400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Заң мен тәртіп сақталу үшін не істеу керек?" эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
"Заң мен тәртіп сақталу үшін не істеу керек?" тақырыбындағы эссе
Материалдың қысқаша нұсқасы





Заң мен тәртіп сақталу үшін не істеу керек?

Заң және тәртіп – қоғамда тыныштықты сақтау үшін әр мемлекетте болу керек өзіндік ережелер мен нормалар. Заң мен тәртіп болмаса, мемлекетте тұрақтылық та, әділеттілік те болмайды. Әр адам өз әрекетіне жауапкершілікпен қарап, белгіленген ережелерге бағынса, онда елде тұрақтылық, әділеттілік пен сенімділік орнайды. Кей кезде заң нақты орындалмай жатады. Осы орайда, заң мен тәртіптің орындалуы үшін не істеу қажет деген сұрақ туындайды. Бұл мәселенің жауабын табу – бүгінгі қоғам үшін өзекті.

Біріншіден, заң мен тәртіптің орындалу үшін әр адам оны білуі керек. Кей кезде заңды білмегендіктен, бұзып та жатамыз. Мысалы, қоғамдық орындарда дөрекі сөйлеп, басқаларға кедергі келтіру, қоғамдық көлікте айқайлап сөйлеу, музыка қосып қою немесе өзгелерді итермелеу – бұл мәдениетсіздік қана емес, қоғамдағы тәртіпке немқұрайлы қараудың белгісі. Кей сәттерде адамдар ашуға беріліп, өз эмоцияларын ұстай алмай жатады. Алайда не дегенмен, «Ашу – дұшпан, ақыл – дос» екенін ұмытпаған жөн. Барлық түсініспеушілікті сөзбен ақылдасып шешу қажет. Себебі ашу үстінде адамның көңіліне тиетін дөрекі сөздер айтып қою мүмкіндігі біршама. Сол үшін әрқашан сабырлық сақтауға тырысу қажет.

Екіншіден, әрбір адамда жауапкершіліктің болуы. Заң мен тәртіптің орындалуы үшін әр азаматта ішкі жауапкершілік пен сана болуы қажет. Тәртіп тек қорқыныштан емес, тәрбие мен адамгершіліктен басталуы керек. Егер адам заңды тек жазадан қорқып емес, өзінің саналы шешімімен орындаса, қоғамда шын мәнінде тұрақтылық пен әділет орнайды. Бұл үшін балаға жақсы тәрбие беріп,бойына жақсы қасиеттерді қалыптастыру үшін отбасы мен мектептің бірлескен жұмысы маңызды рөл атқарады.

Қорытындылай келе, заң мен тәртіп қоғам үшін маңызды. Олар қоғамды тиімді басқару үшін қажет. Заң мен тәртіпті бұзу қоғамда арандатушылыққа әкеп соғуы мүмкін. Сол себепті заң мен тәртіптің орындалуы әрбір азамат үшін маңызды. Сондықтан заңды және тәртіпті сақтауды өзімізден бастайық!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
04.06.2025
250
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі