жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Заң және тәртіп» құндылығы «Реттеушінің белгілері» «Денсаулықты сақтайтын әдеттер»
|
Іс-шараның тақырыптары |
«Заң және тәртіп» құндылығы «Реттеушінің белгілері» «Денсаулықты сақтайтын әдеттер» |
||||
|
Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда) |
@pedagoglife тикток |
||||
|
Күні: |
|
||||
|
Сынып: |
5 « » |
||||
|
Сабақтың мақсаттары: |
-Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарын біліп, оны құрметтеуге тәрбиелеу - салауатты өмір салтының пайдасы туралы және денсаулықты күтуді үйрету. |
||||
|
Құндылық : |
Заң және тәртіп апта дәйексөзі: «Әділет жолы-адал жол» |
||||
|
Сабақтың барысы |
|||||
|
Сынып сағатының кезеңі\ уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
бағалау |
ресурстар |
|
|
35 мин |
Кіріспе Қылмыс жасағаны үшін жазаға
тартқаннан гөрі оның алдын алған әлдеқайда жақсы. Алдын алу
жұмысының нәтижелі болуы алғаш жасалған теріс қадамның дер кезінде
анықталуынан ғана емес, сонымен бірге кәмелетке толмағандардың жеке
тұлғалық ерекшеліктерін ескеруге де байланысты. Қанатты
сөздер Мұғалім:«Мен заңды қаншалықты жақсы білемін»? Қазір мен бірнеше жағдайларды
оқимын. Бұның ішінен оқылған жағдайды қылмыс деп тапсаңыздар оң
қолды көтересіздер де, себебін алдарыңыздағы параққа жазасыздар,
егер қылмыс емес десеңіздер сол қолдарыңызды көтересіздер, себебін
тағы параққа жазасыздар. Әр жағдайға жеке тоқталып, түсініктеме
бересіздер. Біз ешқандай заңы жоқ аралда
өмір сүрсек, не болар еді? ( Оқушылар пікірі тыңдалады.) Ата-ананың тілегі – адам болып өскенің, Адамдықтың тірегі- адал болып өскенің.Әдептілік дегенің- әрқашанда керегің, Әсемпаздық дегенің – әуре сарсаң әлегің. Ия, тәртіпті, тәрбиелі болу – бәрімізге ортақ қағида. Келесі кезекте, Мақал-мәтелдердің жалғасын табу. Бүгінгі тақырыпқа байланысты мен сіздерге мақал-мәтелдер айтамын, ал сіздер жалғасын тауып айтасыздар. -Әдепті бала- (арлы бала, әдепсіз бала сорлы бала.) -Әдептілік белгісі- (иіліп сәлем бергені) -Атаңа не қылсаң – (алдыңа сол келеді.) -Жақсы бала сүйік- (жаман бала күйік) -Жеті атасын білмеген- (жетесіз) -Ұяда не көрсең… (ұшқанда соны ілерсің) -Ұлық болсаң – (кішік бол)
-Ашу – … , ақыл – (дұшпан, дос, ақылыңа, ақыл қос.)
-Заңның құрығы……. (бәрінен ұзын) Реттеуші - жол қозғалысын дене жайымен, ишарат сабын қолданып қолдарының қимылымен, дискпен немесе онсыз, сонымен қатар ысқырық сигналымен реттеуші полиция қызыметкері.[1] 5.2.Реттерушінің сигналдары (ҚР-ның жол қозғалысы ережелерінен: алғашқы сан ереже, екінші сан тармақ ретін білдіреді) Реттеушінің денесі мен қолдарының, оның ішінде мынандай мәндерді білдіретін жезлдермен жасаған қимылдары реттеушінің сигналдары болып табылады. қолдары екі жаққа созылған немесе төмен түсірілген: сол және оң бүйір жақтарынан — қозғалыс трамвайға тіке, рельссіз көлік құралдарына тіке және оңға қозғалуға рұқсат етіледі, жаяу жүргіншілерге жүріс бөлігін кесіп өтуге рұқсат етіледі; кеуде және арқа жағынан — барлық көлік құралдарының және жаяу жүргіншінің қозғалысына тыйым салынады. оң қол алға созылған: сол бүйір жақтан — қозғалыс трамвайға солға, рельссіз көлік құралдарына барлық бағыттарға рұқсат етіледі; кеуде жағынан — барлық қозғалыс құралдарына қозғалыс тек оңға рұқсат етіледі; оң бүйір және арқа жағынан — барлық қозғалыс құралдарына қозғалыс тыйым салынады, жаяу жүргіншілерге жүріс бөлігін кесіп өтуге реттеушінің арт жағынан рұқсат етіледі. қол жоғары көтерілген: Ереженің 5,6 тармағында көзделгеннен басқа жағдайларда барлық көлік құралдары мен жаяу жүргізушілердің барлық бағытта қозғалысына тыйым салынады. Сигналдар жақсы көрінуі үшін реттеуші жезлді немесе сигналды дискіні (жарық қайтарғышты) қолдануы мүмкін. Қорытынды: Ұлт мұраттарының ұлы
байлықтарының бірі – жас ұрпақ, келелі келешек десек, ұлтымыздың
мақтанышы батыр атамыз Бауыржан Момышұлы «Тәрбиелі – тәртіптің
құлы, тәртіпті – елдің ұлы» десе, ақын Олжас Сүлейменов «Адам
тағдырын тәрбие шешеді» деп жазды. Бәрі де шындық. Тәрбие
кешіктірілсе кешірілмейтін, дұрыс бағыт алмаса, қалпына келмейтін
нәзік те, кәделі де сауатты, игілікті де ізгілікті іс. Адам
ұрпағымен ұлы, еңбегімен ерен, келешегімен кемел болса, мұның
мөлдір бастауы, алтын тамыры – тәлім – тәрбие ісінде жатыр. |
|
|
|
|
|
Қауіпсіздік сабағы 10 мин |
ҚС: Сабақтың мақсаты: салауатты өмір салтының пайдасы туралы және денсаулықты күтуді үйрету. Сабақтың міндеті:
Құрал-жабдықтар: презентация, парақтар, қаламдар, проектор, компьютер. Сабақ барысы Кіріспе (2 минуты) Негізгі бөлім (6 минут) Зерттеу жұмысын өткізу. Сынып топтарға бөлінеді. Зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Әр топта денсаулыққа зиян келтіретін өнімдер жайлы зерттеу жұмысын жүргізген оқушылар өздерінің зерттеу жұмыстарымен бөліседі.
Денсаулықтың мықты болуы үшін дұрыстамақтануаса маңызды!!! Қорытынды (2 минут) Сабақты қорытындылау Денсаулыққа не зиян екенін есте сақтау керек және денсаулықты сақтау ережелерін қайталау керек. Пайдалы сілтемелер: https://youtu.be/sXN8vhXzEz8?si=Vc_teoFhifClwsCc https://www.youtube.com/watch?v=jWklhxwlxmA |
|
|
https://youtu.be/sXN8vhXzEz8?si=Vc_teoFhifClwsCc https://www.youtube.com/watch?v=jWklhxwlxmA |
|
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген