400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 26 материал табылды

Заңдылықтар (2)

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды заңдылықтың бұзылуы ұғымымен таныстыру. Сандар, фигуралар және заттардың орналасу қатарындағы заңдылықтың бұзылуын анықтау және оны қалпына келтіруге арналған тапсырмаларды орындау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ тақырыбы:

Заңдылықтар (2)

Математика №23 (55)

Күні: 11.12.19

Мұғалім:

СЫНЫП: 1 «Б» сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

-20-ға дейінгі сандар тізбегін/ондықтармен 100-ге дейінгі сандар тізбегін құрастырады;

-100 көлеміндегі сан, сурет, фигура, символдан тұратын тізбектердің заңдылықтарын анықтайды;

-іс-әрекет және табиғат күйінің тізбектілігін анықтайды, сандар, фигуралар, ойыншықтар, түрлі түсті моншақтар т.б. тізбегін құрады және тізбектегі заңдылықтың бұзылуын табады.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

геометриялық фигуралар пішініндегі қағаздан жасалған парақшалар (үшбұрыштар, шаршылар, тіктөртбұрыштар);

моншақтар.

Тірек сөздер

Заңдылықтар

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды заңдылықтың бұзылуы ұғымымен таныстыру. Сандар, фигуралар және заттардың орналасу қатарындағы заңдылықтың бұзылуын анықтау және оны қалпына келтіруге арналған тапсырмаларды орындау.

Оқушылардың логикалық ойлауын, математикалық тілін дамыту.

Сабаққа байланысты деректі материалдар

Сабаққа қатысты ескертпелер


Заңдылықтың бұзылуы деп сандар қатарында, заттардың орналасуында қандай да бір ереженің бұзылуын немесе сақталмауын айтамыз. Сабақта белгілі ережеге сәйкес келмейтін жағдайлар бойынша заңдылықтың бұзылуын тауып жаттығады. Оқушылармен қоршаған ортада қандай заңдылықтардың бұзылуы кездесетіні туралы әңгімелесіп, оны жою үшін істелетін іс-әрекеттер туралы айтқызыңыз. Мысалы: “Жол жүру ережесін сақтамау. Ол заңдылықтың бұзылуына жата ма?”

Оқушылар өткен сабақта танысып, сан қатарлары арасындағы және заттардың орналасуындағы заңдылықтарды тауып үйренгендіктен, заңдылық туралы білімін еске түсіруден бастаған жөн.

Оқушыларды 5 топқа бөліп, төмендегі тапсырмаларды орындатыңыз:

— 1-топ. 1-ден 20-ға дейінгі сандар арасындағы заңдылықты сақтап, 1-ден 20-ға дейін ондықтар арқылы санау;

— 2-топ. 1-ден 20-ға дейінгі сандар арасындағы заңдылықты сақтап, жұп сан арқылы санау;

— 3-топ.1-ден 20-ға дейінгі сандар арасындағы заңдылықты сақтай отырып, тақ сан арқылы санау;

— 4-топ. Жыл мезгілдерін заңдылық бойынша ретімен атау. (қыс, көктем, жаз, күз, қыс, көктем, ...)

— 5-топ. Тәулік мезгілдерін рет-ретімен атау (таңертең, күндіз, кеш, түн, таңертең, күндіз, ...)

Оқушылардан тапсырмаларды орындағаннан кейін “Заңдылық” дегенді қалай түсінесіңдер?” деген сұраққа жауап алыңыз. Оқушылардың өткен сабақпен байланыстыра айтуын бақылаңыз.

Оқушылардың назарына интерактивті тақтада “Жіберілген қателерді тап” деген тақырыппен геометриялық фигуралардың орналасу тізбегіндегі заңдылық сақталмаған тапсырманы ұсыныңыз. Мысалы, конус, тіктөртбұрыш, шар, конус тіктөртбұрыш, шар, конус, тіктөртбұрыш, шар, конус, шар, тіктөртбұрыш болып тізбектелген. Оқушылардан фигуралардың орналасуындағы жіберілген қатені тауып, түсіндіруді сұраңыз. Келесі тапсырма ретінде оқушыларға қателері бар сандар тізбегін көрсетіңіз. Мысалы: 2, 4, 7, 8,10 — (берілген сандардың арасында 6 санының орнында 7 санының берілуі қателік болып саналады) 1, 3, 6, 9 — (берілген сандардың арасында 5 санының орнында 6 санының берілуі қателік болып саналады). Оқушылардан қатені тауып, түзету енгізуін сұраңыз. Оқушылардан жіберілген қатені өздері тауып, заңдылықтың сақталмағанын анықтап, түзетудің жолын көрсетуді сұраңыз. Осылайша, бүгінгі сабақтың тақырыбын оқушылардың өздері шығаруы-на жетелеңіз. Оқулықтағы ережемен таныстырыңыз. Ережеге сүйеніп ауызша мысалдар келтіруді сұраңыз.

Моншақ тізбегіндегі қатені тап. Моншақ тізбегіндегі қатені табуды ұсыныңыз. Қателікті жөндеу үшін не істеуге болатыны туралы ойларын айтқызыңыз. Жұппен орындатыңыз. Оқушыларға қателікті жеке табуды, оны жұбына дәлелдеп айтуды ұйымдастырыңыз. Тапсырма оқушылардың математикалық тілін қалыптастыруға және зейінін дамытуға негізделген.

Қай фигуралардың орны ауысып кеткен? Бұл тапсырмада оқушылар геометриялық фигуралардан құрастырылған қатардағы заңдылықтың бұзылуын табу керек. Қатардағы заңдылықтың бұзылуын табу және оны жөндеу үшін, олар қатардың басталуын мұқият зерттеп шығулары тиіс. Бұл тапсырманы орындау үшін жұппен жұмыс ұйымдастырыңыз.

Нөмірленген үйлер. Тапсырмада көшенің бойындағы үйлерді қандай заңдылыққа сүйеніп нөмірлейтінін сұраңыз, бұл жерде көше бойының бір жағындағы үйлерді жұп сандармен, екінші жағын тақ сандармен нөмірлейтіні айтылады. Оқушылардың назарын суретке аударыңыз. Оларға үйлерді нөмірлеуде қандай қателік жіберілгенін анықтауды тапсырыңыз. Көшенің қарсы жағында қандай нөмірлер болуы мүмкін екенін сұраңыз. Оқушыларға өз үйінің нөмірі туралы айтқызыңыз.

Жауабы:

Дарын 1, 3, 5, 7, 9, 11 деп нөмірлеу керек болған. Көшенің қарсы жағында 2, 4, 6, 8, 10, 12 нөмірлері болады.

Мысалдардағы заңдылықты анықта. Оқушылардан заңдылықты бірден анықтауға бола ма деп сұраңыз. Қалай ойлайсыңдар, не істеу керек? (Мысалдарды шешу керек.) Оқушыларға мысалдарды жұппен шешіп, жауабын бетке жазуды ұсыныңыз. Олардан не байқағанын сұраңыз. Қай мысалда заңдылық бұзылғанын табуды ескертіңіз.

Жауабы:

барлық мысалдың жауабы 40-қа тең, тек 50 – 20 = 30 болады.

Шығарып көр. Кестеде берілген сандар қатарындағы қателіктерді анықтап, оның себебін өз сөзімен айтып беруін ұйымдастырыңыз.

Жауабы:

а) 13 — екі таңбалы сан; ә) 60, 50, 40, 30, 20;

б) 16 мен 12-нің арасындағы 14 саны түсіп қалған.

Орындап көр. Үлкен, кіші көлемдегі көк және қызыл дөңгелектер, жасыл түсті үшбұрыштар таратып беріңіз. Заңдылықты тауып, фигураларды дұрыс орналастыруды тапсырыңыз. Өздеріне қосымша заңдылық ойлап тауып, фигураларды орналастыруды сұраңыз. Басқа оқушылар фигуралардың қандай заңдылықпен орналасқанын айтады. Тапсырманы жұппен орындатыңыз.

Жауабы:

көк, жасыл, қызыл, көк, жасыл, қызыл; саңырауқұлақ, алма, жапырақ, саңырауқұлақ, алма, жапырақ.

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Сабақ барысында оқушылардың математикалық терминдерді орнымен қолданып, дұрыс айтуына назар аударыңыз. Топ болып немесе жұп болып (бір-бірін тыңдайды, ойын дәлелдейді) талдау барысында коммуникативті дағдысын дамытады.

Қатені түзеп көр. Оқушылар сан қатарында кеткен қателіктерді тауып, сандар қатарын дұрыстап жазады.

Жауабы:

1, 2, 3, 1, 2, 3, 1, 2, 3.

Бағалау

Оқушылар сабақтың соңында:

• белгілі бір ережелерге сүйеніп, заңдылықтағы қателіктерді табуды және дұрыс нұсқасын құрастыруды меңгереді.

Оқушылардың тақырыпты қаншалықты түсінгенін білу үшін мынадай тапсырмалар беріп, жауабын тыңдаңыз (дауыстап сандар қатарын айтыңыз немесе тақтаға айтып тұрып, жазып көрсетіп сұраңыз. Оқушылар қатесі бар жерді түзетіп айтады).

— 1, 3, 5, 7, 8, 11, 13, 14, 15;

— 100, 90, 80, 70, 50, 40;

— 10, 20, 40, 60, 70, 90.

Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалау жұмысын өткізіңіз.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
619
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі