Тақырыбы: Заңды білу-заман талабы.
Әнұран.
Мақсаты: Оқушылардың құқықтық сана-сезімін қалыптастыру, заң алдындағы жауапкершілігін арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын түсіндіру; Конституция т.б құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу; оқушылардың құқықтық білімін дамыту, ойлау, сөйлеу қабілеттерін шыңдау.
Ашық тәрбие сағатымызды топтық сайыс түрінде өткіземіз.
Сайыс жоспары:
Сайысқа қатысушылар: І топ-Болашақ
ІІ топ- Ақиқат
Сабақ барысы: Кіріспе сөзді мұғалім бастайды.
Қазіргі таңда біздің еліміз Қазақстан Республикасы-бүкіл әлем қауымдастығы мойындап отырған тәуелсіз,егемен мемлекет. Әр мемлекеттің өз заңы болады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасында бірден бір әрбір адам өміріндегі маңызды құжатқа қол қойды. «Құқықтық жалпы білім беруді ұйымдастырудың шаралары туралы» 1995 жылы 21 маусымда №2347 қаулысын жариялаған.
Елбасы «Заңды білу-заман талабы» екенін көрсетті.Қазақстан Республикасы – демократиялық,зайырлы,құқықтық мемлекет,оның ең қымбат қазынасы-адам және адам өмірі,оның құқықтары мен бостандықтары.Әрбір азамат өзінің әлеуметтік құқықтары мен бостандықтарын пайдалана білу керек,бірақ оны жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзуға,конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуге тиіс.
Топ тәлімгері: Колледж білім алушыларының арасындағы «Заңды білу- заман талабы» тақырыбындағы құқықтық – танымдық ойынын бастауға рұқсат етіңіздер.
Қара қылды қақ жарған әділ бағасын беретін әділетті әділқазылармен таныстырып өтейік ( әділқазылармен таныстыру)
Ойынымыздың барысына тоқталсақ, ойын 5 кезеңнен тұрады.
I кезең. Бәйге. 14 сұрақ беріледі, әр сұраққа 10 ұпай.
II кезең. Тіл-өнер. Мақал айтылады, ішінен бір сөз, яғни құқықтық, заң терминдері жасырылады. \5 ұпай\
IІІ кезең. Тапқырлық. Әр топқа 2 ситуациялық сұрақ беріледі,дұрыс жауап 5 ұпай.
І V кезең. «Мұны әрбір студент білуге тиіс»
V кезең:Қорытынды. «Болашақ жобасын қорғау».
Екі топқа бір сұрақ беріледі,сол сұрақ төңірегінде өз ойларын қағаз бетіне сурет түрінде түсіріп,қорғап шығуы керек. Уақыт шектеулі 5 минут.
Топ тәлімгері: Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген
Қазақстан халқы,байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құра отырып,өзімізді еркіндік,теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып осы Конституцияны қабылдадық.
Сонымен ойынымыздың І-кезеңі—БӘЙГЕ.
1-топқа сұрақ:
1.ҚР Конституциясының І-бабы,І-тармағы.
2.ҚР егемендік алғаннан кейін неше рет Конституция қанша рет қабылданды?\2 рет,.1993 ж.,1995ж.\
3.Қазіргі қолданыстағы Конституция қашан қабылданды?\30.08.19950ж.\
4.ҚР құрылымы жағынан қандай мемлекет?\унитарлы\
5.Мемлекеттік рәміздер қашан қабылданды,оларды атап бер?
6.Заң шығару қызметін жүзеге асыратын ең жоғары өкілді орган?\Парламент\
7.ҚР Парламентіндегі заң шығару үрдісі неше сатыдан тұрады?\4 саты\
8.30.08.1995 жылы қабылданған ҚР Конституциясының өзге заңдардан ерекшелігі?
9.Конституциялық құқықтарыңды атаңдар?
10.Түрік қағанатындағы ең жоғары билеуші қалай аталады?\қаған\
11.Әнұранның авторларын атаңдар?
12. «Конституция» сөзінің аудармасы қалай?
13.Қазақстан Республикасы туының көк түсі нені білдіреді?
ІІ-топқа сұрақ:
1.Қазақстан Республикасының
Конституциясы қанша бөлімнен және қанша баптан тұрады?
2. Қ. Р - да билікті иемденіп кетуге кімнің құқы бар?\жоқ\
3. Қ. Р - да ресми түрде қолданылатын тіл?\орыс тілі\
4. Қ. Р - ның теңгесі қашан қолданысқа енгізілді?\1993 ж.\
5. Қ. Р әкімшілік құрылымы жағынан қандай мемлекет?
6. «Жеті жарғыны» қабылдаған қазақ ханы кім?\Тауке хан\
7. Қ. Р - ның тәуелсіздігі туралы заң қашан қабылданды? (1991 жыл,
16 желтоқсан)
8. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің бірден – бір
бастауы. (халық)
9. Республика заңдары қай кезде күшіне енеді? (Президент қол
қойғаннан кейін)
10. Республикадағы жоғарғы заң шығарушы орган.(Парламент)
11. Қ. Р азаматтары еңбек етуге міндетті ме? (міндетті емес)
12. «Қасым ханның қасқа жолы» қанша тараудан тұрады? (5
тараудан)
13. Қ. Р өзін қандай мемлекет ретінде орнықтырады?
(демократиялық, зайырлы, құқықтық,
әлеуметтік\
2-жүргізуші: ІІ-кезең: Тіл-өнер.
Мақал айтылады, іщінен бір сөз, яғни құқықтық, заң терминдері жасырылады. Әрбір дұрыс жауап үшін 5 ұпай беріледі.
1.Бір қазаға екі.....жоқ.\жаза\
2.Әр елдің.....басқа,иттері қарақасқа.\заң\
3.Елшіге.....жоқ.\өлім\
4.Тақыр жерге су төксең,жүруге тайғақ болар,
Жаманға сырыңды айтсаң,тар жерде.....болар.\айғақ\
5......істің-арты игі.\әділ\
6.Қыдырып ішкен көженің кенеуі жоқ,
Қыдырып айтқан.....керегі жоқ.\билік\
7.У ішкен бір өледі,.....ішкен мың өледі.\ант\
8.Куәсіз істі күмән табар,куәлі істі.....табар.\куә\
9.Би екеу болса.....төртеу.\дау\
10.Ата-ананың қадірін,балалы болғанда білесің,
Анық достың қадірін..... болғанда білесің.\жалалы\
11.Жолға шықсаң сайлан,бес.....байлан.\қару\
12.Елшіге.....жоқ.\өлім\
13.Мен.....қылған күні ай жарық болды.\ұрлық\
1-жүргізуші; ІІІ-кезең.Тапқырлық.Берілген ситуациялық жағдаяттарға заңға жүгіне отырып жауап беру керек.\5 ұпай\
Ертіс аудандық соты Қ.Әшімовтың құқықтары мен бостандығын сот арқылы қорғаудан бас тартты. Мұндай бас тарту заңдылық болып табыла ма?
Ойыл аудандық полиция бөлімі азамат Д.Саусақбаевты прокурордың санкциясынсыз 72 сағаттан астам қамауда ұстаған. Мұндай қамауға алу заңды болып табыла ма?
Шалқар қаласы прокуратурасының шешімімен азамат Н.Аюпов заңды негізде тұрып жатқан баспанасынан айырылған. Прокуратура шешімі заңды болып табыла ма?
Қазақстан Республикасының азаматы Ә.Есмурзин ҚР ІІМ министрінің 2002 жылғы 16 мамырдағы бұйрығымен Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған. ҚР ІІМ министрінің мұндай бұйрық шығаруы заңды ма? Қазақстан Республикасының азаматын азаматтығынан айыруға бола ма?

IV кезең. «Мұны әрбір студент білуге тиіс».
1. «Оқушының құқықтары».
2. «Оқушының міндеттері».
V кезең:Қорытынды. «Болашақ жол\басын қорғау».

Сұрақ: «Мен қандай мемлекетте өмір сүргім келеді»

Қорытынды: Әділқазылар алқасы әр топтың бағасын береді.
Оқытушы: Міне,бүгінгі сайысымызда айтылғандарды саралай келе,еліміздің өркениетті ел ретінде болашақта қарқынды дамуы,қымбатты оқушылар,болашақ жастар сендердің өз қолдарыңда.Жандарыңа сапалы білім мен салауатты ақылды серік етіп,үйлестіріп мемлекетті алдыңғы уақытта дамытатын сіздер мен біздер.Ендеше М.Әуезов атамыз «Ел боламын десең,бесігіңді түзе» дегендей,құрметті өрен атаның емес,адамның баласы болу керектігін осы бастан ой-зерделеріңізде болсын.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Заңды білу - Заман талабы

шағым қалдыра аласыз