400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Заңнамамен еңбек жағдайлары қалай реттеледі?

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚР еңбек кодексінің баптарын негізге ала отырып еңбек жағдайларын анықтау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары

Тарих әдістемелік бірлестік жетекшісі____________Сүлейменова Г.М.

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп: Шымкент қ. ФМБ НЗМ


Күні: 25-30. 11-19ж

Мұғалімнің аты-жөні: Тилеубаева Гульжан Пердебековна


Сынып: 9 сыныптар

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Заңнамамен еңбек жағдайлары қалай реттеледі?


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

ОМ 1. ҚР еңбек кодексінің баптарын негізге ала отырып еңбек жағдайларын анықтау

ОМ 2. Құқықтық жағдаяттарды талдау арқылы жұмыс беруші мен жұмысшының құқықтары мен міндеттерін түсіндіру


Сабақ мақсаттары

ҚР еңбек кодексінің баптарын негізге ала отырып еңбек жағдайларын анықтау

Құқықтық жағдаяттарды талдау арқылы жұмыс беруші мен жұмысшының құқықтары мен міндеттерін түсіндіру


Кәсіби мақсат

Оқытуда инновациялық әдістерді қолдану арқылы білім алушылардың сыни ойлау дағдысын дамыту


Бағалау критерийлері

Түсіну, қолдану, талдау

ҚР еңбек кодексінің баптарын негізге ала отырып еңбек жағдайларын анықтайды

Құқықтық жағдаяттарды талдау арқылы жұмыс беруші мен жұмысшының құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді

Жағдаяттарды талдауда мысалдар келтіру


Тілдік мақсаттар


  • Құқықтық нормалар жүйесінде мемлекеттік қызмет мен ролін түсіндіреді (оқылым және айтылым дағдылары).


Пәннің сөздік қоры / Пәннің лексикасы мен терминалогиясы

  • Жұмыс беруші

  • жұмыскер

  • жұмыс уақыты

  • тынығу уақыты

  • жалақы

  • еңбек жағдайлары


Құндылықтарды дарыту




Ашықтық,жауапкершілік

- патриотизм

- өз елі үшін мақтаныш

- ұлттық сана-сезім

- еңбексүгіштік


Жаhандану азаматтық

Еңбексүгіштікке баулу, барлық адамның еңбегін бағалау


Пәнаралық байланыстар

Қазақстан тарихы


АКТ қолдану дағдылары

Сабақ барысында интерактивті тақта мен жеке ноутбук


Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар


Сабақтың басы



























Сабақтың ортасы

Ұйымдастыру кезеңі

- Жағымды ахуал қалыптастыру

- Оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын ОМ анықтау

Алдыңғы білім

Жеке меншік

Адамдардың меншікке деген өз құқықтарын дәлелдей алуы неге соншалықты маңызды?

Қалыптастырушы бағалау жүзеге асады

Жаңа сабақ

Зерттеу сұрағы

Еңбек құқығының қоғамда сақталуы маңызды ма?

Оқушыларға бейнематериал көрсетіңіз.Бейнематериал бойынша сұрақтар қоя отырып, сабақтың тақырыбын ашу

Б Бүкіл сыныптық талқылау.

Еңбек жағдайлары (жұмыс уақыты, тынығу уақыты, жалақы); жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері; жұмыскердің құқықтары мен міндеттері.

Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының қағидаттары

1) адам мен азаматтың еңбек саласындағы құқықтарының шектелуіне жол бермеу;

2) еңбек бостандығы;

3) еңбек саласындағы кемсітушілікке, мәжбүрлі еңбекке және балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне тыйым салу;

4) қауіпсіздік және гигиена талаптарына сай келетін еңбек жағдайларына құқықты қамтамасыз ету;

5) жұмыскердің өмірі мен денсаулығының басымдығы;

6) еңбегі үшін жалақының ең төмен мөлшерінен кем емес сыйақы құқығын қамтамасыз ету;

7) тынығу құқығын қамтамасыз ету;

8) жұмыскерлердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігі;

9) жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің өз құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін бірігу құқығын қамтамасыз ету;

10) әлеуметтік әріптестікті нығайтуда және дамытуда мемлекеттің ықпалы;

11) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелерін мемлекеттік реттеу болып табылады.

Б «Бірін-бірі оқыту» («Броун қозғалысы»).

Жеребе бойынша әр оқушы еңбек құқықтары (жұмыс уақыты, тынығу уақыты, жалақы) жазылған 1 «тілшеден» алады.Оқушылар 5 минут ішінде өз «тілшелеріндегі» ақпаратпен мейлінше көп оқушыны таныстыруы және өзі де ақпараттарды жинауы қажет.

1. Жұмыс уақыты.

2. Демалыс уақыты

3. Жалақы

Дескриптор

Оқушылар берілген таратпа материалдар арқылы еңбек тәртібі мен жұмыс уақытын біледі, демалыс уақытын анықтайды, жалақы қай уақытта, қай мөлшерде алатынын біледі


Т Кейс технологиясы

Топтар төмендегіжағдаяттарды талқылап, еңбек қатынастары субьектілерінің құқықтары мен міндеттерін анықтайды.

1-жағдаят:

«Он алты жасар Асан құрылыс жұмысына қосалқы жұмысшы болып тұрақты жұмысқа орналасты. Құрылысты уақытында тапсыру керек болды. Соған орай Асанды түнгі уақытта жұмысқа шығуға міндеттеді. Ол бас тартты. Осы себептен оны жұмыстан шығарып жіберді. Кәмелетке толмағанын сылтауратып, еңбек жалақысы мен еңбек кітапшасын да бермей қойды» (Әкімшіліктің іс-әрекетіне құқықтық баға бер, дәлелдер келтір).

2-жағдаят:

«Жұмысты ұзақ іздеген Әлібек, ақырында, бір фирмамен еңбек шартын жасауға келісті. Әлібек бәріне де көнеді. Алайда фирманың директоры мерзімінен тыс жұмыстар болуы мүмкін екендігін, мерзімінен тыс қалай және қанша істейтінін басшылық шешетінін ескертіп, жалақының да өзгеріссіз қалатынын айтты». (Әкімшілік ұсынған шарт еңбек заңнамасына сәйкес келе ме? Жауабыңды дәлелде.)

3-жағдаят:

«Зауытта апатты оқиға болады. Іс жүзінде барлық дерлік ұжым мерзімінен тыс жұмысқа тартылды. Кешкісін колледжде оқитын он жеті жасар Нұржанға ауысымнан кейін жұмыста қалуға талап қойылды. Сонымен бірге кадр бөлімінің маманы өздерінде Нұржанның сабақ кестесі барын айтады.Бүгін сабақ жоқ, сондықтан ол егер мерзімінен тыс жұмыстан бас тартса, оныкі заңсыз болады деп мәлімдеді».

(Он жеті жасар Нұржанға әкімшіліктің талабы орынды немесе орынсыз? Неге? Дәлелде)

4-жағдаят:

Он алты жасар Қасым фирмада істейді, жүк жеткізіп, басқа да «ауыр» дене жұмыстарын атқарады. Онымен бірге жиырма жастағы Қайрат та сондай қызметтер атқарып жүр. Бірде жалақы алу кезінде қол қойып тұрып, ол Қайратқа өзі алатын сомадан екі есе көп сома қойылғанын байқап қалды. Бұл оған әділетсіздік болып көрінді. Ол өз еңбегі мен Қайраттың еңбегіне төлем арасындағы айырманың неден тұратынын сұрайды. Бухгалтер, біріншіден, Қасым кәмелетке толмаған, оған жоғары жалақы алуға әлі ерте, екіншіден, Қайрат қалай болғанда да

директордың алыстан келетін туысы, деп жауап береді. Бухгалтердің дәлелі қаншалықты сендіре алады?

Дескриптор

Оқушылар жағдаяттан шығудың тиімді жолдарын ұсынады

Еңбек тәртібінің сақталған не сақталмағанын талдай алады

Мысалдар келтіреді

Сайлау не үшін керек?

http://www.youtube.com/watch?v=MHyRoYTkf2E

Сайлау өткізу 1 бөлім

http://www.youtube.com/watch?v=D9OIi1iA8GM

Сайлау өткізу 2 бөлім

http://www.youtube.com/watch?v=RdYPIMy1GlM

Сайлау өткізу 3 бөлім

http://www.youtube.com/watch?v=mYLYOonoAM0





Сабақтың аяғы

Кері байланыс







Үйге тапсырма

Б

Б

Б




Бағалау «Сен мені, мен сені!» әдісімен және берілген критерилер арқылы

Еңбек қатынастарын біледі

Құқықтық жағдаяттарды талдау арқылы жұмыс беруші мен жұмысшының құқықтары мен міндеттерін анықтайды

Еңбектің қоғамда маңыздылығы эссе 100-150 сөз





Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

-Топтық жұмыста оқушылардың дағдысын дамытуға бағытталған тапсырмалар беріледі.

-Диалог арқылы қолдау көрсету

- Ұтымды айтылған пікір үшін мадақтау





Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы



Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?



Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.







Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?1:

2:Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
9 ұстаз жүктеп алған
24 желтоқсан
3493
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі