жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ЗАР ЗАМАН
Әдебиет көшбасшысы
Мерзімі:
Тақырыбы : Зар заман ақындары
Мақсаты : 1. Оқушылардың білімін тексеру, тәуелсіздік – ата-бабалар
арманы екенін ұғындыру
2. Бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру
3. Патриоттық сезімдерін ояту.
Түрі : Зияткерлік сайыс
Көрнекілігі : интерактивті тақта, зар заман ақындарының портреті,
нақыл сөздері.
Қатысушы : 10 – сынып
Барысы :
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Қымбатты ,ұстаздар , оқушылар І Бүгінгі «Әдебиет көшбасшысы» сайысына қош келдіңіздер.
Әдебиет – халқымыздың рухани өмірінің айнасы .
Олай болса, бүгінгі сайыс барысында әдебиет пәні бойынша оқушыларымыздың білімін саралаймыз. Зияткерлік сайыстың тақырыбы «Зар заман ақындары» . Біздің бүгінгі тойлап отырған , жырлап отырған тәуелсіздігімізді Шортанбай ,Дулат , Махамбет , Абыл , Сүйінбай Қашаған сияқты жырауларымыз осыдан екі ғасыр бұрын аңсап өткен ,жырларына арқау еткен осындай заман туады деп болжап кеткен.
Ендеше, әдебиет сабағында еңбектеніп, білімімен көзге түскен 6 оқушыны шақырамыз.
Біреу озса сайыста ,біреу артта қалады,
Бәрін білген оқушы білім шыңын алады.
Жарыс заңы ежелден жеңімпазды анықтау,
Озат болу шарты- еңбектену, жалықпау.
Әділқазылар алқасымен таныстыру:
1.
2.
3.
I .Кіріспе
Дулат Бабатайұлы «Зар заман » өлеңі
«Махамбет » биі
Көрініс «Сүйінбайдың батасы»
Махамбет Өтемісұлы «Махамбет » өлеңі
II. Негізгі бөлім
Кезеңдерімен таныстыру:
I – кезең «Бәйге»
10 сұрақ беріледі. Әр сұраққа 4 жауап. Дұрыс жауап берген оқушыға 1 ұпайдан беріледі. Ұпайы аз екі оқушы сайыстан шығарылады.
Бәйге сұрақтары :
XIX ғасыр 1-жартысындағы қазақ жеріндегі саясат:
1.Білім беру саясаты
2.Отарлау саясаты
3. Үш тұғырлы тіл саясаты
4. Сауда жасау саясаты
2. Халық не үшін наразы болды?
Елінен , жерінен айырылғанына
Сауда ,саттыққа
Мал бағуға
Егін егуге
3 . Көкірегі ояу ақын - жыраулар не істеді?
Патша өкіметін жақтады
Феодалдарды жырлады
Тыныш жатты
Ел мұңын мұңдады
4.Қазақстанның Ресей империясының құрамына өтуі әдет-ғұрып, салт- санаға қалай әсер етті?
1. Әсер етпеді
2. Кері әсер етті
3. Жақсы болды
4. Еш өзгеріс болмады
5.Ел басқару жүйесінің ауысуы , халықтың күйзелуі әдебиетке қандай ақындарды алып келді?
1. Әнші ақындар
2. Феодал ақындар
3. Демократ ақындар
4.Зар заман ақындары
6.Зар заман ақындары кімдер?
1.Мұқағали , Мұхтар , Фариза
2.Дулат, Мұрат , Қашаған
3. Фараби , Яссауи , Игунеки
4. Абай, Ыбырай ,Шоқан
7. Зар заман ақындары нені жырлады ?
1.Қазақ халқының тағдыры ,замана жайлы толғайды
2. Ел бақыты
3. Еңбекті
4. Махаббат
8. Зар заман ақындары нені аңсады?
Халықты қорлауды
Байлықты
Маңсапты
Тәуелсіз елді
9. Ақын – жыраулар қазақ даласына келген өзгеріске несімен қарсы шықты?
Құрал - сайманмен
Қару – жарақпен
Өткір жырларымен
Мал –мүлікпен
10. Зар заман ақындары бастаған қандай көтерілісті білесіңдер?
Жұмыссыздар көтерілісі
Кәсіпкерлер көтерілісі
Махамбет бастаған шаруалар көтерілісі
Еңбекшілер көтерілісі
II – кезең «Дода»
4 тақырып беріледі, 5 сұрақтан. Әр оқушы бір тақырыпты таңдайды. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі. Ұпайы аз бір оқушы сайыстан шығады.
Абыл
Дулат
Қашаған
Мұрат
Абыл
Абыл қай аймақта дүниеге келді? (1777 – 1864 жж Маңғыстауда )
Абылдың қандай өлеңдері бар?
«Қырымның қырық батыры» дастанының тақырыбы мен идеясы?
Абыл қандай ақын ? (Суырыпсалма, айтыскер ақын)
Абыл өз толғауларында елді неге шақырды? (Бірлікке)
Дулат
«Аягөз қайда барасың? » өлеңі не туралы ?
Қай өңірде туылды? (1802 -1874жж Шығыс Қазақстан Аягөз)
Қандай поэмасы бар ? (Еспенбет)
Дулат , «Абай жолы» романындағы қай ақын ? (Барлас)
Дулат қауіп қайдан келеді деді? (Батыстан, орыстан)
Қашаған
Қашаған Күржіманұлы қай жылы туылды? (1841-1929 жж Түркіменстан)
«Есқали сұпыға айтқаны»- тіл тигізген ағаш қасиеті
Ел тағдыры жер тағдыры туралы қандай өлеңдері бар? («Топан», «Адай тегі» , «Атамекен»)
«Қашаған- жүйрік жырау» кімнің сөзі ? (І. Жансүгіров)
Қазіргі кезде Қашаған атымен не аталады? (Қашаған кені)
Мұрат
Жастайынан қандай бала атанды ?(Ақын , шешен бала)
Ақынның қай өлеңінде отарлау саясаты, атамекенінен айрылған елдің зары мен мұңы жырланады? («Сарыарқа» , «Үш қиян»)
«Сарыарқа » өлеңі қалай шықты? (Тойбастарға өкпелеп, атамекен , ел туралы өлең шығарады)
«Үш қиян» өлеңінде қандай мәселе қозғалады? (Жерді сақтап қалу мәселесі)
Мұрат қандай ақын ? (Тәуелсіздікті аңсаған ұлт ақыны)
III – «Жорға»
4
10. 20. 30.
10.
20. 30. 10.
20. 30. 10.
20. 30
Әдебиет теориясы
Өлең -сөздің патшасы
Кейіпкерлер әлемі
Тәуелсіздік
Әдебиет теориясы
Жырау мен жыршы айырмашылығы
Аллитерация деген не ?
Толғауда не туралы мәселе қозғалады?
Өлең сөздің патшасы
Махамбеттің бір өлеңін оқы
«Есқали сұпыға» өлеңінің мазмұны
«Бөрілі менің байрағым» өлеңі не түрінде жазылды?
Кейпкерлер әлемі
Еспенбет кім?
«Хан емессің қасқырсың» кімге айтылған ?
Қатаған кім ?
Тәуелсіздік
Зар заман ақындары нені аңсады?
Тәуелсіздік алуға әсері болды ма ?
Зар заман ақындарының арманы орындалды ма ?
IV – «Көкпар»
Қалған екі сайыскер «Зар заман ақындарының іс – әрекеті дұрыс па / бұрыс па?» тақырыбында ой таластырады.
Дұрыс: Бұрыс :
Өлеңдер арнады Сары уайымға салынды
Халыққа рух берді Ескілікті аңсады
Тәуелсіздік алуға бастау болды Еш әрекет жасамады
III. Қорытынды
Әділқазылар сайыс жеңімпазын анықтап , марапаттайды.
Мұғалімнің қорытынды сөзі : Тәуелсіздік - бабалардың тілегі ,
Тәуелсіздік – тіліміздің тірегі .
Зар заман ақындары аңсады ,
Тәуелсіз ел, «Мәңгілік ел» болуды тіледі.
Сайысқа қатысушыларға рахмет!
Мерзімі :
Сабақтың тақырыбы: Менің Мұқағалиым
Мақсаты:
Ақынның өмірі туралы ұғындыру . Өлеңдерінің тақырыбын ашу, мазмұнын түсіну
Поэзияға деген қызығушылығын дамыту
Өз елін ,жерін сүюге тәрбиелеу
Күтілетін нәтиже: Ақын өмірін таниды. Өлеңдерінің мазмұнын меңгереді. Пікір алмасады. Өзгенің пікірін бағалайды.
Жұмыс түрі : топтық
Әдісі : СТО , шығармашылық, зерттеу
Ұйымдастыру: Тренинг «Шаттық шеңбері», ақын, муза , өмір 3 сөз арқылы топқа бөліну
Тақырыбын айту – Оқушылар өздері ойларындағы тақырыпты айтады. «Поэзия пайғамбары», «Менің Мұқағалиым», «Есіңе мені алғайсың» т.б.
Таңдалған тақырып «Менің Мұқағалиым»
Мақсаты: Мұқағалиды тану
Негізгі бөлім :
Бүгін ақынның туған күні- 86 жас . Сабағымыз ақынның өмірі мен шығармашылығына арналады. Бүгін менің туған күнім ой пәлі-ай ,
Неге жатыр мына адамдар тойламай.
Банкет жасап берер едім өзім-ақ ,
Тағдырдың бір жарытпай-ақ қойғаны – ай, – деп жырлағандай ақынның туған күнін тойлаймыз.
«Менің анкетам» өлеңін оқу
1-топ ақынның өмірі
2-топ ақынның мұрасы
3-топ хронологиялық таблица
«Фаризаға» әнін орындау
Өлеңдер Әндер Поэмалар
Өлеңді талдау 1 ән салу Соның ішінде
Тақырыбын ашу Оны кім орындайды бізге таныс қандай поэмасы
Ән туралы Идеясы , тақырыбы,мазмұны
құрылысы мазмұны поэманың кейіпкерлері
Постер жасап қорғайды.
Сергіту сәті. Поэзия минуты .Оқушылар ақынның өлеңдерін ,өздері шығарған өлеңдерін оқиды
Проблемалық сұрақ. Неге ? АҚЫН өмірінде қандай қиындықтар болды
Бекіту : Мұқағали кім ?
Рефлексия.
Жамбыл облысы Шу ауданы
С. Естемесов атындағы шағын орталықты мектеп
«ЗАР ЗАМАН АҚЫНДАРЫ»
/Зияткерлік сайыс 10 сынып/
Ағыбаева Ақмарал Қадырқұлқызы
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Жамбыл облысы Шу ауданы
С. Естемесов атындағы шағын орталықты мектеп
«Менің Мұқағалиым»
/ Сыныптан тыс сабақ /
Ағыбаева Ақмарал Қадырқұлқызы
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
|
Жаңаөзен қаласының мектеп-лицейі Мұғалімнің аты-жөні:
|
|||||||||||||||||
5-сынып |
Қатысқандар: Қатыспағандар: |
|||||||||||||||||
Қазақ тілі 3-бөлім, 1-тақырып |
Сабақ тақырыбы: Отбасылық ғұрыптар |
|||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары |
Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру (Т\А5).
|
|||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар орындай алады: Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап бере алады. |
|||||||||||||||||
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіріп, көрініс талаптарын орындай алады. |
||||||||||||||||||
Кейбір оқушылар орындай алады: барлық тапсырма талаптарын орындай алады. Тапсырмаларды орындау барысында ерекше ойлар айта алады. |
||||||||||||||||||
Тілдік мақсат: |
Оқушылар орындай алады: Ән мәтініндегі сөздерде буын және дыбыс үндестігінің сақталуын жазады. |
|||||||||||||||||
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: отбасы, ғұрып (салт-дәстүр), тұсау кесу, бес бесікке салу, сүйінші, т.б. |
||||||||||||||||||
Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: Отбасылық ғұрып, ата-ана, тұсау кесу, бесікке салу, т.б. |
||||||||||||||||||
Талқылауға арналған сұрақтар:
Ағайын тату болса, ат көп» деген мақалдың мағынасына мән бердің бе?
|
||||||||||||||||||
Не себепті «Отбасы – шағын мемлекет» деп ойлайсыңдар? Ишара: қолдау, қошеметтеу ишаралары. |
||||||||||||||||||
Алдыңғы оқу: |
Оқушылардың отбасы мүшелері, татулық туралы түсініктері қалыптасқан. |
|||||||||||||||||
Жоспар |
||||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
||||||||||||||||
Сабақтың Басы. 5 минут |
Ұйымдастыру. Топқа бөлу. («әке», «ана», «бала» сөздері жазылған қима қағаздар арқылы) Қызығушылықты ояту Жаңа тақырыпқа кіру сұрағы:
|
Үлестірмелі қағаздар Үй жабдықдары (бесік, сандық, ақ жол, ала жіп) |
||||||||||||||||
Сабақ ортасы. 1-тапсырма 4 минут
2-тапсырма 3 минут
3-тапсырма 2 минут
3 минут
3-тапсырма 15 минут
|
Тыңдалым. 1-тапсырма. Үнтаспадан «Қазағымның дәстүрлері-ай» деген әнін тыңдау, әрі қосыла шырқау. Ән бойынша қойылатын сұрақтар:
Бағалау «Білім ағашына» түрлі-түсті жапырақтарды орналастыру арқылы жүргізіледі (жасыл – өте жақсы; сары – жақсы; қоңыр- қанағаттанарлық).
Айтылым. 2-тапсырма. Ән мәтініндегі ғұрып түрлеріне түсініктеме беру.
Түрлі түсті жапырақтар арқылы бағаланады
Сыныппен орындалатын жұмыс Жазылым. 3-тапсырма. Ән мәтінінен үндестік заңы бойынша қосымшалары буын үндестігіне бағына жасалған 8 сөз жазу. Түрлі түсті жапырақтар арқылы бағаланады
«Отбасылық ғұрыптар» (Видеоролик көру)
«Хат келді» ойыны. (Шығармашылық тапсырма). Әр топтың бір қатысушысы «тұсау кесу», «бесікке салу», «сүйінші айту» деп аталатын мәтіндерді таңдайды. Мәтінмен танысып шағын көрініс ұйымдастырады. Тұсау кесy Тұсау кесy - бала тәрбиеcіндегі әдeт-ғұрып, ырым. Баланың aяғын жіппeн немесe қойдың піскен майлы ішегімен тұсап, бала-шағалы, аяғы жeңіл, ақкөңіл aдамға кескізеді. Тұcау кесу құрметіне тағaм дайындaп, көpшілеpді жинап, жеңіл-желпі құрмет көрсетіледі. Тұсау кeскeн адамға сыйлық беріледі. Тұсауды aла жіппен кесу көне шаман дінінен қалған. Қаз-қаз, балам, қаз балам, Қадам бассаң, мәз болам. Қаз-қаз, балам, қаз балам. Тақымыңды жаз балам. Күрмеуіңді шешейін, Тұсауыңды кесейін, Қадамыңа қарайық, Басқаныңды санайық, Қаз-қаз, балам, жүре ғой...
Сүйінші сұрау Сүйінші - қуанышты хабар әкелушігe берілетін сыйлық. Дүниeге жас нәресте келгeнде, келін түcкенде, алыcтан сағынған адам келгeнде, жоғары атақ беpілгенде, үлкен сыйлық алғанда қуaнышты хабарлаушы адам сүйінші cұрайды, осы кездe бағалы зат немесе ақша берілуі керeк.
Бесікке салу Бесікке салу — нәрестені алғаш бесікке бөлеу рәсімі. Бесікке саларға шақырылған ауыл-үйдің әйелдері шашуын, жол-жоралғысын ала келеді. Баланы алғашқы бөлеу үлгілі ұрпақ өсірген қадірменді әйелге тапсырылады. Ол өзінен басқа тағы бір-екі келіншектің көмегімен бесікті жабдықтайды, сәбидің әжесі не шешесі түбектің тесігінен балаларға тәтті үлестіреді. Осыдан кейін бесікті отпен аластап, баланы бөлейді. Бесікке салған әйелдерге көйлек, жаулық сияқты сый тартылады. Үлкендер батасын беріп, баланың ер жетуіне, ананың үбірлі-шүбірлі болуына тілектестік білдіреді. Және Бесік жыры айтылады:
Көрініс бойынша бағалау критерийі:
Түрлі түсті жапырақтар арқылы бағаланады
|
Үнтаспа (« Қазағымның дәстүрлері-ай»)
Үлестірме қағаздар
http.\\youtu.be\F2NK08gvC_0
Конверттер
|
||||||||||||||||
Сабақтың соңы 3 минут
|
Сұрақ қою арқылы сабақты қорытындылау. Не себепті «Отбасы – шағын мемлекет» деп ойлайсыңдар?
Кері байланыс алма жемісі стикеріне өтілген сабақ туралы ойларын жазып, «Білім ағашына» орналастыру арқылы жүргізіледі.
|
|
||||||||||||||||
Қосымша мәлімет |
||||||||||||||||||
Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?
|
Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Барлық тапсырмалар бойынша оқушы білімінің деңгейін тексеру турлі-түсті жапырақтарды «Білім ағашына» орналастыру арқылы бағалау жүзеге асырылады. Көрініс тапсырмасы критерийлер бойынша бағаланады. |
Пәнаралық байланыс «Музыка», «Өзін-өзі тану», Әдебиет пәндерімен салыстырыла жүргізіледі. Отбасы тақырыбы арқылы ауызбіршілікке, мейірімділікке, әдет-ғұрыптарды сақтауға баулу үшін ұлттық құндылықтармен байланыс жасау арқылы тәрбие мақсаты жүзеге асырылады.
|
||||||||||||||||
Рефлексия |
||||||||||||||||||
Сабақ мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? |
|
|||||||||||||||||
Оқушылар не үйренді? |
||||||||||||||||||
Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? |
||||||||||||||||||
Жоспарланған саралау іске асты ма? |
||||||||||||||||||
Уақытты қалай пайдаландым? |
||||||||||||||||||
Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге? |
||||||||||||||||||
Қорытынды бағалау |
||||||||||||||||||
Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға байланысты): Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне ықпалын тигізетін екі нәрсе: 1. 2. Келесі сабағыма қажет болуы мүмкін екі ақпарат: 1. 2. |
||||||||||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген