400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Зарзаман" ағымы өкілдерінің идеологиялық құндылықтары

Материал туралы қысқаша түсінік
"Зарзаман" ағымы өкілдерінің идеологиялық құндылықтары
Материалдың қысқаша нұсқасы


Бөлім:

Қоғамдық-саяси ойдың дамуы

Педагогтің аты-жөні:

Сатыбаева А.А.

Күні:

22.01.26

Сынып: 11

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

"Зарзаман" ағымы өкілдерінің идеологиялық құндылықтары

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

11.3.1.4 Қазақ ұлттық мемлекеттілігінің тарихи тағдыры туралы "Зар-заман" өкілдерінің идеяларын түсіндіру;

Сабақтың мақсаты

Қазақ ұлттық мемлекеттілігінің тарихи тағдыры туралы "Зар-заман" өкілдерінің идеологиялық құндылықтарын талдап түсіндіреді

Құндылықтар

Ұлттық мүдде: Қазақстан мүддесіне қызмет етуге ұмтылу:

Тарихи концепт

маңыздылық

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

Өзін-өзі тексеру





Өткен білімді еске түсіру


Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасу. Оқушыларды түгендеу.

Өткен сабақты бір сөйлеммен пысықтау.

Миға шабуыл:

..бүкіл бір дәуірде бір сарынмен өлең айтатын ақындардың барлығына "Зар заман ақындары" деп ат қойдық" деп Мұхтар Әуезв айтқан

Сұрақтар:

  • Мағынасын қалай түсінесіңдер?

  • Зар заман өкілдерінің ақындары кімдер еді?

  • Қазақ халқының мұңын, зарын жырлаған жыраулар қай дәуірде өмір сүрген?

Оқушылар өз ойларын ортаға салады.

Оқушылар сұраұтарға жауап бере отырып ойларын айтады

Тақырыпты мақсатын болжайды

ҚБ Мұғалім кері байланыс беріп отырады


Тақырып

тық суреттер


Жаңа білім




Мұғалім: «Зар заман» ұғымы және осы кезеңннің өкілдеріне қатысты ақпаратпен оқушыларға қосымша мағлұмат беріп өту

Зар заман – қазақ әдебиетіндегі кезең атауы. Аталған кезең Ресей империясының отарлау саясаты салдарынан Қазақ хандығындағы бұрынғы ел басқару жүйесінің жойылып, халықтың саяси, экономикалық және рухани езгіге ұшыраған тарихи уақытты сипаттайды. Алғаш Шортанбай Қанайұлы осы кезеңнің ауыртпалықтары туралы “Зар заман” атты зарлы толғау шығарып, ол ел ішінде кең таралды. Бұдан кейін басқа да ақындар осы тақырыпқа көптеген өлең-жырлар шығарды. Оларды қазақ әдебиетінде "Зар Заман ақындары" деп атайды

Т.Ж І тапсырма.. Мәтінмен жұмыс. Менталды карта

Зерттеу сұрағы: «Зар-заман» өкілдерінің қоғамдық-саяси ойдың дамуына қосқан үлесі қандай? .

  • Дулат Бабатайұлы

  • Әбубәкір Боранқұлұлы

  • ШортанбайҚанайұлы

  • Мұрат Мөңкеұлы

Талқылау сұрақтары:

  • Мақсатымызға жете алдықпа?

  • Ақынның поэмаларын мазмұны қандай ?

ЕБҚ оқушыға топта қолдау көрсетіледі

Жұ.Ж.«ІІ тапсырма. Зар заман» өкілдерінің щығармаларымен танысып, негізгі идеяларын анықтаңдар

  • Өлең жолдарында қандай мәселелер қозғалған?

  • Берілген шығарманың негізгі идеясы қандай?

Талқылау сұрақтары:

  • Өлең қандай аудиторияға арналған?

ЕБҚ оқушылар жұбының қолдауымен орындайды

Ж.Ж.ІІІ тапсырма.

1.ХІХ ғасырдағы қазақ ақындарының шығармашылығында басты тақырыпқа айналды

А.әйел теңсіздігі Б.Қазақ хандығының құрылуы

Д.батырлар жыры С.отаршылдық биліктің орнауы

2.Әдебиеттану ғылымына «зар заман ақындары» ұғымын алғаш қолданысқа енгізген ғалым

А.М. Әуезов Б.С. Сейфуллин Д.А. Байтұрсынов

С.Ы. Дүйсенбаев

3.«Зар заман» ақындары шығармаларындағы негізгі ортақ идея

А.жоңғар шапқыншылығы Б.сопылық ағымды тарату

Д.жадитшілдік С.ел бірлігі мен мемлекет тұтастығы

4.«Біз бірлік-берекеден айырылып барамыз, бүйте берсек құримыз», – деп қайғы-мұңға берілу сарыны да байқалатын қазақ әдебиетінің жанрлық кезеңі

А.«Алтын ғасыр» Б.«Зар заман»

Д.«Қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған кез» С.«Қилы заман»

5.«Зар заман» дәуірінің ақындары

А.Ә.Марғұлан, М.Айтхожин, А.Байтұрсынов

Б.Д. Бабатайұлы, Ш.Қанайұлы, М.Мөңкеұлы

Д.М.Әуезов, С.Мұқанов, Ә.Әбішев

С.М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатов

6.«О, Сарыарқа, Сарыарқа» атты өлеңінде қазақтың ауыр жағдайын суреттеген ақын А.Д. Шығайұлы Б.   Қ.Сағырбайұлы Д.Т.Қазанғапұлы С.Д. Бабатайұлы Ы.Дүкенұлы

7.Д. Бабатайұлыны әкімдердің жағымсыз образын сипаттап ашық айтқан өлеңдері А.«Кеңесбайға», «Бараққа»

Б.«Алаң да алаң, алаң жұрт»

Д.«Күлшеқыз», «Алпамыс»

С.«Аламан мен Жоламан», «Құбағұл»

8.«Зар заман» ақындары көтерген тақырыптары арасынан артығын табыңыз. А.отарлық озбырлықтың күшеюі

Б.округтік орталықтар құрылуы

Д.1867–1868 жылдардағы әкімшілік реформалар

С.жоңғар шапқыншылығы

9.Мұрат Мөңкеұлының Ресейдің Қазақстанды жаулап алуы мен отарлауы кезіндегі қазақ халқының ауыр жағдайын шынайы суреттеген өлеңі

А.«Зар заман» Б.«Үш қиян» Д  «Әбілмансұрға» С,«Оян, қазақ»

 10.Қоғам өміріндегі білімнің орны мен маңызы туралы: «Бай білімсіз болса кедейшілікке ұшырайды», – деп ескерткен «зар заман» дәуірінің өкілі

А.Мұрат Мөңкеұлы Б.Дулат Бабатайұлы

Д.Нарманбет Орманбетұлы С.Әбубәкір Кердері












Оқушыларды бес топқа бөлу. Топтаса отырып орындайды ақын жыраулардың шығармашылығын зерттейді.






Оқушылар жұптаса отырып орындайды




















ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады

Дескриптор:

Ақын қозғаған пробламаларды анықтайды және олардың шынайылығына нақты фактілер келтіреді.


ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады

Дескриптор:

Зар заман» өкілдерінің шығармаларымен танысып, негізгі идеяларын анықтайды


ҚБ. Мұғалімнің кері байланысы

Дескриптор:

Дұрыс жауаптары арқылы өзін өзі бағалайды


Ақпараттық кесте


Кесте




Ақ парақ маркер










28. Оқу жоспары_Қазақстан тарихы_11 сынып.pdf



Оқулық








https://wayground.com/admin/quiz/6970f782e1a388f1c6c8d791

Бекіту


Сабақты қорытындылау

-Зар-заман ақындары туындыларының құндылығы неде?

Үйге тапсырма "Зарзаман" ағымы өкілдерінің идеологиялық құндылықтары шағын әңгіме жазу

Оқушылар тақырыпты

қорытындылау

«Ең үздік жауап»

Ақпараттық карточка

Кері байланыс

Жалғастырыңыз:

Маған ... қызықты болды

Бұл ... қиындық туғызды

Осы ... мені ойландырды


Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, е білгенін жазады

Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды



А4, конспект




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
10.02.2026
1
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12