Материалдар / «Заң және заман» сынып сағаты
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Заң және заман» сынып сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
№5 мектеп-лицей Сынып сағатың тақырыбы: «Заң және заман» Сынып:9А Мұғалім:Қадырбек Г.Қ. 2023-2024 оқу жылы Педагогтың аты-жөні Ақтөбе облысы Шалқар қаласы «№5 мектеп-лицей» КММ 9 «А» сынып жетекшісі, физика пәні мұғалімі Қадырбек Гүлшат Қадырбекқызы Сынып сағатының тақырыбы: «Заң және заман» Күні: 23.01.2024 Сынып жетекші: Қадырбек Г.Қ. Сынып: 9 «А» Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: Сынып сағатының мақсаты: Оқушыларға балалар құқығы туралы білімдерін толықтыра отырып, өмірдегі кездесетін келеңсіз жағдайлармен таныстыра отырып, балалар құқығын қорғауға үйрету. Оқушылардың құқықтық білімін тексере отырып, өз мүдделерін қорғай алатын, өзіндік ұсыныс-пікірлері мен көзқарастарын, ойларын ашық айтатын, сөзге шешен, кемел ойлы , елжанды азамат ретінде тәрбиелеу. Оқушылардың ойлау, тыңдау, өз ойларын еркін жеткізе алу мәдениетін дамыту, шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

5 мектеп-лицей













Сынып сағатың тақырыбы:

«Заң және заман»


Сынып:

Мұғалім:Қадырбек Г.Қ.



2023-2024 оқу жылы

Педагогтың аты-жөні


Ақтөбе облысы Шалқар қаласы

«№5 мектеп-лицей» КММ

9 «А» сынып жетекшісі, физика пәні мұғалімі

Қадырбек Гүлшат Қадырбекқызы

Сынып сағатының тақырыбы:

«Заң және заман»

Күні:

23.01.2024

Сынып жетекші:

Қадырбек Г.Қ.

Сынып: 9 «А»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сынып сағатының

мақсаты:

Оқушыларға балалар құқығы туралы білімдерін толықтыра отырып, өмірдегі кездесетін келеңсіз жағдайлармен таныстыра отырып, балалар құқығын қорғауға үйрету. Оқушылардың құқықтық білімін тексере отырып, өз мүдделерін қорғай алатын, өзіндік ұсыныс-пікірлері мен көзқарастарын, ойларын ашық айтатын, сөзге шешен, кемел ойлы , елжанды азамат ретінде тәрбиелеу. Оқушылардың ойлау, тыңдау, өз ойларын еркін жеткізе алу мәдениетін дамыту, шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Міндеттері:

сабақ барысында балалардың бір-бірімен теңдік қарым-қатынасын орнату; сабақ барысында балалардың қызығушылығы мен белсенділігін арттыру. Проблемалық жағдаяттарды құқықтық тәсілмен шешуге үйрету.

Түрі

Дөңгелек үстел.

Тәрбие құндылықтары

Ар-ұят: Әдеп нормаларын ұстану

Ресурстар

(құралдар, мәлiметтер)

Интерактивтік тақта,компьютер, түрлі түсті қағаздар, қиындылар, видео ресурстар, суреттер.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар


Сабақтың басы


Оқушылармен амандасу

Оқушыларды түгендеу

Сабақтың кезеңдерімен таныстыру 
Кіріспе

Қылмыс жасағаны үшін жазаға тартқаннан гөрі оның алдын алған әлдеқайда жақсы. Алдын алу жұмысының нәтижелі болуы алғаш жасалған теріс қадамның дер кезінде анықталуынан ғана емес, сонымен бірге кәмелетке толмағандардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескеруге де байланысты.
Мектеп жасындағы балалардың құқықтық санасының төмендігі олардың қылмысты көп жасауына, заң талаптарына өз талаптарын қарсы қоюына әкеліп соғады. Сондықтан оқушылар қылмысының алдын алып, құқықтық тәрбие беру бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Құқықтық тәрбие – кәмелетке толмағандар арасында заң ұғымдарын насихаттай отырып, жасөспірімдерді қажетті заңдылық біліммен қамтамасыз етуді мақсат етеді. Жастарды заңның негізгі принциптерін біліп қана қоймай оны меңгере білуге де үйрету қажет. Осы мақсатта өтілгелі отырған «Заң және заман» дөңгелек үстелге қош келдіңіздер.

Қанатты сөздер қолданылады.
«Құқығыңды сақтап үйрен, бірақ басқалардың құқығы бар екенін ұмытпа», «Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды», Заң біткен жерде зұлымдық басталады».

Дөңгелек үстел 5 бөлімнен тұрады:
1. Күнделікті көрініс.
2. Мен заңды қаншалықты білемін?
3. Ешқандай заңы жоқ арал.
4. «Қызыл, сары, көк ауыл».
5. Қылмыскер бала қайдан шығады?

Тренинг

Құрметті оқушылар, бүгін мен сіздерге «Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды»атты тәрбиелік шара өткізгелі отырмын. Енді балалар, сендердің де құқықтық білімдеріңді кеңейтуге уақыт келді. Шарамызды бастамас бұрын жақсы көңіл-күймен сергіту мақсатында бәріміз ортаға шығып

«Атом молекула» ойынын ойнайық. Жақсы, рахмет! Көңіл-күйімізді нешеге бағалаймыз. 
Орташа болса 3, жақсы болса 4, өте жақсы болса 5 баллмен бағалаймыз. Өте жақсы!

Сынып оқушылар амандасады.

Кім жоқ екенін айтады











Оқушылар дөңгелектеп тұрып, барлығы келесі шумақты хормен айтады: Мейірімді жүрекпен, 
Ақпейілді тілекпен, 
Амандасып алайық, 
Бір жадырап қалайық!








Оқушылар ортаға шығып «Атом молекула» ойынын ойнайды.



Интербелсенді тақтада тақырып қосулы тұрады















Улыбка әуені қосылады және тақтада көңіл күй суреттері көрсетіледі

Сабақтың ортасы

Мұғалім: Халқымызда «Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды» деген тамаша мақал бар. Ақылды болу айналаңдағы адамдарды сыйлай, қадірлей білу деген сөз. Құқықтық тілмен айтқанда бұл - заңды білу, яғни заңды білген адам өзгелерге құрметпен қарайды. Заңды білмегендіктен заңсыз істер істеп, зардап шегіп, өзін қорғай алмай жүргендерді көптеп кездестіреміз.
1. Күнделікті көрініс: Ауыл іші, түн, топ бала өлең айтып, шулап отыр. Жандарынан өтіп бара жатқан балаға отырғандардың біреуі атып тұрып:-«Әй, бері кел» деп айқай салды. Қайырылмаған оған пышақ көрсетті.
Көріністен кейін қойылған сұрақтар:

- Қалай ойлайсыңдар, демалып отырған жастар заңды бұзды ма?
- Кім қалай бұзды? ( Кім қалай бұзды).
- Ата - ана, сіздің тарапыңыздан қандай жауапсыздық кетті? (Ата - ана жауабы тыңдалады.)

2 . «Мен заңды қаншалықты жақсы білемін»?

Қазір мен бірнеше жағдайларды оқимын. Бұның ішінен оқылған жағдайды қылмыс деп тапсаңыздар оң қолды көтересіздер де, себебін алдарыңыздағы параққа жазасыздар, егер қылмыс емес десеңіздер сол қолдарыңызды көтересіздер, себебін тағы параққа жазасыздар. Әр жағдайға жеке тоқталып, түсініктеме бересіздер.

1. Дүкенде спирттік ішімдікпен бірге есірткі де сатылады.
2. Түнгі көшеде жастар айқайлап өлең айтып келе жатыр.
3. Сатушы сатып алушыға байқамай артық ақша беріп жіберді, ал сатып алушы өзіне тиесілі ақшадан артық екенін біле тұра қайтіп бермеді.
4. Бір оқушы сыныптасына: « ертең 500 теңге әкеліп бересің, әкелмесең басқаша сөйлесеміз» деп күш көрсетті.
5. Химиялық завод өзінің зиянды өнімін өзенге тастады, сол өңірдің ауасы бұзылды.
6. Мектеп оқушылары жүзім ұрлады.
7. Сыныптағы бір бала екінші баланың сумкасын сызып тастады. (Оқушылар түсініктеме берген соң заң қызметкері заңға сүйене отырып, өз ойын айтады.)

Мұғалім: Ендігі бөлім «Заңсыз арал» деп аталады.

3. Ешқандай заңы жоқ арал.

Біз ешқандай заңы жоқ аралда өмір сүрсек, не болар еді? ( Оқушылар пікірі тыңдалады.)
Оқушылар пікірі тыңдалады.
Осы бөлімді қорытындылау..»Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» деген Б. Момышұлының сөзін естен шығармайық.




4.«Қызыл, сары, көк ауыл»

Әр топтың ортасына әр түрлі лента қояды.
Мұғалім: Жер енді ғана жаратылғанда адамдар бір - бірімен дос, бауыр болыпты, бір - бірінен ешнәрсе аямапты. Бір күні аспаннан әр түрлі ленталар түсіпті де адамдар үлгергенінше бірі көгін, бірі қызылын, бірі сарысын алыпты.
Күндердің күнінде қатты жел тұрыпты да қызыл лента алғандар қызыл, көк лента алғандар көк болып бөлініпті. Әр ауыл бөлек - бөлек қорған тұрғызыпты (Осы кезде мұғалім: ленталарыңызбен өздеріңізді қоршап алыңыздар дейді.) Біраз уақыттан соң адамдар достықты ұмытады. Көк ауылда су бар азық жоқ, қызыл ауылда азық бар су жоқ, сары ауылда азық та, су да бар, от жоқ. Енді қалай өмір сүруге болады, не істейсіздер? ( Оқушылар жауабы тыңдалады.)

Әр түрлі ой айтқан олар қорғанның керегі жоқ, біз дос болуымыз керек деген ойға тоқталады. Бұл әңгіменің астарында бір жұмбақ жатыр, сол жұмбақты кім шешеді деген сұрақ тасталады.



5 . Қылмыскер бала қайдан шығады»?
Бүгінгі күні қоғамды алаңдатып отырған жағдайлардың бірі ол - мектеп жасындағы балалардың қылмыс жасауы.. Келесі бөлім балалардың жасаған қылмысы туралы болмақ.

Видеоролик
- Құқық бұзушылықтың себебі неде деп ойлайсыздар? ( Ата - ана мен оқушылардың жауаптары тыңдалады. )
Құқық бұзушылық істейтін жұмыстың жоқтығынан, Абай атамызша айтқанда «көйлегі көктік, тамағы тоқтық, аздырар адам баласын».

Ата - аналарға екі сурет көрсетіледі:

Біріншісі тіп - тік әдемі салынған үйдің суреті.

Екіншісі - фундаментінен бастап кірпіші дұрыс қаланбаған, төбесі жарылып кеткен үйдің суреті.
Мұғалім: Бұл тек үйдің суреті ғана емес, көріп отырып бала тәрбиесі туралы не айтуға болады?
( Сурет жайлы ата - ана ойы тыңдалады.) Бұдан соң бірінші сурет тәрбиесі дұрыс бала екендігін, екінші сурет тәрбиесі дұрыс болмаған бала жайында екендігі айтылады. Бала тәрбиесі үйдің фундаменті сияқты жас күнінен басталатынына ата - ананың назарын аудару керек.
«Отбасы – барлығының басы, жан - жақты негізі болатын тәрбие институты. Ата - анамен баланың қарым - қатынасы нәтижесінде адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесінің алғашқы үлгісі қалыптасады. Ал әке мен шеше, ата мен әже, апа мен ағалар баланың алғашқы тәрбиешілері»- деп В. А. Сухомлинский айтқандай, алғашқы тәрбиешілердің алғашқы тәрбиесі ерте бастан яғни бесіктен басталуы тиіс. Яғни, екінші сурет бала тәрбиесінің о бастан дұрыс басталмағанын көрсетіп тұр.

Тақтаға тау бейнесі және таудың ортасынан жарып шығып келе жатқан жанартау бейнеленген сурет ілінеді. Жанартаудың төбесіне «Қылмыскер бала» деп жазылып, беті қағазбен жасырылып қойылады. Жүргізуші мына суреттегі тау ортасынан көтерілгелі тұрған жанартауға қараңыз, тау сізден балаңыз болса, ал тауды жарып шыққалы тұрған жанартау балаңыздың қылмыскер болуы деп жасырулы тұрған сөзді ашады.

Мұғалім: Бала бір күнде қылмыскер болмайды. Жанартаудың атқылауына дейін қаншама процестер жүретіні сияқты бала қылмыскер болуы үшін де бірнеше жағдайлар әсер етеді. Оған ата - ананың баланы бақылауысыз жіберуі, баланың топқа кіруі, жақсы жолдастарының болмауы, 1 - кестеде көрсетілген шарттар бірден - бір себеп. ( Осы шарттардың әрқайсысына түсініктеме берілу керек.) Мұның барлығын дер кезінде байқап, балаға көмекке ұмтылсақ, оны сақтап қалуға болады. ( Бұл бөлімде ата - анаға көп сөз берілу керек, сөйлету керек.)










Бұлардан соң заң қызметкерлерінің пікірі тыңдалады. Ол демалып отырған жастардың заңның қандай бабымен танысуына тура келгендігін айтуы керек.





Оқушылар бірнеше жағдайларды мұғалім бірнеше жағдайды қылмыс деп тапсаңыздар оң қол жазады, , егер қылмыс емес десеңіздер сол қолдарыңызды көтереді, себебін тағы параққа жазасыздар. Әр жағдайға жеке тоқталып, түсініктеме бересізді












Заңсыз елде әркім өз білгенін істейді, тәртіп сақталмайтынын айтады. Сондықтан адамдар қалыпты жағдайда өмір сүре алмайтынын, ал тәртіп пен заң біздің қалыпты тіршілігіміз үшін қажет екенін айтады.



Оқушылар өз топтарымен бірігіп шапшаң өз ленталарымен қоршап ауыл болып бірігіп тұрады.



Адамдардың ауыл - ауыл көше - көше болып бөлінетіндігін, сол бөліну кезінде құқықтары бұзылатындары айтылады.


Оқушылар бейнебаянды қарап ойларын жеткізіп айтады.










Бұдан соң заң қызметкерлері сөйлейді.

1.Оқушыда сапалы білім мен тәрбие болу үшін мектеп және ата-ана тығыз байланыста болуы қажет.

2.Бала үшін ата-ана тек асыраушының рөлін атқармай, оның білім мен тәрбие алу жолындағы нағыз серіктесі болуы қажет, баламен көзбе-көз сөйлесіп оған әр түрлі жағдайда ақыл-кеңес беру.

3.Ата-ана баласына көбірек уақыт бөліп қадағалау, бағыттау, бағалау, білім олқылықтарын анықтап дер кезінде көмектесіп отыру.

4.Ата-ана баласына педагогикалық көмек көрсететіндей дәрежеде болуы керек.

5.Ата–ана өзін-өзі жетілдіру бағытында ақпарат құралдарымен жұмыс істеу.







Тақтадан бейнежазба көрсетіледі және бала құқықтары туралы Конвекциялар көрсетіледі.

















Тақтада әр топтың сұрақтар кезеңдерімен шығып отырады.


























Тақтада әр топтың сұрақтары кезеңдерімен шығып отырады.









Бейнебаян көрсетіледі



















Сабақтың соңы

Қорытынды.

Мұғалім: Ж. Аймауыто

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!