400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 26 материал табылды

Зәр шығару жүйесінің маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
Студенттер, қмж жасауға көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқу орны: №1 АҚМГПК

Оқытушы:

Күні:

Топ:

Қатысқаны:

Қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы:

Зәр шығару жүйесі. Бастауыш мектеп жасындағы балалардың зәр шығару жүйесі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.1. Бастауыш мектеп жасындағы балалардың зәр шығару жүйесі, зәр шығару мүшелері, зәр шығару мүшелерінің ауруларының алдын алу маңыздылығын түсіндіріп, білімдерін жетілдіру.

Бағалау критерийлері:

  • Студенттермен объективті қарым-қатынас орнату;

  • Топ мүшелерінің белсенділігі;

Сабақтан ой түйіп, қажетін алу

Тапсырма бойынша сұрақ қойып, қойылған сұраққа жауап береді.

Тілдік мақсаттар:

Пәнге тән лексика мен терминология:

Зәр шығару жүйесі

Құндылықтарды тәрбиелеу

Құрмет, отансүйгіштік, үздіксіз білім алу.

Ынтымақтастық құнылығын жұптық және топтық жұмыстар орындау барысында өзіне және айналадағы адамдарға дегени құрмет;

Шығармашылық құндылық топтық жұмыстар, кретаивті шығармашылық ізденістер барысындағыеңбек және шығармашылық;

Құрмет құндылығы топтық жұмыстарды орындау барысындағы ынтымақтастық;

өз пікірін білдіру барысындағы ашықтық;

Пәнаралық байланыс

Биология, психология

Алдыңғы білімдер

Дәрумендер

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

Жоспарланған

сабақ кезеңі

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Білімдерін жинақтау және жүйелеу.

І. Ұйымдастыру бөлімі

Аудиторияның сабаққа дайындығын тексеру.

Қажетті көрнекіліктер мен құралдарды дайындау.

Зейіндерін шоғырландыру.

Сабақтың мақсаты мен міндеттерін хабарлау.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: дұрыс жауапқа бір смайликтен.

С, А, В, D, PP, - дәрумендер қызметін айту. Балалар допты бір-біріне лақтыру арқылы «Сен бізді білесің бе?» витаминдер қызметі туралы бір-біріне сұрақтар қояды.



















III. Жаңа сабақ: 

Дәріс жоспары мен қысқаша мазмұны:

1. Зәр шығару мүшелерінің құрылысы мен қызметі.

2. Зәр шығару жүйесін аурудан сақатандырудағы жеке бастың гигиенасының ролі.

Зәр шығару жүйесі, экскреторлық жүйе – адам мен жануарлар организмінің артық суды, тұздарды, зат алмасудан пайда болған қажетсіз заттарды сыртқа шығаратын органдары. Теңізде тіршілік ететін қарапайымдардың организмінен бөлініп шығатын өнімдер (несеп, тер, т.б.) сыртқы ортаға диффузия арқылы немесе жиырылғыш вакуольдар көмегімен шығады. Төменгі сатыдағы көп клеткалы су жәндіктерінде (губка, ішекқуыстылар) және аз қозғалатын теңіз жануарларында (тікентерілілер) олар сыртқы ортамен байланысқан қуыстар арқылы шығып отырады. Төменгі сатыдағы құрттарда, сондай-ақ, приапулид, кейбір аннелид және полихеттердің дернәсілі мен моллюскілердің Зәр шығару жүйесі қызметін арнайы протонефридий түтікшелері атқарады. Бұл түтікшелердің бір ұшы сыртқа ашылады, ішкі жағы ерекше клеткалардан тұрады. Буылтық құрттардың көпшілік түрінің Зәр шығару жүйесі – метанефридий (метамерлі орналасқан жұп түтікше). Моллюскілерде мезодермадан дамыған зәр шығару органдарын целомодукта деп атайды. Ал шаянтәрізділердің Зәр шығару жүйесі – мишық безі (бастағы өскін түбінде орналасқан без).

Құрлықта тіршілік ететін жануарлар организмінде (ылғалды үнемдеу үшін) тез еритін аммиак қиын еритін гуанинге (өрмекші тәрізділерде) немесе несеп қышқылына (көпаяқтыларда, жәндіктерде, бауырымен жорғалаушыларда, құстарда) айналады. Хордалылар арасында қабықшалылар мен асцидияда зәр арнайы қапшықта жиналады. Омыртқалы жануарларда целомодуктадан бүйрек құралады. Бүйректе түзілген зәр несеп жолымен клоакаға немесе қуыққа келеді. Омыртқалылардың эволюция даму жолында және жоғары сатыдағы омыртқалылардың жеке дамуында бүйрек дамуының 3 сатысы байқалады:

  1. бастама бүйрек (пронефрос),

  2. дене бүйрегі (мезонефрос),

  3. соңғы не жамбас бүйрегі (метанефрос).

Адамның Зәр шығару жүйесі зәрді өндіретін бүйректен, зәрді шығаратын бүйрек тостағаншалары мен бүйрек астауларынан, несеп (зәр) ағардан, қуықтан, несеп түтігінен тұрады. Бүйрек экскреторлық органретінде организмнен []азоттық зат алмасу өнімдерін – мочевинаны, креатинді, мочевина қышқылын, артық тұздар мен суларды, т.б. бөтен заттарды шығарады. Бүйректің басты қызметі – организмдегі су-электролиттік алмасуды реттеу. Су-электролиттік алмасу реттелген жағдайда, организмдегі қанның көлемі мен осмостық қысымы және денедегі сұйықтық өз қалпын сақтайды. Сондай-ақ, бүйрек организмдегі қышқылды-сілтілі тепе-теңдіктің негізгі реттегіші болып саналады. Организмнен шығуға тиісті зәр бүйрек астауларынан несеп ағарға, одан біртіндеп қуыққа түседі.

Несеп ағар – трубка тәрізді орган, оның бас жағының диам. 2 – 4 мм, ұзындығы 30 см-дей. Несеп ағар төмен қарай, кіші жамбасқа түсіп, одан әрі қуыққа кірігеді. Бұл тұста несеп ағар жақсы дамыған бұлшық ет талшықтарымен (сфинктер) қапталған. Сфинктер зәрдің қуықтан кері қарай, несеп ағарға өтуіне жол бермейді. Қуық – дөңгелек пішінді қуысты орган, сыйымд. 400 мл, кіші жамбаста орналасқан. Оның түбі, денесі және төбесі болады. Қуықтың қабырғалары жақсы дамыған бұлшық ет қабатынан тұрады. Бұлшық еттің жиырылуы нәтижесінде қуық зәрден босайды. Зәр шығарушы канал – несеп түтігі арқылы қуықтағы зәр сыртқа шығарылады.[1] Ер адамдардың несеп түтігінің тағы бір қызметі – шәуҺетті шығару және жыныстық қозу кезінде үрпінің алдыңғы бөлімінің бездерінен арнайы сөл бөлу. Дені сау адам тәулігіне 4 – 6 рет дәрет сындырады (шамамен 1,5 л-дей). Зәр шығару жүйесінің көп таралған аурулары: нефрит, пиелонефрит (бүйректің қабынуы), цистит (қуықтың қабынуы), уретрит (несеп түтігінің қабынуы), т.б. Ер адамдарда, көбінесе, несеп түтігінің қабынуы, әйелдерде қуық пен бүйрек қабынуы жиі кездеседі.



Адам организімінде зат алмасу үздіксіз жүреді. Оның барысында түзілген өнімдердің кейбірін организм пайдаланбайды, сондықтанда олар сыртқа шығарылуы керек. Сыртқа шығару мүшелері: бүйрек, тер бездері, өкпе, асқорыту түтігі. Экскрециялық мүшелердің негізгі қызметі – денедегі зат алмасудың соңғы өнімдерін өзге текті басқа заттарды, мысалы, дәрі – дәрмектерді сыртқа шығарып отыру. Гомеостаздық – қан құрамы мен қасиеттерін лимфаның интерстициялық сұйық пен ликвар құрамының тұрақтылығын сақтайды.



Сыртқа шығару ағзаларының қан құрамындағы және денедегі басқа сұйықтар құрамындағы иондар концетрациясының тұрақтылығын (изоиония) және қан мен басқа биологиялық сұйықтықтардың осмостық қысымының тұрақтылығын (изоосмия). Денедегі қышқылдар мен негіздер тепе-теңдігінің тұрақтылығын (изогидрия) қамтамасыз етеді. Экскрециялық ағзалар денедегі басы артық қышқылдар мен сілтілерді сыртқа шығарып отырады. Мұнымен қатар жасуша ішіндегі және сыртқы сұйықтармен әрдайым алмасып тұратын қанның тамырдағы көлемдік тұрақтылығын (изоволемия) сақтайды. Денедегі белгілі бір жағдайда су мен тұздар тепе-теңдігін (балансын) қамтамасыз етіп олардың артығын организмнен шығарады. Тері бездері дене температурасын тұрақтылығын сақтауға (изотермия) қатысады.



Бүйрек. Бүйректің негізгі қызметі – несеп түзу. Несеп түзілуі, оны сыртқа шығару үрдісі диурез (несеп шығарушы) деп аталады. Қалыпты жағдайда тәуліктік диурез мөлшері сыртқы қоршаған ортаның температурасына, желінген тамақтың құрамына, мөлшеріне және ішкен су мөлшеріне байланысты. Ересек адамда тәулігінде 1000-1800 мл несеп түзіледі. Ауруға шалдыққан кезде кейде тіпті сау адамда да диурез өзгеріп отырады. Физиологиялық жағдайда оның 3 түрін байқауға болады: алигурия – тәуліктік диурездің азаюы; полиурия – тәуліктік диурездің көбеюі; анурия – несеп түзілуінің тоқтайы. Ауруға шалдыққан кезде туатын өзгерістер – энурез (түнде несеп ұстамау), никтурия (түнде несептің шектен тыс көп болып түзілуі).

Зәр түзілу: Бір минутта 1,2л қан бүйректен сүзіледі.  Бүйректе зәрдің түзілуі 2 кезеңнен тұрады: сүзілу , және қайта сіңірілу . Зәр түзілудің сүзілу кезеңінде бүйректің қыртысты затында орналаскан бүйрек денешігіндегі қылтамыр шумағындағы қаннан зәр бөлінеді. Мұны бірінші реттік зәр түзілу деп атайды. Бірінші рет түзілген зәрдің мөлшері өте көп болады. Бүйректен ағып өтетін әрбір 10 л қаннан 1 л бірінші реттік зәр түзіледі. Бірінші реттік зәрдің құрамы қан сарысуына ұқсас, бірақ онда нәруыздар болмайды. Бірінші рет түзілген зәрдің құрамындағы судың көп мөлшері қайтадан канға өтеді. Сонымен бірге ағзаға қажетті қант, аминқышкылдары, натрий, калий иондары, су және басқа заттар да қайтадан қанға сіңіріледі. Судың және басқа заттардың қайтадан қанға сіңірілуі нәтижесінде тәулігіне шамамен 1,5 л екінші реттік зәр түзіледі.

Бүйректе зәрдің сыртқа шығарылуы өсімді жүйке жүйесі арқылы (жұлынның сегізкөз бөліміндегі орталық) реттеледі. Зәрдің бөліну мөлшері әсер ететін заттарға (тағамға) және орта жағдайына да байланысты. Суық күндері суды көп ішіп, құрамында нәруызы көп тағамдарды пайдаланғанда зәр көп бөлінеді. Ауаның, температураның жоғарылауы, құрғақ тамақ зәр бөлінуін азайтады. Зәр несепағармен қуыққа толып, одан зәршығару өзегі арқылы сыртқа шығарылады.

Бүйрек аурулары

Бүйрек кызметінің бұзылуынан, қанда несепнәрдің мөлшерінің шектен тыс (20-30 есе) көбеюінен уремия (зәрліқан) ауруына шалдығу мүмкін. Бүйректің ең кауіпті ауруы - нефрит (гр. nерһrоs - бүйрек) - бүйректің кабынуы. Нефритауруын бактериялар тудырады. Қанның нәруызы азайып, кан сарысуының ұлпа сұйықтығынан суды сору әрекеті төмендейді әрі зәрдің түзілуі де баяулайды. Жаракаттанған бүйрек қанта ренин затын көп бөледі. Ренин қантамырларын тарылтып, қан кысымын көтереді.

Бүйрек тасы (уролитиаз)

Зәрдің құрамындағы қатты заттар (зәрқышқылы, кальций фосфаты) өте нашар ериді. Егер қатты заттардың мөлшері зәрде көбейіп кетсе, зәр жолында қатайып, тасқа айналады. Тас өте ірі болса, зәрдің шығуына кедергі келтіреді. Хирургиялық жолмен алуға тура келеді. Зәршығару жүйесінде жиі кездесетін аурудың бірі - қуықтың қабынуы (гр.kystis - қуық). Бұл ауру көбіне қуыққа суық тиюден болады да, зәр тоқтамайды. Сондықтан мұндай ауруға шалдыққан адам міндетті түрде дәрігерге қаралуы керек. Балаларда көбірек кездесетін бүйрек ауруы - түнде зәр тоқтамау (энурез). Бұл ауруды шыжың деп те атайды. Ол бадамша бездердің, жұлын қызметінің бұзылуынан болады. Ауру көбіне 2 жастан асқан балаларда жиі кездеседі. Ондай ауруды дәрігерге көрсету қажет. Бүйрек ауруларын емдейтін дәрігерді уролог (гр. uron - зәр) деп атайды.

Қазіргі кезде өте кауіпті бүйрек ауруларын емдеу кезінде жасанды бүйрек аспабы - гемодиализатор қолданылады. Сонымен бірге бүйрек өз қызметін мүлде атқара алмаса, басқа бүйректі алмастырып салуға да болады.

Бүйрек гигиенасы

Бүйректің қалыпты жұмысын камтамасыз ету үшін көптеген жағдайларды есте сақтау қажет: Салауатты өмір сүру;Өте ащы, өте тұзды тағамдарды пайдаланбау;Ішімдіктен, есірткіден, темекі тартудан аулақ жүру;Әр түрлі қабынуға қарсы аурулардың алдын алу.Бұл шаралардың бәрі де бүйректің қалыпты, ұзақ уақыт жұмыс істеуіне жағдай жасайтынын естен шығармаңдар.













Сызбанұсқа, суреттер салынған плакаттар



















Мәліметтер, слайд





















































































































Суреттер















































IV.Сабақты бекіту.

Сұрақ жауап арқылы сәйкестендіру

1. Қандай мүшелер арқылы зат алмасудың соңғы өнімдерін шығарады?(Бүйрек)

2. Зәр шығару қандай мүшелерден тұрады?(Бүйрек, зәрағар,қуық)

3. Зәр қайда жинақталады?(Қуықта )

4. Бүйректе түзілетін сұйықтық?(Зәр )

5. Бүйректің негізгі құрылымдылық  қызмет атқаратын мүшесі?(Нефрон)

6. Үрмебұршақ тәрізді жұп мүше.(Бүрек)

7. Зәр не арқылы шығарылады?(Зәр өзегі)

8. Бүйрек сырты қандай затпен қапталған?(Қоңырқай қыртысты қабатынан)



Кесте толтыру

Зәр шығару мүшелері

 

бүйрек, несепағар, қуық, және зәр шығару өзегі.

Бүйрек венасы

қанды бүйректен алып шығады

Бүйрек үсті бездері

ішкі секреция бездеріне жатады

Бүйрек артериясынан тарайтын

ұсақ қан тамырлары - артериолалар  бір бірден капсулаларға енеді

Зәр түзілудің екінші кезеңі

капилляр торымен  қоршалған бүйрек  өзекшелерінде жүреді.

Бүйрек

-үрмебұршақ пішінді  жұп мүше

Бүйрек арқылы

Тәулігне 1500-1700лқан ағып шығады



 V. Үйге тапсырма: Зәр шығару жүйесі. Бастауыш мектеп жасындағы балалардың зәр шығару жүйесі

 VI. Бағалау:









сұрақтар





















Кесте

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

Саралау- сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқу шыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар үшін тапсырманы күрделендіру:

Қабілеті жоғары оқушылар сұрақтарды өз бетінше құрастыра алады.

Саралау

Уақытты пайдалануды есепке ала отырып,

сабақтың кез келген кезеңінде

қолданыла алады.



Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

«Жұптық бағалау.

Дискрипторлар: жоғарғы балл -5 балл.

Студенттердің өзін-өзі бағалауы және топтағы мүшелерді бағалау.

Сұрақтар:

-Бүгінгі сабақ табысты болды ма?

-Сабақтың мақсаты орындалды ма?

-Сабақтың сәтті жақтарын атаңыз.

-Сабақтың сәтсіз жақтарын атаңыз.

-Сабақтың табысты болғандығының 2 фактісін атаңыз.

-Келесі сабақтан не күтесіз

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Бірқатар студенттер өз біліміндегі ақаулары үшін алаңдамайтындай жайлы атмосфера тудыру

студенттердің бір біріне деген құрмет пен шығармашлық құндылықтарын дамыта алады

Слайд-презентация пайдаланылады





Рефлексия

“Екі жұлдыз, бір тілек” – топтардың бір-бірін өзара бағалауы

Екі жұлдыз – топтың тапсырма орындау барысында екі табысты сәтін бағалау

Бір тілек – топтық жұмысқа өзіндік ұсыныс көзқарасын білдіру.





Стикер арқылы





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 мамыр
2880
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі