу.
(Топтар өз жұмыстарын 5-7 минутта дайындап, ұсынады.)
• «Мен заңды қаншалықты жақсы білемін?» Қазір мен бірнеше жағдайларды оқимын. Бұның ішінен оқылған жағдайды қылмыс деп тапсаңыздар оң қолды көтересіздер де, себебін айтасыздар, егер қылмыс емес десеңіздер сол қолдарыңызды көтересіздер, себебін айтып, жағдайға жеке тоқталып, түсініктеме бересіздер.
1. Дүкенде спирттік ішімдікпен бірге есірткі де сатылады.
2. Түнгі көшеде жастар айқайлап өлең айтып келе жатыр.
3. Сатушы сатып алушыға байқамай артық ақша беріп жіберді, ал сатып алушы өзіне тиесілі ақшадан артық екенін біле тұра қайтіп бермеді.
4. Бір оқушы сыныптасына: « ертең 20 теңге келіп бересің, келмесең басқаша сөйлесеміз» деп күш көрсетті.
5. Химиялық завод өзінің зиянды өнімін өзенге тастады, сол өңірдің ауасы бұзылды.
6. Мектеп оқушылары жүзім ұрлады.
7. Сыныптағы бір бала екінші баланың сумкасын сызып тастады.
«Әмиян» әдісі арқылы сұрақ-жауап
Сұрақтар:
-
Заңды бұзған адамдар қандай жауапкершілікке тартылады?
-
Қоғамда заңды сақтау арқылы қандай жетістіктерге жетуге болады?
-
Тәртіпсіздік қоғамға қалай әсер етеді?
-
Конститутция сөзінің аудармасы қандай? Құрылым, өкілім
-
ҚР-ның биліктің бірден бір бастауы? Халық
-
Республика заңдары қай кезде күшіне енеді? Президент қол қойғаннан кейін
-
Егемендік алғаннан кейін ҚР-да конститутция қанша рет қабылданды? 2рет 1993 жыл 28 қаңтар. 1995 жыл 30 тамыз
-
Республикадағы жоғарғы заң шығарушы органды атаңыз? Парламент
-
ҚР өзін қандай мемлекет ретінде орнықтырды? Демократиялық,зайырлы, құқықтық, әлеуметтік
-
ҚР тәуелсіздігі туралы заң қашан қабылданды? 1991 жыл 16 желтоқсан
«Қызыл, көк ауыл» топтың ортасына түрлі лента қояды. Мұғалім: Жер енді ғана жаратылғанда адамдар бір - бірімен дос, бауыр болыпты, бір - бірінен ешнәрсе аямапты. Бір күні аспаннан түрлі ленталар түсіпті де адамдар үлгергенінше бірі көгін, бірі қызылын алыпты. Күндердің күнінде қатты жел тұрыпты да қызыл лента алғандар қызыл, көк лента алғандар көк болып бөлініпті. әр ауыл бөлек - бөлек қорған тұрғызыпты (Осы кезде мұғалім: ленталарыңызбен өздеріңізді қоршап алыңыздар дейді.) Біраз уақыттан соң адамдар достықты ұмытады. Көк ауылда су бар азық жоқ, қызыл ауылда азық бар су жоқ. Енді қалай өмір сүруге болады, не істейсіздер? ( Студенттер жауабы тыңдалады.) әр түрлі ой айтқан олар қорғанның керегі жоқ, біз дос болуымыз керек деген ойға тоқталады. Бұл әңгіменің астарында бір жұмбақ жатыр, сол жұмбақты кім шешеді деген сұрақ тасталады. Жауап: Адамдардың ауыл - ауыл көше - көше болып бөлінетіндігін, сол бөліну кезінде құқықтары бұзылатындары айтылады
Қорытынды бөлім
Қорытынды сұрақ:
• Сабақтан қандай ой түйдіңіздер?
Мұғалімнің сөзі:
• Бүгінгі тәрбие сағатында біз заңның адам өміріндегі маңызын, оның теңдік пен тәртіп кепілі екенін түсіндік. Заңды сақтау – тек өзіміз үшін ғана емес, айналамыздағы адамдар үшін де жауапкершілік. Еліміздің дамуы әр азаматтың заңға құрмет көрсетуіне байланысты. Сондықтан сіздерді әрқашан тәртіпті, заңға бағынатын, елжанды азамат болуға шақырамын.
• Сабаққа белсенді қатысқандарыңыз үшін рахмет! Есіңізде болсын: заңды сақтау – қоғамдағы бейбітшілік пен тұрақтылықтың кепілі.
Тәртіп пен заң туралы ұран айту:
«Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды!»
«Ақсуат колледжі» КММ
“Заң – теңдік пен тәртіптің кепілі”
Өткізген: Советова К.А
2024-2025оқу жылы
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз